М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Факультет деканы
___________Е.Е.Хайдаров
«__»__________ 200_ж.
Тарих және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
050301 – « Юриспруденция»
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Қылмыстық атқару құқығы
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 3
Семестр – 6
Кредит саны - 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Барлығы – 135 сағат
Орал
2010 ж.
Курс бағдарламасы жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрылған.
Құрастырушы: оқытушы Нәбиев Ж.Н.
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Келісілді: ОҰҮ және ОӘЖБ жетекшісі _________________ А.А.Какимова
Құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
“____” ________________200__ ж. № ___хаттама.
Кафедра меңгерушісінің м.а.: Серикова Л.С.
(қолы) (аты-жөні)
Факультеттің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы _______________ А.А.Сүлейменов
(қолы) (аты-жөні)
1. Жұмыс Қылмыстық атқару құқығы оқу бағдарламасы, БҚМУ 08.08.2009ж, негізінде құрылған.
2. Пән бойынша оқу бағдарламасы - SILLABUS.
2.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
Оқытушы: Нәбиев Жұмабай Нәбиұлы
Офис: Құқықтық пәндер кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: №3 оқу ғимараты, Сарайшық 34
Жұмыс телефоны: 512039
2.2 Пән туралы мәлімет
Құқық қорғау органдары
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және үш сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі:
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
(2 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 3
(1 семинар)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 3
Өту орны: № 3 ғимарат
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
6
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
2.3 Кіріспе
Курстың мазмұны: Қылмыстық атқару заңы да, басқа заңдар саласы тәрізді, дамуды, жетілдіруді қажет етеді. Өйткені Қазақстан Республикасы аумағындағы жазаны атқарушы мекемелер қызметі ғана емес, сонымен бірге, қылмыстық-атқару заңында қарастырылуға жататын мәселелер де дұрыс әрі тиімді шешілуі керек.
Мемлекеттің осы саладағы, яғни жазаны атқару мәселесіне жататын қызметтері соңғы кезде назардан тыс қалмай, қылмыстық заңмен қатар реформалану үстінде. 1998-жылдан қолданыла бастаған қылмыстық-атқару заңы өз зерттеунысандарын кеңейтіп, қылмыстық заңның 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалардың барлығының атқарылуы мен өтелуінің тәртібі мен жағдайларын қамтиды.
Қылмыстық атқару қызметі басқа да құқық қорғау қызмет түрлерімен, мысалы, сот, прокуратура, ішкі істер органдары қызметімен байланыста жүргізіледі. Яғни сотталушының жаза өтеуі қылмыстылықпен айналысатын барлық құқық қорғау органдары қызметінен тыс қалмайды. Сотталғандардың жаза өтеу мәселесіне байланысты жазаны атқарушы мекемелердің басқа құқық қорғау органдарымен байланысқа түсуі қылмыстық-атқару заңында тікелей қарастырыла кеткен.
Курс мақсаты:
Қылмыстық жазаны өтеу мен орындаудың аясында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді тереңдетіп оқыту, сонымен қатар Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу тарихы, қаралып отырған жүйедегі халықаралық ынтымақтастық және басқа да мәселелер болып табылады.
Мемлекеттің қызметі қылмыстық жазаларды орындау, сотталғандарды түзеу аясында, сонымен қатар елеулі дәрежеде қылмыстылықты ескерту аясында оның қылмыстық-атқару саясатымен анықталады, ол халықаралық бірлестікпен қалыптасқан, қылмыстық-атқару құқығының ғылыми жетістіктері аясында сотталғандармен қарым-қатынасқа түсу туралы табанды ережелерге негізделген. Қылмыстық-атқару саясаты ең алдымен қылмыстық-атқару заңдарымен жүзеге аырылады.
1998 жылдың 1 қаңтарынан заңдық күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық-атқару кодексі Қазақ ССР-нің бұрынғы еңбекпен түзеу кодексінен өзгешелігі қылмыстық жазаның барлық түрін орындауды реттейді. Бұл тұрғылықты түрде қылмыстық жазаны орындау аясындағы жаңа заңның бұрынғы заңнан өзгеше екендігін көрсету.
Курстың міндеті:
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнің зертеудің міндеттері: оқу процесінде студенттер:
ҚР қылмыстық-атқару саясатының негізгі қағидаларын, түзеу шараларын қолдануды;
қылмыстық-атқару құқығының түсінігін, оның принципін және негізгі қызметтерін;
қылмыстық-атқару құқығының әр түрлі заң ғылыми салалары және білімнің басқа да салаларымен ғылымның өзара қатынасын;
қылмыстық-атқару заңнамаларының түсінігі және міндеттерін, олардың әлеуметтік және заңи арналуын;
сотталған адамдардың құқықтық жағдайларын;
жазаны орындаушы органдардың және мекемелердің жүйелерін;
сотталған адамдарды қоғамнан аластаумен байланысты емес жазалардың орындалуын және тәртібінің жағдайын;
сотталған әскери қызметкерлерге қатысты жазаның орындалуын;
сотталған адамдардың жазасын өтеуден босатылуын, және оларды әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету тәртібін игерулері қажет.
Пререквизиттер: Курстың жеке тараулары жалпы қадағалау, анықтау мен тергеу сатысында қадағалау, сотта мемлекет мүддесін білдіру, әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау, атқарушылық іс жүргізу заңдылығына қадағалау кезіндегі прокурорлардың қызметтеріне арналады.
Постреквизиттер: салалық заңдық пәндер: конституциялық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.,
Оқытудың әдістемесі: Оқыту негізінде дәріс, практикалық сабақтар (семинарлар) және СӨОЖ ретінде өткізіледі. Тақырыптарда оқу материалының мазмұны көрсетіледі және практикалық дағдылар арқылы бекітіледі. Дәрістер, практикалық сабақтар белгіленген оқу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Ал СӨОЖ– студенттер мен оқытушылар үшін ыңғайлы өткізіледі. СӨОЖ кезінде студенттер оқытушылардан кезектегі тақырып бойынша өздеріні қызықтырып жүрген мәселелер жөнінде, немесе семинарға әзірленген кезде ия болмаса өз бетімен орындайтын жұмыстар кезінде ұшырасатын қиындықтарға байланысты сұрақтар қоя алады.
Студенттердің білімдеріні семинарлар кезінде ауызша (сауалдама) және жазбаша (бақылау және өз бетімен орындайтын жұмыстар) түрде тексеріледі. Немесе студенттердің дербес орындаған жұмыстары арқылы (рефераттар, баяндамалар, кроссвордтар, схемалар, эсселер және де басқа), ия болмаса межелік бақылау жасау арқылы, емтихан тапсыру кезінде іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |