Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет18/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70

 
39 
 
тырысады.  Адамның  тектілігі  де,  намысының  негізгі  кейпі  де  осында  жатыр 
[127, б.  39]. 
Десекте,  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  маркстік  идеологияның  қожырауы 
нақты  мағынадағы  құндылықтардың  құнсыздануы  дегенді  білдірмейтінін 
анықтау  міндеті  тұрды.  Мәңгілік  әмбебап  құндылықтар  ӛзгермейтін 
құндылықтар  күйінде  қалады,  олар:  ақиқат,  мейірім-шапағат,  сұлулық, 
махаббат, адалдық, ар-намыс... тегінде, құндылықтардың жаңа жүйесін әзірлеу, 
қоғамдық  сананың,  Қазақстан  қоғамының  ерекшеліктеріне  және  ӛзіндік 
қалпына сай келетін қоғамдық сананың ӛзге дүниетанымдық үлгісін айқындау 
міндеті де қойылды [57, б. 604]. 
Дәстүрлі  қазақ  мемлекеттілігінің  идеологиялық  ӛзегін  құраған  йасауийа 
тариқатының  «биліктің  киелілігі»  және  соның  негізінде  қалыптасқан  рулық-
тайпалық  құрылымның  қандас  туыстық  қағидасының  қазақтың  этникалық 
ұйысуында  шешуші  ықпал  еткен  факторға  айналғандығына  кӛз  жетеді  [84,б. 
90]. Шын мәнісінде бұл рухани құндылықтың кӛрінісі болатын. 
Бірлікті  және  елдің  дамуын  жүзеге  асыруда  қағандардың  рӛлі  жоғары 
болды.  Қағанның  міндеті  –  халықтың  қарнын  тоқ,  киімін  кӛк,  бай  қылу. 
Осындай қызмет атқара алған Білге қаған «Шығындаған халықты бай қылдым, 
Жалаңаш  халықты  тонды  қылдым»  -  деп  мақтанышпен  жазған.  Киелі  билікке 
ие  болған  қағандардан  жауапкершілік  те  талап  етілген.  Қағанның  қателігі 
немесе  адасуы  байқалған  жағдайда  оны  сайлаған  кӛсемдер  билеушіні  тақтан 
тайдырып  отырған.  Құтлығ  Шадтың  осындай  бастамасын  Тоныкӛк  «қайта 
тірілу»  немесе  ренессанс  деп  қарайды.  Ӛйткені  –  бұл  жаңа  қаған,  жаңа  жүйе, 
жаңарған ел деген сӛз [109, б.128]. Ел билеген тұлғаларда қалыптасқан жақсы 
қасиеттердің  қазақ  халқының  ата-бабаларынан  келе  жатқан  құндылық  ретінде 
кӛруге болады. 
Отандық тарихнамада маңызды мәселелердің бірінен саналатын Қазақстан 
тарихын  дәуірлеуде  басты  ӛлшем  ретінде  құндылықтар  алынғандығын  кӛруге 
болады.  «Түрік-моңғол  тарихы»  атты  зерттеуінде,  М.Тынышпаев,  түрік-
моңғолды  күншығыс  түріктері  және  күнбатыс  түріктері  етіп  бӛліп  кӛрсетеді. 
Сонымен қатар, олардың тарихын: 1. Ең ескі заманнан бастап, 1456-шы жылға 
дейін (ӛзбек пен қазақ-қырғыз айрылатын жыл). 2. 1454-ші жылдан бері қарай 
қазақ-қырғыз  бӛлініп  шыққанға  шейін  [128,  б.  93]  деп  екіге  бӛледі. 
М.Тынышпаев  ұсынған  қазақ  тарихын  дәуірлеудің  басты  ӛлшемі  мен 
құндылығы  ретінде  мемлекеттілік  жатқанын  байқауға  болады.  Мемлекеттілік 
пен тәуелсіздік ұғымдарының егіз екендігі анық. 
Қазақстан  тәуелсіздігін  жариялауымен  бірге  Отан  тарихына  баға  беру 
ӛлшемі  де  ӛзгеріп,  ұлттық-мемлекеттік  фактор  басты  назарға  алынды. 
Академик  М.Қозыбаев  тарихымызды  9  дәуірге  бӛледі  [52,  б.146].  Дәуірлеудің 
ұстанымына  әлеуметтік  фактор  –  тайпалардың  алмасуы,  ұлт  пен  мемлекеттік 
фактор,  тәуелсіздіктен  айырған  сыртқы  факторлар  және  бүгінгі  күннің  басты 
ӛлшемі ретінде азаттық, тәуелсіздік алынады. 
Тарихи  жазбалар  мен  бүгінгі  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы 
құндылықтарының  арасында  сабақтастық  бар  деп  анық  айта  аламыз.  Мәселен 


 
40 
 
кӛне  түрік  жазбалары  туралы  С.Нұрмұратовтың  «Орхон  жазбаларының  түпкі 
мақсаты  жаугершілікті  немесе  соғыскерлікті  культ  жасау  емес,  керісінше 
халықтар  арасындағы  сұхбатты,  адамдар  арасындағы  ӛзара  түсіністікті 
орнатуға  ұмтылыс  болып  табылады  десек  қателеспейміз»  [129,  б.  39]  деген 
тұжырымы ойымызды дәлелдей түседі. 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  қоғам  санасына  жеткізе  түсуде  тарих 
ғылымының  маңызы  жоғары.  Ал,  оны  теориялық-әдіснамалық  жаңа 
кӛзқараспен негіздеп, оны басшылыққа алған Қазақстан тарихы қандай бағытта 
зерделеніп,  алдағы  даму  жолы  мен  оқытылуы  қандай  болмақтығын  сараптау, 
оның 
мәселелерін 
шешу 
болашақ 
іс-әрекетіміздің 
жаңсақтығынан 
сақтандырады [130, б. 291]. 
Қазақстан  тәуелсіздік  алған  кезеңде  қалыптаса  бастаған  құндылықтардың 
жаңа жүйесін, қоғамдық сананың жаңа құндылық бағдарларын қасаң қағидалы 
марксизм  мен  ресми  идеологияның  орнына  келген  қазақстандық  философия 
теориялық тұрғыда негіздеді [57, б. 604]. 
Аксиология  мен  тарих  ғылымының  ӛзара  байланысы  тарихи  танымда 
қолданылатын  ұғымдық  түсінігімен  шектелмейді.  Тарихшылар  зерттелетін 
кезең  мәдениетін  қарастырғанда  ондағы  құндылықтардың  әртүрлілігі 
мәселесіне  тап  келеді.  Бұл  әсіресе  мәдени  құрылымдардың  ӛзгерісі  мен 
қалыптасуы  кезеңінде  құндылықтық  пайымдаудың  маңыздылығын  арттыра 
түседі [131, б. 77]. 
Ӛткен  кезеңдегі  мәдениеттер  мен  тарихи  тұлғалардың  құндылықтарын 
тарихнамалық  баяндаулардағы  танымның  нысаны  ретінде  қарауға  да  болады. 
Ал, оларды танып білу фактілерді анықтау аясына кіреді. Бұл туралы Г.Риккерт 
«құндылықтар  фактілер  ретінде  де  кӛрінуі  мүмкін  және  оның  адамдар 
тарапынан нақты түрде мойындалуы эмпирикалық ерекшелікке ие» [132, с. 458] 
деген  ой  түйіндейді.  Яғни,  ӛткен  кезең  құндылықтары  туралы  білім  ғылыми-
тарихи  білімнің  қажетті  әрі  құрамдас  бӛлігі.  Бұл  ғылыми-тарихи  мәтіндерде 
құндылықтар кездеседі ме деген сұраққа жауап береді. 
Жергілікті  тарихи  процестерді  құндылықтық  бағалауда  тарихи  ойлаудың 
кӛмегіне  жүгінеміз.  Н.И.Кареевтің  пікірінше  «тарих  философиясы  жекелеген 
халықтардың  тарихын  бүтін  бір  бӛлікке  біріктіре  отырып,  олардың  ӛзара 
әрекетінің  туындауындағы  ортақтықты  ғана  емес  мәдени  және  әлеуметтік 
дамудың  заңдылықтары  негізінде  жүретіндігін»  [133,  с.  17]  анықтайды.  Яғни 
тарихтың  мағынасын  санадағы  мақсаттар,  идеалдар,  нормалар  мен  фактілер 
ретіндегі 
құндылықтар 
арқылы 
пайымдау 
адамзат 
тарихының 
қайталанбайтындығын  және  бүтін  бір  құбылыстардың  заңдылықты  процесс 
екендігін кӛрсетеді. 
Тарих ғылымындағы құндылықтар тарихи зерттеулердің методологиялық, 
адамгершілік-этикалық  және  кӛркем  мағынасымен  анықталады.  Құндылықтар 
ұрпақтан  ұрпаққа  әр  кезеңде  жазылған  тарихнамалық  шығармалар  негізінде 
трансформацияланып,  дамып  және  жаңаша  түсініліп  отырады.  Ал,  оны  түсіну 
құндылықтық талдаумен байланысты болып келеді [131, б. 77]. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау