Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
67
келген арнаулы саладан орын алумен ғана шектеліп, яғни екі-ақ рет терминденіп қана қоймауы мүмкін.
Бір терминнің үш, төрт немесе одан да көп арнаулы салаға алмасуы терминологияда ұшырасып
тұратын құбылыс» [7, 28 б.] екендігін ескерте келе,
ішкі терминдену
деген атау осы процесті дәл береді
деп көрсетеді. Яғни, омоним-терминдер біздің тілімізге жат құбылыс емес екендігін аңғартады.
Қазақ
тілінде
омоним-терминдерді
арнайы
қарастырған
еңбектер
де
жоқ
емес.
Ә.Н. Насыритдинова «Техникалық терминологиядағы омоним-терминдер және олардың қолданыс
ерекшеліктері» атты мақаласында қазақ терминологиясының қорындағы техникалық терминдердегі
омоним құбылысын сөз етеді. Автор оларды, яғни, омоним-терминдерді салааралық және
жүйеаралық деп екі топқа бөліп қарастырады [8, 15-20].
Ғылым тілінде терминдер жүйеаралық және саларалық омонимдер деп екіге бөлінетіндігі белгілі.
Жүйеаралық омоним-терминдерге ғылымның бір саласында омонимдік қатар құрайтын терминдерді
жатқызады: АҚБАС
І.
Басы жара болып, төсі ісетін жұқпалы түйе ауруы. ІІ. Аяғына күс түсіп,
тұяғы бүрісіп өсетін жылқы ауруы, бақай құрт. Бұл екі термин де ауылшаруашылығы саласына, оның
ішінде, ветеринария саласына жататын терминдер.
ВОЛЬТ
І
.
Манеждегі аттың шеңбер ішімен
оңға, солға күрт бұрылуы.
ІІ.
Акробатикада, цирк гимнастикасында
–
акробат, гимнастың 180
градусқа күрт бұрылуы.
ІІІ.
Фехтованиеде түйреуден қашқақтау, жалт беру.
Келтірілген үш термин
де спорт саласына жататын омоним-терминдер. Бұл жерде мына жайтты ескере кеткен жөн. Вольт
термині электр саласына қатысты мына ұғымда
«халықаралық бірліктер жүйесінде кернеулі электр
тоғы күшін өлшеу бірлігі» салааралық омонимдік қатар түзе алады. Тілімізде жүйеаралық омоним-
терминдердің саны аса көп емес.
Салааралық омоним-терминдерге ғылымның екі немесе одан да көп салаларында омонимдік
қатар құрай алатын терминдерді жатқызамыз:
АЙМАҚТАНУ
І.
Ағзалардың белгілі бір түрін,
туысын, тұқымдасын немесе басқа қандай болса да жүйелік санаттың таралу алабын зерттейтін
ғылым. ІІ. Халықаралық қатынастың және жаһандық бәсекелестіктің субъектілері ретінде аймақ-
тық қауымдастықтар, топтар мен елдер, олардың аймақтарының дамуының ішкі және сыртқы
түркіжайттарын зерттейтін ЖОО талдама пән. Бірінші мысалдағы термин анатомия ғылымына
тиесілі болса, екінші мысалдағы термин ғылым-білім саласына жататын термин. Сондай-ақ,
ЖЕЛКЕН
І.
Кеменің, қайықтың жүруіне көмек болу үшін мачтаға керілген қалың мата.
ІІ.
Ең ірі
жоғарғы күлтежапырақшасы.
Алдыңғы мысалдағы термин техника саласына жататын ұғым, келесі
мысалда ол өсімдіктану саласын тиесілі ұғым болып тұр. Тағы бір мысал. АГГЛЮТИНАЦИЯ
Достарыңызбен бөлісу: