«Балалардың жазғы демалысын ауылдық кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері»



жүктеу 112,75 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.12.2017
өлшемі112,75 Kb.
#5235


Қобда ауданы  

Әлия ауылдық кітапханасы 

 

 

 



 

 

«Балалардың жазғы демалысын ауылдық кітапханада 

тиімді ұйымдастыру көздері» 

 

 

 

 

 

Кітапханашы: 

Князова К.Т 

 

 

 

 



2013 


Түсінікхат 

                                                                     Кітап!  

  Сен адамзаттың жақын досы! 

    Келмейді сөзі сені оқымай көңіл хошы. 

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры, 

          Басылған таңба болып өзіңде осы. 

Кітап адам өмірінде, оның қалыптасуында ерекше орын алады. Соның 

ішінде жасөспірім балалардың ой-өрісінің кеңеюіне, дамуына кітаптың қосар 

үлесі зор. Сондықтан да данагөй халқымыз «Кітап – білім бұлағы, Білім -өмір 

шырағы» деп бекер айтпаған. Қалың оқырман қауымды күн санап 

технологияның дамыған заманында, интернет – ақпарат кеңістігінде қалып 

қоймай кітапханаға тартудың өзі үлкен іскерлікті қажет етеді. Қазіргі таңда 

мектеп жасындағы балалар компьютердің құлағында ойнап, кей – кезде кітап 

оқуға деген қызығушылығы мүлдем болмай қалып та жатады. Ал, кітап қай 

заманда да адамның рухани азығы. Бұл жобада балалардың жазғы демалысын 

пайдаланып, ауылдық кітапханада жас оқырмандармен тиімді әрі пайдалы 

жұмыс түрлерін ұйымдастыру көздері қаралып отыр. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Жобаның өзектілігі: 

  Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруда кітапхана      

ресурсын пайдалана отырып интеллектуалды-танымдық, 

шығармашылық қабілеттерін арттыру; 

  Кітапханаға түскен жаңа балалар әдебиеті, танымдық энцеклопедиялар, 

балалардың мерзімді басылымдарымен таныстыру; 

   кітаппен «дос» болуға насихаттау.  

  Балардың кітапқа деген қамқорлығын ояту, кітапты таза, ұқыпты 

ұстауға, кітап түптеуге үйрету; 

 

Жобаның мақсаты: 

  Әр түрлі жастағы жасөспірімдер мен кітапханашы арасындағы бірлескен 

жұмысты жүйеге қою; 

  Әр кітаптың өз оқырманын табуға жол ашу; 

  Балалар арасында әдеби-мәдени кештер ұйымдастыру; 

  Отандық балалар әдебиетін насихаттау барысында қалың оқырман 

қауымымен конкурстар, поэзиялық, сахналық кештер өткізу; 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Жобаның міндеттері: 

  Қызығушылығы мен шығармашылық қабілетті балаларды біріктіру, 

олармен ұжымдық, топтық жұмыс жасау; 

  дарынды, шығармашылыққа бейім балаларды қолдау, ынталандыру; 

  Заманауи әдебиеттер мен Отандық ірі шығармалармен таныстыру, 

пікірлерімен бөлісу, ойларын ортаға салу; 

  кітапханада балалардың жазғы демалысын пайдалы, сонымен қатар 

тиімді ұйымдастыру; 

  Кітапхана ісін қалың оқырман арасына жарнамалау, оқырмандар санын 

көбейту; 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жобаны жүзеге асыру:  

 

Әлия ауылдық кітапханасы Қобда ауданындағы модельді 



кітапханаларының бірі. Қолайлы жағдай, жайлы жұмыс тәртібі, жақсы 

қалыптасқан қор, пайдаланушылардың саралы қызмет көрсетуі, жарық оқу 

залдары балаларды, жасөспірімдерді және бозбалаларды ғана емес, сонымен 

бірге ересектерді де өзіне тартады. Бала жасындағы оқырмандармен үлкен 

жан-жақты жұмысты ауылдық кітапханада  өткізеді, онда ағымдағы жылы 

«Жарқын болашақ» кітап көрмесі, жасөспірімдер арасында «Сен білесің бе?» 

турнирі, «Ата заңын елімнің құрметтейді бар адам» танымдық сағаты, «Мен 

қазақпын, биікпін, байтақ елмін» акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.  

6  маусымда  Әлия  ауылдық  кітапханасының  оқу  залында  Әлия 

Молдағұлова атындағы орта мектептің жанындағы «Ақжелкен» лагерінде дем 

алып  жатқан  балалар  үшін  «Жол  қапшыққа  кітап  салып»  жарыс  –  ойыны 

өткізілді. 

                     

 

Жүргізуші  –  кітапханашы  К.Т  Князова  балаларды  ең  тамаша  мезгіл,  үш 



айға  созылатын  жазғы  демалыстарымен  құттықтап,  табиғат  аясында,  таза 

ауада  көп  тынығып,  жеміс  –  жидектер  теріп,  суға  жүзіп,  демалыстарын  сәтті 

өткізуіне,  сонымен  қатар,  қызықты  кітаптар  оқуды  естен  шығармауларын 

айтып, өзінің тілегін білдірді. 




Жолға шығарда өзімен бірге алатын заттарды еске түсіру үшін, жүргізуші 

балаларға  өздерінің  сүйіп  оқитын  кітаптарының  беттерін  ашып,  қарауды 

ұсынды. Жарыс – ойын бес кезеңнен тұрды, оларды ептілікпен тез арада өтіп 

шығу керек болды.           

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Ертегілік  қимыл»  атты  бірінші  кезеңде  балаларға  ертегілік  шығармалар 



мен  олардың  басты  кейіпкерлері  туралы  сұрақтар  қойылды.  «Ертегі 

білгірлері»  атты  екінші  кезеңде  оқушыларға  суреттелген  іс-қимыл,  әрекеттер 

арқылы  ертегі  мен  ертегідегі  бас  кейіпкерді  тану  керек  болды.  «Ертегілік 

қобдишада» 

балалар 

ертегілердегі 

заттарды 

(бұйымдарды) 

олардың 

суреттеулеріне  қарап  естеріне  түсірді.  «Ертегілік  түскі  аста»  кім  қай  ертегіде 

кімге  тамақ  беретінін  естеріне  түсірді.  «Балалар  ақындары»  атты  соңғы  кезең 

ең  белсенді  балаларды  анықтады.  Балалар  атақты  ақындарды  және  олардың 

өлеңдерінен берілген үзінділерді тауып отырды. 

 



          

 

Іс-шараның  соңында  жүргізуші  балаларды  кітапхананың  қорына  соңғы 



жылдары  түскен  жаңа  балалар  әдебиетімен  таныстырды  және  оларға 

сыйлықтар табыс етілді. 

Әлия  Молдағұлова  атындағы    орта  мектебінде  «Туған  өлке  бәрінен 

ыстық»  атты  қызықты  ретро-кеш  өтті.  Ұйымдастырушы  Әлия  ауылдық 

кітапханасының  кітапханашысы  мен  мектеп 

ұжымы.  Кеш  мақсаты 

оқушылардың  бойында  Отанға,  ауылға,  туған  өлкесіне  деген  мақтаныш  пен 

сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. 

   


 

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Жазғы демалыс кезінде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері: 

Әдеби аукцион – нақты аукциондардың ережелері көшірілген әдеби ойын: 

ұсынылған сұраққа кімнің жауабы соңғы және толық болса, сол жеңіске 

жетеді. «Саудаласуға» әдеби шығармалардың білгіштері кіреді. Ең оқымысты 

кітапты «сатып алуға» мүмкіндікке ие болады. Ойынды өткізу үшін «сатуға 

арналған» кітаптарды және аукционның қатысушыларына ұсынылған 

сұрақтарды дайындау керек. Мысалы: Атауында цифра кездесетін 

кітаптардың аттарын атап шығу (түс, есім, хайуанның аты  және т.б.). 

Аукционға әдеби кейіпкерлердің «заттарын» да қоюға болады. 

 



 

Сұхбат- кітапханашының белгілілі бір тақырыпқа байланысты  әңгіме 

(жаңалық). Тақырып әңгімелер, кітаптар туралы әңгімелер болады. Сұхбат 

сұрақтар қою міндетті, балаларда жауаптарды табуға және тақырыпқа 

қызығушылықты ояту қажет. 



Оқылған кітаптар бойынша сұхбат – оқырманмен кітапты қайтару кезінде 

әңгімелесу.  Кітапханашы сұрақтарды ертеден ойластырады. Бірінші сұрақ 

кітапқа өз қарауын білдіртуге  немесе ең ұнатып қалған орындарын еске 

түсіруге балаға түрткі болу керек.  Жастары кіші оқырмандармен әңгіме 

құруға осындай сұрақтар көмектеседі, мысалы: «Кітапта саған не ұнады?», 

«Қай кезде сен ерекше ұайымдадың және толқыдың?».  Үлкен балалармен 

әңгімесінде оқырманды кетіретін, әңгімені ары қарай жалғастыру келмейтінге 

апаратын  жетекші сұрақтарға жоламау керек. Сұрақты кітаптың аты ойға салу 

мүмкін: «Сенінше кітап дұрыс аталған ба?». Егер оқылған кітаптың 

кейіпкерлерін салыстыруға болса, осындай сұрақ та болу мүмкін: «Кітаптың 

қай кейіпкері саған қатты ұнап қалды және не себепті?». Кейде әңгімені 

автордың өз кейіпкерлеріне караудан   бастауға болады. Егер кітапханашы 




оқырман өзі оқыған кітап туралы әңгімеге қосылады деп сенімді болмаса, 

оқырманның пікірін күтпей, сонымен оқырманды сұхбатқа шақырып, өзі кітап 

туралы әсерімен бөліседі. Сұхбат үстінде кітапханашы оқырман кітаптан 

қандай пайдалы нәрселерді алды, оны қалай бағалайды, алған білімдерді 

тәжірибелік қызметте пайдаланды ма, неліктен оқырманды ұсынылған кітап 

қанағаттандырған жоқ және т.б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтар мен жауаптар кеші – өзекті тақырыптың  кешенді іс-шара (қоғам-

саяси оқиғалар, ғылымның, әдебиеттің және өнердің, медицинаның 

жетістіктері, этикалық мәселелер және т.б.).   Тақырып тандауы жергілікті 

шарттармен, оқырмандарды белгілі сұрақтарға тарту қажеттілігімен 

белгіленеді. Дайындау уақытында кітапханашы сұрақтарды құрастырып, 

оқырмандарды олармен таныстырады (кітап көрмелерде, плакаттарда 

орналастырады, ауызша жариялайды), кітап көрмелерін ұйымдастырады, 

шолулар, сұхбаттар(жеке және топталған) өткізеді. Кешті жүргізуші ашады. 

Ол қысқаша тақырып, бар болған сұрақтардың сипаты туралы айтады, 

жауаптардың реті туралы ақпарат береді, консультантармен таныстырады, 

алдын ала белгілі ретінде  реттелген сұрақтар қояды. Ол да әрбір сұрақ 



бойынша қорытындысын шығарады, қажет кезде түзетулерді істейді және 

тақырыпты түсінуге көмектесетін әдебиетті ұсынады. Сұрақтар біткен соң, 

қорытындылар шығарылады. 

Әдеби кеш - әр түрлі тәсілдерді, ойын, театрализация, импровизация 

элементтерді қолдану арқылы әдеби шығармалардан негізделген кешенді іс-

шара. Кештің негізінде әдеби сценарий болады. Оны қай тақырыпқа немесе 

айрықша мәнді тарихи күнге арнауға болады. Іс-шараның арқауына әдеби-

музыкалық композиция, жазушының, тарихшының, өнер зерттеушінің, 

актердің шығуы тура келуі мүмкін.  Әрбір жаңа үзінді немесе дәйексөз басқа 

дауыстап оқушымен айтылғаны жақсы болар еді – дауыстардың тембр 

айырмашылығы мәнін түсіну үшін  қосымша оңды әсер  туғызады. Кештер 

үшін жайлы жағдай, сенімді достық қарым-қатынас, қатынастың  неформалды 

сипатын талап көрсету сипатты. Олар жиі шамдармен, шай ішуімен өткізіледі. 

Кеш стильге салынған болу мүмкін (қонақ жай, салон, бал, шеру және т.б.). 

Түрін автордың поэтикасы, басылымның түрі, кітаптың жанры, ғасырдың 

стилі, елдің дәстүрлері ойға салады. Әдеби кештер оқырмандарды тарту 

деңгейі боынша әр түрлі болу мүмкін – үлкен аудиториядан бастап камералы 

сипаттыға дейін. 

Портрет-кеш -  нақтылы адамдарға – әдебиет, өнер, ғылым аса көрнекті 

қайраткерлерге арналған кешенді іс-шара. Кітапханашы мақсатында тек қана 

іс-шараның кейіпкердің шығармашылығымен ғана байланысты емес, және де 

ол қандай адам болған, оның тамырлары қайдан, оның отбасы туралы және 

т.б. туралы айтып беру. Бір сөзбен айтқанда, «оның портретін барлық болатын 

құралдармен суреттеуге болады». Орталық кештің дайындау элементі 

кейіпкердің портреті болып табылады. 

Викторина – әр түрлі білім салалардан алынған тақырыптарға арналған 

сұрақтар мен жауаптардан құрылған оқырмандардың ой өрісін кеңейту 

мақсатымен интеллектілік  ойын. Түрлері тақырыптық, әдеби, музыкалық, 



тест, сюжеттік. Кітапханашы балалардың жастарына, олардың білім деңгейіне 

қарап ертеден сұрақтарды дайындайды.  Сұрақтар саны ертеден белгіленеді, 

олар нақтылы және бір тақырыппен байланысты болу тиіс. Викторинаның 

жеңімпазы ең көп дұрыс жауаптар берген оқырман саналады. 

Ұйымдастырушылар  викторинаның көріністілігін қамтамасыз етуімен қам 

жейді: театрализация элементтері, компьютерлік және аудио-видеотехниканы 

пайдалану. 

Қонақ жай – камералы жағдайда жасалған тақырыптық кездесу ретінде 

кешенді іс-шара. Поэтикалық, музыкалық, театрлық қонақ жайларды 

ажыратады. Қонақтарды жию кезінде айтарлықтай тыныш, әуенді, нәзік 

ырғағымен  музыка қосылады. Қонақ жайдың иелері барлығына ыңғайлы 

орналастыруға көмектесіп, күлімсіреу сыйлап, амандасады. Қонактармен 

таныстыру тапқыр, әзілқой, байыпты, көңілді  болу мүмкін. 

Қонақ жайдың тақырыбы сұхбаттардың, музыкалық немесе поэтикалық 

үзінділердің, слайдтардың немесе кеңестердің тақырыбын белгілейді. Қонақ 

жайда әрқашан анекдоттар естіледі – күлдіргі қысқа бірқақпайлар. Театрлық 

қонақ жай костюмді болу мүмкін, спектакльдерден сахналар орынды, 

театрлық ақ көбелектен элементтер де орынды. 

Библиографиялық ойын -  оқырмандардың ақпарат-библиографилық  

білгірлігін дамытуға көмектесетін әдейі ұйымдастырылған көңіл көтеру. 

Библиографиялық ойындар балалардың анықтама әдебиетке, 

библиографиялық құралдарға қарауға ынталандырады, кітаппен жеке жұмыс 

істеуге машықтарды алуға көмектеседі. 



 

Әдеби ойын - оқырмандардың әдеби білгірліктерін дамытуға көмектесетін 

әдейі ұйымдастырылған іс-шара. Түрлері: рольдік (оқырманның әдеби 

кейіпкеріне айналу) және интеллектілік (олардың негізінде кітаптың, оның 

авторын, кейіпкерлерін табу). Әдеби жұмбақтар (шығарма мен авторды 

кітаптың атауынан, кітап иллюстрациядан ойнап табатын); викториналар 

(балаларда еске алу, зеректікті дамытатын кітап мазмұны бойынша қызықты 

сұрақтар). Ойындар барлық жастық топтар оқырмандармен болу мүмкін. 

Ойынның тақырыбын белгілеп кітапханашы сұрақтар мен тапсырмалар 

дайындайды. Ойындық  сипаты сұрақтар  оқырмандар автордың шеберлігін 

қалай қабылдайды, балалар қалай әдеби бейнелерді, баяндауларды ұғады 

деген сұрақтармен сәйкес болу тиіс. Сахналық ойын жоспары: конкурстар, 

викториналар, белгіленген реттілікте ысырмалы және музыкалық үзілістер. 

Кітапханалық бөлменің безендірілуі: кітап көрмесі, суреттер, қол бұйымдары, 

карталар, жобалар, пікірлер, балалардың хабарламалары. 



Саяхат-ойын – маршрутты ойын, кезеңдерді өту ойыны, станция бойынша 

ойын, эстафета-ойын.  Саяхат-ойынның мақсаты – әсерді күшейту, мазмұнына 

ерекшелік қосу, олар көңіл бөлмейтін нәрселерге  балалардың назарын аудару. 

Міндетті элемент – маршруттік бетте белгіленген жоба бойынша топ 




қатысушылардың мақсаттылық жүру процедурасы, саяхат-ойынның 

ерекшіліктері: топ оқырмандардың әрқайсында өз рөлі бар саяхатшылар 

экипажына айналу; қызықты аттарымен аялдамалар белгіленген бояу карта 

түріндегі саяхат маршрутын құрастыруы және безендіруі. Аялдамаларда әр 

түрлі түрлер, тәсілдер, әдістер қолданылған арқылы сюжеттің негізгі іс-

әрекеттер пайда болады.  Өтілген аялдамалар карта үстінде тулармен немесе 

басқа да белгілермен белгіленеді. 

 «Пікірсайыс алтыбақан» - тербетілген алтыбақанға ұқсастырып жасалған, 

талқылау-сұхбаты; ағаш-алтыбақанды екі әріптес кезекті түрткімен тербетеді. 

 «Пікірсайыс алтыбақан» талқылау заты балаларды қызықтыратын, 

қоршайтын, олармен каникул кезде не болып жатқаны, кітаптар, хайуанаттар, 

ата-аналар, сабақтар, музыка, сонымен бірге төбелес, бейпілауыздық және т.б.  

барлығы да болу мүмкін. Оқиғалық сұрақтар, мәселе тақырыптар, дау-жанжал 

қақтығыстар талқылануы мүмкін. Пікірсайыс алтыбақан ертеден жарияланған 

тәртіп ережелері болуы мүмкін:  бір топ ережесі, плюрализм ережесі, 

сыпайылылық ережесі және т.б. Талқылауға сұрақ тандап біткенде, әрбір 

топтардың қатысушылары кезектеп пікірлерді айтады. Кітапханашы 

балалардың күштері азайғандарын сезіп алмай, мақтап, түзеп, бағыттып, 

балалардың айтқандарын күшейтіп, пікірсайыс алтыбақанның жолын және 

ырғағын қолдап тұрады. Пікірсайыстың аяғында оның нәтижелері айтылады. 

 Конкурс  - ең жақсы қатысушыларды, орындаушыларды, жұмысты тандау 

мақсатымен ойластырылған жеке немесе топтық сайысы. Конкурс жұмыстың 

жеке түрі болу мүмкін (әдеби, поэтикалық, музыкалық, экологиялық, 

фольклор) немесе кешенді іс-шараның, мерекенің, ойынның бөлігі болу 

мүмкін. Кітапханашының шешімін талап ететін негізгі сұрақтары: 

қатысушыларды белгілеу (жеке қатысушылар, топтар), әр түрлі 

қиындықтармен  тапсырмаларды таңдау (1- ден 12- дейін), сайыстың 

қызметтерін бағалау үшін алқа орган құру (қазылар алқасы, ғылыми кеңес); 




бағаның критерийін белгілеу; жеңімпаздар үшін сыйлық таңдау; реквизит 

тандау; бөлмені безендіру; жанкүйерлерді тандау және т.б. 



Марафон – бір тақырыппен біріккен көпшілік іс-шаралардың циклі.  

Спорттық атауын бастаудан мәреге дейін  деген бағдарды, жарыс сипатын, 

кедергі болғанын ақтайды. Интеллектілік сұрақтар мен шығармалық 

тапсырмалар, әр түрлі конкурстар бірнеше күн бойы созылатын  кітапханалық 

марафонның бағдарламасын құрайды. Марафонға көп саналы оқырмандар 

қатысады. 



Библиографиялық шолу – құжаттардың қысқаша мазмұны сипаттарымен  

орынды әңгіме түрінде жасалған  ашық ауызша хабарландыру. Шолулар 

түрлері: ақпараттық, ұсыным, тақырыптық, жеке, кітап пен журналдарды, 

библиографиялық құралдар, әдебиеттің және басқа құжаттардың арнайы 

түрлерін  шолу. Шолу – бұл орынды және ретті әңгіме екенін кітапханашының 

есінде болу керек.  Сондықтан жеке құжаттар арасында, ақпарат берген және 

ұсынған кезде өту қисының шекараларын сақтау маңызды. Шолу үш бөлімнен 

құрылады: кіріспе, негізгі және қорытынды. Көпшіліктің назарын аудару үшін, 

шолуды оқырмандарға арналған сұрақтан бастауға болады, мысалы, оның 

тақырыбы, мақсаты бойынша. Шолудың кіріспе бөлімінде тақырыптың 

қысқаша сипаты беріледі, оның маңызы, әдебиеттің тандау принциптері, оның 

шолу құрамындағы топталануы түсіндіріледі. Негізгі бөлімінде – шығармалар 

туралы әңгіме. Оның әрқайсысы туралы мәлімет беріледі (автордың тегі; 

шыққан мәліметтер, мақсатты және оқырман міндеті, анықтама аппараттың 

болуы, шығарма мазмұнын ашатын аңдатпа, бар болса шығармаларға арналған 

рецензия). Қорытынды бөлімінде барлығы айтылғанға қорытындысы 

шығарылады, шолу тақырыбының мазмұнына жақын қосымша басылымдар 

аталу мүмкін, сонымен бірге осы тақырып бойынша библиографиялық 

құралдар ұсынылу мүмкін.  Шолуға байланысты жалпы әдіс талаптары: 

жиналған кітаптардың көркем құндылығы, баяндаудың қол жетерлігі мен 

қызықтылығы, тындаушыларды қарқындату талабы, ұсынған кітаптарды оқуға 



олардың қалауын ояту, шолу жұмыстың дербес түрі болып табылады, бірақ 

жиі кітап көрменің жанында өткізіледі, әдеби кешті, кітапты талқылау, әдеби 

ойындарды бастайды немесе аяқтайды. 

Кітап талқылау - еркін пікірсайыс түрінде оқырман тобымен кітапханашы, 

автор, сыншы және т.б.көркем және сала әдебиеттің шығармаларын  ұжымдық 

саралау мен бағалау жұмысы. Оқырмандар өз еркімен, әр түрлі белсенділік 

пен ынтамен талқылауға қатысады. Кітап таңдауы маңызды болып саналады. 

Оқырмандардың: жас ерекшелігін, қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, 

дайындық деңгейін жақсы білу керек. 



Жобаның нәтижесі: 

 



Балалардың 

жазғы 


демалысын 

тиімді 


ұйымдастыруда 

кітапхананың маңыздылығы артады 

 



Оқырмандармен  тығыз  байланыс  орнату,  оқырмандар  саны 



көбейеді; 

 



Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығы артады; 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапхана оқырмандарына сауалнама 



Құрметті оқырман!

 

     Сізді қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жүргізіліп отырған 



сауалнамаға қатысуыңызды өтінеміз. Сіздің пікіріңіз қажетті өзгерістер 

енгізуге және сіздің қажеттіліктеріңіз бен сұранымыңызды ескеруге өз көмегін 

тигізеді. Көптеген сұрақтарда жауап нұсқалары көрсетілген. Жауаптардың 

қайсысы сіздің пікіріңізге сай келеді, сол нұсқаны белгілеңіз. Егер де 

ешқандай жауап сіздің көңіліңізден шықпаса, онда өз нұсқаңызды 

жазуыңызды сұраймыз. 

Сауалнамаға қатысқандығыңызға рахмет! 

1.Кітапханадағы сіздің оқырман стажыңыз 

 

1жылдан 3 жылға дейін;  



 

3 жылдан 5 жылға дейін;  

 

5 жылдан 10 жылға дейін;  



 

10 жылдан жоғары;  

 

Басқаша _____________________________  



2.Біздің кітапханаға қаншалықты жиі келесіз (тек бір нұсқасын ғана 

белгілеңіз) 

 

Күн сайын;  



 

Жұмасына бірнеше рет;  

 

Жұмасына бір рет;  



 

Айына бірнеше рет;  

 

Жылына бірнеше рет;  



 

Басқаша _____________________________ (соңғы кезде келу тәртібіңіз 

өзгерсе, міндетті түрде көрсетіңіз)  

3.Сіз кітапхана залына күннің қай уақытында келесіз? 




 

Күннің бірінші жартысында;  

 

Күннің екінші жартысында;  



 

Кеш уақытында;  

 

Әртүрлі, уақыт болған кезде;  



 

Басқаша _____________________________  

4.Жыл ішінде жүйелі түрде кітапханаға келіп тұрасызба? 

 

Иә;  



 

Жоқ;  


5.Егер де «жоқ» болса, не себепті? _____________________________ 

6.Бүгін кітапханада сізге керегі 

 

Нақты құжатты табу (кітап, мақала және т.б.)  



 

Тар шеңберлі тақырып бойынша барлық әдебиеттерді айқындау;  

 

Тақырып бойынша әдебиет негізімен танысу;  



 

Фактографиялық ақпараттарды табу;  

 

Жаңа әдебиетпен танысу;  



 

Интернет қызметімен пайдалану;  

 

Басқаша _____________________________  



  

7.Егер сіздің үйіңізде кітапхана бар болса, біраз сол туралы айтып беріңізші? 

(шамамен онда қанша кітап, ол бұрыннан бар ма, қазіргі уақытта кітаптармен 

толтықтырылып жатыр ма, қандай кітаптармен – ғылыми, техникалық, әдеби 

кітаптар (өз жауап нұсқаңыз) және т.б.; онда өз кәсібіңізге байланысты 

кітаптар бар ма?қазіргі уақытта қажетті кітаптарыңызға қол жеткізе аласызба) 

___________________________________________________________________

_____________________________________ 




8.Сіздің оқырмандық қызығушылығыңыз ғылымның қай саласымен 

байланысты? 

 

Жаратылыстану ғылымдары;  



 

Техника;  

 

Медицина;  



 

Экономикалық және әлеуметтік ғылым саласы;  

 

Әдебиет және өнер;  



 

Басқаша _____________________________  

9.Біздің кітапханада сізге ұнайтыны (бірнеше нұсқаны белгілеуге болады) 

 

Қордың жан-жақтылығы;  



 

Отандық басылым өнімдері жинағының толықтығы;  

 

Айтарлықтай мөлшерде шетел басылымдары қорының болуы;  



 

Кітапхананың орналасқан орнының ыңғайлылығы;  

 

Кітапхананың көңілге жайлы ахуалы;  



 

Әріптестермен араласуға мүмкіншіліктің болуы;  

 

Басқаша _____________________________  



10. Біздің кітапханада сізге кедергі келдіретіні (бірнеше нұсқаны белгілеуге 

болады) 


 

Қорда керекті кітаптың болмауы;  

 

Сізге қажетті кітап көбіне қолда болады;  



 

Сізге қажетті басылымдардың кітапханада болмауы (қандай екенін 

көрсету);  

 

Басқаша _____________________________  



11. Біздің кітапханада сізге қызмет көрсету бойынша немесе жасалған 

жағдайдан  сіздің көңіліңізге жағатын тым болмаса біреуін сипаттап атасаңыз 

___________________________________________________________________

_________________________________________________________________ 




12. Біздің кітапханада сізге қызмет көрсету бойынша немесе жасалған 

жағдайдан  сіздің көңіліңіз толмайтын жағдайдың тым болмаса біреуін 

сипаттап атасаңыз ________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

13.Біздің кітапхананың жұмысынан қандай бір жақсы өзгерісті көргіңіз 

келеді? ________________________________________________ 

14.Сізге қажетті ақпараттарды таба аласызба? 

 

Үнемі тауып аламын  



 

Жиі тауып аламын  

 

Әдетте табамын  



 

Анда-санда тауып аламын  

 

Жауап беру қиынау  



15.Сіздің ойыңызша қажетті ақпаратты табу үшін кедергі  келдіретін басты 

себеп не деп ойлайсыз? ____________________________________ 

 

16.Сіз өзіңізді оқырманның қай категориясына жатқызасыз? (сіздің 



жағдайыңызға сай нұсқалардың бәрін белгілеңіз) 

 

Судент;  



 

Орта, жоғарғы оқу орындарының оқытушысы;  

 

Оқушының ата-анасы;  



 

Өз білімімді кеңейту үшін оқимын  

 

Көңіл көтеру үшін оқимын;  



 

Басқа категория (қандай) _______________________________________  

17.Кітапханадан алған ақпаратты сіз жұмыстың қай саласына қолданасыз? 



 

Өнеркәсіп;  

 

Құрылыс;  



 

Транспорт;  

 

Сауда және қоғамдық тамақтану;  



 

Денсаулық сақтау;  

 

Білім беру;  



 

Мәдениет және өнер;  

 

Ғылым;  


 

БАҚ қызметіне  

 

Басқа қызмет  саласына (қандай)______________________________  



18. Сіз Интернетке еш кедергісіз кіру кітапхананың қызметін соның ішінде 

біздің кітапхананы да керексіз қылады дегенмен келісесіз бе? 

 

Толығымен келісемін;  



 

Келісетін шығармын;  

 

Келіспеймін ғой деймін;  



 

Мүлде келіспеймін  

 

Айту қиын  



Жасыңыз ____________ 

19. Ал енді, еркін түрде, біз кітапхананың жұмысын еш мүлтіксіз ету үшін 

сіздің қандай ұсынысыңыз бар екенін жазуды 

өтінеміз____________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

_______ 

  

 



 

 

Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алғысымызды 



білдіреміз! 

 

жүктеу 112,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау