|
Ксилема және флоэма Өсімдіктердегі заттардың тасымалдану ерекшеліктері
|
Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 4,6 Mb. | | #36713 | түрі | Сабақ |
| 7.2В ксилема және флоэма презентация Момаханова У.Н Ксилема және флоэма Өсімдіктердегі заттардың тасымалдану ерекшеліктері - Фотосинтез мысалында заттардың қозғалуын қарастырайық
Сабақтың мақсаты - Өсімдіктердегі ксилема және флоэманың құрылымдық элементтерін қарастыру
Бағалау критерийлері - Сабақтар мен тамырлардың құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты сипаттау
- Ксилема мен флоэма құрылысын, қызметін салыстыру
- Өсімдік қандай заттарды және оларды қайдан алады?
- Минералды тұздарды топырақтан
- Фотосинтез үдерісінде жапырақта органикалық заттар түзіледі
Бұл үдеріс қайда жүреді? Осы үдеріс жүру үшін не қажет? - Су, көмірқышқыл газы, күн сәулесі
Жасушаларға су қалайша жеткізіледі? - Өсімдік тамырларында тамыр түктері деп аталатын сору аймағы болады.Олар суды сіңіріп оны өткізу аймағына береді, осы жерден ол сабақтың түтіктері арқылы жапыраққа көтеріледі.
Австралияда өсетін эвкалиптерде су түтіктер арқылы 100 метр биіктікке көтеріледі. Сабақ бойымен көтерілетін күш- тамырлық қысым деп аталады. - Тамыр насос секілді сабақ бойымен жапырақтарға үздіксіз суды тасымалдайды
Өсімдіктердің өткізгіш жүйелері - Өсімдіктерде заттар қозғалысы екі жүйе арқылы жүзеге асады:
- СҮРЕК ТҮТІКТЕРІ (КСИЛЕМА) – су және минералды тұздар;
- ҚАБЫҚТЫҢ СҮЗГІЛІ ТҮТІКТЕРІ (ФЛОЭМА) – органикалық заттар
- Сүрек — өткізгіш ұлпа. Түтіктер (өлі жасушалар) және сүрек талшықтарынан тұрады.
- - Түтіктер су және минералды заттарды тамырдан - жоғары ағыс арқылы қозғалтады.
- - Сүрек талшықтары беріктік қасиет береді.
- Қабық — өткізгіш ұлпа, сүзгілі түтіктер (тірі жасушалар) мен қабық талшықтарынан тұрады.
- -Органикалық заттар жапырақта өсімдіктің өзге де бөліктеріне қабықтың (флоэма) сүзгілі түтіктері арқылы (төменгі ағыс) тасымалданады, олар тірі көлденең өткізгіш саңылаулары бар қабырғалармен бөлінген, сүзгіге ұқсайды.
Тәжірбиеде боялған суға салынған өркеннің жапырағы мен, гүлінің боялғандығын көреміз.Сабағын скальпелмен көлденеңінен және ұзынынан теңдей екіге қақ жарып қараңыз (лупаны пайдаланыңыз).Қабық пен өзек қабаты боялмай, тек сүрек қабаты боялғаны байқалады Ұзындығы 15 см-дей 2 бұтақ алынады.Біріншісін төменгі ұшынан( суға салынатын жағы) 5 см жоғарырақ жерінен қабығын (енін 3 –см-дей) сақиналап кеседі.Екінші бұтақты сақиналап кеспей сол күйінде ыдыстағы суға салып қояды.Қабығы кесілген бұтақта қосалқы тамырлар кесілген жерінің жоғарғы жағынан шығады.Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда болмайды.Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте алмайды.Ал, қабығы кесілмей салынған бұтақта қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды - Ксилема және флоэманың құрылысы мен қызметтерінің өзара байланыстылығы
- Заттардың тасымалдануының механизмі
- Диффузия – заттардың концентрациясы жоғары ортадан төмен ортаға қозғалысы
- Жасушаның суды сіңіру барысында, онда осмостық және тургорлық қысым қалыптасады да, жасуша қабықшасын кереді. Суды және ондағы еріген заттарды мембрананың бір бағытта таңдамалы өткізуін осмос деп атайды. Вакуольдегі сіңірілген су, протопластқа қысым түсіріп, қабықшаны керіп, оны ісіндіреді, бұл құбылысты тургор деп атайды. Осмостық қысым (О) жасуша қабықшасының ішкі жағынан сыртқа қарай кере түсуге бағытталған. Бұған көрсетілген қарама – қарсы қысым тургорлық қысым (Т) деп аталады. Бұл екеуінің айырымын – сорушы күш (С) деп атайды да, оны мына формуламен анықтайды: С = О – Т
- қанттың деңгейі көтеріледі
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|