10
дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру жөніндегі 2011- 2015 жылдарға
арналған іс- шаралар жоспары;
2.6 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319
«Білім туралы» Заңы (21.07.2015 ж. жағдай бойынша өзгерістерімен және
толықтыруларымен)
2.7 Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603
«Техникалық реттеу туралы» Заңы (16.02.2012 ж. жағдай бойынша
өзгерістерімен және толықтыруларымен)
2.8 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Оқытудың
кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым
министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы №198 бұйрығы
2.9 Жоғары білімнің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз етудің
стандарттары мен нұсқаулығы (ESG) (жаңа редакция) (2015 жылғы 14- 15
мамырда Еревандағы Министрлер конференциясында бекітілген).
2.10 ECTS-ті қолдану туралы Нұсқаулық (Еуропалық аударым және
кредиттік жинақтау жүйесі). – Еуропалық одақтың жариялау кеңсесі, 2015
жыл, ISBN 978-92-79-43562-1 (2015 жылғы 14- 15 мамырда Еревандағы
Министрлер конференциясында бекітілген).
2.11 Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
Қаулысымен бекітілген).
2.12 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген).
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы стандарттарда Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,
«Техникалық реттеу туралы» Заңдарына, МЖМБС, Оқытудың кредиттік
технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес
терминдер мен анықтамалар қолданылады.
Оларға қосымша ретінде осы стандарттарда келесі анықтамалар
белгіленген:
3.1 Білім беру ұйымдарын аккредиттеу (Accreditation of Higher
Education Institutions) – білім беру қызметінің сапасы туралы объективті
ақпарат беру және олардың тиімді тетіктерінің бар екендігін растау
мақсатында белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне)
сәйкестігін аккредиттеу органымен тану рәсімі.
3.2 Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу (Programme
Accreditation) – білім беру ұйымымен жүзеге асырылатын жекелеген білім
бағдарламаларының сапасын бағалау.
11
3.3 Талдау (Analysis) – бағдарламаның білім беру мақсаттарын және
студенттердің қол жеткізген нәтижелерін бағалау үшін деректерді анықтау,
жинақтау және анықтау процесі. Тиімді талдау мақсаттарды немесе
нәтижелерді өлшеу үшін ыңғайлы болатын тікелей, жанама, сандық және
сапалық параметрлерді қолданады.
3.4 Еуропалық білім беру кеңістігі үшін біліктіліктерді тегіс
қамтитын құрылым (Framework of Qualifications for the European Higher
Education AREA) – Еуропаның жоғары оқу орындары үшін әзірленген және
Берген конференциясында (2005 ж.) қабылданған, жоғары білім берудің үш
кезеңін: бірінші кезең – бакалавриатты, екінші кезең – магистратураны және
үшінші кезең – докторантураны (оның ішінде, ұлттық контексттердегі,
аралық біліктіліктің мүмкіндігі ) қамтитын біліктілік құрылымы, білім беру
мен құзыреттіліктің нәтижелеріне негізделген әр кезең үшін әмбебап Дублин
дескрипторлары, сонымен қатар, бірінші және екінші кезеңдер үшін
кредиттер шеңбері.
3.5 Қос
диплом (Double Diploma) – бірлескен білім беру
бағдарламалары бойынша оқу курсын табысты аяқтағаннан кейін екі серіктес
жоғары оқу орнымен бітірушіге берілетін жоғары білім алу туралы және оған
қос (бірлескен) академиялық дәреже тағайындалғанын белгілейтін құжат.
3.6 Білім беру/біліктілік деңгейлерінің дескрипторлары (Descriptors
of Levels/Qualifications) – оқыту нәтижелерінен күтілетін белгіленген білім
беру деңгейлері үшін жалпы сипаттама, яғни, білім мен ұғыну, оларды
тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігі, өз пайымдауларын білдіру мүмкіндігі,
коммуникативтік дағдылар.
3.7 Диссертация/диссертациялық
жұмыс (Dissertation, Thesis/
dissertation work) – магистр академиялық дәрежесін немесе доктор ғылыми
дәрежесін тағайындау мақсатында жұртшылық алдында қорғауға ұсынылатын,
белгіленген білім саласындағы жеке ғылыми- зерттеу жұмысының нәтижелері
туралы жазбаша есебі.
3.8 Қашықтықтан оқыту технологиялары (Distance Learning
Technologies) – білім алушы мен педагогикалық қызметкердің жанама
(арақашықтықта) немесе жартылай жанама әрекеттесуінде ақпараттық және
телекоммуниациялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылатын оқыту
технологиялары.
3.9 Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық
ассоциациясы (European Association for Quality Assurance in Higher
Education, ENQA) – сапаны қамтамасыз етудің еуропалық агенттіктері,
әлеуметтік органдар мен жоғары оқу орындары арасында жоғары білім
берудегі сапаны қамтамасыз ету саласындағы озық тәжірибе мен
инновациялық тәсілдемені ендіруге әрекет ететін, ақпаратты тарататын
жалпы еуропалық орган.
3.10 Жоғары
оқу орындарының
еуропалық
ассоциациясы
(European Association of Institutions in Higher Education, EURASHE) – бұл