2
// «jambYl-taraz» // №50 (1442), 20 maÝsYm 2018 jYl //
абат
Қазір қала келбеті жаңа сипатқа ие. Орталық көшелердегі үгіт-насихаттық билбордтар,
аялдамалар жарығы мен жарық беру бағаналары шаһарымызға шырай беріп тұрғандай.
Дегенмен қала көшелеріндегі кейбір нысандар мен мекемелердің жарық беру жағдайы
көңіл көншітпейді. Осы орайда қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов бастаған арнайы топ түнгі
қаланың жарықтандыру жұмыстарына байланысты рейдке шықты.
Жаққанда қала шамдарын...
Арайлым ШАбдЕновА
Жауапты сала мамандарын
б а с т а ғ а н ш а һ а р б а с ш ы с ы
қала әкімдігінен шыға берісте-
ақ «Қазақтелеком» мекемесінің
орталық алаңда ілген тақтайшаның
талапқа сай келмейтіндігі көзге
оттай басылды. арнайы қоғамдық
көлікке мінген бір топ мемлекеттік
қызметшілер алдымен төле би
мен Желтоқсан көшелерінің түнгі
жарықтандыруын тексерді. Әрине
бұл орталық көше болғандықтан
мұндағы жарықтар талапқа сақадай
сай. тіпті төле би ескерткішінің
маңындағы көше жарықтары,
«астана парк» кинотеатрының
алдындағы LED экрандар одан
әрі орталық мешіттің жарығы мен
«баласағұн» орталық концерт
залының шамдары жарқырап-ақ
тұр. ал ҚР тұңғыш Президенті
атындағы с аябақ маңында
орналасқан көпқабатты үйлердің
сыртынан жүргізілген безендірулер
қала көркінің сәнін келтіріп
тұрғандай болды. Одан әрі тәуке
хан мен б.Момышұлы көшелерінің
қиылысында орналасқан «алтын
жұлдыз» мейрамханасының
тақтайшасы дұрыс жанбайтындығы,
ал «Жансая» деген жазудың мүлдем
көрінбейтіндігі анықталды. Қаланың
батыс қақпасына дейінгі шағын
және орта бизнес өкілдерінің
басшылары жарықты үнемдегені ме,
жоқ әлде немқұрайлы қарағаны ма
әйтеуір көше бойында орналасқан
мейрамхана, автосервис қызметтері,
дүкендер мен шағын кафелердің түнгі
уақытта жарықтары мүлдем көмескі.
түнгі жарықтандырудың талапқа
сай еместігін көрген Ғалымжан
Райылұлы сала мамандарына
олқылықтың орнын толтыруды
Қала бОлсын десең көрікті,
өзіңнен баста, тазалыҚты,тірлікті...
тапсырды. ал түнгі қаланың
көркіне көрік қосқан «тараз-
арена» спорт сарайының сыртқы
бейнесі барлық талаптарға сай
болды. Рейд барысында «атакент-
тараз» базарының маңындағы
жарықтандыру мен ондағы ілінген
жарнама билбордтары түнгі уақытта
көзге түспейді. Ең басты қалаға
кіретін қақпаның жарықтандыруы
сәнді болғанымен алдағы уақытта
жауапты мамандар онда түрлі
шамдардың орналасатындығын
айтты.
Мөлтек аудандардағы жағдайды
бақылап, тексеру мақсатында топ
мүшелері алдымен «Жансая» яғни
11-мөлтек ауданына атбасын бұрды.
Ең алдымен көзге түскен аялдама
маңындағы «Куры-гриль», яғни
тауық етін сататын дүңгіршектегі
қ ау і п с і зд і к ш а р а л а р ы н ы ң
сақталмауы болды. Қала әкімі
өзін таныстырып, саудагерді
әңгімеге тартпақ болғанда ол жауап
беруден бас тартып, талапқа сай
емес орналасқан газ баллондарын
кеудесімен жабуға барын салды.
Сатушыға қатаң түрде ескерту
берілді. «бақыт» дүкенінің жанында
сыра дүңгіршегі қойылған, мұнда
кәуап сатылуда. ал кәуап пісіретін
мангал электр жарығына сымын
басып, от үстінен өткізілген,
жалын тиген сымдар әбден
қарайып, өрт қаупін төндіруде.
«Жансая» мөлтек ауданы №30
үйдің жанында қымыз сататын
киіз үй тігіліпті. Киіз үй ішінде су,
ыдыс-аяқтар жуатын орын жоқтың-
қасы. Іші шашылып, жанындағы
арық күнделікті қолданатын
тұрмыстық қалдыққа толғандығы
да көзге түрпідей көрінді. Жанында
орналасқан «Оңтүстік» әлеуметтік
азық-түлік корпорациясының
дүңгіршегінің сыртқы келбетінің өзі
адам шошырлық келбетте. Ішінде
бұршақ пен қара құмықтан басқа
азық-түліктің қарасы көрінбейтін
дүңгіршектің тұтынушылары да
жоқтығын білу қиынға соқпады.
Сыртқы жарнама жазуы жоқ,
бетондалмаған, жан-жағы лас, шөп
қаулап кеткен, арық тазаланбаған
орында күндіз күн асында сүт
те сатылады екен. «Қайқармет»
базарына қарама-қарсы орналасқан
«Әмір и Д» дәріханасының «Ә»
әрпінің түнгі жарығы сөніп қалған.
Мұнда 4 дүңгіршек орналасқан.
Қала әкімі осы дүңгіршектерді бір
келбетті етіп, нобайын дүңгіршек
иелеріне ұсынуды сәулет және қала
құрылысы бөліміне тапсырды.
а вто бу с т ұ р а ғ ы ж а н ы н д а
вулканизацияның жұмысын көрген
қала әкімі «мынадай вулканизация
ХІХ ғасырда болмаған шығар» деп
таңданысын жасармады. Сыртқы
келбеті ұсқынсыз қызмет көрсету
орнының жанынан тіпті кафе
құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі
жер қатынастары бөліміне жер
телімінің иесін анықтап, тексеру
жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар Сейфуллин
көшесінің бойында салынып
жатқан жапсарлас құрылыстардың
заңдылықтарын анықтауды
және ғимараттардың, Көшеней
көшесіндегі шағын базардың
қасбеттерінің жаңа нұсқасын
әзірлеуді сала мамандарына қатаң
тапсырды. Көшедегі 6 электр
бағанының сымдарын қалпына
келтіруді тұрғын-жай коммуналдық
шаруашылық, автомобиль жолдары
және жолаушылар көлігінің
басшысы бақытжан Жақсылықовқа
Түнгі Тараз. Cуреттерді түсірген Ю.ким
тапсырды. Рейд барысында Жамбыл
даңғылы бойындағы бірқатар
кәсіпкерлік нысандарының
сыртқы келбетінің үйлесімділігі
нашар, түнгі жарықтандырумен
қамтамасыз етілмеген нысандар
көптеп анықталды. бұлардың
барлығына кәсіпкерлік бөлімінің
мамандары арнайы шығып,
сыртқы келбетін қала келбетіне
сәйкестендіру жөнінде ескертулер
берілетін болады.
– Жүргізілген рейд жұмыстары
алдағы уақытта өз нәтижесін
б е р е д і . а я л д а м а л а р д а ғ ы
ретсіз жарнамаларды ретке
келтіру бойынша жұмыстар
жасалынатын болады. ал түнгі
жарықт андыруға с ай еме с
мекемелер, ретсіз дүңгіршектер
мен кафе-мейрамханалардың
иелерімен түсіндіру жұмыстарын
сала мамандары жүргізеді. бұл
тек бірнеше сағатта анықталған
олқылықтар. алдағы уақытта да бұл
бағытта рейдтер ұйымдастырылып,
жұмыстар жүргізілетін болады, –
деді шаһар басшысы Ғалымжан
Әбдірайымов.