Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2016 жылғы «3» қарашада
№ 234
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2016-2017 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары
№
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Орындау мерзімі
| Орындалуы туралы есеп
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің азаюы және көрсетілетін қызметті берушілер мен алушылардың байланыстарын болдырмау мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Мемкорпорацияның қызметін қамтамасыз ету
|
Тиісті іс-шараларды өткізу
|
Жыл сайын
|
2016 ж. 8 сәуірде Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» МҚК қайта ұйымдастыру (қосу және қайта құру) арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай провайдері ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) құрылды.
Қоғамның негізгі міндеті - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бірыңғай провайдерінің жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығын және қолжетімділігін арттыру. Қоғам жұмысының негізгі міндеті халықтың барлық тобының мемлекеттік қызметтерді алу қолжетімділігі болып табылады. Қоғам арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) отырысын өткізу ұйымдастырылды.
2016 жылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінен (бұдан әрі - Тізілім) Қоғамға беру үшін 53 мемлекеттік қызмет іріктеп алынды. Үкіметтің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен Тізілімге өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қоғам арқылы көрсету үшін 50 мемлекеттік қызмет берілді, ВАК ұсынған 1 қызмет бойынша баламасы алып тасталды, ҚР Үкіметінде жатқан жаңа Тізілім жобасында қарастырылғандықтан, 3 мемқызмет Тізілімге кірмеген (МСМ-2, ИДМ-1).
Сонымен қатар, 2016 жылғы желтоқсанда Мемқызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда рұқсат құжаттарының қысқаруына байланысты, 53 қызмет алынып тасталды, 24 жаңа қызмет енгізілді.
Қазіргі таңда Тізілімде 710 мемқызметтер бар, оның ішінде 546 Қоғам арқылы қолжетімді, 16-сы бойынша Қоғам көрсетілетін қызметті беруші болып табылады, Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 289 мемқызмет көрсетіледі. Осылайша, «бір терезе» қағидаты бойынша Қоғам арқылы азаматтарға 76% аса мемлекеттік қызметтеріне қолжетімді.
Мемкорпорацияның құрылымы оңтайландырылды, оның шеңберінде жер кадастрын жүргізу және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру мәселелері, оның ішінде облыстық және аудандық деңгейде бір дирекцияға біріктірілді.
Мемкорпорацияның 2016-2021 жж. арналған стретегиялық дамуы әзірленді және бекітілді. Осы стратегияға сәйкес, Мемкорпорация арқылы көрсетілетін мемқызметтердің сертификаттауын ISO 9000 сериялы сапа менеджментінің стандарттарына сәйкес келтіру 2018 жылы өткізу жоспарлануда.
Мемкорпорация жұмысының сапасын бақылау мақсатында а.ж. 24 маусымда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру сұрақтары бойынша аумақтық деңгейде МҚІМ-мен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.
2016 жылғы 6 қыркүйекте Мемкорпорациясы жанында консультативтік-кеңесші орган құрылды, оның мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру, Мемкорпорация қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету. Осы кеңестің бірінші отырысы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.А. Айсинаның төрағалығымен өткізілді.
2016 жылы 8,5 млн. астам консультациялар көрсетілді, 7,8 млн. астам қызметті азаматтармен дербес алынды. Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы Қоғам бөлімшелерінде құжаттарды қабылдаған кезде 1,7 млрд. теңге сомаға 242 мың транзакция өткізілді.
Қоғам жұмысының негізгі міндеті халықтың барлық тобының мемлекеттік қызметтерді алу қолжетімділігі болып табылады. Осыған орай, Қоғам қызметкерлері өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі жоқ мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (1 – 2 санаттағы) үйлеріне бару арқылы қызмет көрсетті, 2016 жылы өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі жоқ мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (1 – 2 санаттағы) үйлеріне 38,9 мыңнан астам қызмет көрсеткен, 28,4 мыңнан астам шығулар жүргізілді.
Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету міндетін орындау шеңберінде Қоғамның мобильді бөлімдерінің жұмысы ұйымдастырылды, қазіргі уақытта 70 мобильдік топ жұмыс істейді. Мобильдік орталықтың әрбір автомашинасы GPS навигатормен жабдықталған, Мемкорпорацияның Ахуалдық орталығымен онлайн режимде жүзеге асырылатын шығуларға мониторинг жүргізіледі. Шығулар әкімдіктер мен көші-қон полициясымен бірлесе бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – МХҚК) дамуы қамтамасыз етілген, бүгінде 12 МХҚК жұмыс атқарады (Ақтау, Алматы, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Қызылорда және Шымкент).
2016 жылы МХҚКО 1,2 млн. астам қызмет көрсетілді, оның ішінде 864 млн. астам теңге сомасында 2537 сұранысы жоғары мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген. 2016 жылдың 3 тоқсанында ОҚО әкімдігі Шымкент қаласында МХҚО құрылысын аяқтады, 4 МХҚО мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Атырау, Ақмола, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында салыну жоспарлануда.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, клиентке бағдарлануды арттыру, қызмет көрсету мерзімін азайту бойынша өзге де шаралар қабылдануда.
2016 жылдың маусым айында жер қатынастары саласындағы екі мемлекеттік қызметтер «Кадастрлық бекіту нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны» және «Жер құнын кадастрлықпен анықтау (бағалау)» оңтайландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, онда көрсетілетін қызметті берушіден қажетті үйлестіру Мемлекеттік корпорация қызметкері жүзеге асыратын болады.
Осы пилоттың негізінде азаматтар тек Мемкорпорацияға ғана жүгінетін болады, әкімдікпен келісуді Мемкорпорация жүргізеді, кадастрлық (бағалау) құнына сараптама жүргізу жұмыстары 10 күннен 5 күнге дейін шегерілді.
2016 жылдың 20 маусым 30 желтоқсан аралығында жоба шеңберінде 7255 бағалау актісі бекітілді. Қорытындысында мемлекеттік қызметтер стандарттарына өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар берілді, нәтижесінде уәкілетті орган - Ауыл шаруашылығы министрлігі а.ж. қаңтар айында стандарттарға енгізді.
Қыркүйек айында бала туу, перзентханалар мен перинаталды орталықтары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге композиттік жобасы іске қосылды. Осы жоба шеңберінде Мемкорпорацияның қызметі бала туу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша перзентханаларда 4 өтінімді бірден қабылдайды. Жоба кезінде 103 мыңнан астам қызмет көрсетілді, қызметті оңтайландыру бойынша ұсыныстар берілді.
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Министрлік өкілдерінің қатысуымен «тікелей желі» өткізу
|
Интернет-конференция,
«Тікелей желі»
|
Қажеттілігіне байланысты
|
Көрнекі ғалымдардың және мемлекеттік органдар, саяси партиялар басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықты алдын алуға және онымен күресуге бағытталған брифингтер, интернет-конференциялар, телевизиялық бағдарламалар өткізілді жне БАҚ-та жарияланды.
Министрліктің Орталық коммуникациялар қызметінде «Жанару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ жетекшісі
О. Абдыкаримовпен баспасөз мәслихаты өтті. Бұдан басқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен Т. Тулешовтың ісі бойынша баспасөз мәслихаты, Ұлттық Банк төрағасы Д. Акишевтың Kapital.kz. порталындағы онлайн-конференциясы өткізілді.
|
|
Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен Министрліктің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу және жою туралы семинарлар өткізу
|
Кездесу өткізу
|
Жылына 1 рет
|
Кездесуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) 2016 жылдың 3 онкүндігінде семинарды өткізудің күні белгіленгендігі туралы 2016 жылғы 5 желтоқсанда шығ. № 02-10/3659-И хаты жіберілген болатын. Бірақ Агенттік Төрағасының орынбасары А. Шпекбаевтың жұмыс бастылығына байланысты өткізілмеді.
Агенттікке 2017 жылғы 3 ақпанда № 02-10/535-И сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу және жою мәселесі бойынша семинар өткізу туралы 2017 жылғы 1 тоқсанның 3 онкүндігінде семинарды өткізудің күні белгіленіп, қайта хат жолданды.
2017 жылғы 12 сәуірде Персоналды басқару департаменті Агенттік өкілдерінің қатысуымен Министрлік қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, жемқорлықтың алдын алу және жою, мемлекеттік қызметтегі жоғары мәдениетті өзара қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында семинар өткізілді, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің заңнаманы бұзу фактісі бойынша роликтер көрсетілді.
|
|
Министрліктің және аумақтық органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша жіберген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына талдау жүргізу
|
Жауапты хатшыға ақпарат
|
Жылына 2 рет
|
2016 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері Министрлік және аумақтық органдардың қызметкерлері арасында болған емес.
|
|
Ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша жіберген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына талдау жүргізу
|
Жауапты хатшыға ақпарат
|
Жылына 1 рет
|
2016 жылғы 15 желтоқсанда Персоналды басқару департаменті Жауапты хатшыға осы тармақтардың орындалуы жөнінде қызметтік жазба хат (шығ. №10-1/2601-ВН) ұсынды.
2016 жылғы 30 қарашадағы № 01-10-08/1728 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АЕҚ-дан (бұдан әрі – Қоғам) алынған ақпаратқа сәйкес 2016 жыл ішінде Қоғамның филиалдары қызметкерлерінің 10 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық (Астана қ., СҚО, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарында) жасалған. Келіп түскен ақпараттың қорытындысы бойынша талдау жүргізілді.
Министрліктің басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдары бойынша сыбайлас жемқорлық бұзушылық фактілері орын алмаған.
|
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша Министрлікті уақтылы ақпараттандыру
|
Жауапты хатшыға ақпарат
|
Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың жасалуына қарай
|
Бағынысты ұйымдар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша Министрлікті уақтылы хабарламау фактілеріне жол берілмеген.
|
|
Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында тұрақты айдарлар мен басылымдар, теледидардық бағдарламалар мен радиобағдарламалар, сондай-ақ жарнамалық имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер, үндеулер шығару бойынша кешендік шараларды жүзеге асыру
|
БАҚ-да үндеулер, теле- ради- бағдарламалар, брошюрлер
|
Тоқсан сайын
|
Республикалық баспа басылымдарда тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша айдарлар ашылды.
Бұл ретте, «Егемен Қазақстан» газетінде «Жемқорлық індет, жою міндет» айдары бар, «Казахстанская правда» газетінде «Закон и порядок», «Панорама событий», «Мониторинг», «Актуально» айдарлары қызмет етуде, «Юридическая газета» басылымында «Право», «Преступление и наказание», «Из зала суда», «Громкое дело» айдарлары көзделген. «Заң газеті» газетінде «Көзқарас», «Жемқорлық», «Қоғам», «Саясат» айдарлары, «Время» газетінде «Суд на дело», «Злоба дня», «Скандал» айдарлары», «Айқын» газетінде «Қоғам», «Саясат» айдарлары, «Аргументы и факты» газетінде «Социум» рубрикасы, «Литер» газетінде «Общество» рубрикасы, «Капитал» газетінде «Акцент» рубрикасы және «Экспресс-К» газетінде «Экстренно» айдары шыққан.
Қазақстан телеарналарының қорытынды және күнделікті жаңалық эфирлерінде трансляцияланатын «Сұхбат», «Блог в помощь», Нарық айнасы», «Деловой экспресс», «Билік айнасы», «Іскерлік уақыты», «Деловое время», «IV власть», «Серпіліс», «Таңшолпан», «Бетпе-бет», «Біздің назарда», «Жекпе-жек» талдамалық бағдарламаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемаларына жеке назар аударылған.
Көрсетілген талдамалық бағдарламаларға Бас прокурор Ж. Асановтың, ҚР Бас прокурорының орынбасары И. Меркельдің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шпекбаевтың және А. Шаимованың, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтің, «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары М. Құл-Мұхаммедтің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Ж. Сұрағановтың, «Әділ сөз» сөздің еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті Т. Калееваның, саясаттанушы А. Сарымның және басқа да спикерлердің сөз-сөйлеуіне кеңінен ақпараттық қолдауға ие болды.
Жалпы алғанда, 2016 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты 25 421 материал тіркелді. Олардың ішінде электрондық БАҚ – 1 723 сюжет, баспа басылымдарда – 1 928 мақала, интернет-ресурстарда – 10 004 жарияланым, өңірлік БАҚ-тарда – 11 766 материал.
|
|
Сатып алудың техникалық ерекшеліктерін және мәліметтерді талдау арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу
|
Есеп
|
Тоқсан сайын
|
2016 жыл ішінде мынадай мемлекеттік сатып алулар өткізілді:
32 ашық конкурспен
Өткізілмеген конкурстар бойынша 12 бiр көзден алу тәсiлiмен сатып алу
3 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
62 шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу.
2016 жыл ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар жоқ.
Қаржы бақылау комитеті бір ұйғарым жолдады, алайда аталған ұйғарым Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен қабылданмаған.
|
|
Мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор объектілерінің сатып алу туралы деректерінің негізінде мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағаларының шашыраңқылығын болдырмайтын «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесінің бағалар модулін пысықтау
|
Қаржыминіне
ақпарат
|
2016 жылғы қараша
|
Аталған іс-шара пысықтауға келіп түспеді, осыған орай іс-шара өткізілмеді.
|
|
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру, жүзеге асыру және нәтижелерін есепке алу мәселелерін автоматтандыру және кейін бірыңғай ақпараттық тұғырнамада ықпалдастыруға ұсыныс енгізу
|
БП бұйрығына ұсыныс
|
2017 жылғы қыркүйек
|
Көрсетілген іс-шараларды іске асыру мақсатында ақпараттық жүйелердің иелері дайындаған нормативтік-техникалық құжаттаманы енгізу бойынша құжаттар қарауға келіп түспеді.
Осыған орай ұсыныстар енгізілмеді.
|
|
Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың өкілдері мен басшыларының сөз сөйлеуін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру
|
ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар, БАҚ-та мақалаларды, сұхбаттарды жариялау, телерадиобағдарламаларды, сюжеттерді шығару бойынша МҚІСЖҚІА -ға ақпарат
|
Тоқсан сайын
|
Азаматтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына төзбеушілікті қалыптастыру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру үшін арнайы дыбыс бейне роликтерді және фильмдерді трансляциялауды және дайындауды қамтамасыз ету көзделген.
Қазіргі уақытта мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру шеңберінде Министрлік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл түсінігін қалыптастыруды жақсарту» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты мемлекеттік қызметкерлердің сыйлықтарды қабылдауы бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша «Қазақстан», «Хабар» және «Хабар24» телеарналарында бейне роликтерді орналастыру бойынша іс-шаралар жүргізілген.
Сонымен қатар, 2016 жылдың ақпанынан бастап қазанға дейін «Хабар» телеарнасында «Сыбайлас жемқорлық» бейне ролигі 61 рет көрсетілген, «100 нақты қадам» 13 бағыты бойынша «Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту» бейне ролигі 30 рет көрсетілген.
2016 жылғы 16 наурызда «Сот жүйесінде жаңа өзгерістер» тележурналы шеңберінде «Kazakh.tv» арнасында сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы қозғалды.
Министрлік тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға бағытталған тиісті жұмысты жүргізуде, ол қазір тұрақты бақылауда.
|
|
Қазақстанмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралары туралы арнайы материалдар жариялауды Шетелдік БАҚ-та ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу
|
БАҚ-тағы жарияланымдар бойынша СІМ-ге
ақпарат
|
Тоқсан сайын
|
Апта сайын мемлекеттік органдар баспасөз хатшылардың отырысында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы шетелдік БАҚ-та жарияланатын материалдарды талқылауда.
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша іс-шаралар
|
Есеп
|
Тоқсан сайын
|
Аталған іс-шараларды өткізу 2017 жылға жоспарланған
|
13.1
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу
|
СЖД-не ақпарат
|
Тоқсан сайын
|
13.2
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін зерделеу
|
СЖД-не ақпарат
|
Тоқсан сайын
|
13.3
|
Заңмен белгіленген тәртіпте кінәлі деп танылған тұлғаның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептерді бағалау және зерделеу
|
СЖД-не ақпарат
|
Тоқсан сайын
|
13.4
|
Сыбайлас жемқорлық деңгейін ұғыну және оның пайда болуына қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін қарау
|
СЖД-не ақпарат
|
Тоқсан сайын
|
13.5
|
Құқықтық статистика органдарының деректерін зерделеу
|
СЖД-не ақпарат
|
Тоқсан сайын
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу және бекіту
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
|
2016 жылғы
желтоқсан
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандарттар әзірленіп бекітілді
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі іс-шаралар
|
Талдау
|
Қажеттілігіне қарай
|
Аталған іс-шараны өткізу 2017 жылға жоспарланған.
|
|
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша бұзушылық фактілері туралы заң қызметін уақтылы хабарлау
|
Ақпарат
|
Тұрақты
|
2016 жыл бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ЗД мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша бұзушылықтар фактілері туралы уақтылы хабарлады.
2016 жыл ішінде Қазақстан Республикасының сот органдары Министрліктің талап-арызы бойынша 3 азаматтық істі қарады, оның шешімі Министрліктің пайдасына шешілді.
Сонымен бірге, ЗД тарапынан өнім берушілерді жосықсыз өнім берушілер деп тану туралы сотқа талап-арыздарды ұсыну мерзімдер бұзылған жоқ.
|
Достарыңызбен бөлісу: |