Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
306
DVB-T картинасы экранда үзіліссіз “кристальдық мөлдірлік” әсерін туындатқан. Немістердің осы
әрекетінен кейін Францияның Canal Plus телевидениесі сандық хабар тарату үдерісін бастады. Олар
ақылы бола тұра, бұл үдеріс ел аумағынан асып, бір мезгілде іргелес Испания, Италия, Белгия,
Люксембург, Польша және Скандинавия елдерін де қамтыды.
Мамандар есебі бойынша, сандық хабар таратуға көшу негізінен жерүсті және кабельдік желілерде
айрықша қарқынмен үрдіс алады деген болжам бар. Осы орайда, Еуропадағы “сандық көпсаты-
лылық” біріншілігі ағылшындар үлесіне тиесілі екен. Себебі олар 1998 жылдың 15 қарашасында
DVB-T (Diqital Video Broadcastinq Terrestrial) стандарты жүйесінде тұрақты хабар таратуды бастады.
“Еуропалық сандық клубқа” мүше болған екінші ел Швеция сандық хабар таратуды 1999 жылдың 1
сәуірінде бастаса, Франция мен Италия 2001 жылы, ал Германия мен Нидерландия DVB-T жүйесіне
көшуді 2002 жылдарға жоспарлаған.
Гибридті телевизиялық жүйелердің мысалы ретінде анықтылығы жоғары жапондық телевидение
(ТВЧ MUSE және МАС тобының батыс еуропалық жүйесі) жүйесін айтуға болады. Барлық осы
жүйелердің тарататын және қабылдайтын бөліктерінде сигналдар сандық құралдармен өңделіп, ал
байланыс каналдарында сигналдар аналогтық формада берілетін. ТВЧ MUSE және HD-МАС
жүйелерінде 16:9 кескіндеу форматы бар, кадрдағы жолдар саны 1125 және 1250, кадр жиілігі,
сәйкесінше, 30 және 25 Гц-ке тең келеді. Сандық кодтаудың көмегімен бұл жүйелердің сигналдар
жиілігінің бастапқы жолағы 20 МГц-тен шамамен 8 МГц-ке дейін сығымдалады. Ол өз кезегінде бұл
сигналдарды жиілік модуляциясымен (ЖМ) байланыстың жолақ ені 27 МГц болатын спутниктік
каналдар арқылы берілуін қамтамасыз етеді.
Ресей сандық телевидениеге 1999 жылдан бастап көшті. Осы жылы РФ Мемлекеттік Байланыс
комитеті «Ресейде жер бетіндегі сандық, дыбыстық және телевизиялық таратылу жүйесін ендіру
Концепциясын» қабылдады [2, 32 б.]. Концепцияның негізінде тарату желілерінде хабарлар
таратумен қатар мультимедиялық және басқа да ақпараттарды беруге арналған шоғырланған
тасымалдау ағымын жасау принципі жатыр. Ресейде сандық телевидениені өндіріске екі кезеңмен
енгізу көзделген. Бірінші кезеңінде әдістер мен параметрлерді іс жүзінде таңдау үшін аралас
(аналогтық және сандық) таратылымдағы бірнеше тәжірибелік учаске құрылды. Бірінші кезеңнің
нәтижесінде халықаралық стандарттарды Ресей жағдайларына бейімдеу және сандық таратылымға
уақытша нормалар дайындау міндеті қойылды. Екінші кезеңінде сандық теледидарлар мен дыбыстық
таратылымға стандарттар бекітілуі тиіс. Кейін оларды көпшілікке арнап ендіру басталады. Ресейде
сандық телевидениеге толық көшуді 2015 жылы аяқтау жоспарланған.
Ресейде әралуан қуаттылықтағы 90 мың эфирлік хабар таратқыштар жұмыс істейді. Ал оларды
сандық рельске көшіру үшін мамандар болжамы бойынша шамамен 27 млрд. рубль керек екен. Осы
қаражаттың едәуір бөлігін отандық кәсіпорындар игеруі мүмкін. Қабылдау аппаратураларының жаңа
ұрпағын өмірге әкелу үшін шамамен 225 млрд. рубль керек және осы бағытта ресейлік өнім
өндірушілердің үлес салмағы 60%-ды қамтиды деген болжам бар. Осы істі жүзеге асыру үшін Ресей
2008 жылы ғана 150 млн. рубль қаражат жұмсады. Мамандар есебі бойынша отандық ТВ
қабылдағыштар шетелдік құрылғылардан 30-40%-ға арзанға түседі екен. Ресей аумағында сандық
хабар тарату жүйесі кезеңінде қабылдағыштар синхрондық желі құрамында жұмыс істейді. Ал осы
жобаны жүзеге асыру үшін отандық навигациялық “ГЛОНАСС” жүйесін тез арада өз деңгейіне
жеткізу керек. Алайда мамандар пікіріне сүйенсек, осы жүйе ертелі-кеш Ресейді технологиялық
оқшаулануға соқтырмай ма деген қауіп те жоқ емес.
2013-2015 жылдары еліміздің бүкіл аумағы сандық телеарнамен қамтылады, – деп мәлім етті 2010
жылдың 6 желтоқсанында ҚР Парламенті Мәжілісінде ақпараттық-коммуникациялық технология-
ларды дамыту тақырыбында өткен Үкімет сағатында сол кездегі Байланыс және ақпарат министрі
Асқар Жұмағалиев. «Бүгінгі күні республика аумағын мемлекеттік телерадиохабарымен қамту 65%-
ға жуық қана болып отыр. Мемлекет халқының жартысы тек 4 телеарнаны ғана көре алады. 220
шетелдік телеарналар Қазақстанда спутник байланысы және кабельдік желілер арқылы көрсетілуде.
Ал жалпы отандық телеарналар саны 52. Сондықтан да, Парламенттегі заң жобасымен «Байланыс
туралы» заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Соған сәйкес, спутниктік байланыс арқылы отандық
телеарналардың барлығын ел аумағына толық таратамыз деген үміт бар», – деді А.Жұмағалиев. Экс-
министрдің айтуынша, сандық телеарна кезеңдері бойынша 2011 жылы Қарағанды облысы ілкі аймақ
ретінде таңдалынды. Ал 2012 жылы Алматы, Астана қалалары, 2013-2015 жылдары бүкіл республика
аймақтары сандық телеарнамен толықтай қамтылады. «Осы мақсатта ескі жабдықтарды заманауи
технологиялық жаңа техникамен ауыстыратын боламыз», – деді ведомство басшысы [3, 6 б.].
|