Бизнесті бағалау



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет10/28
Дата20.11.2018
өлшемі1,11 Mb.
#22518
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

19 

 

Бағалау үшін қажетті деректер түрлерін анықтап алу маңызды болып табылады. Бұл 



кәсіпорынның өзінің басқарушылық қызметтері, арнайы кезеңдік басылымдар, басқарудың 

мемлекеттік  органдары,  арнайы  анықтамалық  әдебиет,  бағалаушы  –  эксперттің  өзінің 

әріптестері болуы мүмкін.  

Кәсіпорынды  бағалауға  келісімге  келу  кезінде  кәсіпорын  әкімшілігі  белгілі  бір 

мерзімге  бағалаушы  –  экспертке  ол  кәсіпорынды  бағалауды  уақытында  бастай  алуы  үшін 

ұсынатын құжаттардың құрамы көрсетіледі.  



Бағалаушы – эксперттер тобының құрамын анықтау 

Бағалауды өткізуге жауапты бағалаушы – эксперт кәсіпорынның құнын бағалау үшін 

эксперттер тобының құрамын анықтап алуы тиіс.  

Кіші кәсіпорынды бағалау бір бағалаушы экспертпен жүзеге асырыла алады.  

Ірі  кәсіпорынды  (  1000  қызметкерлерден  жоғары  )  бағалау  үшін  бірнеше  адамдар 

тартылады  –  экономистер,  маркетинг,  эколог  мамандары  және  т.б.  Мысалы,  бағалы 

металлдарды  өңдеуді  жүзеге  асыратын  кәсіпорынның  құнын  бағалау  үшін  бастапқы 

шикізаттың  әлеуетін  бағалау  үшін  мамандар  шақырылады.  Ғылыми  -  өндірістік 

кәсіпорынды  бағалау  үшін  интелектуалдық  меншікті  бағалау  бойынша  экспертті  шақыру 

қажет.  Осы  шығарылым  авторларының  тәжірибесі  –бағалау  үшін  сондай-ақ  бағаланатын 

кәсіпорынның  басшыларын  тарту  керектігін  куәландырады.  Олардың  білімдері  мен 

тәжірибе  кәсіпорынның  болашақ  жоспары  туралы  деректерді  алу  үшін,  сонымен  қоса 

алдағы  деректерді  жедел  жинауды  және  бағалау  туралы  есептемені  қабылдауды 

қамтамасыз ету үшін маңызды.  



Бағалаудың тапсырмасын және күнтізбелік жоспарын құру 

Бағалауға тапсырманы тәртіп бойынша, бағалаушы – эксперт орындайды. Бағалаудың 

шарттары  мен  қызметтерін  бейнелеудегі  нақтылықтың  болмауы  бағалаудағы  қателердің 

және  тапсырыс  беруші  мен  бағалаушы  –  эксперт  арасындағы  қатынастағы  жанжалдық 

жағдайлардың себебі болып табылады.  

Бағалау жүргізуге мына тапсырмаларды жатқызамыз: 

1. Тапсырыс берушінің аты; 

2. Бағалаушы – эксперттің аты; 

3. Бағалау затын анықтау; 

4. Бағалау күні; 

5. Бағалаудың мақсаты мен қызметі; 

6. Құн түрін анықтау; 

7. Бағалау туралы есептеменің қысқаша мазмұны; 

8. Күнтізбелік жоспар; 

9. Ерекше шарттар. 

Бағалау  үрдісінде  тапсырмадан  және оған  қосымшалардан  ауытқулар  болуы  мүмкін. 

Олар бағалаушы-экспертпен тапсырма берушіге баяндамалық хаттарында тіркеледі.  

Баяндамалық  жазбалардың  көшірмесі  бағалау  туралы  есептемемен  бірге  жіберіледі. 

Бағалауға  тапсырманы  өңдеу  кезінде  бағалау  затын  анықтау  маңызды  болып  келеді,  яғни 

кәсіпорынның  қандай  мүліктік  құқықтары  бағаланады,  мысалы,  кәсіпорын  активтеріне 

толық  меншік  құқығы,  акцияның  бақылаушы  емес  пакеті,  кәсіпорынға  іс  ретінде, 

шаруашылық  серіктестікте  үлестік  қатысуға  және  т.б.  сұрақтарға  жауапты  қалыптастыру 

болып табылады. Кәсіпорынды сату кезінде салықтық, заңды және қаржылық тұрғысынан 

келісім  кәсіпорынның  активтерін  сату  қарастырылады немесе  кәсіпорынды  шаруа  ретінде 

сату  сияқты,  немесе  серіктестіктегі  үлесті  сату  ретінде  келісім  қарастырылатыны  туралы 

жағдай маңызды орынға ие. Барлық үш жағдайларда бағалау нәтижелері әртүрлі болады. 

Егер бағалауда шаруашылық серіктестіктегі қатысу жатса, онда бағалауға тапсырмада 

пайыздардағы үлес мөлшері көрсетіледі, сондай-ақ бұл қандай серіктестік  – толық немесе 

шектеулі жауапкершілік. Егер акционерлік қоғамдағы акциялардың пакеті бағаланса, онда 

тапсырмада  бағаланатын  акциялар  саны  мен  түрі  нақтыланады,  айналымдағы  акциялар 

саны, түрлері бойынша акциялардың қатынасы, акционерлік қоғам сипаты  –  ашық немесе 

жабық, өйткені бұл ерекшеліктер бағалаудың нәтижесіне әсер етеді.  




20 

 

Тапсырмада  сонымен  қоса,  үлестік  қатысудың  жалпы  құрамы  және  бағаланатын 



акцияларға  салынатын  ерекше  шектеулер  көрсетіледі.  Мысалы,  жабық  акционерлік 

қоғамдағы  акцияларды  сатып  алушылардың  міндеттемесі-  оларды  қайта  сатып  алу 

келісіміне  келу  болып  табылады.  Бұл  шарт  осы  жабық  қоғамның  акцияларының 

айналымдылығын  шектейді,  немесе  тәртіп  бойынша  олардың  құндылығын  төмендетеді. 

Акцияларды  бағалауда  маңызды  фактор  –  акцияларды  айналымға  шығару  уақыты  болып 

табылады.  

Жаңа  ғана шығарылған  акциялар  құны  әдетте  акциялардың  қорытындысында  бұрын 

айналатын құннан төмен болады.  

Бағалауға тапсырма бағалау туралы есепке қосымша беріледі.  

Бағалаудың  нақтылы  күнтізбелік  жоспары  тапсырыс  берушімен  бағалаушы-

экспертпен  дамыту  мен  қол  қою  мақсатты  бағытталған  жұмысқа  тараптарды 

ұйымдастыратын  бағалаудың  маңызды  кезеңі.  Кейде  тапсырыс  беруші  бағалау  бойынша 

бастапқы  деректерді  беруді  кешіктіреді,  ол  бағалаушы-эксперт  бағалаудың  нақты 

күнтізбелік  жоспары  болмаған  кезде,  осы  себеп  бойынша  сондай-ақ  қорытынды  есеп 

немесе бағалау бойынша қорытындыны дайындауды кешіктіреді.  

Осыған байланысты тапсырыс берушіден бағалаушы- экспертте бастапқы деректерді 

бағалау  үшін  ілеспе  хат  беруі  бойынша  жүзеге  асырылады.  Кәсіпорындарды  бағалау 

бойынша  жұмыстардың  ұзақтығы  өндіріс  қиындығы  мен  ауқымына  тәуелді.  Орташа 

алғанда  кәсіпорынды  бағалау  ұзақтығы  3-6  айды  құрайды.  Бірақ,  өте  ірі  кәсіпорынды 

бағалау кезінде бұл ұзақтық маңызды дәрежеде ұлғаяды.  



Бағалауға келісімді дайындау мен қол қою 

Бағалауға келісімді дайындау мен оған қол қою үрдісі бағалау объектімен шартталған 

ерекшеліктері,  тапсырыс  беруші  мүмкіндіктері  мен  бағалаушы  –  эксперт  мамандануы 

ерекшеліктері  бар.  Объектілері  бағалау  мен  жалпы  кәсіпорынды  бағалау  үрдісін  жүзеге 

асыру  үшін,  бағалау  үрдісінің  әртүрлі  арнайы  ерекшеліктерін  бейнелейді  және  нақты 

келісімдер үшін негіз ретінде тәжірибелік қызметте қолданылуы мүмкін.  



Бағалаушы – эксперттің көрсеткен қызметтеріне төлеу 

Бағалаушы-эксперттің  қызметін  төлеу  мөлшерін  анықтау  негізінде  тұрақты  баға 

немесе  сағат  бойынша  төлеу  болуы  мүмкін.  Тәжірибеде  тұрақты  баға  бағаланатын 

кәсіпорынның  баланстық  активтерінің  сомасынан  тіркелген  пайыз  мөлшерінен  шығып 

анықталады. Әдетте бұл мөлшер кіші кәсіпорындар үшін 10 % -ке дейін, орта кәсіпорындар 

үшін  3  %,  ірі  кәсіпорындар  үшін  1,5  %құрайды.  Мұндай  тіркелген  баға  кәсіпорынның 

құнын  бағалау  нәтижесіне  әсер  етпейді  немесе  бағалаушы  –  эксперт  қызметтерін  төлеу 

үшін негіз ретінде қолданылуы мүмкін.  

Егер кәсіпорынды бағалаудан кейін бағалаушы  – эксперттен тәуелсіз эксперт ретінде 

сотта  шығуы  талап  етілсе,  мысалы,  бағаланатын  кәсіпорынның  әл-ауқаты  жоқ  туралы  іс 

қаралуы  кезінде,  онда  оның  көрсеткен  қызметтерінің  сағатына  қарай  төлеуі  керек,  яғни 

соттың қарастыру нәтижесіне тәуелсіз болуы жағдайында бекітілуі тиіс.  

Бағалаушы-эксперттің  қызметтерін  төлеу  мөлшері  көптеген  факторларға  тәуелді 

болып келеді, соның ішінде бағалау объектісінің қиындығы мен ауқымдылығы, тәжірибесі, 

имиджі, бағалаушы- эксперттің мамандануы, сонымен қоса тапсырыс берушінің қаржылық 

мүмкіндіктері. Кәсіпорын құнын бағалауға келісім жобасын дайындап бағалаушы – эксперт 

оны тапсырыс берушіге онымен танысу үшін ұсынады. Келісімге қосымша ретінде міндетті 

түрде  бағалауға  тапсырма  (жұмыстық  бағдарлама)  және  күнтізбелік  жоспар  қосымша 

беріледі.  

Деректерді жинау мен талдау 

Бағалаудың  берілген  кезеңін  бірқатар  қадамдарға  бөлуге  болады:  жалпы  деректерді 

жинау мен жүйелендіру, арнайы дәрежелерді  жинау мен талдау, ең жақсы және ең тиімді 

қолдануды талдау.Кәсіпорын құнын бағалауға қажетті жалпы көрсеткіштерге бағаланатын 

кәсіпорын  әрекет  ететін  нарықтың  жағдайы  туралы  көрсеткіштерді  жатқызуға 

болады(нарықта  әрекет  ететін  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси,  құқықтық  және  экология 

факторлары  және  де  кәсіпорынның  орналасқан  орнының  көрсеткіштері  (аймақ,қала  және 



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау