30
5.2.1 Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және жүзеге асыру
рәсімдерінің болуы, осы процестерге қатысатын құрылымдық бөлімдердің
өзара әрекеттесу сипаты.
5.2.2 Білім
беру
бағдарламаларының
жоғары
оқу
орнының
миссиясымен, жұмыс берушілер мен студенттердің сұраныстарымен
келісетін, тұжырымдалған мақсаттарға сәйкестігі.
5.2.3 Білім
беру
бағдарламасында
Дублин
дескрипторларына
негізделген оқыту нәтижелері мен құзыреттіліктердің бейнеленуі.
5.2.4 Білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны, оларды
құрудың модульдік принципін қолдану.
5.2.5 Білім беру бағдарламасында өзгермелі қоғамның, оның ішінде үш
тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру бойынша президенттік
бағдарламаны
жүзеге
асыру
талаптарын
сипаттайтын,
негізгі
құзыреттіліктерді, зияткерлік және академиялық дағдыларды дамытатын
кәсіби қызметке дайындауға арналған құрамдастарының бар болуы.
5.2.6 Студенттердің өзіндік жұмысының ұйымдастырылу деңгейі,
студенттердің қажетті оқу- әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі.
5.2.7 Білім беру бағдарламаларында студенттердің тұлға ретінде
дамуын, азаматтыққа тәрбиелеуге, кез- келген күш көрсетуге төзбеуге, өз
елінің, халқының және жалпы адамзаттың тарихын құрметтеуге бағытталған
олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуметтік құзыреттіліктерін
қалыптастыратын құрамдастардың бар болуы.
5.2.8 Білім беру бағдарламаларының қолданыстағы бакалавриаттың
(магистратураның, докторантураның) ҚР МЖМБС-на, типтік оқу
жоспарларына, міндетті компонент пәндеріне – типтік оқу бағдарламаларына
сәйкестігі.
5.2.9 Пәндердің логикалық реттілігінің және негізгі талаптарының оқу
жоспарлары мен оқу бағдарламаларында сипатталуы.
5.2.10 Элективті
пәндер каталогының әзірлену сапасы, оның
құрылымы мен онда оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерінің
бар болуы.
5.2.11 Білім беру бағдарламаларында студенттер мен оқытушылардың
оқу жүктемесінің кредиттік есептеу жүйесінде бейнеленуі, оның ұлттық
деңгейде қабылданған оқытудың кредиттік жүйесінің параметрлеріне
сәйкестігі.
5.2.12 Оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу- дидактикалық
материалдарының сапасын, олардың ғылыми деңгейін қамтамасыз ету
жүйесі.
5.2.13 Профессор- оқытушылар
құрамының
білім
беру
бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асырудағы, олардың сапасын
қамтамасыз етудегі жетекші рөлі.
5.2.14 Бағдарламада студенттер мен олардың тиімділігін бағалау
рәсімдерінің бар болуы.
31
5.2.15 Білім
беру
бағдарламаларын
әзірлеуге
студенттердің,
компаниялар мен жұмыс берушілердің қатысуы (олар ұсынған оқу пәндерінің
тізімі).
5.2.16 Оқыту жүктемесінде кредитпен берілген теориялық материалды
бекіту үшін бағдарламада өндірістік тәжірибенің бар болуы.
5.2.17 Бағдарламаларды меңгеру нәтижесінде алынған біліктіліктің
нақты көрсетілуі және ұлттық біліктілік шеңберінде жоғары білім беру
деңгейіне сәйкес болуы керек.
5.2.18 Студенттер мен еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып,
білім беру бағдарламаларының жаңалану жиілігі.
5.2.19 Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етудегі
бақылау әдістері. Бағдарламаларды сыртқы сараптау мен рецензиялаудың бар
болуы.
5.2.20 Білім
беру бағдарламаларының сапасын мониторингтеу:
қызметтер,
құралдар
мен
әдістер.
Студенттердің
білім
беру
бағдарламаларының сапасына қанағаттануы.
5.2.21 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен қосымша кәсіби
білім беру бағдарламалары бойынша білім алуды жалғастыру мүмкіндігінің
бар болуы.
5.2.22 Бірлескен халықаралық білім беру бағдарламаларының бар
болуы.
5.2.23 Білім беру бағдарламаларының белгіленген міндеттеріне қол
жеткізуді қамтамасыз ететін, сапаны ішкі бағалау мен сараптаудың тиімді,
үздіксіз тетіктерінің, сонымен қатар оларды жетілдіру мен мерзімді қайта
қарау үшін кері байланыстың бар болуы. Бағдарламаның қайта қаралған
аспектілері студенттерге шұғыл жеткізіледі.
СТАНДАРТ 6. ПРОФЕССОР- ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ
ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ
6.1 Стандарттың жалпы ережелері
6.1.1 Жоғары оқу орнының профессор- оқытушылар құрамы білім беру
қызметінің студенттер үшін қол жетімді басты ресурсы болып табылады,
сондықтан жоғары оқу орнының оларды нақты, ашық және әділ жұмысқа
қабылдау, жұмыспен қамтылу шарттарын және біліктілікті арттыру
процестерін белгілейтін кадрлық саясаты болуы керек.
6.1.2 Жоғары оқу орны білім беру қызметін лицензиялаудың біліктілік
талаптарына сәйкес профессор- оқытушылар құрамының бар екендігін
көрсетуі керек.
6.2 Профессор- оқытушылар құрамы және оқыту тиімділігін
бағалау критерийлері