7
Сұраныс тек экономикалық факторларға ғана тәуелді емес. Сондай-ақ қоғамда
бизнеске деген қатынас(көзқарас) және саяси тұрақтылық сияқты әлеуметтік және саяси
факторлар да маңызды.Ұсыныс бағасы бірінші кезекте (біріншіден) қоғамда ұқсас
компанияларды құру шығындарымен анықталады. Сатуға қойылған объектілердің саны да
сол сияқты табысқа әсер етеді.
Шешімдер мен сатушыны, сатып алушыны таңдау осы бизнестің дамуының
болашағына да байланысты.Әдетте, кәсіпорынның құны банкрот алдындағы жағдайда
ұқсас активтері бар кәсіпорынның құнынан төмен, бірақ қаржылай тұрақты.
Кез келген объектінің бағалау құнына сұраныс және ұсыныс қатынасы әсер етеді.
Егер сұраныс ұсыныстан асатын болса, онда сатып алушылар ең жоғарғы бағасын төлеуге
дайын.Сұраныс бағасының жоғарғы шекарасы, осы кәсіпорынға иелік етуде иесі ала алатын
болашақ табыстардың ағымдағы құнымен анықталады. Әсересе, бұл ұсыныстың табиғи
мүмкіндіктермен шектелген салаға тән.Сұраныс ұсыныстан басым болған жағдайда,
шикізат кәсіпорындарының бағасының ең жоғарғы шекарасына көбірек жақын
болады.Сонымен қатар, сұраныс ұсыныстан басым болғанда кейбір салаларда жаңа
кәсіпорындардың пайда болуы мүмкін.Ұзақ мерзімді жоспарда осы кәсіпорындардарға баға
сәл төмендеуі мүмкін.
Егер ұсыныс сұраныстан басым болса, онда бағаны өндіруші айтып отырады.Бизнесін
сата алатын ең төмен баға, оны жасаудағы шығындармен анықталады.
Сонымен, баға құнын анықтайтын негізгі факторлар мыналар:
сұраныс;
бағаланатын бизнестің қазіргі және болашақ пайдасы;
ұқсас кәсіпорындарды құрудағы шығындар;
ұқсас объектілерге ұсыныс пен сұраныстың қатынасы;
пайданы алуға тәуекел;
бизнесті бақылаудың дәрежесі және өтімділік активтерінің дәрежесі болып
табылады.
1.2 Бизнес, кәсіпорын, фирма, капитал, меншік бағалау объектілері ретінде
Меншік әдеттегі түсінуде өзінің ішкі белгісімен - адамның затқа иелігінде ұсынылған.Затқа
иелік етуді тек жеке және заңды тұлға, сонымен қатар әкімшілік өкілдеріне өзінің меншік
құқығын табыстайтын мемлекет субъектісі бола алады. Ожегов бойынша, «меншік» сөзінің
2 мағынасы бар: біреуге немесе біреудің толық билігіндегі материалдық құндылықтар,
мүлік; біреумен немесе бірдеңемен билеуге құқық.
Меншік субъектісі – бұл нақты нысанға иелік ететін (капиталмен, жермен) және сай
келетін экономикалық мүддесі бар, экономикалық оқшау(ерекше) заңды немесе жеке
тұлға.Экономикалық мүдделерді жүзеге асыра отырып,субъектілер экономикалық
қатынасқа түседі, соның ішінде оларға тиісті объектілерді иелену, билік ету, пайдалану
қатынастары. Осылайша, меншік бұл субъектілер арасындағы қатынас.Субъект және
материалдық(рухани) игілік арасында қатынас жоқ және болуы мүмкін емес. Тек белгілі бір
субъектілер арасында иелену, билік ету, және нақты игілікті пайдалану жайындағы
қатынастар болуы мүмкін. Меншіктің мұндай түсінігі барлық экономикалық, заңды,
ұйымдастыру - басқарушылық үрдісіне, сонымен қатар оның құнын анықтау негізіне,
бағалау негізіне енгізілген.Нарықтық бағалау, тек белгілі объектінің құрамдас
элементтерінің құндылығы - өндіріс факторларының жиынтығын ғана емес, сондай-ақ
меншік құқығын жүзеге асыратын экономикалық қатынастарды да ескеру қажет.
Қазіргі жағдайда меншіктің кез келген объектісі болып, табыс көзі және нарықтық
келісім объектісі болып табылуы мүмкін, сондай- ақ мұндай нысан болып меншік иесі
құқығы да осындай объект болып табылады.Бұл ретте ерекше мүддені табыс алу үрдісі
ретінде, табыс әкелетін меншік ретінде бизнес ұсынады. Бизнес негізін, оның ажырамас
мәнін капитал құрайды.
8
Капитал қазіргі экономикалық жүйенің материалдық негізі болып табылады.Әр түрлі
даму сатысында экономикалық ғылым оны әрқалай анықтаған. Сондай-ақ Ожегов өзінің
сөздігінде де екі мағына келтіреді жалдамалы жұмыс күшін пайдалану нәтижесіндегі
қосымша құн әкелетін құн; ақша, ақшаның үлкен сомасы.
Экономист-ғалымдардың көпшілігі: капитал- бұл байлық, өндіріс құралдары, өндіріс
факторлары, яғни әр түрлі материалды-заттай нысандары инвестицияланған еңбек, табыс
әкелетін еңбек деп түсіндіреді. Табыс келтіретін үдеріс белгілі бір экономикалық қарым-
қатынастарды, оның ішінде меншік қарым-қатынасын көздейді. Сонымен қатар, ол
қосымша өндіріс материалдық факторларды капитал деп, сондай-ақ бұл табыс құру
үдерісінің субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар болып табылады. Меншік
капиталы белгілі бір ұйымдық құрылымдар, кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар шеңберінде
қалыптастырылады және пайдаланылады. Сондықтан олардың нарықтық бағасын нақты
өмір сүру формасына қатысты жүргізеді.
Дегенмен, кәсіпорын мен фирманың өздерінің арасында ортақ сипаттары мен
айырмашылықтары ғана емес, ішкі экономикалық мазмұнды капиталы да бар. Ортақ болып
материалдық, еңбек ақшасы, ақпараттық негізі табылады, ал материалдық активтер емес
болып тиімділігіне, бәсекеге қабілеттілігіне, нарық жағдайы мен даму перспективаларына
әсер ету айырмашылықтары өрнектеледі. Фирманың материалдық емес активтері
фирмалық аты, фирманың белгілері, технологиялары, маркетинг көзі болып табылатын
қосымша кіріс, сатылған немесе әлеуетті болып бөлінеді.
Бизнес-белгілі бір құрылымдар аясында ұйымдастырылған нақты қызмет.Оның
басты мақсаты-пайда табу.Осылайша, кез келген үдерістің ішкі мазмұны өнімді немесе
қызметті табыс алу мақсатында жүзеге асыруы капитал негізі болып табылады.Табыс алу-
көптеген салалардың, экономика салаларының қызметінің мақсаты мен соңғы нәтижесі,
яғни, бизнестің нәтижесі мен мақсаты. Кез келген бизнестің өзінің экономикалық -
ұйымдық нысаны ретінде кәсіпорны бар. Кәсіпорын өзінің нарықтық кеңістікті ерекшелену
ортасын иеленуге, фирма атауы мен атрибуттарын айырмашылық түрінде бекітуге
ұмтылады. Фирма - маңдайшасы, таңбасы, аты нақты, осы саладағы экономикалық-
ұйымдастырушылық бизнесі бар, өз негізінде капитал болып табылатын кәсіпорын.
1.3 Бағалау нысаны ретіндегі бизнестің ерекшеліктері
Иесі өз бизнесін сатуға, сақтандыруға, кепілдікке қоюға және мұраға қалдыруға құқылы.
Осыған орай, бизнес тауарлық белгілер мен қасиеттерге ие өзара келісімшарттың нысанына
айналады.
Кез келген тауар сынды бизнестің де сатып алушы үшін пайдасы болады. Ең алдымен
кіріс кіргізудің қажеттіліктеріне сай болуы тиіс. Басқа кез келген тауардағы сияқты
бизнестің де пайдасы тұтыну кезінде айқындалады. Соған сәйкес, егер бизнес иемденушіге
пайда әкелмесе, ол өз пайдалылығын жойып, сатылымға қойылады. Егер басқа біреу кіріс
кіргізудің басқа жолдарын көрсе, онда бизнес тауарға айналады. Мұның барлығы
кәсіпорындар үшін де, фирмалар үшін де әділетті.
Сонымен қатар, пайда табу, альтернативті бизнесті қалыптастыру және өндіру, жаңа
кәсіпорын –осылардың барлығы белгілі бір шығынды да талап етеді.
Кіріс пен шығынның кешенділігі бағалаушы анықтайтын негізгі нарықтық бағаны
құрайды және нарықтық құнды анықтайды. Осылайша, бизнес нарықтық экономиканың
бір түрі ретінде меншік иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, белгілі бір көлемдегі
ресуртар жұмсалатын фирма, кәсіпорын, қызметтің бір түрі.
Бизнес, кәсіпорын және фирма тауардың барлық белгілеріне ие және сатып алу –
сатудың нысаны бола алады. Бірақ, бұл тауарлар ерекше болып табылады. Бұл
ерекшеліктер бағалаудың әдістерін, тәсілдерін, міндеттерін анықтайды.
Бірінішіден, бұл инвестициялық тауар, яғни болашағынан үміт күттіретін, салымды
қажет ететін тауар. Кіріс пен шығыстың аралығында біраз уақыт болуы тиіс. Күтілетін
кірістің шамасы белгісіз, соған байланысты салымшылар сәтсіздіктің мүмкіндігін ескеру