Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды



жүктеу 112,5 Kb.
бет19/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

Әдебиеттер:
1. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2. Сыздық Р. Ғалым-азамат (профессор Құдайберген Жұбанов туралы) –Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.–68 б.
3. Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.
4. Жазықова М. Қ.Жұбановтың әдістемелік мұрасы және лингводидактиканың өзекті мәселелері. Монография. – Ақтөбе: Ақтөбе МПИ баспасы, 2013.-126 б.
5. Миров М.О. Қ.Жұбановтың лингвистикалық танымдары. – Ақтөбе, 2014. - 200 б.
15-тақырып: Профессор Қ.Жұбанов еңбектерінің қазіргі зерттелу жайы. Қ. Жұбановтың жалпы тіл білімі теориясы, әлеуметтік лингвистика саласындағы пайымдаулары.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Профессор Қ.Жұбанов еңбектерінің қазіргі зерттелу жайы.
2. Қ.Жұбанов туралы ғылыми диссертациялар қорғалуы.
3. Қ. Жұбановтың тіл теориясы саласындағы көзқарастары
4. Қ.Жұбановтың әлеуметтік лингвистикаға қатысты пайымдаулары
Дәріс тезисі
Аты мәлім орыс тюркологтары Н.А.Баскаков, И.И.Мещанинов, А.Н.Самойлович, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, К.К.Юдахин, А.К.Боровков т.б. және қазақ ғалымдары І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, Ә.Т.Қайдаров, Р.Сыздық т.б. еңбектерінде Қ.Жұбановқа қатысты әр кезеңде айтылған ғылыми пікірлер туралы. Қ.Жұбанов полиглот болғаны, ол түркі тілдерін былай қойғанда, шығыс тілдерін, ағылшын, неміс, француз, орыс және басқа славян тілдерін біліп, жапон, қытай, монғол тілдері деректерін де өз еңбектерінде тиімді қолданғаны. Қ.Жұбановтың ғалымдық және азаматтық биік тұлғасы туралы ғалымдар Р.Сыздық, Б.Хасанұлы, М.Жұбанова, А.Тайжанов пен Б.Аханов, К.Кенжебаев пен Ә.Оралбай, Н.А.Садуақас, Ж.И.Сұлтан т.б. авторлығымен жарияланған монографиялық еңбектерде баяндалғаны. 1994-2009 жылдар аралығында профессор Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасы бойынша зерттеушілер Ж.О. Тектіғұл, Н.А.Садуақас, А.Қ. Омарова, «Ә.Оралбай, Ф.Е., Ж.И., т.б. ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғағаны туралы. Дәстүрлі “Жұбанов тағылымы” атты халықаралық ғылыми конференциялар өткізілуі.
Профессор Қ.Жұбанов өз еңбектерін жазу барысында тіл туралы, оның қызметі, ерекшеліктері жөнінде теориялық мәселелерді жол-жөнекей нақты түрде айтып кеткен. Ол ең алдымен тілдің қызметі туралы: «...тiлдiң атқаpатын негiзгi қызметi – адам мен адам аpасында пiкip қатынастыpу»,-деп түсінік берген. Ғалымның зерттеулерінде қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары, жалпы тіл теориясы мәселелері қарастырылғанын бүгінгі зерттеушілер анықтап, ғылыми тұрғыда көрсетіп келеді. Осы орайда, ғалым Ж. Манкееваның: «...қазіргі қазақ тіл білімінде біршама зерттеліп, териялық-әдіснамалық негіздері анықталып қалған жаңа бағыттағы зерттеулердің алғышарттары мен нышандарын Қ.Жұбановтың зерттеулерінен таба аламыз»,- деген тұжырымының дұрыстығын атап айтуға болады. Тіл, сөз, сөйлеу, сөз бен ой, сөйлем, тілдің жалпы теориясы мен даму заңдылықтары, тілдік өзгерістерге әсер ететін ішкі, сыртқы себептер, т.б. туралы ғалымның ғылыми-теориялық пайымдаулары қазіргі жалпы тіл білімі теориясы талаптарымен ұштасып жатқанын байқауға болады. Ғалым зерттеулерінің өн бойында өзінің ғылыми көзқарастарын жалпы тіл теориясы мәселелеріне ұштастырып, әлемдік ғылыми ізденістермен байланыста пікір айтып отырған. Мысалы, «..Тіл дегеніміз шартты таңба ғана болып табылады», - дейді. Қ. Жұбановтың пайымдауынша «сөз» туралы: «Сөз деген - зат біткеннің бәрінің аты емес, әр елдің өзінің білген затының, білген құбылысының ғана аты. Ел-елдiң бiлмеген заты да, бiлмеген құбылысы да толып жатыр. Танымаған кiсiнiң атын бiлмегенiмiз сияқты, бiлмеген нәpсенiң аты да тiлiмiзде болмайды. Мәселен, шөптеp мен жәндiктеpдiң көбiнiң тiлiмiзде аты жоқ. Өйткенi, олаpмен көп аса кездеспегенбiз, кездессек те елемегенбiз. Адам өзiнiң тipшiлiк тартысында кездесiп, пайдасын я зиянын көpген нәpселеpдi ғана елеген, солаpды ғана бiлген. Шөптеpдiң iшiнде мал жейтiндеpiн, отын болатын, бояу болатын, ем болатын, у болатындаpын ғана бiлген де, солаpға ғана ат қойған. Басқа заттаpдың аты да осылайша қойылған. Сонымен, бiлiнген нәpселеpге қойылған атты сөз деймiз»,- деген анықтама берілген.
Ғалым мұрасын әлеуметтік лингвистика тұрғысынан зерттеп, бағалап жүрген білікті ғалым Б.Хасанұлы: «Қ. Жұбановтың зерттеулерінің қазақ тіліне арналғаны рас, бірақ ол қазақ тілі негізінде тіл теориясына барлау жасаған. ...Қ. Жұбанов мұраларын тіл білімі салалары бойынша бағалау керек. ....Ғалымның мұрасын әлемдік лингвистика даму үрдісімен байланыста қарастырсақ, ол әр қырынан жақұтша жалтырап көрінетіні анық»,-деген болатын. Қ. Жұбанов тілдің тарихы өте тереңде жатқанын, зерттеу арқылы оның тарихын қолмен, яғни жазумен жасағандай болсақ та, шын мәнінде тіл өте ерте кезден келе жатқанын, оны зерттеу де өте тереңдікті талап ететініне көңіл аударады: «Cөйтіп біз сөйлеу тілінің өткендегісі мен қазіргісін салыстыра тексере келіп, тіл тарихын өз қолымызбен жасаймыз. Орыс тілінің IX-XII ғасырлардағы жазба деректері (славянша болса да) бар болғанымен олар тіл тарихын түгел қамти алмайды. Өйткені тіл тарихының өмірі жазу тарихындай емес, одан анағұрлым ұзақ, тереңде жатыр», -дейді.
Профессор Қ.Жұбанов өз еңбектерінде қазақ тілі заңдылықтарын зерттеу барысында тек осы жеке бір ұлттың тілінің мәселелерін ғана сөз етпей, жалпы тіл біліміне қатысты көзқарастарын да байқатып отырған. Оның жалпы тіл біліміне қатысты ой-тұжырымдарын ғалым Айман Жұбанова былайша топтап береді: 1) тарихи принцип; 1) психологизм; 3) тілдің қоғамдық сипаты; 4) тірі тілдер мен диалектілерге ерекше мән беруі; 5) тілді функционалды тұрғыдан зерттеуге негізделетін семасиологизация және морфологизация теориясы; 6) тілдік бірліктерді таңба және символ ретінде қарастырады; 7) тілдің жүйелік сипатын кең әрі жан-жақты зерделеп, тіл жүйелілігіне синхрондық сипатта ғана емес, диахрониялық тұрғыдан көңіл бөледі; 8) тіл статикасы мен динамикасын айқын ажыратып, осы кездегі жай-күйі мен тарихи өзгерістерін көрсетеді; 9) қазақ тілі мәселелерін салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде қарастырады; 10) тілдің «ішкі» және «сыртқы» тарихын ажыратады, яғни тілдің өзін, оның грамматикасын («ішкі») және тілді сөйлеуші халықтың тағдырымен, географиялық және этнографиялық ерекшеліктерімен, шет тілдердің әсерімен және т.б. байланыстыра зерттейді; 11) тілдің жалпы даму заңдылықтарын қарастырады; Ал ғалым Ф.Е.Терекова тілдік зерттеулерінде Қ.Жұбановтың әлеуметтік тіл білімі мәселелеріне назар аударғанын жазады.
Ғалым Қ.Жұбанов «Сөз өзгешелігі мен сөз қызметі» деген тақырыпшада тілдің басқа құбылыстардан өзгешелігін: «Тіл адамдар арасында, ол - адамның өз ойын жеткізу, сөйлесу құралы. Шаруашылық одағайы тілге тән сөз емес, өйткені ол адамдар арасында қолданылмайды»,- деп тіл мен одағайлардың айырмасын әлеуметтік-лингвистикалық тұрғыдан ажырата көрсетеді. Белгілі бір хабарды сурет, музыка, құрылыс, әшекейлер, дабыл қағу, т.б. түрлі жолмен беруге болатынын, бірақ осылардың барлығы да тілге қатысты екенін, тіл болмаса ой толық жетпейтінін, сондықтан сигнификация, номинация, коммуникация деген атаулардың мәнін түсіндіре келе: «Бұл жердегі ерекшелік мынада: тіл элементі атау қызметін өтесе, сөз болғаны; егер хабар беру қызметін өтесе, сөйлем болғаны. Бұл келтірілген екі түрлі өзгеше қасиет барлық сөздерге де тән, өйткені олар әрі номинативтік, әрі коммуникациялық қызмет атқарады. Сөздің бір басында екі функция (қызмет) болады: бірінші – хабар беру қызметі, коммуникация функциясы; екінші – таңбалау қызметі, номинатив функция не сигнификация. Сөз хабарласу үшін керек, егер осы керекке жарамаса, ол – сөз емес. Сөйлеп хабарласқанда әр нәрсенің аттарын (номинативтерді) құрап, хабар беріледі. Осылайша номинативтерден құралмай жасалған хабар жоқ. Ат болмаса, сөз де болмайды»,- деп түсіндіреді. Ал «Атты неге қоямыз?» деген сұрақ беріп, оған да қарапайым түсінікті тілмен жауап береді: «Номинатив сөзді бірінен-бірін айыру үшін ат қоямыз. Атты неге қоямыз? Оны заттардың өздері жоқ жерде сөз қылу үшін қоямыз. Нәрсенің, сипаттың бәрі түгел қасымызда болса, онда сөзді шығын қылмай-ақ ымдап өте шығар едік, сонымен де бірталай хабар берер едік (алқашқы адамдар, осы күнгі мылқаулар солай сөйлеседі ғой). Зат пен оған қойылған атты тексерейік: столдың төрт аяғы бар, үсті, асты, түсі, ұзындық, қысқалығы бар; ал оған қойылған ат та ондай белгілердің бірі де жоқ, тек ұғым ғана бар. Демек, сөз оймен байланысты, ал басқа белгілер жоқ. Сондай-ақ тілде заттың ұғымы бар, мәні (сущность) жоқ. Ойымызбен бір заттың өзін быт-шыт қыламыз. Сондықтан заттың саны, сипаты, аты тағы басқалары бөлек айтылып талданады; ол заттың өзінде оның бөлшектік белгілері талданса, ол зат-зат болудан қалады. Өйткені столдың төрт аяғы, биіктігі, ұзындығы сол затпен бірге жүр. Сөз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар болады. Сөздер жеке-жеке жүреді, бірақ олар жекелік үшін жасалған емес, басқаға жанасым тауып, үйлесерлік болып жасалған. Өз басы атау болуға жаралаған сөзді бүтін дейміз. Бүтін, әрине, бөлшек емес. Сөйте тұра олар құрамды бөлшек болып барып материал болып, тұтас ой туғызатындықтан, жеке сөздерді үйлесім табушылар тобының бір бөлшегі дейміз. Бұл айтылған бүтіндік пен бөлшектілік бірінісіз бірі өмір сүре алмайды (семасиология мен лексика бір зат, бірақ ілім ол екеуін бір-бірінен айырып қарайды; лексика – сөздің денесі болса, семасиология – мағынасы)».
Тіл теориясы туралы пайымдауларын оның ғылыми саласына түсінік беруден бастаған Қ.Жұбанов тілдің әр саласының өзіндік ерекшелігін: «Лексика етік, етікші сөздерінің қалай жасалғанын қарамайды. Сондықтан ол грамматикаға да кірмейді, тек даяр материалды ғана қарайды. Тегінде материалдың сыр-сипатын қарайтын ілім – технология; сондықтан сөз жасау технологиясын қарайтын ілімді грамматика десе де болар еді. Грамматика процесті қарайды. Екінші түрлі айтқанда морфология – қызметші; ол лексиканың қызметшісі болғандықтан түбірлер тудырады (үш негізді еске ал); синтаксистің қызметшісі болғандықтан жалғау, жалғауыштықты қарайды. Морфология морфемдерді қарайды (морфем – сөз мүшесі); морфем дегеннен гөрі лексема деген жақсы. Морфемдер (лексема) синтаксисі – сөз. Грамматика бұл терминнің мәнісі түрлі сөздердің жақын-алыстығын тергей, әр тобына белгілі форма тағатын, сөздер ауыл-үй қонғанда, оларға тиісті орын сайлап беретін ғылым саласы дегенді білдіреді»,-деп түсік береді. Ал сөздің грамматикалық мағынасы туралы: « сөз бен сөздің арасындағы осы жуықтықты көрсететін жағы. Сондықтан сөз бен аталған заттардың, құбылыстардың ұқсастығын осы грамматикадан білеміз. Мысалы, темір, ағаш дегендер конкрет заттар, сөзде (тіл ішінде) бұл екеуі ылғи бірөңкей формаланады, сөйлем ішінде бірөңкей қалыпта болады, зат есімнің тонын киеді. Басқа сөз таптары да солай»,-дейді.
Профессор Қ.Жұбановтың әлеуметтік лингвистикалық пайымдаулары туралы ғалым Б.Хасанұлы: «Тіл мен жас ерекшелігі байланысы - социолингвистикалық мәселе. Тіл мен жас мәселесі қазақ тіл білімінде өзара байланыста арнайы зерттелмеген, қаралмаған, бірақ бұл тақырыпты алғашқы меңзегендердің бірі - Құдайберген Жұбанов. Ғалым «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекцияларында» («Қазақ тілінің фонетикасы» кесегінде) тіл мен ұлт, тіл мен ұлтшылдық, тіл мен жастар мәселелері байланысын қозғайды»,-деп бірнеше бағытын санамалап көрсетеді. Ғалым Б.Хасанұлы өз мақаласында «Тілдердің өзара байланысы», «Тіл құрылысы», «Тіл дамыту», «Қоғам мен тіл», «Тіл мен уақыт», «Тіл мен кеңістік», «Тіл саясаты», «Әлеуметтік топтар», «Тілдің қоғамдық қызметі», «Әлеуметтік фактордың қызметі»,т.б. тақырыптар бойынша пофессор Қ.Жұбанов еңбектеріндегі әлеуметтік мәселелерді тілмен байланыста талдап жазды.
Қоғамдағы әртүрлі халықтар, әртүрлі адамдар топтарының тілдік қолданыстарын өз зерттеулерінде тиімді пайдалана отырып, Қ. Жұбанов әлеуметтік лингистикалық тұрғыда пайымдаулар жасаған. Мысалы: «Осы заманда Африкада да, Австралияда да қол тілі бар, сонымен бірге сөйлеу тілі де қолданылады. Сондықтан бір ауыл әрі қол тілін, әрі сөйлеу тілін пайдаланады; Екі тіл қатар жүреді. Олардың айырмасы сол - қол тіл ауыл-ауылға ортақ болса, дыбыс тілі әр ауылдың өзінде ғана түсінікті. Әуел қол тілімен түсініскендігі осы күнгі дыбыс тілінен де көрінеді. Мәселен, орыста сказать пен указать сөздерінің түбірлес болуы - көрсету мен айтудың бір функция міндетін атқарғанына дәлел болады»,-деп жазған.
Профессор Қ. Жұбанов зерттеулерімен танысу үстінде оның еңбектерінде келтірілген ғылыми деректердің молдығына тәнті боламыз. Ғалым өзі айтып отырған мәселелерді неше түрлі деректермен байланыста баяндауына қарап, оның ғылыми деңгейі жоғары, танымы өте терең, ауқымы өте кең екеніне көз жеткіземіз.

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау