Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
86
"Айып"
сөзі – қазір абстракт ұғым атауы. "
Айыбы жоқ", "айыбын мойнына алу", "айып шам",
"айыбын бетіне басу", "айыбын жуды"
т.б. осы тектес тіркестерде келеді. Қазір осы сөзден өрбіген
"айыпкер"
атауы болмаса, өздігінен түбір күйінде заң ғылымына байланысты терминдік мәнді білдіре
алмайды. Ал, Тәукенің "Жеті жарғысында"
"
айып"
– қылмыскер адамның тартатын жазасының, яғни
айқын ұғымның атауы. Сондықтан "ат-тон айып төлеу" т.б. тіркестер де құқықтық ұғымды білдірген.
"Айып"
қазіргі
"штраф"
терминінің мәнін білдіргенімен, ол
кезде оның мағынасы
"штрафтан"
кеңдеу болса керек; ал
"штрафта"
тек
"төлеу"
мәні бар (жазаның бір түрі ғана). Шығу төркіні араб
тілінде жатыр: позор, порок, изъян: если человек знает язык, он знает содержания, (если он говорит,
что знает то, чего не знает, – (это) позор. Бұдан байқайтынымыз,
бастапқы мәні
"сорақылық",
"кемшілік"
ұғыммен байланысты болған да, кейін әдет-ғұрып нормаларын бұзғандығы үшін
"тартатын жаза",
оның түрі деген қосымша мәнге ие болған. Соңғы мағынасы хандық дәуірде
құқықтық ұғымды білдіретін атау қызметінде жұмсалған. Ол кезде бұл сөздің екі қызметі –
жалпыхалықтық лексикада өзінің бастапқы мағынасында жұмсалуы, ал
билер кеңесінде арнайы
құқықтық атау қызметінде атқаруы қатар көрінген. Ал кейін тілімізде
"жаза", "штраф"
сөздерінің
қолданыла бастауына байланысты бұл сөздің терминдік қызметі солғындап, кейін өшіп кеткен де,
бастапқы мағынасы қалып қойған.
"Айып"
әдет-ғұрып заңының атауы ретінде қолданылған да,
жазаны негізгі түрде заттай, малдай өтеуді білдірген. Сондықтан да оның әр түрлі атаулары бар: бас
тоғыз, орта тоғыз, аяқ тоғыз, ат-шапан айып, тоқал тоғыз, түйе бастаған бас тоғыз, жылқы бастаған
орта тоғыз, бұқа бастаған аяқ тоғыз, жасауыл ақы, жаушыға жіп кесер, билік ақы т.б. толып жатқан
түрлері болған. Бұл туралы Т.М. Күлтелеев "Часть айып в пользу хана и султана, кроме того
взыскивался "билік", вознаграждение судьям за разбирательство судебных дел" [6, 57]
–
деп
көрсетеді. Қазақ тіліндегі терминдерінің шығу тегін айтқанда да осы екі арнаны негізге алу керектігі
байқалады. Ана тіліміздегі заңдық ұғымды білдіретін атаулардың дені өзіміздің төл атауларымыздың
терминдік мәнде қолданыла келе біртіндеп осы қасиеттке ие болды. Әрине, олардың терминдік мән
алып, жаңа лексикалық топ құрауына бірқатар, әр түрлі құқықтық қорғау мекемелерінің пайда болуы,
қоғамдық тәртіп, оны бұзушылар мен оған қарсы күресетін күштердің дүниеге келуі, қоғамға жат
қылықтар, олармен күрес,
жеке адамның басына, мемлекетке зиянын тигізетін әрекеттер мен оның
түрлері сияқты ұғымдардың адам санасына ұялауының нәтижесінде осы ұғымдарды білдіретін
атаулардың қажеттігі, осыған мұқтаждық негізінде бірқатар сөздер жаңа
мәнде қолданыла бастады
да, олардың соңғы мағынасы бұған дейінгі мәндерінен бөлініп, жаңа сөздердің қызметін атқара
бастайды. Сөйтіп, тілімізде жаңа құқықтық атау пайда болады. Мысалы,
іс
сөзі – көне түркі дәуірінен
бері бар атау. О баста бұл әрекет ұғымын білдірген, қазір де осы мағыына жалпыхалықтық лексикада
жиі қолданылып келеді:
іс бітіру, іске шығу, ұжымшарда жұмыс істейді
т.б. Сонымен бірге кейінгі
кезде осы атаудың бір мәні қылмыс жасалғанда оны тексеру барысында жиналаған құжат ұғымын не
қылмыс бойынша тексеру жүргізуді бастау мәнін білдіретін болды. Сонымен оның осы соңғы
мағынасының негізінде бір терминдік атау пайда болды:
”Осы үш бұзақының үстінен іс қозғалды.
Көп жылдан бері қоғам мүлкін талан-таражға салған бұл топтың үстінен жүргізген тексеру
құжаты он томдық іс болды”,
–
деген сөйлемдердегі
"іс"
сөзі таза заң термині екеніне шек келтіруге
болмайды. Мұның терминдік мәні толық айқындалған. Тағы бір мысал,
”анықтау”
сөзі де
жалпыхалықтық лексикада бар
;
білу, басын ашып алу, естігеніңді басқа бір жолмен тағы да
айқындай түсу
мәнінде қазір де қолданыста жиі ұшырайды, түбірі – анық. Оның мағынасы
"ясный”,
"точно”
т.б. орыс сөздеріне дәл келеді. Осы сөздер де мағыналық жағынан дамып, бір мағыналы заң
терминін жасаған.
Дознание – анықтау
–
қылмысты алдын ала тергеуге байланысты әрекеттердің бір
түрі” [7, 55].
Болжам
сөзі де бұрыннан бар атау. Оның жалпы лексикалық мәні бір нәрсе жайында
толық дәлелі болмаса да, ол туралы шамамен тұспалдап айтуды білдіреді. Мысалы, ”Есепші
ақсақалдың болжамы бойынша биыл қыс қатты болатын сияқты”,
Достарыңызбен бөлісу: