Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет337/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
307
Қазақ тілді кабельді арналарды аймақтарға қолжетімді етудің қандай жолдары бар екендігі жайлы 
мәлімдемеде: «Үлкен қалалардағы көпқабатты үйлерде, халық неғұрлым көп шоғырланған 
орталықтарда болмаса, ел-елдегі, жер-жердегі жай үйлерге кабель жүргізу өте тиімсіз. Мысалы, 10 
шақырым жердегі 5 тұтынушы үшін ешкім кабель тартпайды. Ал қалада 10 шақырым кабель тартсаң, 
10 мың тұтынушың болады. Сондықтан біз алыс ауылдар мен қыстақтардың бәріне спутниктік «Отау 
ТВ»-ны қосып жатырмыз. Оның жалпы бағасы 28 мың теңгені құрайды. Ұлттық «Отау-ТВ» спутниктік 
телеарнасы Intelsat 904 спутнигінде 600, DVS-2/ MREG-4 стандартында жұмыс жасайды. Бұл жаңа 
стандарт болғандықтан, телеарна хабарларының көрсетілу сапасы мен сыйымдылығы өте жоғары. 
«Базалық», «Эконом», «Стандарт», «Элит» пакеттерінде жалпы саны 95 теле-радио бағдарламалары 
беріледі. Бұл – алыс ауылдар үшін өте тиімді жоба. Сандық жүйедегі жоғары сапалы телеарнаны көруге 
көрермендердің құштарлығы жоғары екендіктен де тапсырыстар көп түсуде. Болашақта бүкіл 
ауылдарды қамтуға мол мүмкіндік бар. Демек, мемлекет тарапынан жасалатын алғашқы жұмыстар 
ішінара болса да жүзеге асуда. Сандық және спутниктік телевизияны Қазақстан халқына толықтай 
қолжетімді ету қазіргі уақытта осы саладағы ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Сандық телевизия 
жүйесiне, яғни жаңа стандартқа көшу жұмыстары Қазақстанның барлық аймақтарында бүгінде 
толықтай қолға алынуда. Қазақ тілді кабельді арналарды еліміздің алыс аймақтарына қолжетімді ету 
үшін, ең бастысы, әрине, бұған тиісті мекемелер тарапынан үлкен жауапкершілік пен мүдделілік керек. 
Отандық теле-радио жүйесiн жаңа форматқа көшiру арқылы спутниктiк ресурстарды 
оңтайландыру, стандартты арналардың санын арттыру мүмкiндiгiне бүгінде қол жетiп отыр. Бiрақ 
бағдарламаларды жаңа стандартта көру үшiн «Кателко плюс» спутниктiк желiсiнiң абоненттерi жаңа 
қабылдағыштар алулары керек. Ал жаңадан қосылатын абоненттер дилерлiк компаниялардың 
көмегiмен арнайы қабылдағыш қондырғылар орнатуы тиіс. Басқа спутник арқылы ақпарат алып 
отырған абоненттер сигнал қабылдағыш табағына қосымша DVB-S2 MPEG4, (4) 8PSK стандар-
тындағы жаңа қабылдағыш орнатып, оны Intelsat 904 спутнигiне бағыттаса жеткiлiктi. Бұл үлкен 
жобаның бастамасы ғана. Ұлттық телерадио таратылым желiсiнiң келесi кезеңiнде осындай желiдегi 
эфирлiк хабар таратуды DVB/T2 сандық стандартына ауыстыру мiндетi тұр. Бұл жаңа желiнiң 
артықшылығы – сандық телевизияның сапасы бұрынғы қалыпты жиiлiк арқылы көруге болатын 
көгiлдiр экраннан әлдеқайда жақсарып, көрiнiстің тұнықтығы арта түседі. Алда елiмiздiң барлық 
қиыры осы желiге тұтастай көшiрiлмек. 
1997 жылы Ұлыбританияда жердегі теле-радиохабарларын эфирге таратудың алғашқы сандық 
пакеті пайдалануға берілді. Осы кезең аралығында көптеген елдерде оны пайдаланудың болашақ 
стандарттары айқындалып, тестік байқау жүйесі жүргізілді. Ал, ТМД елдерінің ішінде Ресей және 
Қазақстан аумағында бұл әдіс 2000-ншы жылдан бастап өмірге ене бастады. Алайда, Украинаның 
“Квант-Эфир” ғылыми-өндірістік кәсіпорны мамандары жасаған DVB-T-ның құрылымдық жүйесі 
көңілге қонымды. Себебі, бұл жүйе пайдалану кезеңінде Еуропаның көптеген елдерінде өзінің 
тиімділігін көрсетті. Жүйе Украинада өзінің техникалық және экономикалық жағынан көптеген 
Еуропа елдеріне қарағанда тиімді екендігін дәлелдеп отыр. Әрі бұл бірнеше факторға да байланысты. 
Ең бастысы – елдегі эфирлік платформаның артықшылығы. Украина аймағының 85%-ы эфирлік 
жүйемен қамтылса, ал теледидар абонементін көрермендердің 89%-ы пайдаланады. Кабельдік 
жүйенің үлесіне елде эфирдің 10%-ы тиесілі болса, спутниктік қабылдау небәрі 1%-ды ғана құрайды. 
Бұрын елде 3 жалпыұлттық арна болса, ал сандық телевидениеге көшудің нәтижесінде бір телеарнада 
5-7 телебағдарлама және қосымша 5-10 стереорадиобағдарлама беру мүмкіндігіне қол жеткізілді. 
Осы жобаны іске асыруға шамамен 65 млн. АҚШ доллары қажет болды. Сандық байланысқа көшу 
қабылдағыштардың қуаттылығын 5 есеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде 
әрбір қабылдағыш бірнеше бағдарламаны таратып әрі оны пайдалану кезіндегі шығынды бірнеше 
есеге дейін арзандатуға қол жеткізеді. Ал шығынның орнын толтыру шамамен тестік хабар таратуды 
бастағаннан кейін алты жылдан кейін ғана өз қайтарымын бере бастайды. Мамандар елде хабар 
таратуды DVB-T стандартымен жүзеге асыру керек деген ортақ тоқтамға келген. Себебі эфирде 
сандық хабар таратудың үш бірдей стандарттарын, олар американдық ATSC, жапондық ISDB-T және 
еуропалық DVB-T стандарттарын зерттей келе, осындай тиімділігі мол шешімге тоқтаған.
Қазақстандағы ең алғашқы кабельдік теледидар компаниясы - «АЛМА-ТВ» тарихы компания 
негізі қаланған – 1994 жылдан басталады. Телевизиялық хабарлар жүйесіне алғашқы тұтынушы 
қосылған 1995 жылдың 16 мамырында «Алма-ТВ» Қазақстан телекоммуникация рыногында жеке 
ойыншы бар екендігі жайлы бірінші рет мәлімдеді. Бұл күн айрықша мәнді, өйткені сол күннен 
бастап республикамызда коммерциялық телевидение дәуірі басталды. Кейін республика аумағында 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау