Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды



жүктеу 112,5 Kb.
бет16/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

Әдебиеттер:
1.Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2.Сыздық Р. Ғалым-азамат (профессор Құдайберген Жұбанов туралы) –Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.–68 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.
12-тақырып: Қ.Жұбановтың қазақ әдебиеті саласындағы еңбектері. Қ. Жұбановтың «Мұра-хаттар. Түрки әдебиеттер тілінің танымы» зерттеуі.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбановтың қазақ әдебиеті саласындағы еңбектері туралы.
2. Қ.Жұбановтың «Мұра-хаттар. Түрки әдебиеттер тілінің танымы» еңбегі.
3. Қ.Жұбановтың «Мұра-хаттар. Түрки әдебиеттер тілінің танымы» еңбегі.
4. Қ.Жұбанов және Қожа Ахмет Яссауи шығармасы
Дәріс тезисі
Қ.Жұбанов тіл білімі, әдебиет, фольклор теориясы салаларымен шектеліп қана қоймай, қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы жайында, оның халық әдебиетіне көзқарасын, одан қандай нәр алғанын, ақындығын, музыкаға енгізген жаңалығын, Абайдың тарихи қызметіне ең алғашқы дұрыс баға берген ғалым болатын. Оған 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналындағы «Абай –қазақ әдебиетінің классигі» деген мақаласы негіз болады. Профессор Қ.Жұбанов: «Абай біздің жазба әдебиетіміздің атасы болғанда, өлеңін, қара сөздерін тек қағазға жазғандығымен ғана емес, жазба әдебиет пен ауыз әдебиеттің осы айырмашылығын ашқандығымен де атасы болады. Қазақ әдебиетін ауыз әдебиеті дәрежесінен шығарып, неше мың жылдай көнігіп, етке, қанға сіңісіп болған ескі ауыз әдебиет дағдысынан құтқарған адам –Абай. Ескі ауыз әдебиетіндегі артық қыстырмалардан алғаш тазартқан да Абай»,- деп қазақ әдебиетінің тарихындағы ұлы ақынның орнын айқындайды.
Профессор Қ.Жұбанов ұлттың тарихын таныту үшін тіл мәселелерін ғана емес, халықтың әдеби мұрасын, жалпы түркі тілдес халықтар әдебиетінің терең білгір зерттеушісі болды. «Мұра-хаттар. Түрки әдебиеттер тілінің танымы» еңбегінде көрнекті ақын, ойшыл ғұлама, суфистік ағымның негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауидің әдебиет пен қоғам тарихында алатын орны туралы, оның ақындық шеберлігі жайында жазды. Қ.Жұбановтың фольклор мен әдебиетші ретіндегі басты еңбегі, халық әдебиеті мен жазба әдебиеттің ерекшеліктерін атап көрсетуінде. Нақтырақ тоқталар болсақ, қазақ халқының ауызекі әдебиетіне тән белгілерді «Абай − қазақ әдебиетінің классигі» еңбегінде ғылыми тұрғыдан атап, жанрлық жігін ашып көрсеткен ғалым, «Мұра−хаттар. Түрки әдебиеттер танымы» зерттеуінде «жазба әдебиет» атауының ұғынылу дәрежесіне анықтама бере, жалпы әдебиеттің нақты белгілеріне қайта-қайыра нықтай тоқталып өтеді.
Қ.Жұбанов алдыменен, Қожа Ахметтің аты-жөнін оның тегімен байланыстыра отырып жан-жақты ашып түсіндіреді. Қожа Ахмет Яссауидің тек діншілдік сарында жазған мистик ақын еместігін, тарихи тағдырды тап басып жаза білген ақын деп бағалап, және оның шығармаларының халықтың өмірлік халін танытуда аса зор маңызы барлығын дәлелдейді. Қожа Ахмет Яссауи шығармасының қоғамдық тарихилығын орынды атап көрсеткен профессор, өз тұстастарының ішінде бірінші болып әдебиеттің – әлеуметтік деректілігін, оның ішінде өзге жұрт «Яссауи әлемі – діни тұман» деп сыртқақпайлап жүрген Қожа Ахметтің ақындығын дәлелдей тауып айтады.
Қ.Жұбанов: «Хожа Ахмет қатынаста әділдікті арман етеді. Өз заманындағы әлеуметтік құрылыстың теңсіздігін көріп ызаланады. «Хикметтің басынан аяғына дейін осы зарлы сарын мен асқақ арманы үздіксіз дамып отырады. Әлеуметті әділеттілікке шақырады, гуманизмге үндейді...» – дейді. Сағдиді ұлықтап «Иранның атақты шайхы» деп баға береді. Шын мәнісінде, Қожа Яссауи тәрізді ұлттық руханиятымыздың бастау көзі болған жәдігеріміздің жадымыздан сүртілмей аман қалуы, дер кезінде танытылып, қоғам игілігіне айналуы Қ.Жұбанов тәрізді зиялы да зерделі ғалымның өлмес, өшпес еңбегі екендігін үнемі қайталап айтып отырсақ артық болмас еді.

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау