Бизнесті бағалау



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет11/28
Дата20.11.2018
өлшемі1,11 Mb.
#22518
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

21 

 

аудан,  кәсіпорын  орналасқан  жер).  Арнайы  деректерге  кәсіпорын  туралы  деректер  және 



салыстырмалы  сатылым  туралы  деректерді  жатқызуға  болады.  Кәсіпорынның  құнын 

бағалау үшін үш тәсілдерді пайдалану 

Кәсіпорынды бағалаудың әдістері мен жолдары үш топқа жіктеледі: 

•  табыстық тәсіл; 

• мүліктік тәсіл; 

• салыстырмалы (нарықтық) тәсіл. 

Кәсіпорынды  бағалаудың  осы  үш  тәсілі  жылжымайтын  және  жылжымалы  мүліктің 

объектілерін  бағалаудың  үш  тәсіліне  ұқсас,  алдыңғы  курста  қаралған:  табыстық, 

шығындық, салыстырмалы(нарықтық). 

Үйлесімді әдіске жататын  кәсіпорынның құнын бағалаудың  негізгі әдістері төменде 

келтірілген.  



Табыстық тәсіл                                                                                                         

Бұл  тәсіл  бағалаудың  әдістерін  біріктіріп,  дисконтталған  болашақ  кірістерге 

негізделеді: 

1.Дисконтталған болашақ пайда. 

2.  Дисконтталған  ақша  қаражатының  болашақ  ағымы  (дисконтталған  ақша  ағымы-

ДАА). 


3. Нормаланған пайданы  капиталдандыру. 

4. Нормаланған ақша ағымын капиталдандыру. 

5.Пайданың артылу әдісі. 

6.Өтелу мерзімінің әдісі. 

7. Кірістің ішкі мөлшерлемесінің әдісі. 

Мүліктік тәсіл 

Мүліктік (шығындық) тәсіл бизнесті бағалауда шығындық тұрғыдан кәсіпорын құнын 

қарастырады.Бұл  тәсіл  активтерді  бағалауға  және  жаңа  салыстырмалы  кәсіпорындарды 

құруға арналған шығындарға негізделген әдістерді біріктіреді. 

1.Активтердің ағымдағы баланстық құнын түзетудің әдісі(индексті әдіс). 

2.Таза активтер әдісі. 

3.Жаңа салыстырмалы кәсіпорындардың құрылыс құнын анықтау(алмастыру әдісі). 

4.Кәсіпорынның нақты көшірмесін құру құнын анықтау(құнды қалпына келтіру әдісі). 

5.Кәсіпорынның  құнын тарату  әдісі. 

Салыстырмалы(нарықтық) тәсіл 

Әдістердің  бұл  тобы  бағаланатын  кәсіпорынның  салыстырмалы  құнын,  басқа 

кәсіпорынның   құнымен салыстыруға   негізделген. 

Салыстырмалы  тәсіл  бизнесті  бағалауды  көздей  отыра,активтердің  құнын,олардың   

қаншалықты  қымбат  сатылымға  өтуін,    жеткілікті  қалыптасқан    нарықтың  болуымен 

анықтайды: 

1.Өндірістік коэффициенттер әдісі(өндірістік қатынастар). 

2.Кәсіпорын-аналогтық әдісі немесе капитал әдісі. 

3.Мәмілелер әдісі(сату). 

4. Мультипликатор  бағасы / қаржы базасы. 



Түрлі тәсілдер арқылы алынған келісім нәтижелері 

Кәсіпорын  құны  нарықтық  бағаға  негізделген,  бірнеше  әдістермен  бағаланады. 

Бағалаушы  барлық  қолжетімді  әдістерді  әрқашан  қолдана  алмайды  және  де  қолдануға 

міндетті емес. Ол тек жағдайдың неғұрлым қолайлы болуымен  шектелуі тиіс. 

Ең бастысы, нақты жағдайға байланысты пайдаланылатын әдістерді дұрыс таңдау. 

Бағалау процесінде пайдаланылатын әр түрлі әдістері, әдетте, әр түрлі шаманың мәнін 

береді.  Құнның  қорытынды  шамасы,    құнды  өлшеу  жолымен,  анықталған    әр  түрлі 

әдістермен  анықталады. 

Мәселенің  шешімі,бағалау  құнына  қаншалықты  үлкен  салмақ  беруі  керек,  бұл    осы 

кезеңдегі негізгі мәселе болып табылады. 

Өлшеу әдісінің негізгі екі түрі бар: 



22 

 

• математикалық өлшеу әдісі; 



• субъективті өлшеу әдісі. 

Математикалық  өлшеу  әдісін  пайдаланғанда,  әрбір  алынған  шаманың  құны  өзінің 

салмақ  коэфициентіне  беріледі.Коэфициенттер  сомасы  тең  болуы  тиіс.  Орташа  құнды 

өлшеу  түрлі  әдістермен  алынған  коэфициенттер  мәндерін  қосу  арқылы  табылады. 

Субъективті бағалау кезінде қорытынды  салмақтық коэффициенттерді пайдалануға, әрбір 

әдістің  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  талдауға,  сондай-ақ    әрбір  әдістің 

пайдаланылатын  деректердің  саны  мен  сапасына  негізделген  жоқ.  Ең  басты  жерінде 

бағалаушының  кәсіби  тәжірибесі  мен  пікірі  тұрады.  Бағалау  мақсаты,  бизнестің  сипатын, 

анықталатын  құнның  түрі  мен  басқа  да  факторларды  ескере  отырып,  бағалаушы  соңғы 

қорытынды жасайды. 



 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Кәсіпорынның барлық бағалау процесін қандай негізгі сатыларға бөлуге болады? 

2.  Кәсіпорынның құнын бағалаудың  негізгі әдістері қандай? 



 

 

3  Бағалауға қажетті ақпараттарды даярлау 

 

3.1 Ақпараттар жүйесі 



3.2 Қаржылық есептерді кешенді талдау    

3.3 Бағалау үдерісіндегі қатыстық көрсеткіштерді есептеу  



 

3.1 Ақпараттар жүйесі 

Бағалау процесінде пайдаланылатын ақпарат талаптарға сай келуге тиіс:  

• сенімділігі (адал кәсіпорындағы жағдайды көрсетеді);  

• дәлдігі (дәл бағалау мақсатында сәйкес келуі); 

•күрделілігі  (кешенді  ескере  бағаланатын  жұмыс  істейтін  сыртқы  шарттарын 

қабылдауға).  

 Ақпараттық    ұйымдастырудың    үш  жолы  бар:  хронологиялық,    журналистік, 

логикалық.  

Ақпараттық    ұйымдастырудың    хронологиялық  жолы    болашаққа  өткен  кезең-

кезеңмен көшу (немесе болашақтан өткенге) қамтамасыз етеді. Мысалы, өндіріс процесінің 

сипаттамасын бағалау туралы есепте, компанияның тарихы - тұсаукесерден басталады.  

Журналистік    жолында  ұйымдар  аса  маңызды  ақпараттан    маңыздырақ  материал 

қалдыруды  ұсынады.  Мысалы,    қаржылық  ақпаратты  талдау  барысында,  әдетте,  барлық 

тарихи  ақпаратты  сипаттау  мағынасы  жоқ,  және  ең  маңызды  пропорцияға    немесе 

коэффициенттерге назар аударады. 

Логикалық  тәртібі,  ақпаратты  жалпыдан  жекеге  немесе  жекешеден  жалпыға  тарату.  

Мысалы,    фирма  мақсатты    талдаудан    өтпес  бұрын,  макроэкономикалық  ахуалға  шолу 

жасалады,  елдегі инвестициялық ахуалды анықтауға мүмкіндік алады.   

Бизнес  бағалау  тауар  инвестиция  ретінде  кәсіпорын  құнын  талдау,  яғни  өткен 

шығындарды,    ағымдағы  жағдайды  және  болашақ  әлеуетін  бақылап  бағалау.  Осындай 

кешенді жүзеге асыру үшін ақпараттың үлкен көлемін жинақтау және талдау, төмендегідей 

жіктеуге қажет болады. 

• Сыртқы ақпарат – облыста бизнестің жұмыс істеуін, өнеркәсіп және экономиканың 

тұтастай алғандағы жағдайларын сипаттайтын ақпарат.  

• Ішкі ақпарат - бағаланатын істі түсінуге көмектеседі. 

Қалыпты іскерлік операция негізінен кәсіпорынның сыртқы жағдайлары анықталады, 

жоспарланған  өсімін  қамтамасыз  ету  үшін  сату  оңтайлы  ұштастыру,  олардың  пайда  мен 

қаржы ресурстарының негізінде жүзеге асырылады, инфляция деңгейі, елдің экономикалық 



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау