Бизнесті бағалау



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет6/28
Дата20.11.2018
өлшемі1,11 Mb.
#22518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

11 

 

 

 

сату және сатып алу жағдайында кәсіпорынды тұтастай немесе бөліктерінің құнын 



анықтау.Кәсіпорын  иесі  өз  бизнесін  сатуға  қойған  кезде  немесе  серіктестік  мүшелерінің 

біреуі  өз  үлесін  сатуды  ұйғарғанда  кәсіпорынның  және  оның  активтерінің  нарықтық 

бағасын анықтау қажеттілігі туындайды. Нарықтық экономикада жиі орын алатын жағдай, 

егер  келісімшарт  бұзылғандығы  жөніндегі  келісімге  үлескерлер  қол  қойса  немесе 

серіктестердің бірі қайтыс болса орын алады; 

 



кәсіпорынды  қайта  құру.  Кәсіпорындарды  қосу,  жою  немесе  үлкен  холдингты 

жеке кәсіпорындарға бөлу оның нарықтық бағасын жобалайды. Себебі, тауардың бағасын 

немесе  акциялардың  сатылымын,  фирманың  қызметкерлеріне  төлейтін  төлемақы  мен 

сыйақының көлемін анықтау қажет; 

 

кәсіпорынды  дамыту  жоспарынының  жобасы.Стратегиялық  жобалау  үрдісінде 



фирманың  болашақ  кірісін,  оның  тұрақтылық  мөлшерін  және  имидждік  құндылығын 

бағалау маңызды; 

 

кәсіпорынның  несиеге  қабілеттілігін  және  несие  кезіндегі  кепілдік  мөлшерін 



анықтау.Осы  орайда  бағалау  бухгалтерлік  есеп  бойынша  нарықтық  құннан  анағұрлым 

айырмашылық жасауы мүмкін кездегі өзгеріске тәуелді; 

 

шығынның  алдындағы  активтердің  құнын  анықтау  қажеттілігінен  туындаған 



сақтандыру үрдісі; 

 



салық  төлемдері.  Салық  төлемдер  базасын  анықтауда  кәсіпорынды  объективті 

бағалау жүргізу қажет; 

 

негізделген  басқарушылық  шешімдерді  қабылдау.  Инфляция  кәсіпорынның 



қаржылай  есебін  ақсатады.Осы  себепті  де  тәуелсіз  бағалаушылардың  мүлікті  кезеңдік 

бағалауы  қаржылай  есептің  шынайылығын  көтереді.  Ал  ол  қаржылай  шиеленістерді 

шешуде маңызға ие; 

 



бизнесті  дамытуда  инвестициялық  жобаның  жүзеге  асырылуы.  Бұл  орайда 

кәсіпорыннң  ағымдағы  бағасын  тұтастай  білу  қажет.  Сонымен  қатар    оның  жеке 

капиталдарын, активтерін бизнесі жайынан да хабардар болған абзал. 

Егер  сатып  алу  және  сату,  несие,  сақтандыру,  жалдамалылық  жөніндегі  келісімнің 

нысаны  кәсіпорынның  қандай  да  бір  элементі  алынса,  сонымен  қоса  мүлікке  салық 

салынса,  онда  қажетті  нысан  арнайы  бағаланады,  мысалы  ондай  нысан  ретінде 

жылжымайтын мүлік,  көлік және құрылғы, материалдық емес активтер алынады.  

Соған  сәйкес,  бағалаудың  шынайылығы  мен  нақтылығы    көбіне  көп  бағалаудың 

саласының  дұрыс  анықталғандығына  тәуелді:  сату  және  сатып  алу,  несие  алу,сақтандыру,  

салық төлемдері, қайта құру және т.с.с. 

 

1.5 Бағалау кезінде анықталатын бағаның түрлері 



Бағалаудың мақсатына, санына және ескерілетін факторларға байланысты бағалаушы түрлі 

бағалаудың түрлерін ажыратады. 

Құн–  бұл  сатып  алушы  қандай  да  бір  нысан  немесе  затқа  айырбастауға  дайын 

қаржылай эквивалент. Құн баға мен шығыннан ерекшеленеді.  



Нарықтық  дәрежесіне  байланысты  нарықтық  құн  және  нормаға  сай  құн  болып 

бөлінеді. 

Нарықтық  құн  ретінде  Халықаралық  стандарттарға  сай  бағалаудың  есептеу  мөлшері 

алынады.  Мұндайда  мүлік  қолдан  қолға  беріледі,  яғни  өз  еркімен  сатушы  мен  сатып 

алуышың  арасындағы  саудалық  келісім  немесе  маркетинг;  осы  орайда  әрбір  жақ  өзара 

құзіретті және есепппен, еш мәжбүрлеусіз әрекет етуі тиіс. 



Нарықтық  құн  –  бұл  кәдімгі  сатушы  мен  сатып  алушының  арасындағы  келісім 

нәтижесінде  туындайтын  болжамды  құн.  Анықтамасына  сай,  нарықтық  құн  нарықтың 

күнтізбесіне тәуелді. Егер нарықтағы шарттар өзгеріске ұшырайтын болса, онда нарықтық 

құн да өзгереді. Сатып алушы мен сатушыға ешқандай да ішкі қысым жасалмайды, екі жақ 




12 

 

та  сатылымға  қойылған  өнім  жайынан  және  сипаттамасынан  жеткілікті  дәрежеде 



ақпараттандырылған. 

Кейбір жағдайларда нарықтық құн теріс мөлшерде көрініс табуы мүмкін. Мысалы, бағалау 

кезінде  ескі  жылжымайтын  мүлік  нысан  ретінде  алынса,  оны  бұзуға  деген  шығынның 

көлемі  ол  құрылыс  орналасқан  жер  көлемінен  асып  кетеді  немесе  бағалауға  экологиялық 

тиімсіз нысандар алынады.  

Нормаға сай құн – жеке меншіктік нысанның құны. Арнайы органдар бекіткен нормалар 

мен  әдістерге  негізделеді.Осыған  орай  нормалардың  шкала  бірліктері  қолданылады.  Ал 

нормаға  сай  құн  нарықтық  құнға  сәйкес  келмейді,  алайда  нормалар  кейде  нарықтық  құн 

негізінде жаңартылып отырады.  



Бағалау  тұрғысынан  қарар  болса,  нарықтық,  инвестициялық,  сақтандыру,  алым-

салық, утилизациялық құн түрлері ажыратылады.  

Сатылымның  нысаны  ретінде  мүлікті  бағалағанда    ашық  нарықта  нарықтық  құн 

пайдаланылады. 



Сақтандыру  құны  –  сақтандыру  қоры  немесе  келісімімен  анықталатын  жеке 

меншіктің құны. 



Алым-салықтық  құн  –  салықтық  меншіктерге  тиісті  нормалық  құжаттарда 

белгіленген анықтамаға сай құн.  

Бухгалтерлік есепте баланстық құн және қалдық құн ажыратылады. 

Баланстық құн – меншіктік нысанды алуда және құрылысын жүргізуде жұмсалатын 

шығын.    Баланстық  құн  алғашқы  және  қалпына  келтіруші  құн  болып  өз  ішінде  бөлінеді. 

Алғашқы  құн  енгізу  кезінде  бухгалтерлік  құжаттарда  кездеседі.Қалпына  келтіруші  құн  – 

заманауи  талаптарға  сай  бұрын  қалыптасқан  негізгі  қаражатты  қайта    қалпына  келтіру 

құны; негізгі қорды қайта бағалау үрдісінде анықталады. 

Кәсіпорынды  дамыту  мақсаттарына  орай  ағымдағы  кәсіпорын    және  ликвидациялық 

құн болып ажыратылады. 

Кәсіпорынның ағымдағы құны – бұл тұтастай қалыптасып үлгерген кәсіпорынның 

құны.  Кей  бөліктерінің  емес,  толықтай  кәсіпорынның  құны.  Кәсіпорынның  жеке 

активтерінің  немесе  ағымдағы  кәсіпорынның  компоненттерінің  құны  олардың  аталған 

бизнеске  қосқан  үлесі  мен  белгілі  бір  кәсіпорынға  және  оның  иесіне  қажеттілігімен 

өлшенеді.  Егер  жеке  меншіктің  кейбір  нысандары  ағымдағы  кәсіпорынға  ешқандай  кіріс 

алып  келмесе,  онда    бұл  нысанды  таусылған  актив  ретінде  қарастырып,  кәсіпорынның 

қызметіне орай оны қолданудың альтернативті мүмкіндіктерін және әлеуеттік құнын ескеру 

қажет.  


Ағымдағы  кәсіпорынды  бағалаудың  астарында  бизнесті  дамытудың  тиімді 

алғышарттары  бар екендігі, сол себепті де кәсіпорынды жүйе ретінде сақталуын және оның 

толық құдылығын күту қажет. 

Егер  кәсіпорынның  жабылу  және  оның  бірнеше  бөліктерге  ажыратылуы  көзделсе, 

онда ликвидациялық құнды анықтаудың маңызы жоғары. 

Кәсіпорынды  бағалауда  сонымен  қатар,  тиімді  құн  деген  анықтама  ерекше  назарға 

алынады. 

 Тиімді құн – екі мөлшердің көбіне ие активтердің құны. Яғни меншік иесіне қажетті 

тұтынушылық активтердің құны және оны жүзеге асырудың құны болып табылады. 

Бағалаушы  көрсетіп  берген  құнның  кез  келген  түрі  тарихи  фактіге  жатпайды. 

Керісінше сол мезетте маңызды және мақсатқа сай нақты  жеке меншіктің нысанының құны 

болып саналады ( 1.1). 

 

1  кесте



  Бағалауда  қолданылатын  бағалау  мақсаты  мен  құнның  түрлері 



арасындағы байланыс  

 

 

Бағалау мақсаты 

Құнның түрлері 



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау