Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚа iqaa)



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет7/12
Дата29.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#25397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

19 

 

аудиттің  қорытынды  есебіне,  егер  дәлсіздіктер  болса,  аздаған  түзетулер 



енгізуге құқылы.

 

 



3-кезең.

 

15) Агенттік  өзін-  өзі  бағалау  материалдарымен  және  сыртқы  аудит 



бойынша  есебімен  танысқаннан  кейін  Аккредиттеу  кеңесіне  қорытынды 

дайындайды.

 

16) Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы.



 

 

9  АККРЕДИТТЕУ КЕҢЕСІНІҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫ

 

 

9.1 Аккредиттеу  кеңесінде  шешім  қабылдау  өзін-  өзі  бағалау  есебінің, 

сыртқы  сарапшылар  тобының  аудит  бойынша  есебінің  және  агенттік 

қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.

 

9.2 Сарапшылар  тобының  оң  есебі  мен  агенттік  қорытындысы 



Аккредиттеу  кеңесінің  оң  шешім  қабылдауы  үшін  негізгі  шарт  болып 

табылады


 

9.3 Шешім  қабылдау  Аккредиттеу  кеңесі  бекіткен  критерийлер 

негізінде жүзеге асырылады.

 

9.4 Аккредиттеу кеңесі келесі шешімдердің бірін қабылдайды:



 

- толық мерзімге аккредиттеу (5 жыл);

 

- 3  жылға  дейінгі  мерзімге  шартты  аккредиттеу  (толық  емес 



аккредиттеу);

 

- аккредиттеуден бас тарту.



 

9.5 Аккредиттеу кеңесімен аккредиттеу туралы оң шешім қабылданған 

жағдайда БСҚА білім беру ұйымына институционалдық аккредиттеу туралы 

5 жылға жарамды куәлік береді.

 

9.6 Шартты аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда агенттік 



өкілдері  1-3  жылдан  кейін  ескертулердің  жойылуына  тексеру  (білім  беру 

ұйымына  бару  арқылы)  жүргізеді.  Ескертулерді  жою  фактісі  расталғаннан 

кейін  аккредиттеу  мерзімі  5  жылға  дейін  ұзартылады  (шартты  аккредиттеу 

мерзімімен  қосқанда).  Жоғары  оқу  орнын  қосымша  тексеру  бойынша 

шығындарды білім беру ұйымы көтереді.

 

9.7 ЖОО-н  аккредиттеу  туралы  оң  шешім  қабылданған  жағдайда  ҚР 



Білім  және  ғылым  министрлігіне  жіберіледі  және  агенттіктің  www.iqaa.kz 

сайтында ақпарат жарияланады.

 

9.8 Теріс 



шешім  қабылданған  жағдайда,  ЖОО  теріс  шешім 

қабылдағаннан соң бір жылдан кейін аккредиттеуге өтініш бере алады. 

9.9 Оң шешім қабылданған жағдайда 10 стандартқа сәйкес жоғары оқу 

орындары  жыл  сайын  аккредиттеу  ұсынымдарын  орындау  бойынша  өз 

жұмысына  үздіксіз  мониторинг  жүргізіп,  агенттікке  есеп  ұсынуы  және  5 

жылдан кейін  кезекті сыртқы бағалаудан өтуі тиіс.

 

 



20 

 

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ МЕН 



КРИТЕРИЙЛЕРІ 

_______________________________________________________________

 

 СТАНДАРТ 1. МИССИЯ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ 



 ЖӘНЕ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

 

1.1 Стандарттың жалпы ережелері



 

 

1.1.1  Жоғары  оқу  орнының  ұлттық  жоғары  білім  беру  жүйесінің 



контексінде  оқу  орнының  маңызы,  қойылған  мақсаттары  мен  міндеттері 

түсіндірілетін, ашық, айқын тұжырымдалған миссиясының болуы тиіс.

 

1.1.2  Жоғары  оқу  орны  стратегиялық  даму  жоспары  білім  беру 



саласындағы мемлекеттік саясаттың контексін сипаттауы, ал оның мақсатты 

индикаторлары  мен  көрсеткіштері  жоғары  оқу  орнының,  тұтастай  алғанда 

жоғары білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін 

өлшенетін және бағытталған болуы қажет.

 

1.1.3  Сапаны  қамтамасыз  ету  аясындағы  саясат  пен  процестер  сапа 



мәдениетінің  дамуын  қолдауы  қажет.  Ұжымның  барлық  мүшелері  сапаға 

жауапкершілікті  мойындарына  алуы  және  сапаны  әзірлеу  мен  қамтамасыз 

етуге қатысуы қажет.

 

 



1.2 Миссияны және стратегиялық жоспарлауды бағалау 

критерийлері

 

 

 

1.2.1  Миссияның  қолданыстағы  басқару  жүйесіне,  білім  беру  сапасын 



қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатына  сәйкестігі,  оның  Ғылыми  кеңесте 

қабылдануы.

 

1.2.2  Миссияның,  мақсаттар  мен  міндеттердің  бар  ресурстарға,  ЖОО 



мүмкіндіктеріне және еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі.

 

1.2.3  Профессор-  оқытушылар  құрамының,  студенттердің  және 



қызметкерлердің миссияны, мақсаттар мен міндеттерді әзірлеуге қатысуы.

 

1.2.4  Студенттердің  оқу  нәтижелілігін  арттыруға  бағытталған  ЖОО 



міндеттері.

 

1.2.5  ЖОО-ның  білім,  ғылым  және  әлеуметтік  қызметі  контексінде 



оның  институционалдық  тиімділігі  мен  беделін  арттыру  үшін  ЖОО-ның 

міндеттерін анықтау.

 

1.2.6  ЖОО  қызметінің  барлық  түрлерін,  сонымен  қатар  осы 



стратегияны  жүзеге  асыру  кезеңдері  бойынша  орта  мерзімді  және  қысқа 

мерзімді  кезеңдерге  арналған  іс-  шаралар  жоспарын  анықтайтын  Ғылыми 

кеңесте  (академиялық  сенатта)  бекітілген  стратегиялық  даму  жоспарының 

бар  болуы.  Стратегиялық  жоспардың  ЖОО  миссиясына,  мақсаттары  мен 

міндеттеріне сәйкестігі.

 



21 

 

1.2.7  Стратегиялық  жоспардың  ЖОО  материалдық  ресурстары  мен 



зияткерлік  активтеріне  сәйкестігі,  студенттердің,  ПОҚ  мен  қызметкерлердің 

сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталуы.

 

1.2.8  Білім  беру  ұйымы  миссиясының,  мақсаттары  мен  міндеттерінің 



тиімділігін жүйелі бағалау.

 

1.2.9  Ресурстарды  бөлу  белгіленген  миссияға  жету  үшін  ЖОО-ның 



даму стратегиясына сәйкес жүргізіледі.

 

1.2.10  Білім  беру  қызметі  нарығындағы  жоғары  оқу  орнының 



бәсекелестік позициясын талдау және бағалау.

 

1.2.11  Жоғары  оқу  орнының  ішкі  және  сыртқы  ортасына  SWOT- 



талдаудың 

болуы 


(білім 

беру 


қызметі 

нарығындағы 

ЖОО-ның 

мүмкіндіктерін, басым және әлсіз жақтарын және ЖОО-ның дамуына келетін 

қауіп- қатерді бағалау).

 

 



1.2 Сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатты  бағалау 

критерийлері

 

 

1.3.1  Жоғары  оқу  орнында  сапаны  ішкі  қамтамасыз  ету  саласындағы 

саясаттың бар болуы: оны қабылдау мен бекіту рәсімі.

 

1.3.2  Сапаны 



қамтамасыз  ету  саласындағы  саясаттың  ЖОО 

миссиясына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.

 

1.3.3  Сапаны  ішкі  қамтамасыз  ету  жүйесінің  ұйымдастырушылық 



аспектісі, ЖОО сапа мәдениетінің негізгі сипаттамалары мен құндылықтары, 

ЖОО сапа мәдениетінің қалыптасуы мен құндылықтары.

 

1.3.4  Білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету  саясатын  жүзеге  асыруда 



(қалыптастыру  мен  қолдау)  әкімшіліктің,  ПОҚ-ның  және  студенттердің 

қатысуы:  сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  факультеттердің  және  басқа 

құрылымдық  бөлімдердің,  сонымен  қатар  басшылықтың,  жекелеген 

қызметкер  мүшелердің  және  студенттердің  міндеттері.  Сапаны  қамтамасыз 

ету саясатын жүзеге асыруға сыртқы мүдделі тараптардың қатысуы.

 

1.3.5  Академиялық  адалдықты  қолдау  саясатын,  студенттерге  немесе 



қызметкерлерге  қатысты  кез-  келген  төзбеушіліктен  немесе  кемсітушіліктен 

қорғауды қамтамасыз ету.

 

1.3.6  Жоғары  оқу  орнындағы  жемқорлыққа  қарсы  әрекеттерді 



қамтамасыз  ету,  жемқорлыққа  қарсы  шаралардың  бар  болуы,  оқытушылар 

мен студенттер үшін ЖОО басшылығының қолжетімділігі, сұраныстарға әсер 

ету икемділігі.

 

1.3.7  Сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатты  жүзеге  асыру 



деңгейінің  ЖОО  стратегиялық  жоспарының  бағыттарына,  материалдық 

ресурстарына және зияткерлік активтеріне сәйкестігін бағалау, студенттердің, 

ПОҚ-ның 

және 


қызметкерлердің 

сұраныстарын 

қанағаттандыруға 

бағытталуы.

 



жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау