Сабақтың тақырыбы: Қозғалатын бөліктері бар араны құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Қағазбен жұмыс істеу жолын пысықтап,
дамыта түсу.
Білімділік : Араның өмірдегі пайдалы және зиянды жақтарымен
таныстыру,білу,араның қасиетімен таныстыру.
Тәрбиелілік : Аппликация жасау арқылы қыптылыққа ,
жинақылыққа ,әсемдікке тәрбиелеу.Балалардың
ойын,тілін,қиялын дамыта түсу.
Дамытушылық :қағазбен жұмыс істеуді,аппликациялық жұмыс
жасау жолын дамыта түсу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі : топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі аппликациялық заттар,жасалу кестесі,
топтама,түрлі-түсті қағаздар,шаблондар,.қайшы,
желім,қалам,өлең-жаңылтпаштар.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
1.Сыныпты сабаққа дайындаймын.Сыныпты алты топқа бөліп аламын.
2.Үй тапсырмасын т тексеріп шығамын.
3.Жаңа сабақ.
1)Мұғалімнің әңгімесі:
-Дұрыс,балалар.Бәріміз де үйге берілген тапсырманы орындап келіппіз.
Біз қағаз пішінділерінен құралған композицияны неден жасадық?
-Қағаздан.Дұрыс.Олай болса мына бір сұраққа жауап беріп көрейікші:
-Қағаз қалай пайда болды?
Бұл сұрақтың жауабын мына кестеден қарап көрейікші:
(Балалармен бірге талқылап шығамын.)
Қ А Ғ А З – талшықты материалдан жасалған жұқа парақтар.
Қағаз дайындау кестесі:
Ағаш дайындау
Ағаш үгінділерін дайындау
Қағаз фабрикаларында қағаз дайындау
- Балалар,сендер үйден әртүрлі әшекейлер жасап келдіңдер. Одан басқа да заттар жасауға болады екен.Бүгін біз не жасаймыз?
Соны тауып көрейікші.Қай топ тез табады екен?
Мен сендерге бір жұмбақ жасырамын:
Топ құрайтын жәндік бар-
Дәруге шырын жинайды.
Ашуланса,төгіп зәр-
Инесін тегін сыйлайды.
Шешуі :ара
Сонымен,балалар бүгін біз қозғалатын қанаты бар ара жасайды екенбіз.Балалар,енді осы арамен таныс болайық:
Балалар,аралар сары ала болып киінген.Үлкен қызыл аралар да болады.Сәнді жауынгерге ұқсайды екен.Құйрығының ұшында өткір шаншары сұсты қаруы секілді.Араға тиіссең,не абайсызда тиіп кетсең,шабуыл жасап,кез-келген жеріңнен шаға бастайды.Шаншарының түбінде улы бездері болады да,шаққан жері қатты ісіп кетеді.
Кәдімгі аралар ұяларын шатырға,ағаш,бұталардың бұтақтарына,кеуек-қуыстарға жасайды.Мұндай ұялар сұр картоннан істелген үлкен шарға ұқсайды.Аралар оны өздері өңдеп шығарады.
Араның ұясын көрсетіп,таныстырамын.
Ол үшін құрғақ бөрененің үстіне жайлап жүріп,оны жақтарымен қырады.Онан соң ұшып барып,қырып алғанын өзінің сілекейімен араластырып,ұясының керегесін құрайды.Аралар да,бал аралары сияқты тәттіге құмар.Кәдімгі арамен бірге құм аммофиласы және аратұмсық деген түрлері-араға туыс насекомдар екен.Бембекс аралары.
Топтамамен таныстырамын:аралар жасайтын аугер жәндік.Олар малдардың маңындағы шыбын-шіркейді,соналарды аулайды.
Ара туралы І топ өлең шумақтарын оқиды.
Екі ай өмір сүреді,
Аталығы араның.
Аналығы жүреді,
Үш-төрт жыл ашып аранын.
Бір оқушы шумақты оқиды,екінші оқушы сергіту сәтін жасатады.
ІІ топ әрі қарай жалғастырады.
Шырын іздеп ұшады,
Гүлден гүлге қонады.
Күншуақтан нәр алып,
Суық желден тоңады.
-Балалар,енді бүгінгі жасайтын арамызбен таныстырамын.Үлкен араның құрастыру бөліктерімен таныстырып шығамын.
-Балалар,енді қазір біз топ бойынша жұмыс жасаймыз.Әр топқа осы аралардың бөліктерін таратып беремін.Алты топ Алты араны құрастырып шығады.Оған барлық оқушылар топтасып жұмыс жасайды.Құрастыру ретімен таныстырамын.
1. Араның денесін қара қатырма қағаздан қиып ал.
2.Денесіне сары қағаздан жолақтар жүргізіп,желімдейміз.
3.Көзін қоңыр қатырма қағаздан қиып желімдейміз.
4. Аяқтарын денесіне желімдейміз.Үлкенін - артына,кішісін –ортасына, ортаншысын – алдына, тұмсығын басына желімдейміз.
5. Қанаттарын қоңыр қағаздан қиып аламыз да,орнатамыз.
6. Тесік тесіп,шегелер арқылы қанатын бекітеміз.
Балалармен бірге жұмыс жасап, өзім алдымен көрсетіп тұрамын.
Топтар арасында тапсырмалар беріп, жұмыс жасаймын.
ІІІ топ «ара» сөзіне топтастыру жүргіземін.
омарта
Ара - бал,омарташы
ұясы,гүл
шағады,ызыңдайды.
ІҮ топ «омарта» сөзіне дыбыстық талдау жасатамын.
Омарта - 6 әріп,6 дыбыс, 3 буын
Дауысты дыбыс – о,а,а
Дауыссыз дыбыс – м,р,т
Ү топ «Ара» сөзіне сөйлем құрау.
І---- ----- ----- ----- .
ҮІ топ - жаңылтпаш айтады.
Араға ара түсіп арашалай алған араны ,
Арашаламаған аралар алас ұрып толады.
-Балалар,біз бағана ара да өнім шығаратынын білеміз.Бал арасынан бал аламыз.Балдың қандай қасиеті бар еді?Есімізге түсіріп көрейікші.
Суық тигенде,тамақ ауырғанда сүтке араластырып ішеді.Арқаны сылап,бетіне қағазды тесіп-тесіп жапсырамыз.Суықты сорып алады екен.
Балалар,сонымен бүгінгі сабақта біз нені жасадық?
Араны жасадық.Оңай ма,қиын ба?
Оңай екен
Осымен сабағымыз аяқталды.
Сабақтың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Балаларды Ү ү дыбысымен таныстыру, ү дыбысы
бар сөздерді дұрыс айтуға,дұрыс буындауға,дұрыс
дыбыстауға үйрету, Ү ү әрпінің баспа-жазба
түрлерімен таныстыру. «Үкі» әңгімесін түсініп оқуға
қалыптастыру, ө-ұ дыбыстарымен салыстыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап ұйымдастыру,сергіту жаттығуы,
сөздікпен жұмыс,жұмбақ шешу,ойын ойнатамын,
қима әріптермен жұмыс,көрініс қою,
Сабақтың көрнекіліктері: «Әліппе» оқулығы,түрлі сутеттер, «Түлкі мен
қарғалар» ертегісі,жазу үлгісі,жұмбақтар,
жаңылтпаштар, қима әріптер, «Жоғалған буын»
ойыны,балдырған кітапшасы.
Сабақтың барысы:
1.Сыныпты сабаққа дайындап аламын.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
(Г г дыбысына берілген әңгімені 4 оқушыға оқытамын,3 оқушыға үлестірме қағаз беріп,бағалап шығамын.)
3.Үй тапсырмасын қорытып,жаңа сабақпен байланыстыру.
«Шеге» әңгімесінен көрініс қоя отырып,сұрақтар қою арқылы әңгіменің мәнін ашамын.
Шегені кім алды?
Болаттікі дұрыс па?
Шегені не істеді?
Құстарға сендер қандай көмек берер едіңдер?
деген сияқты сұрақтар қойылады?
«Шеге» сөзін қима әріптерден жаздыру,талдау жасату(буын,дыбыс)
4.Сергіту жаттығуын жасатамын:
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты-еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты-еңбек.
Еңбек жайлы балаларға айтамын,тақтаға «гүл» сөзін іліп,таныс емес әріпті тапқызамын,жұмбақ жасырамын.
Екі айыр,бір бұтақ,
Жапырақсыз тұр жұтап.
Ойлан,қара дұрыстап,
Қайсы әріпке тұр ұқсап?
(Ү ү әрпі)
5.Ү ү дыбысын дыбыстату,дауысты-дауыссызға ажырату
.Дауысты дыбыс екенін тапқызамын,жіңішке екенін айтқыза отырып, ажыратқызамын.Ұ жәнеӨ дыбыстарымен салыстыртамын.
Көл - күл
Құс - күз.
6. Үдыбысына сөздер ойлау,айтқызу,буындату,қай буында тұрғанын
ажыратқызамын.
Мысалы: Үйрек,үй,үкі,түлкі,үзеңгі,түйе,жүзім,күріш,жүгері сөздеріндегі ү
дыбысының орнын тапқызамын.
7. Ү ү –Ү ү әрпінің баспа және жазба түрлерін көрсетемін.
8. Суреттегі заттардың атын ататамын,буындатамын.
(Үзеңгі,үтік,жүзім,күрек,түс,түйе,үй,үйрек,түлкі)
Сөздік жұмыс жүргізе отырып,қолданылуын түсіндіремін.
9. Жұмбақ,өтірік өлең,жаңылтпаш айту,балаларға шешкіземін.
10. Балдырған кітапшасынан Ү ү дыбысына берілген өлеңді оқып беремін, оқушылармен бірге бірнеше рет қайталай отырып,жаттап алуға төселдіремін.
Үлпілдеген үкісі бар Үміттің,
Үлбіреген даусын қалай ұмыттың?
11.Кітаппен жұмыс жасап, «Жоғалған буынымды тап» ойынын
Ойнатамын:
Жү – зім үй - рек
Кү – рек түл – кі
Балалармен буынды тауып,орналастырамыз.
«Үкі» әңгімесін оқып беремін,түсіндіремін,суретімен таныстырамын. Қосымша балдырғаннан «Үкінің зары» әңгімесін оқып беремін,үкінің қасиетін,ерекшелігін балалармен бірге табамыз.
1.сұлу құс
2.киелі,қасиетті құс.
3.құрметтейді,қастерлейді.
4.тақия,бөрікке тағады. (жүнін)
5.бесікке,домбыраға байлайды.
6.үкіні өлтірмейді,жүндеп,тамаққа тойғызып тойғызып,қоя береді.
12.Балаларға бір-бір сөйлемнен оқытамын.
«Үкі» сөзін қима әріптен құратамын.Бір оқушыға тақтаға құратамын, буындатамын.
13.Теледидардан «Түлкі мен қарғалар» ертегісін көрсетемін,балаларға әр бөлімге сөйлем құратамын.
1.Түлкі қарғаларды көрді.
2.Түлкі бір қарғаны ұстап алғысы келді.
3.Бірақ қарғалар ұшып кетті.
4.Түлкі өтірік өліп,жата қалды.
5.Үстіне қонған қарғаны ұстап алды.
Бір оқушыға ертегіні түгел баяндатып шығамын.
14.Жаңа сабақты қорытамын.
- Балалар,бүгін қай әріппен таныстық?
-Ү ү әрпімен және дыбысымен таныстық.
-Ү ү дыбысы дауысты ма,әлде дауыссыз ба?
-Дауысты дыбыс екен.
-Балалар,бәріміз 1-10-ға дейін санайықшы.Ү дыбысынан басталатын қай сан?
-Үш саны екен. Олай болса,үш қасиетті сан екен.
(үш жұрт,үш жүз,үш арсыз,үш тәтті т.б.)
Үш дегенің үскі,
Ұшып жерге түсті.
Тындыратын істі,
Үскі неткен күшті.
15.Үйге тапсырма беремін. «Үкі»әңгімесін оқып келу.
16.Сабақты аяқтаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |