Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
82
Артылып қалған әріптер мыналар:
Кесте-2
Реті
Қазақ-кирилл
Қазақ-латын
Қазақша айтылуы
30.
В
V
V
31.
Ф
F
F
32.
X
X
X
33.
И
ҮІ/Ý І
ҮІ/Ý І
34.
Ё
ІО
ІО
35.
Ц
TS
TS
36.
Ч
TC
TC
37.
Щ
CC
CC
38.
Э
E
E
39.
Ю
ІUW/ІŬW
ІUW/ІŬW
40.
Я
ІА/ІĂ
ІА/ІĂ
41.
Ъ
-
-
42.
Ь
-
-
Бұл нұсқаны жасауда мен мынандай ұстанымдарды басшылыққа алдым:
1)
Латынның 26 әрпіне сай келетін қазақ әліпбиін жасау;
2)
Тек қазақ тілінің өз дыбыстарына ғана әріп (таңба) іздеу; (Орыс дыбыстарына әріп іздеп әуре
болмадым. Өйткені ол – орыс тілі мамандарының міндеті).
3)
Жаңадан жасалған қазақ-латын әріптерін жас буын мен қазақ тілін үйренем
деген шетел
азаматтарына оқытудың, үйретудің оңай болу жағын ойластыру;
4)
Ол үшін әрбір қазақ дыбысын латынның жеке-жеке дыбыстарымен таңбалау; яғни бір дыбысты
бір ғана әріппен белгілеу;
5)
Қазақ дыбыстарына балама болатын латын әріптерін таңдауда қосарлы әріптерді де (ng, sh),
құйрықты әріптерді де пайдаланбау;
6)
Дәстүр жалғастығын сақтау мақсатында 1929 жылы 7 тамызда қабылданған латындандырылған
қазақ әліпбиімен мүмкіндігінше сәйкес келу жағын ескеру т.б.
Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, мен латынның А, О, U, Ү дауыстыларының үстіне «айшық»
белгісін қою арқылы қазақ тіліндегі Ә, Ө, Ү, І деген жіңішке
дыбыстардың латынша таңбасын, ал
латынның G, N дауыссыз дыбыстарының үстіне «қиғаш бағыттағы сызықша» қою арқылы олардың
жуын сыңарларының (Ғ, Ң) латынша таңбасын жасадым. Нәтижесінде қазақтың 29
дыбысына таңба
ретінде латынның 23 әрпі ғана пайдаланылды. Кейбір мамандардың «латынның 26 әрпі қазақ тілінің
дыбыстарын таңбалауға жетпейді» деген лепірме сөзі айдалада қалып,
керісінше латын әліпбиінде
бар V, Ф, Х таңбалары (әріптері) артылып қалды.
Егер біз жасаған осы соңғы нұсқа үкімет тарапынан қабылданып жатса, біріншіден, қазақ тілінің
дыбыстары мен әріптерін жас буынға үйрету оңай болады,
екіншіден, латын әріптеріне ешқандай
қосымша
әріп қосылмайды, үшіншіден, жаңадан жасалған осы әліпби арқылы қазақ қауымы
дүниежүзілік интернет жүйесіне еркін қосыла алады.
Б.Калиев
1
1
Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана,
г. Алматы, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: