Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
84
когнитивтік – дискурстық қызметін арттыра түсері анық.
Тілдегі даму, оның үнемі жаңару үстінде екенін анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып та-
былады. Аталған мәселе ғалымдар тарапынан қызығушылық туындатып отыр. Өйткені қазіргі жаһан-
дану кезеңінде тілімізде көптеген – неологиялық өзгерістер болып жатырғаны аян. Осы неологиялық
жаңалықтарды когнитивтік – дискурстық тұрғыдан зерттеу тіл біліміндегі тың мәселелердің бірі
болып табылады. Алдымен дискурс ұғымымына, оның зерттелуіне тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Дискурс теориясының зерттелу тарихы сонау 1964 жылдардан басталса да (Ван Дейк, А.Тойн,
Я.Торфинг т.с.с.), қазақ тіл білімінде дискурс теориясы соңғы жылдары ғана зерттеле бастаған жаңа
бағыттардың бірі болып табылады. Қазақ тіл білімінде аталған мәселемен Н.Уәли, Ж.Кеншібаева,
Д.Әлкебаева, Г.Садирова сияқты ғалымдар айналысып, дискурс теориясына қатысты қазақ ұғымына
сай пікірлер айтып, еңбектер жазып жүр.
Жалпы дискурс ұғымын әр ғалым өз бағытында әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, Ю.С. Степанов
дискурс дегеніміз «тіл ішіндегі тіл» деп түсіндіреді: «Дискурс – это «язык в языке», но представ-
ленный в виде особой социальной данности. Дискурс существует, главным образом, в текстах, но в
таких, за которыми
встает особая грамматика, особый лексикон, особые правила употребления и
синтаксиса, особая семантика – в конечном счете особый мир...» [1, 35-73]. Ал қазақстандық ғалым-
дар пікірлеріне тоқталсақ, Ж.Кеншінбаева «дискурс –
қолданыстағы мәтін, яғни сөйлеу тілінің нақ-
тылы коммуникативтік қарым-қатынас орнатудағы қызметі» - [2, 17-19] деп анықтама берсе, Н.Уәли
«фреймі «автор», «сөз актісі» – «адресат» және сөз жағдаяты (сөздің қандай ситуацияда айтылғаны)
деген құрылымдардан тұратын коммуникативтік «уақиға» [3, 28] деп түсіндірсе, ал Г.Садированың
пікірі бойынша, «Дискурс дегеніміз – шынайы өмір үзігіндегі көріністің сөйлеу әрекеті арқылы
санаға көшуі мен тілдік бірлікте таңбалануы» [4, 9]. Қарап отырсақ, үш ғалымның дискурс бойынша
пікірі әртүрлі болғанымен, олардың пікіріндегі ортақтық –
сөйлеу әрекеті, оған тән адресат мен
автордың болуы. Ал осы аталғандар (сөйлеу әрекеті де, автордың сөзі де,
өмірдегі көріністің тіл
арқылы берілуі де) сөз арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Біздің мақсатымыз да сөздің дискурстық
қолданысқа түсіп, мағыналарында жаңа мағынаның пайда болуын анықтау болып табылады.
Тілімізде жаңа сөздердің пайда болуына, алдымен, адамзаттың танымдық қызметінің дамуы әсер
етеді. Қоғамдағы кез келген жаңалықты тілдік материалдарды пайдалана отырып, оларға атау беріп,
қолданысқа енгізу барысында адамдар когнитивтік – коммуникациялық қажеттілікті жүзеге асырады.
Осы тұрғыда тілімізде көптеген жаңа атаулар пайда болады немесе тілімізде бұрыннан бар сөздер жа-
ңа мағынаға ие болады. Мысалы, адамның
жады
сөзі тіркесіндегі жады сөзіне тоқталсақ, бұл сөздің
алғашқы мағынасы адамның есте сақтау қабілеті деген мағынада қолданылады, тілімізде бұл сөздің
синонимі ретінде «ес», «зерде» сөздері қолданылады. Сонымен бірге бұл сөз адамның танымдық әре-
кетінің нәтижесінде ақпараттық терминге айналып,
Достарыңызбен бөлісу: