Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚа iqaa)



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата29.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#25397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

 



КІРІСПЕ 

 

Жоғары  оқу  орындарын  институционалдық  аккредиттеу  стандарттары 



мен  критерийлері  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына, 

Еуропалық  стандарттар  мен  нұсқаулықтардың  (ESG)  жаңа  редакциясына, 

Болон процесінің, жоғары білім беруді институционалдық аккредиттеу және 

аудит бойынша халықаралық тәжірибенің талаптарына сәйкес әзірленген.

 

Институционалдық  аккредиттеу  стандарттары  мен  критерийлері 



жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  сапасын  іштей  қамтамасыз  етуге 

арналған.

 

Жоғары  білім  берудің  ішкі  сапасын  қамтамасыз  ету  стандарттары  мен 



критерийлері ESG-дің төрт принципіне негізделеді.

 

1. Жоғары оқу орындары (ары қарай – ЖОО) білім беру қызметін ұсыну 



сапасы мен оның сапасын қамтамасыз етуге толығымен жауапты болады.

 

2. Сапаны  қамтамасыз  ету  жоғары  білім  беру  жүйелерінің,  ЖОО-ның, 



білім бағдарламалары мен студенттердің алуан түрлілігіне сәйкес келеді.

 

3. Сапаны қамтамасыз ету сапа мәдениетінің дамуын қолдайды.



 

4. Сапаны  қамтамасыз  ету  студенттердің,  басқа  мүдделі  тараптар  мен 

қоғам қажеттіліктері мен алдағы күтулерін ескереді.

 

Бұл  принциптер  Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім  беру 



саласындағы ЖОО қызметі мен мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.

 

Болон  декларациясына  қол  қойған  мемлекеттердің  2015  жылы 



мамырдағы  білім  министрлері  Ереванда  қабылдаған  сапаны  қамтамасыз 

етудің  Еуропалық  стандарттары  мен  нұсқаулығының  (ESG)  жаңа 

редакциясына  сәйкес  біздің  стандарттардағы  жаңашылдық  студентке 

орталықтандырылған  оқытуды,  білім  беру  мен  бағалауды  жүзеге  асыру 

талаптарының  пайда  болуы,  сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатты, 

жоғары  оқу  орындарындағы  сапа  мәдениетін  қалыптастыру  мен  жүзеге 

асыруға  акценттің  күшейтілуі,  Ұлттық  біліктілік  шеңберінің,  кәсіби 

стандарттардың  талаптарына  сәйкес  келетін  нақты  білім  беру  нәтижелеріне 

қол  жеткізу  арқылы  құзыреттілікті  жүзеге  асыру  болып  табылады. 

Жұртшылық пен мүдделі талаптарға ЖОО қызметінің анағұрлым ашықтығын 

талап ететін «Жұртшылықты ақпараттандыру» стандарты жаңадан енгізілді. 

Стандарттардың  жаңа  редакциясында  еңбек  нарығының  тұрақты  өзгермелі 

талаптарына сәйкес үздіксіз мониторинг пен бағдарламаларды өзектілігі үшін 

мерзімдік бағалау талаптары күшейтілген. Стандарттарда сапаны қамтамасыз 

ету  бойынша  жоғары  оқу  орындарының  үздіксіз  жұмысы  туралы, 

аккредиттеуден  кейінгі  аудит  рәсімдерінің  бар  болу  талаптары  көрсетілген. 

Студентке 

орталықтандырылған 

оқытуды 

жүзеге 


асыру 

аясында 


стандарттарда студенттерді қолдау қызметі айрықша көрсетілген. 

ЖОО институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін 

әзірлеуде:  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  жоғары  білім  беруді  дамыту 




 

саласындағы  Қазақстан  Республикасының  саясаты  мен  стратегиясы, 



INQAAHE-нің  «Тиісті  машықтың  тәжірибесі»,  АQ,  ASIIN,  ACQUIN,  EKKA, 

SKVC,  QAA,  FIBBA,  QQI,  FINHEEC,  NVAO  және  т.б.  танымал  еуропалық 

аккредиттеу  агенттіктерінің  тәжірибесі,  MSCHE,  NEASC-CIHE,  NCA-HLC, 

SACS,  WASC-ACCJC  сияқты  аймақтық  американдық  агенттіктердің  жоғары 

білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарын әзірлеу 

мен қолдануға қатысты тәжірибесі ескерілді.

 



 

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ МЕН 



КРИТЕРИЙЛЕРІ 

 

Негізгі ережелер

 

 



            

 Енгізу мерзімі 

1 ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ 

 

1.1 Осы  стандарттар  мен  критерийлер  Қазақстан  Республикасының 



«Білім  туралы»  Заңының  9-1  бабы,  3  тармағына  сәйкес  әзірленген  және 

институционалдық 

аккредиттеу 

стандарттары 

мен 

критерийлерінің 



нормативті талаптарын белгілейді.

 

1.2 Осы  стандарттар  мен  критерийлер  жоғары  оқу  орындарын 



институционалдық аккредиттеу рәсімін жүргізу барысында қолданылады.   

1.3 Осы 


стандарттардың  ережелері  сонымен  қатар  Қазақстан 

Республикасы  жоғары  білім  беру  ұйымдарында  оның  мәртебесіне, 

ұйымдастырушылық-  құқықтық  формасына,  оқыту  және  ведомствалық 

бағыныстық формаларына қарамастан қолданылады. 

Сонымен қатар осы стандарттарды: 

а) жоғары  оқу  орындарының  қызметін  ішкі  және  сыртқы  бағалауда 

(аудит); 

б) тиісті нормативтік құжаттаманы әзірлеушілер қолдануы мүмкін. 

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

 

Осы 

стандартта 



келесі 

нормативтік 

құжаттарға 

сілтемелер 

пайдаланылған:

 

2.1 Қазақстан 



Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, 

бір болашақ». – Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар.

 

2.2 Қазақстан 



Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». – Астана, 

2014 жылғы 11 қараша.

 

2.3 Қазақстан  Республикасы  Президентінің    2010  жылғы    1  ақпандағы 



№922  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  2020  жылға 

дейінгі Стратегиялық даму жоспары.

 

2.4 Қазақстан 



Республикасы 

Президентінің 

2010 

жылғы 


желтоқсандағы  №  1118  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында 

білім  беруді  дамытудың  2011-  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы

 

2.5 Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  11  ақпандағы        



№  130  Қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау