Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет19/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70

 
41 
 
Тарихи  кезеңді  құндылықтық  талдаудың  ӛзі  тарихи  шартты  және  заңды. 
Адамның  қажеттіліктеріне  қатынассыз  тарихи  ӛмірдің  тәжірибелік  негізі  де 
болмас еді. Әрбір тарихи шығарма құндылықтардың бірін қабыл алып, бірінен 
бас  тартатын  талдаудан  тұрады.  Тарихшы  ӛткен  кезеңге  бүгінгі  күннің 
қажеттіліктері, қызығушылықтары, яғни құндылықтар жүйесі арқылы қарайды. 
Сондықтан  құндылықтық  талдаудың  маңыздылығы  ӛте  жоғары  [134,  с.117]. 
Бұл  жерден  түйетініміз  құндылықтық  талдау  тарихи  фактінің  объективті 
мағынасы  мен  оған  субьективті  қатынасты  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Тарихтың  әрбір  кезеңін  бағалау  құндылықтық  бағдардың  ӛзгеруімен 
байланысты екендігі кӛрінеді. 
«Тарих-и  Рашидиде»  Мырза  Хайдар  Дулати  ӛмір  сүрген  кезеңінің  саяси-
тарихи  жағдайын  баяндауынан  түркі  халықтарындағы  ислам  дінінің  сол 
кезеңдегі  рухани-мәдени  ӛмірге  қалай  ықпал  еткендігін  анықтауға  болады. 
Сонымен  қатар,  шығарма  авторының  да  қоғамның  идеологиялық  ауқымының 
құрамында болғандығын ұмытпауымыз керек. Яғни, Мырза Хайдар Дулати сол 
кезеңдегі  қоғамдық  саяси  ағымдар  ұстанымын,  ислам  діні  мен  мәдени-рухани 
құндылықтарды  басшылыққа  алды.  Мәселен,  тарихи  оқиғаларды  баяндағанда 
Моғолстан  хандарының  адамгершілік,  имандылық  қасиеттерін  атап  отыруы, 
қоғамның  жамандықтан  жақсылыққа  бағытталуын  уағыздауы  осыны  кӛрсетсе 
керек. Бұл дәстүр ХХ ғасырдың басына дейін қазақ тарихшылығында жалғасып 
келгендін де айтуымыз керек [135,б.175]. 
Ұлттық-территориялық  тұтастығы  қалыптасқан  қазақ  мемлекетінің 
астанасын  таңдау  туралы  С.Қожанов  1924  ж.  17-желтоқсанында  «Ақ  жол» 
газетінде  жариялаған  мақаласында  «Қазақстан  астанасы  орыстың  туы  тігілген 
қалада  емес,  қаласы  жоқтықтан  қазақтың  киіз  ауылында  болса  да,  қазақ 
жұртшылығына  жақын  болуы  керек.  Қазақ  астанасы  болуға  Орынбор  қаласы 
шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ 
ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. 
Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да 
болса,  ӛз  ордасы  болуы  керек.  Орынбордан  кӛшпей,  қазақ  ұлтының  ішкі 
тіршілігі оңдалып, қазақ еңбекшілерінің кӛпшілігінің қолына керекті шаралар іс 
жүзінде істелуі қиын» [136] деген тұжырым жасаған болатын. 
Қазақ  ағартушы-ойшылдары  құндылықты  сипаттайтын  қасиеттерге 
түрліше  сипаттама  берген  және  оларды  тӛмендегіше  кӛрсетуге  болады  (1  - 
кесте). 
1 - кесте – Қазақ ағартушы-ойшылдарының құндылықтарға берген сипаттары 
 
Педагогтар 
Еңбектері 
Құндылықтар сипаты 



Ы.Алтынсарин  
Мұсылмандықтың 
тұтқасы,  
Бай баласы мен жарлы 
баласы 
- зерделілік, зеректік; 
- борышты ақтау; 
- талаптылық, еңбексүйгіштік; 
- ұқыптылық, жинақылық, тазалық; 
- қамқорлық, т.с.с. 
 
 
 


 
42 
 
1 – кестенің жалғасы 
 



А.Құнанбаев 
Нақыл сӛздері, ӛлеңдері 
- адам бол; 
- ар, намыс, ұят; 
- парасаттылық (жылы жүрек, ыстық 
қайрат, нұрлы ақыл); 
- салауаттылық (адамгершілік, 
имандылық); 
- адамшылық; 
- білімділік (терең ой, талап, ізгілік); 
- еңбек, қанағат, рахым; 
- тәуекелшілдік, кісілік, тәубалық, 
татулық, адалдық, т.б. 
Ш.Құдайбердиев 
Үш анық 
- адам адамға дос (құрдас, құрбы, ата, 
ана, бауыр, ұстаз, т.б.); 
- адам естілігі - кӛп білгенде; 
- адам ӛмірі – қозғалыс; 
- адам биіктігі - ақыл, ғылым, ар, 
мінез; 
- рух пен нәпсі; 
- ақыл мен ой; 
- сенім мен махаббат; 
- ақиқат, жүрек, жылу (үш анық т.б.) 
А.Байтұрсынов 
Тән саулығы - жан 
саулығы, т.б. 
- жан мен тән тазалығы; 
- тән саулығы – тамырда; 
- жан саулығы – тәнде; 
- ізгілік нұры - жан тәнде, т.б. 
Х.Досмұхамедов 
Оқушылардың саулығын 
сақтау, Адамның тән 
тіршілігі, т.б. 
- денсаулық қадірін жасыңнан күт; 
- тазалық, ұқыптылық; 
- үнемділік, жинақылық;  
- салауаттылық, т.б. 
М.Жұмабаев 
Педагогика 
- дене, ақыл, сұлулық, құлық; 
- жан мен дене байланысы; 
- ақыл, сезім, қайрат – жан; 
- күш, қуат, ақыл, ой - дене т.б. 
Ж.Аймауытов 
Әдеп заңы 
- тән қуаттылығы, жан қуаттылығы; 
- табандылық, қажырлылық; 
- құндылық; 
- тазалық әдеттері (ұнамды, ұнамсыз) 
 
Еліміздің  бірқатар  ғалым-педагогтары  Т.Т.Тәжібаев,  Қ.Б.Бержанов, 
Г.А.Уманов,  А.П.Сейтешев,  Қ.Б.Жарықбаев,  С.Қалиев,  С.А.Ұзақбаева, 
Р.К.Тӛлеубекова, 
А.Н.Ильясова, 
А.А.Калюжный, 
А.А.Бейсембаева, 
Г.К.Нұрғалиева,  Г.Т.Хайруллин,  Б.Ы.Мұқанова,  Т.С.Сламбекова  және  т.б. 
адамның  адами  табиғаты,  адамгершілік  қасиеттері,  адамгершілік  болмысы, 
тәрбиесі, құндылықтары жӛнінде де маңызды зерттеулер жүргізген [29; 137]. 


 
43 
 
Құндылықтар  категориясы  –  философия,  әлеуметтану,  психология  мен 
педагогика ғылым саласындағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. 
Сонымен,  құндылық  бұл  философиялық  және  әлеуметтік  ұғым,  біріншіден, 
қандай да бір объектінің сапалық сипаттармен салыстырғандағы оң және теріс 
маңыздылығын (заттық құндылықтар), екіншіден, қоғамдық сана құбылысының 
нормативті,  ұйғарымдық-бағалаушылық  жағын  (субъективті  құндылықтар  мен 
сананың  құндылықтары)  білдіретін  философиялық  және  әлеуметтік  түсінік 
екені анықталған. 
Сондай-ақ  құндылық  ұғымына  тұңғыш  анықтаманы  философтар  (Лотце, 
Коген)  берген.  Құндылық  екі  компоненттен  тұрады:  пәндік  және  саналық. 
Пәндік құндылықтарға заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан ӛнімнің 
ӛзіндік  құны,  әлеуметтік  игілік,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мұра,  ғылыми 
ақиқаттың  теориялық  маңызы  және  практикалық  пайдасы,  адамдардың  іс-
әрекетіндегі  жамандық  пен  жақсылықтың  іске  асуы,  табиғи  және  қоғамдық 
объектілердің  эстетикалық  қасиеттері  жатады.  Санадағы  құндылыққа  - 
қоғамдық ой, баға беру, мақсат, оған жетудің жолдары, түрлі нормалар кіреді. 
Пәндік  және  субъективтік  құндылықты  философтар  адамның  дүниеге 
қатынасының  екі  жағы:  объектісі,  әрі  субъектісі  ретінде  қарастырады.  Пәндік 
құндылық – баға берудің объектісі. Субъективтік құндылық – олардың ӛлшемі 
мен әдісі. 
Сонымен,  «құндылық»  феноменін  анықтауға  ерте  кезеңнен-ақ  үлкен 
қызығушылық болғанын аңғарамыз. Жалпы құндылықтардың екі табиғаты бар 
–  метафизикалық  және  экзистенциялық.  Метафизикалық  табиғаты  бойынша 
құндылықтардың  негізінде  адамның  ақылы  мен  еркі  жатса,  экзистенциялдық 
табиғаты  адамның  қалау  және  талпыну  қажеттіліктеріне  негізделген.  Ал, 
неокантиандық  Баден  мектебінің  ӛкілі  Г.Риккерт  «құндылыққа  нені  жатқыза 
алмасақ, оның абсолютті түрде мағынасы да жоқ» [138, с.100] деген тұжырым 
жасайды.  Осындай  ӛлшемде  құндылықтар  идеалды  болмыстың  абсолютті 
бағасы мағынасын алады және олардың ӛлшемі адамзат іс-әрекеті шегінен тыс 
жатады [139, с.336]. 
Мұндай  философиялық  түсініктің  мәніне  құндылықтарды  субъективті 
және  объективті  деп  бӛлу  тән.  Субъективті  құндылықтарда  нормативті 
ұсыныстар  «түсініктер»  формасында  кӛрініс  береді.  Ал,  объективті 
құндылықтар  ақиқат  пен  ақиқат  еместің,  мүмкін  болған  мен  тыйым 
салынғанның, әділеттілік пен әділетсіздіктің арақатынасынан туындайды [140]. 
Құндылық  адамдардың  практикалық  іс-әрекеті  барысында  туындайды, 
нәтижесінде қоғамдық сипат алады. Құндылықтар тӛмендегіше ажыратылады: 
-  табиғи:  адамның  ӛмір  сүруінің  қажетті  жаратылыс  шарттары  (күннің 
жылуы, ауа, ылғал және т.б.); 
-  экономикалық:  еңбек  заты,  ӛндіріс  құралдары,  ӛндірілген  материалдық 
игіліктер; 
-  әлеуметтік-саяси:  материалдық  және  идеологиялық  қатынастарды 
қамтитын (бостандық, теңдік, шындық және т.б.); 
- этикалық (ізгілік, тазалық, борышқа адал және т.б.); 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау