Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚа iqaa)



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата29.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#25397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

14 

 

және/немесе  кәсіби  қызметіне  қол  жеткізу  мақсатында  оның  қабылдаушы 



тараптың білім беру жүйесіне және жұмысқа орналасуына жағдай жасау.

 

3.26 Дипломға  қосымша  (Diploma  Supplement,  DS)  –  бұл  біліктілік 

иесінің  оқыған,  игерген  және  табысты  аяқтаған  сипатын,  деңгейін, 

контекстін,  мазмұнын  және  мәртебесін  сипаттау  үшін  пайдаланылатын, 

жоғары  білім  туралы  ресми  құжатқа  жалпыеуропалық  стандартталған 

қосымша.


 

3.27 Дайындық  бейіні  (Profile  of  Study)  –  жоғары  білім  беру 

бағытының  ерекшелігін  көрсететін,  білім  беру  бағдарламасының  негізгі 

типтік келбетінің, сипаттамасының жиынтығы.

 

3.28 Сыртқы аудиторлар комиссиясының ЖОО- на келуі (Site Visit 



of the External Expert Group) – бұл аккредиттеу процесінің жалпы танылған 

бөлігі  болып  табылатын,  сыртқы  бағалаудың  құрамдасы.  Сыртқы  аудитор-

сарапшылар  ЖОО-  на  олардың  өзін-  өзі  бағалау  материалдарын  тексеруге, 

профессор-  оқытушылар  құрамымен,  студенттерімен,  қызметкерлерімен 

сұхбаттасу  жүргізуге  және  ұсынылатын  қызметтерінің  сапасы  мен 

тиімділігін,  сонымен  қатар,  оларды  жетілдіру  бойынша  ұсынымдар  беруге 

барады. ЖОО- на барудың нәтижесі аудит бойынша есеп болып табылады.

 

3.29 Өзін-  өзі  бағалау  рәсімі  (the  Process  of  Self-  Evaluation)  – 

мамандандырылған  аккредиттеу  стандарттары  мен  критерийлері  негізінде 

ЖОО жүргізген, нәтижесінде өзін- өзі бағалау есебі әзірленетін ішкі бағалау 

процесі.

 

3.30 Білім  беру/оқыту  нәтижелері  (Learning  Outcomes)  –  бұл  оқу 

процесі  аяқталғанда  студенттің  нені  біліп  шығатыны,  түсінетіні  және  неге 

икемді болатынын білдіретін құзыреттіліктер жиынтығы.

 

3.31 Бірлескен дәреже (Joint Degree) – оқу бағдарламасы негізінде кем 

дегенде  екі  жоғары  оқу  орнымен  бірлесіп  тағайындалатын,  осы  оқу 

орындарымен бірлесіп, мүмкін басқа ЖОО- мен ынтымақтастықта әзірленген 

және/немесе ұсынылатын жоғары білім берудің біліктілігіне қатысты дәреже.

 

3.32 Жоғары 

білім 

берудің 

әлеуметтік 

өлшемі/әлеуметтік 

аспектілері  (Social  Dimension  in  Higher  Educatiоn)  –  көптеген  жастарға 

білім деңгейінің ең биігіне қол жеткізуге және жеке әлеуетін барынша ашуға 

мүмкіндік  беретін,  жоғары  білімге  қолжетімділік,  студенттерге  кеңес  беру 

мен ақпараттандыру, оларды материалдық қолдау мен қамтамасыз етудің тең 

мүмкіндіктері  және  әлеуметтік  бірлігі  процестерін  қамтитын,  Жоғары  білім 

берудің еуропалық кеңістігі жүзеге асыратын тетіктердің жиынтығы.

 

3.33 Жоғары білім берудегі стратегия (Strategy of Higher Education) 

– жоғары білім беру дамыту мен әрекеттерден туындайтын, осы мақсаттарға 

қол  жеткізу  үшін  қажетті  жоспарлаудың,  шаралар  қолданудың  және 

ресурстар бөлудің ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтау.

 

3.34 Стейкхолдер  (Stakeholder)  –  белгілі  бір  саладағы  қабылданған 

шешімдердің нәтижесіне мүдделі адамдар, адамдар тобы немесе институт.

 



15 

 

3.35 Студент  (Student)  –  бакалавриат,  магистратура  және/немесе 

докторантура  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  жоғары  оқу  орнында  білім 

алушы.


 

3.36 Студентке  орталықтандырылған  оқыту/білім  беру  (Student-

Centred  Approach  in  Education)  –  оқу  процесіндегі  акценттің  оқытудан 

(профессор-  оқытушылар  құрамының  негізгі  рөлі  білімді  «тарату»  ретінде) 

білуге  (студенттің  белсенді  білім  қызметі  ретінде)  аударылуына 

бағамдалатын,  жоғары  білім  берудегі  болондық  реформалардың  негізгі 

принципі.

 

3.37 Еңбек  шығыны/жүктеме  (Work  Load)  –  студенттердің  оқудан  

күткен  нәтижелеріне  табысты  қол  жеткізу  үшін  қажетті  ECTS  сынақтық 

бірліктеріндегі (кредиттердегі) оқу жүктемесінің сандық өлшемі.

 

3.38 Жұмысқа  орналастыру  (Employability)  –  бұл  жоғары  оқу 

орнының  бітірушілеріне  таңдаған  мамандығы  бойынша  перспективалық 

мансапты, экономика мен қоғамның дамуына үлесін қосуды қамтамасыз ете 

алатын  құзыреттіліктің,  білімнің,  дағды/машықтың,  ұғыну  мен  жеке 

сипаттамалардың жиынтығы.

 

3.39 Формальды,  формальды  емес  және  кенеттен  алынған 



білім/оқыту (formal, informal and non-formal education/training):

 

Формальды  оқыту  –  бекітілген  білім  беру  бағдарламасын  оқу 

орнының базасында игеру.

 

Формальды  емес  оқыту – «жартылай жүйеленген» оқыту деп атауды 

шамалайтын, оқыту компонентін құрайтын, жоспарланған қызмет барысында 

жүзеге  асырылатын  оқыту,  яғни  күнделікті  еңбек  жағдайлары  барысындағы 

оқыту.

 

Кенеттен  оқыту  –  адамның  күнделікті  өмірі  барысында  жүзеге 



асырылатын оқыту: жүмыста, отбасында және т.б.

 

Бергендегі  конференцияда  Еуропа  мемлекеттерінің  Білім  министрлері 



(2005  ж.)  формальды  емес  оқыту  мен  кенеттен  алынған  білім  мәртебесін 

ресми тануды ұсынды.

 

 

4 БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



 

 

Осы стандарттарда келесі белгілер мен қысқартулар қолданылады:

 

ЖОО – жоғары оқу орны;

 

МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

 

ҚОТ – қашықтықтан оқыту технологиялары;

 

ҚР БҒМ – Қазақстан Рсепубликасының Білім және ғылым министрлігі;

 

ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы;

 

БСҚА  (IQAA)  –  Білім  беру  сапасын  қамтамасыздандыру  тәуелсіз 

қазақстандық агенттігі;

 

ПОҚ – профессор- оқытушылар құрамы.

 

 



жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау