9
қажет. Егер болашақта күтілетін кіріс ұзақ уақытқа кешіктірілсе, ол инвестициялық
тауарды алуға кедергі жасайды. Нәтижесінде өзінің инвестициялық құндылығын
жоғалтады. Осыған байланысты, меншік иесі алуы мүмкін кірістің көлемі сатып алушының
тарапынан нарықтық бағаның ең жоғарғы дәрежесіне жетеді.
Екіншіден, бизнес жүйе болып табылады. Бірақ, толықтай жүйе ретінде де, жүйенің
бөліктері ретінде де сатылымға қойыла алады. Бұл жағдайда оның өзінің нақты
экономикалық - ұйымдастырушылық капиталымен байланысы үзіледі. Бизнестің
элементтері жаңа жүйенің сапалы бөлігіне айналады. Тауар ретінде бизнестің өзі емес,
оның құрамдас бөліктері алынады.
Үшіншіден, бұл тауарға қажеттілік сыртқы орта мен тауардың ішінде болып
жатқан үрдістерге байланысты. Әрі, бір жағынан қоғамдағы тұрақсыздық бизнестегі
тұрақсыздыққа алып келеді.Ал бұл жағдай кейіннен жалпы қоғамдағы тұрақсыздықың
өршуіне алып келеді. Осы жерден бизнестің тауар ретіндегі тағы бір ерекшілігі сату мен
сатып алуды реттеу туындайды.
Төртіншіден, бизнестің қоғамдағы тұрақтылығын ерекше белгі ретінде ескеріп,
мемлекет бизнестің сату және сатып алуды реттеуде міндетті түрде қатысуы қажет.
Сонымен қатар нарықтық бағаны бизнесте және оны бағалауда қатысуы маңызды.
Фирма немесе кәсіпорын бизнестің экономикалық - ұйымдастырушылық формасын
құрайды.Сондықтан да тауардың белгілері бизнеске де тән болып келеді. Бірақ,
кәсіпорынның өзіндік ерекше белгілері бар. Кәсіпорын азаматтық құқықтардың нысаны
болып табылады. Кәсіптік қызметті жүзеге асыруда қолданылатын мүліктік кешен ретінде
қарасытырылады.
Кәсіпорынды бағалау қаржылық құнды білдіреді, яғни ол неғұрлым бағаға сай және
тауар ретіндегі қасиетке ие. Ондай қасиеттерге пайдалылық және пайдалылыққа қажет
шығындарды құрайды. Кәсіпорының пайдалылығы сатып алуышының нақты
қажеттіліктеріне байланысты. Осыған орай бағалаудың бірнеше түрлерін ажыратады.
(қалпына келтірушілік, таратушылық, инвестициялық және т.с.с.).
Фактінің принциптік мағынасы төмендегідей болып келеді. Сапалық нарықтық баға
тек шығындарды ғана құрамайды, ол тауар өндірісімен де тікелей байланысты. Ол міндетті
түрде экономикалық түр мен орынды – нарықтағы орнын, уақыт факторын, бәсекелестік
дәрежесін негізгі назарға алады. Бағалаушы құнның анықтамасына фирманың
экономикалық тұжырымдамасы тұрғысынан қарайды.
Аталған тұжырымдама бухгалтерлік үлгіге сәйкес келеді. Ол фирманың нарықтық
құндылығын анықтайды. Ол уақыт, тәуекелшілдік, сезілмейтін активтер, ішкі бәсекелестік
ортасы және бағалауға түскен нысанның ішкі ерекшеліктері сынды факторларды ескереді.
Осындай көзқарасқа сәйкес кез келген нысанның нарықтық бағасы қаржылай құнның кірісі
мен шығысын тудыратын ағымдағы бағаны қалыптастырады. Салымшының қажеттілігін
өтеуге дисконттық нормаға сай ағымдағы баға анықтайды. Баланстық және бухгалтерлік
бағалауда фирманың активтері мен пассивтернің қосындысы таза өзіндік капиталды
қалыптастырады: А=П + СК. Нарықтық бағалауда тағы бір қосынды- сезілмейтін активтер,
олардың теңдігі мынадай сипатқа ие: А* + НА*=П* + СК* (* нарықтық бағаны
білдіреді).Сезілмейтін активтер өз бойына мынадай құндылық, кепілдік, сақтандыру, жақсы
қарым-қатынас, есепке алынбаған активтер, компанияның құнды жақсы аты сынды
элементтер кіреді (гудвилл). Шынайы өзіндік капиталдың нарықтық бағасының теңдігі
төмендегідей болады:
СК*=(А* + НА*) – П = (А* – П*) + НА*.
Осы теңсіздіктің көмегімен фирманың кері баланстық өзіндік капиталмен нарықта әлі күнге
дейін құнды нәрсе ретінде қабылдануын оңай түсіндіреді. (мысалы, төлеуге мүмкіндігі жоқ
депозттік институттар, тоқыраудың алдында тұрған несиелік ұйымдар). Оның себебі, теріс
баланстық капиталдар материалдық емес активтердің көмегімен толығып отырады.
Егер жеке капиталды баланстық бағалау және оның шынайы, нарықтық немесе
экономикалық бағасы мен құндылығы сәйкес келмесе, онда жасырын және баланстан тыс
капитал да өмір сүруі тиіс.
10
Жасырын капиталдың екі түрлі негізі болады:
1)
Активтердің
нарықтық
және
баланстық
бағалауларының
арасындағы
айырмашылық (А* – А);
2)
Бухгалтерлік есеп және жалпы принциптерге сай баланстың құрамына кірмейтін
баланстық емес позициялар (НА*).
Егер қауіпке келер болсақ, онда бухгалтерлік үлгі бойынша «бір қауіп бәріне бірдей
сай келе береді».Бірақ, әр фирма кіріс түскен кезде түрлі сипаттағы қауіптермен
ұшырасады және өз дәрежесіндегі кіріске ие болады.
Осылайша, бухгалтерлік есеп фирманы шынайы бағалауға мүмкіндік бермейді.
Экономикалық тұжырым негізінде жүргізіліп жатқан бағалау болса, кәсіпорынның
келекшектегі жұмысы жайлы дұрыс әрі тура бағдар жасайды. Бұл барлығы үшін құнды:
меншік иелері, басқарушылар, тұтынушылар, қаржыгерлер, сақтандыру және салық
қызметкерлері, салымшылар.
Осыған орай бағалау объектісі болуы мүмкін:
тұтастай кәсіпорын;
кәсіпорынның мүлігі;
машиналар паркі;
материалдық емес активтер;
меншік иесінің мақсаты мен қажеттілігіне байланысты басқа да элементтер.
1.4 Бизнесті бағалау мақсаты
Кәсіби бағалаушы өз қызметінде әрдайым нақты мақсатты басшылыққа алады. Нақты әрі
бағытты қойылған мақсат бағалаудың әдісін және жобаланған құнды дұрыс анықтауға
мұмкіндік береді.
Бағалаудың мақсаты бұл тұтынушының дұрыс шешім қабылдауына қажетті бағалау
құнын анықтау болып табылады. Бағалау жұмыстарын жүргізуге түрлі тараптар
қызығушылықтарын білдіреді: мемлекеттік құрылымдардан бастап жеке тұлғаға дейін;
бизнесті бағалауда бақылау органдары, басқару құрылымдары, несиелік ұйымдар,
сақтандыру компаниялары, салық фирмалары және басқа да ұйымдар, жеке меншік иелері
мен бизнес иелері, салымшылар және т.с.с. қызығушылық танытады ( 1 сурет).
Бағалау жұмыстарын жүргізуде қызығушылық білдіріп отырған тараптар өздерінің
эономикалық мақсаттарын жүзеге асыру үшін, бағалаудың міндеттерін айқындайды.
Бизнесті бағалауды осы мақсаттармен жүзеге асырады:
кәсіпорын мен фирманың ағымдағы басшылығының тиімділігін арттыру;
нарықтық қорға сатып алу және сату акциялары түскен жағдайда құнды
қағаздардың бағасын анықтау. Негізделген инвестициялық шешім қабылдамас бұрын,
кәсіпорынның меншігін және меншіктік бөлігнің құнын анықтап алу қажет. Сонымен қатар
бизнестің болшақ кірісін де есепке алған жөн;
1сурет
Бизнесті бағалауда қызығушылық танытатын тараптар
Акционерлер
Мемлекет
Салымшылар
Несие қызметі
БИЗНЕСТІ
БАҒАЛАУ
Басқарушылар
Жеткізушілер
Сақтандыру
фирмалары
ыфирмасы