Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет17/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70

 
37 
 
Ұрпақтың бойында адами құндылықтарды қалыптастыру мәселесі барлық 
кезеңдерде  де  кӛкейкестілігін  жоғалтпай,  үнемі  педагогика  ғылымдарының 
зерттеу  объектісі  болды.  Оның  тиімді  үлгілерін  ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалану 
қажеттілігі  мен  теориялық-педагогикалық  негіздері  кӛптеген  ғалымдардың, 
философтар  –  Аристотель,  Платон,  Сократ,  педагогтар  –  Я.А.Коменский, 
Ж.Ж.Руссо, 
К.Д.Ушинский, 
В.А.Сухомлинский, 
А.С.Макаренко, 
И.П.Подласый, И.Ф.Харламов, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, 
Ж.Намазбаева, Қ.Б.Жарықбаев және т.б. еңбектерінен орын алды. 
Адам  баласының  тіршілік  құндылығы:  ӛмір  салты,  рухани  мұра, 
адамгершілік,  адами  қасиеттер.  Құндылықтар  туралы  алғашқы  түсінік  сонау 
антика  заманында  ӛмір  сүрген  Сократтан  бастау  алады.  Софистер  үшін 
құндылық  –  «Адамның  ӛмірді  бағалауы».  Сонымен,  Сократ  заманынан  негіз 
алған  «құндылық»  мәселесі  XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  ғылым 
ретінде дараланып келеді [34, б. 9]. 
Сонымен,  Ұлттық  энциклопедияда  құндылыққа  мынадай  анықтама 
беріледі.  Құндылық  дегеніміз  –  әлемдегі  бар  халықтың,  ұлттың  атамекенін, 
тілін,  дінін,  ділін,  тарихын  қоғам  дамуына  сай  әлеуметтейтін  құбылыс,  мәңгі 
идеалды  әлем.  Аталған  құндылықтар  мемлекеттің  даму  бағытын  айқындайды 
[124]. 
Профессор  М.Қойгелдиев  соңғы  зерттеулерінде  ұлт-азаттық  қозғалыста 
саяси күрестің дәлелі ретінде «ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтау және 
оларды заман сұранысына сай етіп бейімдеу мәселесін қоюында» [125, б. 127] 
үлкен тарихи маңыз болғандығын атап кӛрсетеді.  
Соңғы  ғасырда  ішінара  ӛзгерістерге  ұшырағанымен  егемендік  алғалы 
ұлттық сана бой кӛтеріп, ұлттық құндылықтарға рухани сұраныс пайда болды. 
Қазіргі  таңда  халқымыздың  ӛркениетті,  жан-жақты  дамып,  мүмкіндігінше 
заман  ағымының  талаптарына  орай  жанданып,  түлеп,  жетілген  кезінде  қазақ 
ұлтына  тән  құндылықтар  тұғырлы  мәселе  болып  отыр.  Тарихымызды, 
мәдениетімізді  жаңғырту,  ӛткенге  жаңаша  кӛзқараспен  қарау,  жаңа  мың 
жылдыққа  ұлы  кӛшпен  қадам  басқан  еліміздің  рухани  жаңаруы,  ӛркениеттік 
бағдары ұлттық құндылықтарымыз. «Мәңгілік Ел» идеясы қазақ халқының ата-
бабаларынан,  яғни  ортағасырлық  түркілік  заманнан  бастау  алса,  қазақ  халқы 
тарих сахнасына шыққанда осы идеяны жалғастырып, бүгінгі күнге дейін алып 
келді.  ...  Сонымен  қатар,  Елбасы  таяуда  ғана  тәуелсіз  мемлекетіміздің  атауы 
«Қазақ  елі»  болып  ӛзгеру  мүмкіндігін  де  айтты.  Мұның  да  ел-жұрттың 
талқысына уақытында қойылғанын ерекше атаған жӛн. Ӛйткені, «Мәңгілік ел» 
идеясы  мен  «Қазақ  елі»  атауы  тарихи  тұрғыдан  сабақтастықты  жалғастырып, 
бірін-бірі толықтырып тұратын маңызды әлеуметтік түсініктер [6, б. 4]. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  бастауы  Шығыс  Түрік  қағанаты  әскерінің  бас 
қолбасшысы Күлтегінге арнап қойылған бітіктастағы дәстүрлі түркілік тарихи 
ойда  алғаш  рет  жария  етілген.  Осы  тарихи  ескерткіштің  мазмұнынан  «Түркі 
жұртының  мұраты  –  «Мәңгілік  Ел»  -  идеалды  қоғамын,  мемлекеттіліктің 
бейнесін  кӛреміз.  Ежелгі  түріктердегі  осы  идеал  белгілі  бір  құндылықтар 
жүйесінің  бағыт  бағдарын  кӛрсетеді.  Мәселен,  «Тӛрт  тараптағы  халықты 


 
38 
 
бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып менің қоластыма кірді. 
Ісін-күшін  берді»  [7,  б.  324]  деген  жолдардан  тарихи  жадта  халықтың  бірлігі 
бейбіт  ӛмір  сүруі  және  билікке  бағынып,  саяси  келісімге  келуі  бастапқы 
мақсатқа  қол  жеткізгендігінің  нәтижесі,  яғни  «Мәңгілік  Ел»  мақсаты  мен 
құндылықтарының  біріне  айналғандығын  кӛреміз.  Бұл  құндылықтар  дала 
ӛркениетіндегі  жалпы  адамгершілікті  негізге  алған  түркілердің  тарихи-
философиялық дүниетаным жүйесінің ерекшелігі. 
Ұлттық  құндылықтарды  Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  М.Қашқари  тәрізді 
қазақ  даласының  ойшылдары,  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев 
тәрізді 
ағартушылары, 
М.Жұмабаев, 
Ш.Құдайбердиев, 
М.Дулатов, 
А.Байтұрсынов тәрізді ХХ ғ. педагог-ағартушылары да қарастырған. Сонымен 
қатар,  бұл  мәселе  қазақстандық  философтар  мен  мәдениеттанушылардың 
еңбектерінен де орын алған: Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ғ.Есім, Т.Ғабитов, т.б. 
[20, б. 12]. 
Құндылықтар тақырыбы бүгінгі күннің мәселесі деуге болмайды. Бұл  ұлы 
ойшылдарымыз  әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Ясауи,  Ӛ.Тілеуқабылұлы  және  т.б. 
еңбектерінде-ақ түбегейлі орын алған, ақыл-ӛнегесі, ӛсиетімен ұштасып, мәңгі 
сақталып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келеді  [32,  б.  18].  Мәселен,  Әл-Фараби 
рухани  құндылықтар  ішінен  атап  кӛрсеткен  ерекше  ұғымы  «қайырымдылық» 
феномені  болды.  «Қайырымдылық»  екі  түрлі  болады:  этикалық  және 
интеллектуалдық  [34,  б.  10].  Интеллектуалдық  –  (жанның)  ақыл-парасаттық 
жағына  жататын  қайырымдылық  -  дейді  ғұлама.  Мәселен,  даналылық, 
парасаттық,  ақыл-ойдың  тапқырлығы  мен  ұғымталдық.  Ал,  этикалық 
қайырымдылық - (жанның) ұмтылу жағына жататын қайырымдылық. Мәселен, 
ұстамдылық, батылдылық, жомарттық, әділдік және т.б. Сондықтан, құндылық 
- адам ӛмірінің бағыт - бағдарын айқындайтын рухани күш. 
Тарих  ғылымының  әдіснамалық  негізі  болатын  құндылықтар  отандық 
тарихтың  ӛн  бойынан  кездеседі.  «Мәңгілік  Ел»  мұратында  бағдар  етілген 
құндылықтар  тұрғысында  кӛптеген  мысалдар  келтіруге  болады.  А.Ташағыл 
ежелгі  түріктерде  тәуелсіздіктің  қаншалықты  мән  маңызға  ие  болғандығын, 
Қытайдағы  Батыс  Вэй  императоры  545  жылы  түріктерге  елші  жібереді,  елші 
барған кезде түріктер қатты қуанған және бірін бірі құттықтап «Қазір ұлы елдің 
елшісі  келді,  мұнан  кейін  біздің  мемлекетіміз  дамиды»  деген  дерекке  сүйене 
отырып, түріктердің осы оқиғаға қуануының басты себебі, ӛздерінің тәуелсіз ел 
ретінде  танылуы  еді  деп  анықтайды  [126,  б.  176].  Адам  құндылықтарын  білу 
оның  қалауларын,  іс-әрекетінің  түпкілікті  мотивтерін,  тіпті  белгілі  бір 
жағдайдағы адамның неге осы әрекетке барғанын анықтауға мүмкіндік береді. 
Яғни, тарихи оқиғаның себептерін айқындауға септігін тигізеді. Дәл сол сияқты 
мәңгілік  ӛмірдің  құндылығын  дәріптейтін  идеяны  Қорқыт  Ата  жазбасынан  да 
кӛреміз.  Оның  «кӛтерген  мәңгілік  мәселесі  –  ӛмірсүйгіштікке  шақыру,  ӛмірді 
сүйген  адам  ғана  ӛз  ұрпағын  адамгершілік  негізінде  тәрбиелейді,  сол  арқылы 
жалпы  халықтың  болашағы  алдында  ӛзінің  жауапкершілігін  түсінеді  және 
перзенттік  борышын  барынша  парасаттылықпен,  ыждағатты  түрде  орындауға 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау