Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды



жүктеу 112,5 Kb.
бет17/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

Әдебиеттер:
1.Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2.Сыздық Р. Ғалым-азамат (профессор Құдайберген Жұбанов туралы) –Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.–68 б.
3.Жазықова М. Қ.Жұбановтың әдістемелік мұрасы және лингводидактиканың өзекті мәселелері. Монография. – Ақтөбе: Ақтөбе МПИ баспасы, 2013.-126 б.
Өткізу форматы: дәріс сабағында топтық жұмыс жасалады, топқа тапсырма беріліп, постер қорғалады, балық қаңқасы арқылы қорытынды жасалады
13-тақырып: Қ.Жұбановтың публицистика саласындағы еңбегі. Қ.Жұбановтың «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» мақаласы.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбановтың публицистика саласындағы еңбегі туралы.
2. Қ.Жұбановтың Ақтөбе уездік «Кедей» және республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған мақалалары.
3. Қ.Жұбановтың «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» мақаласы туралы.
4. Қ.Жұбановтың қазақ тілі жөніндегі ойлары.
Дәріс тезисі
Қ.Жұбановтың публицистикасы өз заманының талабына сай жұртшылыққа пәрменді қызмет етті. Ол 1923- 1925 жылдары Темір уездік халық ағарту бөлімінде инспектор болып жүріп, жай ғана кеңсе қызметкері емес, осы істің әрі ұйымдастырушысы, әрі практик-маманы, әрі мұғалімдердің білімін жетілдіретін, ғылымға баулитын ұстазы болатын. Бұл уақытта ол оқу-тәрбие жұмыстарын тек ұйымдастырып, басқарып, жөн-жоба нұсқап қана қоймайды, ол жөнінде уездік, облыстық газеттер беттерінде мақалалар жариялап, бұл іске қалың жұртшылық назарын аудартады. Ақтөбе уездік «Кедей» және республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған «Халық ағарту ағысында төңкеріс толқыны», «Темір уезінің оқушылар тобы», «Ойыл коммуна мектебі кімге тиіс», «Сауатсыздықты жоятын нұсқаушы мектеп», «Коммуна мектебі жеті жылдық болсын», «Мұғалімдер зер сал, губатком, жәрдем ет», «Оқу жайындағы мұңды осы бастан айту керек», «Аулақтан оқыту», «Газет көпке ортақ», «Еңбекші қазақ», деген тәрізді т.б. мақалаларында өзі қызмет етіп жүрген өңірлеріндегі оқу-ағарту жұмысының жай-жапсары туралы хабардар етумен шектелмей, коммуна мектептері жеті жылдық болуы керектігі, аулақтан оқытуды жүйеге түсіріп, жолға қою тәрізді сол кезең үшін көкейкесті мәселелер көтерді.
Қ.Жұбанов «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» деген мақаласында патша өкіметіне қарағаннан кейін қазақ халқының барлық билігі кеткенімен қоса, оның тіліне де қауіп туғанын айтады. «Бұрын мал бағып, малы мен басын қорғауға қоғам болып, қоғам санасы бар қазақ енді малшы болды. Өз малы мен өз басының қамынан басқа оған ойлайтын нәрсе қалған жоқ. Сүйтіп, азаматтық санасы кеміді»,-деп, халықтың адам ретіндегі бірлігі мен ойлауына да кедергі тап болғанын, «Қазақтың жері кесіліп, көш жолы үзіліп, әр ру, әр ауыл, әр үй жерге арқандала бастады. Қатынас тоқтады. Әр жердегі қазақ әр түрлі жағдайда күнкөріс жасап, өз бетімен кетуге, мәдениет бірлігін сөгуге айналды. Қазақ тілінің диалектілері дейтініміздің бір қатары мәне, осы дәуірде, осы ыдыраудың нәтижесінде туды. Сүйтіп, қазақ тілі ыдырауға айналды. Сол жолмен кете барса, қазақ тілі деген тілдің бір жола құруы шексіз еді»,-деп, тіл тағдырын ел тағдырымен байланыста қарастырып, тілдің жағдайына қарауға шақырады. Сондықтан тіл мәселесі барлық уақытта да маңвзды екенін, ол ұлтпен байланысты ең маңызды құндылық екенін ескеру керек.
Әдебиеттер:
1.Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2.Сыздық Р. Ғалым-азамат (профессор Құдайберген Жұбанов туралы) –Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.–68 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау