Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет12/44
Дата04.12.2017
өлшемі1,48 Mb.
#2915
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44

                            ИС BestProfi©

 

 



 

23 


 

отырып,  баяндау/баяндаусыз  сипаттағы  мәтіндерді  қҧрастыру  ҥшін  тиісті  лексикалық 

бірліктерді пайдаланады.

 

Ҥшінші тіл:



 

1) тыңдалым:

 

білім алушы таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелесулердің негізгі мазмҧнын тҥсінеді, 



таныс  сӛздер  мен  фразалардың  айтылуын  ажырата  алады;  тҥстер  мен  сандар  туралы  қысқа 

сҧрақтарды  тҥсінеді;  таныс  тақырыптар  бойынша  қысқа  әңгімелердің  мазмҧны  мен  мәнін 

болжау  ҥшін  мәнмәтіндік  тірек  сӛздерді  пайдаланады;  баяу  және  айқын  дыбысталып 

айтылған шағын әңгімелердің жалпы мәнін тҥсінеді;

 

2) айтылым:



 

білім  алушы  ӛзі  туралы  тіркестер  мен  сӛйлемдер  қҧрастырады,  сҧрақтар  қҧрастырады; 

сҧрақтарға жауап береді; заттар мен оқиғаларды сипаттағанда негізгі сӛздер мен фразаларды 

дҧрыс  интонациямен  және  екпінмен  айтады;  ӛзіне  не  ҧнайтынын  және  не  ҧнамайтынын 

айтады;

 

3) оқылым:



 

білім  алушы  қарапайым  иллюстрацияланған  сӛздікті  пайдаланады;  тҧрмыстық-әлеуметтік 

тақырыптағы кӛлемі шағын кӛркем және кӛркем емес мәтіндерді тҥсінеді; қысқа мәтіндердің 

негізгі  ойын  айқындайды;  қысқа  мәтіндерден  нақты  және  детальді  ақпаратты  айқындайды; 

қазақ  және  шетел  әдебиетінің  кӛркем  туындыларында  адамзаттың  ортақ  қҧндылықтарын 

айқындайды;

 

4) жазылым:



 

білім  алушы  жиі  қолданылатын  сӛздердің  жазылуы  мен  айтылуы  арасындағы 

айырмашылықты  білетіндігін  кӛрсете  отырып,  дҧрыс  жазады;  дауыстап  оқығанда  жай 

сӛйлемдерді жаза алады; сӛйлем соңында тыныс белгілерін дҧрыс қояды.

 

14.  «Математика  және  информатика»  білім  беру  саласы  бойынша  оқудың  кҥтілетін 



нәтижелері.

 

Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:



 

1)  «цифр»,  «сан»,  «координаталық  сәуле»,  «санның  бӛлшегі»,  «жай  бӛлшек»,  «аралас  сан», 

«санды  ӛрнек»,  «әріпті  ӛрнек»,  «теңдік»,  «теңсіздік»,  «бҧрыштың  градустық  ӛлшемі», 

«жазық  бҧрыш»,  «сыбайлас  бҧрыш»,  «пайыз»,  «жиын»,  «симметрия»,  «ақпарат»,  «объект», 

«файл»,  «папка»,  «затбелгі»,  «модель»,  «компьютер  желісі»,  «Интернет»  ҧғымдарының 

мәнін;  ондық санау жҥйесіндегі  разряд бірлік мәндерін;  жазық  және кеңістік геометриялық 

фигуралардың тҥрлерін және олардың элементтерін; шаршы және тік тӛртбҧрыш периметрі 

мен  ауданын  есептеу  формулалары,  бірдей  дәрежелі  бӛлшектерді  қосу  және  азайту 

қағидаларын;  операциялық  жҥйе  нысандарының  қызметін;  ақпаратты  ҧсыну  тҥрлері  мен 

ӛлшем  бірліктерін;  компьютердің  негізгі  қҧрылғыларын,  кіру  мен  шығу  қҧрылымдарын; 

қолданбалы, сервистік бағдарламалардың және операциялық жҥйенің мақсатын компьютерде 

жҧмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы қағидаларын біледі;

 

2)  натурал  сандарға,  шамаларға  және  олардың  арасындағы  байланысқа  қатысты 



арифметикалық  амалдардың  мәні  мен  ретін;  шамалар  арасындағы  қарапайым  ӛзара 

тәуелділікті;  жиындардың  «қиылысуы»  мен  «бірігуіне»  қатысты  операциялардың 

мағынасын;  пайызды  бӛлшек  санмен  ӛрнектеуді,  бӛлшек  сандарды  пайызбен  ӛрнектеуді; 

тҧрақты  және  айнымалы  шамалар  арасындағы  айырмашылықтарды;  компьютердің  негізгі 

бӛліктерінің  қолданылуы,  қҧрылымдарының,  операциялық  жҥйе  интерфейсі  элементтерінің 

кіру  және  шығу  қҧрылғысы;  компьютерлік  техниканың  адам  денсаулығына  тигізетін  әсері; 

ақпаратты және қҧрылымдарды зиян келтіретін бағдарламалардан қорғаудың маңыздылығы; 

ақпараттың авторларға сілтеме жасалған ілеспе қажеттілігін тҥсінеді;

 

3)  ӛрнектер  жазу  ҥшін,  санды  ӛрнектерді  тҥрлендіру  ҥшін,  есептер  шығару  ҥшін 



математикалық символдарды, арифметикалық амалдар мен қасиеттерді; натурал сандар мен 

арифметикалық  амалдарды  ауызша  және  жазбаша  есептеу  амалдарын;  шамалардың 

стандартты және стандартты емес ӛлшем бірліктерін (ҧзындық, аудан, кӛлем, масса, уақыт); 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

24 


 

шамаларды  ӛлшеу  қҧралдарын;  есеп  шарттарын  жазудың  математикалық  тілі  мен 

графикалық  модельдерін;  теңдеулер  мен  теңсіздіктерді  шешу  алгоритмдерін;  периметр  мен 

ауданды есептеу формулаларын (шаршының, тік тӛртбҧрыштың, тікбҧрышты ҥшбҧрыштың); 

жиын  элементтері  арасындағы  қатынастарды  кӛрсету  ҥшін  Венн  диаграммасын;  санның 

бӛлігін және оның бӛлігі бойынша санды табу білігін; ақпаратты жинауға, сақтауға, ӛңдеуге 

және  жеткізуге  арналған  ақпараттық-коммуникациялық  қҧралдарды;  ақпараттың  алуан 

тҥрлерімен  жҧмыс  істеуге,  модельдер  қҧруға  арналған  қолданбалы  бағдарламаларды;  алға 

қойылған міндеттерді шешу ҥшін интернет қызметін; компьютерде жҧмыс істеу қағидаларын 

қолданады;

 

4)  ауызша  және  жазбаша  санаудың  рационалды  тәсілдерін;  геометриялық  фигуралардың 



ерекшеліктерін;  сандық  ӛрнектер  мен  айнымалысы  бар  ӛрнектердің  мәндерін  салыстыру 

нәтижесін;  әртҥрлі  шамалар  арасындағы  тәуелділіктер  (сан,  баға,  қҧн,  жылдамдық,  уақыт, 

арақашықтық,  еңбек  (жҧмыс)  ӛнімділігі,  жҧмыс  ҧзақтығы,  жҧмыс  кӛлемі);  заңдылықтарды 

және  тізбектің  жетіспейтін  элементтерін  табуды;  кҥрделі  емес  комбинаторикалық  және 

логикалық  есептерді;  есеп  шартының  сызба,  кесте  тҥрлеріндегі  жазбасын;  санаумен, 

ӛлшеумен  байланысты  деректер  мен  нәтижелерді;  қолданбалы  бағдарламалардың 

мҥмкіндіктерін;  желіде  этикалық  және  қҧқықтық  нормалардың  бҧзылу  салдарын; 

мәлімделген талаптарға сәйкес іріктеп, тҥрлі дереккӛздерден алынған ақпаратты талдайды;

 

5) заттарды олардың белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай сыныптауышын; шамалар 



арасындағы  тәуелділіктің  математикалық  моделін;  шынайы  әлемнің  нақты  нысандары  мен 

ҥдерістерінің  бейнелер  мен  сызбалар  тҥріндегі  ең  қарапайым  модельдерін;  ҧсынылған 

мәліметтер  немесе  математикалық  модельдер  бойынша  есеп  қҧрастырады  және  оған  кері 

есеп қҧрайды; берілген заңдылықтар бойынша тізбек қҧрастырады; практикалық міндеттерді 

шешу  ҥшін  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолданып,  нысандар  мен 

жағдаяттардың  модельдерін;  қолданбалы  бағдарламалар  мен  желілік  қызметтердің 

мҥмкіндіктері туралы білімдерін тҥрлі міндеттерді шешу ҥшін жинақтайды;

 

6)  ӛлшем  нәтижелерін;  сандар,  шамалар,  геометриялық  фигуралар  туралы  қарапайым 



тҧжырымдардың  ақиқаттылығын  немесе  жалғандығын;  графика,  кесте,  диаграмма  тҥрінде 

берілген  деректерді;  модельдің  берілген  критерийлерге  сәйкестігін;  қолданбалы 

бағдарламалар  мен  желілік  қызметтердің  тҥрлі  міндеттерді  шешуде  пайдалану 

мҥмкіндіктерін бағалайды.

 

15. «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқытудың кҥтілетін нәтижелері.



 

Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:

 

1)  Кҥн  жҥйесінің  ғаламшарларын  және  олардың  ерекшеліктерін;  Жер  мен  оның  табиғаты 



туралы,  Ғалам  туралы  негізгі  жаратылыстану  тҥсініктерін;  ғылыми  таным  әдістерін: 

бақылау, эксперимент, тәжірибе; зерттеуді жоспарлау мен жҥргізу барысындағы қауіпсіздік 

техникасы  негіздерін;  апатты  табиғи  қҧбылыстар  кезінде  әрекет  жасау  қағидаларын; 

адамның,  ӛсімдіктердің,  жануарлар  мен  саңырауқҧлақтардың  ӛмірлік  циклдерін;  адамның, 

ӛсімдіктердің,  жануарлар  мен  саңырауқҧлақтардың  негізгі  органдарының  қҧрылымы  мен 

орналасу  ерекшеліктерін  және  олардың  функцияларын;  ӛсімдіктердің,  жануарлар  мен 

саңырауқҧлақтардың  жіктелуін;  фотосинтез  процесінің  негіздерін;  жарықтың  кейбір 

қасиеттерін;  кейбір  физикалық  кҥштерді  және  олардың  пайда  болу  себептерін;  қуаттың 

кейбір  тҥрлерін;  Жер  бетінде  кеңінен  таралған  заттектердің  қҧрамы  мен  қасиеттерін;  тҥрлі 

денелердің  қасиеттерін  және  олар  қолданатын  кейбір  салаларды;  пайдалы  қазбалардың 

негізгі  тҥрлерін  және  олардың  маңызын,  Қазақстан  Республикасындағы  пайдалы 

қазбалардың негізгі кеніштерін біледі;

 

2)  макро-  және  микроәлем  ҧғымдарының  мәнін;  қоршаған  ортаға  қамқорлықпен  қараудың 



және  жер  бетіндегі  биоалуантҥрлілікті  сақтаудың  маңыздылығын;  жеке  бас  гигиенасын 

сақтаудың  қажеттілігін;  ағзаның  қорғану  функцияларын;  табиғат  компоненттерінің  тірі 

ағзалар  ҥшін  маңызын;  қоршаған  ортаға  енудің  қҧралы  ретіндегі  ағзалар  ерекшеліктерін; 

омыртқалы  және  омыртқасыз  жан-жануарлардың  қарапайым  айырмашылықтарын;  табиғат 

ресурстарын ҧтымды пайдаланудың қажеттілігін тҥсінеді;

 

3) табиғи объектілерді, процестер мен қҧбылыстарды зерделеу ҥшін кейбір зерттеу әдістерін; 



табиғи  объектілерді,  қҧбылыстар  мен  процестерді  ӛлшеудің  стандартты  және  стандартты 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау