Бизнесті бағалау



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет8/28
Дата20.11.2018
өлшемі1,11 Mb.
#22518
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

15 

 

кәсіпорынның 



материалдық 

активтеріне 

құқықтары, 

кәсіпорынның 

жарғылық 

капиталындағы  қатысушының  үлесі,  кәсіпорын  үлесіне  құқығы  немесе  кез  келген 

қызығушылық. Осылайша, бағалау нысаны – бұл бағаланатын мүліктік құқықтың түрі. 

Кәсіпорынды  сату  кезінде,  салық  тұрғысы  жағынан  қарағанда  бұл  мәміле  қалай 

қаралатыны  жөніндегі  жағдайлар  өте  маңызды:  кәсіпорындарға  үлесін  аудару  ретінде 

немесе қатысу үлесін аудару (акция пакеттері). 

Егер  кәсіпорынның  қатысу  үлесі  бағалауға  жатса,  онда  бағалау  тапсырмасына, 

бағаланатын  пайыздың  үлесі,  жарғылық  капиталының  қалған  үлесінің  құрылымы 

көрсетіледі. 

Тапсырмадағы  үлесті  бағалау  кезінде  қандай  үлестердің  бағаланатыны  көрсетіледі  – 

әдеттегідей  немесе  артықшылықты;  үндеуде  көрсетілген  акциялардың  санын  және 

кәсіпорынның өзімен сатып алынған акциялардың санын белгілейді. 

Бағаланудағы  үлестік  қатысудың  сипаттамасына  акцияларға  сәйкес  салынатын 

барлық  шектеуліктер  қосылу  қажет  (мысалы,  оларды  аудару  кезіндегі  шектеулік).  Бұл 

шектеулер олардың құндылығын төмендетеді. 

 

Бағалаудың күнін анықтау 



Бағалау күні – бұл бағалауды өткізетін уақыт кезеңі.  

Кәсіпорынның  құндылығы  уақыт  кезеңдерінде  өзгереді,  сондай-ақ,  бұл  өзгерістер 

қысқа уақыт аралығында да маңызды болуы мүмкін. Осыған байланысты бағалаудың күні 

басынан белгіленгені жөн. Бұл кәсіпорынды сату күні, оны тексеру күні, мүліктік кешенді 

бөлуге байланысты сот ісін жүргізу күні және басқа да жағдайлар болуы мүмкін. 

Кәсіпорынның  құны  салыстырмалы  мәмілелер  бойынша  жүзеге  асатын  кезде, 

кәсіпорынның  құнын  бағалау  күні  бағалауды  салыстыру  кезінде  де  маңызды.  Осы 

деректерді  қолдану  кезінде    күнді  көрсету  өте  маңызды,  дегенмен,  мысалы,  әдеттегідей 

жылжымайтын  объектілердің  бағалары  кезеңдік  ауытқыға  ұшыраған  және  кәсіпорынды 

бағалаған кезде ескеру қажет. 

АҚШ-та, мысалы, бағалы қағаздар мен биржалық қызметтер бойынша Комиссияның 

нормативтік  актісін,  көп  акционерлік  қоғамдар  өздерінің  табысымен  шығыны  туралы 

тоқсанына  бір  рет  жария  етуіне  байланысты,  нарықта  акцияны  ұсыну  күніне  90  күннен 

асырмай кәсіпорынның бағасын шығаруға қол қояды. 

Егер  кәсіпорынды  бағалау  сотта  қаралуға  байланысты  өткізілсе,  мысалы, 

кәсіпорынның дәрменсіздігіне байланысты бағалау күні сотпен анықталады. 



 

2.2 Бағалаудың мақсатын және қызметін тұжырымдау 

 Бағалаудың  мақсатын  анықтау  –  бағалауды  өткізетін  әдістердің  тәуелді  таңдаулы, 

маңызды  кезеңі.  Дұрыс  тұжырымдалмаған  мақсат  өзімен  бірге  жеткіліксіз  әдістемелерді 

пайдалануға  әкеліп  соғады,  және  осылардың  салдарынан  кәсіпорынның  құнын  бағалауы 

бойынша қате нәтижелерге жеткізеді. 

Әдісті таңдау бағалаудың қызметіне байланысты. Мысалы, салық салу мақсатындағы 

кәсіпорынды бағалау үшін пайдаланатын әдістер, оны жою мақсатында қолданылатынынан 

неғұрлым  айырмашылығы  бар.  Бұл  қисын,  яғни  бірінші  жағдайда  іс  жүзінде  кәсіпорын 

ретінде бағаланатын объект. Кәсіпорында үлестік қатысудың құны мен инвестиция құнын 

анықтау, болашақ ақша ағындарын болжауды және оларды дисконттауды қамтиды. 

Бағалаудың  мақсаты  анықтауды  мақсат  ететін  құнның  түрін  анықтайды. 

Бағалаудың  мақсаттары  кәсіпорынның  нарықтық  құнын  анықтауы,  акционерлік  қоғамның 

жарғылық  капиталындағы  құрылтайшылардың  үлесінің  нарықтық  құнын,  кәсіпорынның 

банкрот  кезіндегі  тарату  құнын  анықтауы  және  тағы  басқалары  болуы  мүмкін.  Тәртіп 

бойынша  кәсіпорынның  мүлігін  сыйлау,  мұрагерлікке  қалдыру  және  салық  салу  кезінде, 

кәсіпорынның  әділ  нарықтық  құны  анықталады.  Кәспорынды  сатып  алушыны  тәртіп 

бойынша  оның  инвестициялық  құны  қызықтырады.  Банкроттық  –  кәсіпорынды  тарату 

кезінде  кәсіпорынның  тарату  құны,  оны  қайта  ұйымдастыру  кезінде  нарықтық  құны 

анықталады.  



16 

 

Бағалау  қызметтері  –  бұл  оның  пайдалану  саласы.  Баға  сатушыға  немесе  сатып 

алушыға кәсіпорынның бағасын анықтау үшін көмектеседі.  

Бағалаудың  басқа  қызметтері  кәсіпорынды  несиелеу  немесе  сақтау  үшін  құнын 

анықтаудан тұрады.  

Құнның түрлерін анықтау 

Көбінесе  құнның  таратылған  түрі  –  кәсіпорының  нақты  нарықтық  құны.  Құнның  бұл 

түрі кәсіпорынды сыйлау және мұрагерлікке қалдырудың салығын есептеу, несиелеу, оны 

сату және басқа жағдайлар кезінде қолданылады. Егер сатып алу мәмлесі кезінде әдеттегі 

сатушыға  немесе  сатып  алушыға  тән  емес  қызығушылық  танытса,  кәсіпорынның  бағасы 

нақты нарықтық құнына әсер етпейді. Бұл жағдайларда «ақылға сай, яғни нақты нарықтық 

құны» терминінің орнына мамандар «нарықтық құны» ұғымын қолданады. Есептеу кезінде 

кәсіпорынның  нақты  нарықтық  құны  мен  нарықтық  құны  оны  пайдаланудың  ең  жақсы 

және тиімді принципінде қолданылады. 

Нақты (қонымды) құны  –  бұл  бақыланбайтын  пакеттер  акциялардың  құны.  АҚШ-

тағы  нақты  құн  –  бұл  қолдарында  бақыланбайтын  акция  пакеттеріне  ие  шағын 

акционерлердің  қызығушылықтарын  қорғау  бойынша  істе  пайдаланатын  заңмен 

белгіленген  құнның  стандарты.  Нақты  құн  мен  нақты  нарықтық  құнның  айырмашылығы 

бақыланбайтын акция пакеттеріндегі жеңілдіктер есебінен тұрады.  

Нақты  сатып  алушыға  (инвесторға  немесе  иесіне)  инвестициялық  құнымен 

анақталады.  Тәртіп  ретінде,  кәсіпорынның  инвестициялық  құны  нақты  нарықтық  құннан 

жоғары. 


Кәсіпорынның  ішкі  немесе  іргелік  құны  кәсіпорынның  қолданыстағы  қаржылық 

және  техника  –  экономикалық  жағдайының  терең  таңдауына  негізделген  кәсіпорын 

құнының  аналитикалық  құнын  және  болашақта  оның  дамуына  деген  болжамды 

мүмкіндіктерді  ұсынады.  Ішкі  құнды  анықтау  жеке  элементтердің  қарапайым  сомма 

құндылығыны  қарағанда,  адетте  барлығының  құны  жоғары  екенін,  кәсіпорының  даму 

келешегін  қолайлы  (немесе  қолайлы  емес)  жүйесінің  тұтас  әсерін  ұсынады.  Осылайша 

кәсіпорынның ішкі құндылығы инвестициялық құндылықты анықтау кезіндегіндей ерекше 

инвестордың  мақсатынан  емес,  кәсіпорынның  даму  келешегі  туралы  тәуелсіз  сарапшы  – 

бағалаушының объективтік аналитикалық қортындысына байланысты.  

Өркенниетті  қор нарығын  дамыту  мәселелері  бойынша мамандар  акцияның  курстық 

және ішкі құнын айыра алады.  Акцияның ішкі құндылығы – бұл аталған кәсіпорынның 

сарапшы  –  бағалаушысы  ала  алатын,  кәсіпорын  туралы  басқа  инвесторлардың  ақпарат 

алғандағы ие болатын құны. 

Кәсіпорынның ішкі құны тәуелді:  

- кәсіпорынның  активтерінің  құны.  Кәсіпорынның  материалдық  активтері  нақты 

нарқтық  құнға  ие  болады,  және  тәртіп  ретінде  бағалау  кезінде  істегі  кәсіпорындардың 

активі  жеке  бағаланбайды.  Бірақ  олар  кәсіпорынның  тарату  құнын  анықтау  кезінде  жеке 

бағаланады; 

- болжау  кезенінің  ағымындағы  кәсіпорынның  көбінесе  ықтимал  болашақ  пайдасы. 

Кәсіпорынның болашақ табысын болжау кезінде сарапшы  - бағалаушы кәсіпорынның таза 

табысының  бірнеше  көлемде  нұсқасын  алады,  оның  ішінен  бағалау  үшін  ықтималдық 

шағын дәрежесімен нұсқауды таңдайды;  

- қалған  кезендегі  (кейінгі  болжамды  кезендегі)  кәсіпорынның  таза  табысының 

болашақ  қарқының  өсуі  ықтимал.  Және  бұл  аса  қиын  мақсат,  сондай  –  ақ,  кәсіпорынның 

дамуы болжау процессінде шешіледі. 

Талдау  процессінде  ең  маңызды  көрсеткіш    –  кәсіпорынның    күтудегі  таза  табысы 

және  капиталдың  құрлымы,  басқарудың  сапасы,  қызметкерлердің  біліктілігі  және  басқада 

факторлар анықталады. Бұл факторлардың талдауы сарапшы – бағалаушыға кәсіпорынның 

ішкі құнын (немесе осы кәсіпорын акциясының ішкі құнын) анықтауға мүмкіндік береді.  

Егер  талдау  кезінде  кәсіпорын  акциясының  нарықтық  (курстық)  құны  оның  ішкі 

құнынан төмендігі  анықталса, онда сарапшы - бағалаушы ол акцияларды сатып алу керек 

екендігіне қорытынды жасайды.  




жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау