Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯ: ДАМУ ҮДЕРІСТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет334/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   361
file20200121044531 (1)

ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯ: ДАМУ ҮДЕРІСТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
 
Аңдатпа 
Мақалада әлемдік телевидениенің бүгінгі таңдағы даму перспективалары мен сандық таралымға көшу 
жолындағы тағылымды жолдары отандық телевизияның негізінде қарастырылған. ЖаҺандану кезеңінде сандық 
телевизияның әлемдік және Қазақстандық телеарналарда сатылай даму процесі зерттеуде нақтылана отырылып, 
оның тиімді және кемшін тұстары зерделенеді. Сандық телевидение дамуының бірінші кезеңі телеарнаның 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
304
жекелеген бөлігінде байланыстың аналогтық арналарын сақтай отырып, сандық техниканы пайдаланумен 
сипатталады. Бұл кезеңде студиядағы барлық құрал-жабдықтар сандық сигналға ауыстырылады. Сандық 
телевидениенің дамуының келесі кезеңіне қарапайым телевидение стандарттарында қабылданған 
параметрлерден өзгеше гибридті аналогтық-сандық телевидение жүйелерін құру жатады. Сандық телеви-
дениенің дамуының соңғы кезеңі – толық сандық телевизиялық жүйе құру және соған толықтай көшу. Сандық 
хабар таратуға көшу негізінен жерүсті және кабельдік желілерде айрықша қарқынмен үрдіс алады. Гибридті 
телевизиялық жүйелердің мысалы ретінде анықтылығы жоғары жапондық телевидение (ТВЧ MUSE және МАС 
тобының батыс еуропалық жүйесі) жүйесін айтуға болады. Барлық осы жүйелердің тарататын және 
қабылдайтын бөліктерінде сигналдар сандық құралдармен өңделіп, ол байланыс каналдарында сигналдар 
аналогтық формада берілетіндігі мақалада қарастырылған. 
Түйін сөздер:
сандық телевизия, ақпараттық қоғам, жаңа ақпараттық технология, телекоммуникация
интерактивті, мультифункциональды, аудиосигнал 
 
ХХІ ғасыр тарихқа “ақпарат ғасыры” ретінде еніп отыр. Әлемдегі кез келген ел ақпараттық 
қоғамға елдегі тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайларды ескере отырып, 
жақындауда. Ақпараттық қоғамға өту кезеңінде алуан концепциялар мен бағдарламаларға талдау 
жасау кезеңінде мына мәселелерге көңіл аударған орынды: 
-
ақпараттық қоғамға өту кезеңіндегі концепцияны жасауда мемлекет, қоғам, бизнес секторы және 
жекелік сынды мәселелерді басшылыққа алу; 
-
ақпараттық қоғамдағы экономика – ақпарат пен білімге негізделген экономика болуы; 
-
ақпараттық қоғамда үздіксіз білім алу; 
-
ақпараттық қоғам концепциясының адамгершілік бағытты ұстануы [1, 89 б.]. 
Қазақстан 2015 жылы толықтай сандық хабар таратуға көшу үшін алдымен елдегі технологиялық, 
әлеуметтік-экономикалық және ең бастысы мәдени-ақпараттық үрдістерге талдау жасады. Егер 
коммуникация саласындағы техникалық проблемалар халықаралық стандарттарға сәйкес болса
ондай жағдайда сандық байланысқа көшу аса көп қиындық туындатпайды. Соған сай жаңа ақпарат-
тық технологиялардың тез қарқынмен өндіріске енуі де елдегі ақпарат құралдарының бет-бейнесіне 
өзгеше әсер етуде. Осы жерде, ең бастысы ұлттық ерекшеліктер мен қоғамның өзіндік мәдени ерек-
шелігін және жаһандану заманында республикадағы телекоммуникацияның дамуын ескеру лазым.
Қазіргі кезеңде елімізде телевидение және радионың тез қарқынмен дамуы да ақпаратты әлемдік 
сандық революция ғасырына жақындата түсуде. Телерадиохабарларын сандыққа көшіру үрдісі әлем-
дік телекоммуникацияның дамуына да өзгеше рең беруде. Бүгінде сандық телевидение және радио-
ның жаңа мүмкіндіктері – интерактивтілік және мультифункциональдық өмірге енуде. Осы бағытта 
республикада сандық хабар таратуға көшудің 2008-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдар-
ламасы жасалды. Осы бағдарламаның жүзеге асуы үшін мемлекет тарапынан – 36,165 млн. теңге 
қажет болды. Соған сай бағдарламаны жүзеге асырудың төрт кезеңі айқындалды: 1. Дайындық кезеңі 
– 2008 жылдың алғашқы жарты жылдығы. 2. Ұйымдастыру кезеңі – 2009 жыл. 3. Бағдарламаны 
жүзеге асыру – 2009-2014 жылдар аралығы. 4. Бағдарламаны аяқтау – 2014-2015 жылдар.
Сандық телевидение (ағыл. Digital Television, DTV) – сандық модуляцияны және мәліметтерді 
беру үшін сығымдау жолымен бейне және аудиосигналды транслятордан теледидарға беру. Сандық 
телевидениенің дамуын шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Әр кезеңде ең алдымен 
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, эксперименттік құрылымдар мен жаңа 
жүйелер жасалынып, соңынан телевизиялық хабарлар жүргізетін және бейнебағдарламалар дайын-
даумен шұғылданатын мекемелер мен аппаратуралар шығаратын фирмалармен бірлікте халықаралық 
стандарттар қабылданады. 
Сандық телевидение дамуының бірінші кезеңі телеарнаның жекелеген бөлігінде байланыстың 
аналогтық арналарын сақтай отырып, сандық техниканы пайдаланумен сипатталады. Бұл кезеңде 
студиядағы барлық құрал-жабдықтар сандық сигналға ауыстырылады. Орталықта олардың өңделуі 
мен сақталуы телеорталық шебінде сандық құралдармен іске асырылады. Телевизиялық сигнал алды-
мен аналогтық формаға ауысады да, кәдімгі қарапайым байланыс арналары арқылы эфирге беріледі. 
Сонымен қатар кадрдың кескіні мен дыбысының сапасын жоғарылату және функциялық мүмкін-
діктерін кеңейту мақсатында телевизиялық қабылдағыштарға сандық блогтар енгізу де осы кезеңге 
тән жұмыстар болып табылады. Мұндай блогтардың мысалдары ретінде сандық сүзгілерді, қатар 
аралық жайылмадан квазипрогрессивті жайылмаға өтуді, өріс жиілігінің 100 Гц-ке дейін жоғары-
латылуын, «стоп-кадр» және «кадр» функцияларының іске асырылуын және т.с.с. атауға болады. 
Кез-келген технологиялардың даму кезеңіне сәйкес, телевидениенің дамуында да стандарттардың 
атқаратын рөлі маңызды. Әлемдік деңгейде адамзат іс-әрекетінің әртүрлі салаларында стандарттарды 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау