Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚа iqaa)



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата29.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#25397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

12 

 

болондық  реформалардың  контекстінде  жоғары  білім  беру  саласындағы 



келісілген  және  ашық  саясатты  жүргізетін,  жоғары  оқу  орындарының 

мүдделерін қуаттайтын еуропалық жоғары оқу орындарының бірлестігі.

 

3.11 Еуропа университеттерінің ассоциациясы (European University 

Association,  EUA)  –  бұл  жоғары  білім  беру  саласындағы  құрылымдық  және 

келісілген  саясатты  жүргізу,  Болон  процесіне  университеттердің  белсенді 

қатысуын қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының автономдығын қорғауда 

оларға  қолдау  көрсету,  өзін-  өзі  басқару  құқығы,  оқу  және  ғылыми-  зерттеу 

қызметтерін жүргізудегі академиялық еркіндік мақсатындағы университеттер 

деңгейіндегі бірлестік.

 

3.12 Кредиттерді  аудару  мен  жинақтаудың  еуропалық  жүйесі 

(European  Credit  Transfer  and  Accumulation  System  –  ECTS)  –  оқыту 

бағдарламалары  бойынша  оқу  жүктемесіне  негізделетін  студентке 

орталықтандырылған  жүйе,  білім  беру  бағдарламаларының  барлық 

компоненттеріне  кредиттерді  тағайындау  жолымен  оның    сипаттамасының 

жүйеленген тәсілі.

 

3.13 Жоғары  білім  берудің  еуропалық  кеңістігі  (European  Higher 



Education  Area  –  EHEA)  –  жоғары  білім  беру  саласындағы  келісілген  және 

айқын  саясатты  жүзеге  асыратын,  Болон  процесіне  қатысушы  мемлекеттердің 

білім беру кеңістігі.

 

3.14 Жоғары  білім  берудің  сапасы  (Quality  in  Higher  Education)  – 

қоғамның, 

мемлекеттің 

және 

тұлғаның 



өзекті 

мақсаттары 

мен 

қажеттіліктеріне  білім  беру  нәтижелеріне,  әзірлеу  процестеріне  және 



институционалдық  жүйелердің  сәйкестігін  қамтитын,  жоғары  білім  берудің 

көпөлшемді сипаттамасы.

 

3.15 Құзыреттілік  тәсілдемесі  (Competence  –  Based  Approach)  – бұл 

құзыреттілікке негізделген, оқыту нәтижелерін жобалау тәсілдемесі.

 

3.16 Құзыреттілік (Competence) – білім бағдарламалары бойынша оқу 

нәтижелерін  сипаттайтын  (біліміне  және  оны  қолдануға,  машықтарына, 

дағдыларына,  мүмкіндіктеріне,  құндылықтарына  және  тұлғалық  сапаларына 

қатысты),  яғни,  жоғары  оқу  орнының  бітірушісіне  меңгеруі  және  көрсете 

алуы  міндетті  тиімді  кәсіби  қызметі,  әлеуметтік  белсенділігі  және  тұлғалық 

дамуы үшін оған қажетті мінездемелердің динамикалық комбинациясы.

 

3.17 Еуропалық 

студенттердің, 

оқытушылардың 

және 

зерттеушілердің  ұтқырлығы  (Mobility)  –  жоғары  білім  берудің  ұлттық 

жүйесін академиялық және жалпы мәдени әлеуетін дамытуды жеке деңгейге 

шоғырландыру және өз мемлекеттерінің әлеуметтік- экономикалық дамуына 

қосатын  үлестерін  арттыру  мақсатында  еуропалық  студенттердің, 

оқытушылардың және зерттеушілердің осы кеңістікте еркін қозғалуының көп 

қырлы  мүмкіндіктерін  қарастыратын,  Жоғары  білім  берудің  еуропалық 

кеңістігі  мен  Зерттеудің  еуропалық  кеңістігін  қалыптастырудың  маңызды 

принципі.

 



13 

 

3.18 Модуль  (Modul)  –  құзыреттілік  терминдерімен  берілген,  меңгеру 

қиындығы  мен  сынақтық  бірліктермен  (кредиттермен)  сипатталатын  білім 

беру  нәтижелерінен  күтілетін  белгіленген  жиынтық  аясындағы  білім  беру 

процесінің логикалық құрылған, мазмұнды және әдістемелік тұтас бөлігі.

 

3.19 Білім  берудегі  модуляризациялау  (Modularisation)  –  жекелеген 



модульдерден  білім  беруден  күтілетін  нәтижелердің  құрылымын  және  білім 

беру бағдарламасының мазмұнын қарастыратын, оларды меңгеру үшін көлемі 

сынақтық бірліктермен (кредиттермен) сипатталатын, сонымен қатар, оқыту, 

білім  беру,  бағалау  және  т.б.  технологиялармен  жабдықталған  білім  беру 

процесінің модульдік құрылымы.

 

3.20 Өмір  бойы  білім  алу  (Lifelong  Learning)  –  барлық  деңгейдегі 

кәсіби  немесе  жалпы,  сонымен  қатар,  үзілістен  кейін  жалғастырылған, 

алдындағы білімнен кейін алынған білімнің кез- келген формасы.

 

3.21 Білім 

беру 

бағдарламасы/оқыту 

бағдарламасы 

(Study 

Programme)  –  бұл  білімнің  мазмұны  мен  көлемін,  оқу  үрдісінің 

ұйымдастыру  формасын,  курстарды,  модульдерді  меңгеру  реттілігі  мен 

мерзімін,  оқытудың,  аттестаттаудың  табыстылығын  тексеру  құралы, 

оқытудан күтілетін нәтижелерді, академиялық дәрежені алуға апаратын, оның 

ішінде құзыреттілікті қалыптастыруды қосқандағы ұйымдастыру- әдістемелік 

құжаты.


 

3.22 Бағдарламаның  білімдік  мақсаттары  (Educational  Goals  of  the 

Programme)  –  жоғары  білімді  мамандар  дайындаудың  белгіленген  бағыты, 

деңгейі  және  бейіні  бойынша  білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асырудағы 

күтілетін нәтижелердің жиынтығы.

 

3.23 Бағалау  (Assessment/Evaluation)  –  бұл  талдау  нәтижесінде 

жинақталған  мәліметтер  мен  айғақтарды  түсіндіру.  Баға  бағдарламаның 

білімдік  мақсаттарына  қол  жеткізу  деңгейін,  студенттердің  оқу  нәтижелерін 

айқындап,  бағдарламаны  жетілдіруге  қатысты  шешімдер  мен  әрекеттерге 

алып келеді.

 

3.24 Сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясат  (Policy  in  the 

Field  of  Quality  Assurance)  –  бұл  жұмыс  ұжымында  жан-  жақты  талқылау 

негізінде  жоғары  басшылықпен  ресми  бекітілген  сапаны  қамтамасыз  ету 

саласындағы ұйымның негізгі бағыттары мен мақсаттары.

 

Сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясат  ұйымның  даму  бағытын 



айқындайды.  Ұйымның  басшылығы  бұл  құжатта  өзінің  барлық  мүдделі 

тараптарына (тұтынушылар, қызметкерлер, жеткізушілер, жалпы қоғам және 

т.б.)  қатысты  ұстанатын  негізгі  басымдықтары  мен  құндылық  бағыттарын 

жария  етеді.  Сонымен  қатар,  бұл  құжатта  белгіленген  басымдықтар  мен 

құндылық бағыттарын  жүзеге  асыру  үшін  алдағы  уақытта  басшылықтың  не 

атқаратындығы көрсетіледі.

 

3.25 Білім беру біліктіліктерін тану (Recognition) – бұл бір жағынан, 

шетелдік  білім  беру  біліктіліктерінің  маңыздылығын  уәкілетті  органдардың 

ресми  растауы,  басқаша  алғанда,  шетелдік  біліктілік  иесінің  білім 



жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау