УМКД
042-18-3.1.48/03-2013
|
Басылым 2
|
беттің -ші беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжаты
|
ОӘК
|
УМКД
042-18-3.1.48/03-2013
|
«Экономикалық талдау» пәнінен оқу- әдістемелік материалдар
|
Басылым №1
|
«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
| Мазмұны |
|
|
|
|
|
1
|
Глоссарий
|
4
|
2
|
Дәрістер
|
4
|
3
|
Тәжірибелік сабақтар
|
4
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
5
|
|
3
6
57
62
|
ГЛОССАРИЙ
Анализ (Греч.analisys – бөліну) жекелейдің бөлек бөлшектерге бөліну процесін білдіреді.
Ассортимент – снын көрсете отырып өнімдердің аттарының тізімі.
Бухгалтерский баланс – есеп беру кезеңінің ішінде кәсіпорын құралдарын нақтылай көрсетпейтін және есеп беру периодының соңына лезде мәліметтердің жиынтығы.
Бюджет – жоспардың санды көрінісі, оны орындау құралы мен тәртіп әдісі.
Бухгалтерлік модель - өндіріс көлемін өзгертуден қалдықтар және жиынтық кіріске тәуелді сызықты кесте.
Бюджеттеу – кәсіпорын мен оның құрама бөліктерінің қызметін басқару тәсілдері.
Тігінен талдау– есептіліктің позициясының жалпы нәтижеге әсерін анықтап аяққы қаржылық көрсеткіштер құрамын анықтау.
Топтастыру – барлық экономикалық зерттеулердің ажырамас бөлігі.
Көлденеңінен талдау– есептіліктің әрбір позициясын алдыңғысымен салыстыру.
Дедукция – жалпы факторлардан жекелерге, нәтижелерден себептеріне зерттеу әдісі.
Директ-костинг – дайын өнім түрлеріне тура шығындарды жалпылау; есеп кезеңінің қаржылық нәтижесі арқылы өтелетін жанама шығындар басқарушылық есептің жүйесі.
Запастарға шығындар – сатыл алумен, сақтаумен, орнын толтырумен байланысты шығындар, алымдар, зияндар.
Индукция – логикалық индукция арқылы себепті байланыс әдістерін зерттеу маңызы жекешеден жалпыға, себептерден нәтижелерге әкелетін, жеке факторлардан жалпылауға өтуді зерттеу.
Инвестициялық қызмет – кәсіпорынның экономикалық потенциалын дамыту мен сақтауға бағытталған қызмет түрі. ҚР заңдарымен реттеледі.
Ақпараттық есептілік – сұрау бойынша кәсіпорынның басқармасын құрамдас бөліктеріндегі оқиғалар туралы ақпарат.
Ақпарат – зат туралы білімді дамытатын фактілер, мәліметтер, көз қарастар.
Несие төлеу мүмкіндігі – несиені алу құқығы мен мүмкіншілігі.
Бақыланатын шығындар – кәсіпорында жұмыс істейтін тұлғалар, басқару субъектілері жағынан бақылауға беріледі.
Жанама шығындар - өзіндік құнына жанама түрде жатқызылатын және өндіріске өнімінің бірнеше түрін жалпы сипаттайды.
Критикалық (өлі) нүкте – барлық өнімнің өткізілуі кезіндегі пайдасына тең сатылу кезіндегі кәсіпорынның шығындары.
Материал берушілік - өндірістік өнім құнын материалдық шығынға бөлгенмен анықталады.
Материал көлемі - өндірістік өнім құнын материалдық шығын сомасына қатысты өнім саналады.
Маржиналды талдау – тұрақты және ауыспалыға шығындарды бөліп, өзіндік құны мен пайдасы, сату көлемінің себеп-нәтижесі негізінде бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділік негізділігі мен бақылау әдісі.
Маржиналды шығындар мен пайдалар – әрбір өнім бірлігіне есепте кірістер мен қосымша шығындар.
Маржиналды пайда әдісі – ауыспалы шығындар көлемі мен өнімді өткізу пайдасы арасындағы салыстыру арқылы негізделген теңечтіру әдіс түрі.
Номенклатура – өндірістік өнім жалпыкеңестік классификаторы ТМД территорисында қолданылатын сәйкес өнім түрлеріне қабылданған, код түрі көрсетілген өнім аттарының тізімі.
Қосымша шығындар – кәсіпорынды басқару, өндірісті басқару мен қызмет көрсетумен байланысты кешенді шығындар.
Негізгі капитал – ұзақ уақытты мақсатқа бағытталған жылжымайтын мүлікке, акцияға, пайдалы қор запасына, біріккен кәсіпорындарға және т.б.-ға салынған қаражаттар; мобильденбеген, ұзақ уақытқа айналымнан шығып қалған құралдар, олардың алғашқы құны капиталдың жалпы сомасына қалдық құны бойынша қосылады.
Айналым капиталы – бірталай мобильденген айналымда тұрақты болатын құралдар; олардың айналымы неғұрлым тез болса, кәсіпорын сонша пайда табады.
Айналым запастары – болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоймаға жеткізілетін запастар. Сақтандыру запастары мен қолда бар запастардың жалпы санының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – көзделген немесе қол жеткен техникадан, технологиядан және өндірісті ұйымдастырудан максималды шығарылған өнімді көрсетеді.
Төлемқабілеттілік – кәсіпорынның уақытында алынған кредит (займ) уақытында қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайды суреттейді.
Ауыспалы шығындар – өндіріс көлеміне тікелей тәуелді шығындар.
Өндірістік цикл – өнімді дайындауға кететін уақыт.
Ырғақтылық – жоспармен алдын ала қаралған көлем мен ассортимент графигіне сәйкес өнімді уақытылы шығару.
Материалға кететін релевантты шығындар – тапсырыстарды орындау мен запастарды сақтауға байланысты болашақ шығындар.
Өндірістің релевантты шығындары – таңдалған шешім нұсқасынан өзгеретін болашақ шығындар.
Синтез – анализге қарама-қарсы процедура, синтез – қосылу.
Өнім құрылымы – бөлек өнімдердің массасы мен оның жалпы шығарылуы арасындағы қатынас.
Салыстырмалы талдау – фирманың, еншілес фирмалардың, цех құрылымдарының бөлек көрсеткіштерінің есептілік жиынтық көрсеткіштің ішкі шаруашылық анализі, және осы фирманың бәсекелестерімен көрсеткіштерін шаруашылықаралық анализі.
Өзіндік құн – ақша түріндегі қолданылған ресурстарының көлемі.
Стандарт-кост – стандарттанрдан ауытқуды бөліп көрсетіп нақты шығындардың есебі мен өндірістің басына стандартты калькуляцияны құру жолымен өндірісті бақылауға тура шығындар бағыты, басқарушылық есеп жүйесі.
Сақтандыру қоры – келесі тапсырманы алу уақытында қоймадағы қалған материалдар.
Трендтік талдау – трендті анықтау мен алдыңғы период есептілігінің әрбір позициясын салыстыру.
Еңбек көлемі – дайындалған өнімнің барлық көлемі немесе бірлігіне кеткен жұмысшы уақыт шығыны.
ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛДАР
1 тақырып: Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны
Дәріс сұрақтары
Экономикалық талдаудың мазмұны.
Экономикалық талдаудың пәні мен объектісі.
1.Экономикалық талдаудың пәні шаруашылық қызметінің нәтижесі бөлу себептерден және өзгерістен құралады. Кәсіпорын шаруашылық қызметінің себеп салдарына байланысты эконимкалық мән –мағынасын анықтау рұқсатымен, оның жеткен нәтижеге дұрыс баға беру, өндірістің резервтік тиімділігін жоғарлату жоспарлау және басқару шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондықтан, экономиканың анықталуы және процесстері экономикалық талдаудың пәннің себеп –салдарынан байланысты болады.
Экономикалық талдаудың мазмұны бұл кәсіпорынның өндірістік бағдарламаның мақсатын қабылдауы, оптималды басқару шешімдерін толығымен қабылдауын, ішкі резервтерін және экономикалық ақпаратты шаруашылық субъектінің талдамалық функциясын жан –жақты және тереңдетіп анықтау.
Талдаудың негізгі мақсаты –шаруашылық субъектінің функциясының тиімділігін жоғарлату және сондай –ақ жоғарғы резервтерді іздестіру.
Талдаудың негізгі мақсатына жету үрдісі келесі міндеттері шешіледі:
экономикалық заңдардың орындалу сипатын анықтау, заңдылықты белгілеу және нақты шартты үрдісі мен экономикалық тенденциясының анықталуы.
Бизнес жоспар мен нормативтердің ғылыми – экономикалық негізділігін жоғарлату.
Берілген жоспардың нысаны және жан –жақты орындалуын нормативтік мөлшерін бақылау, өнімнің сапасын және құрылымын анықтау.
Ғылым жетістіктері мен практиканың және озық тәжірібие анықтау негізінде өңдірістің жоғарғы тиімділік резервін іздестіру.
Қаржылық және еңбек ресурстарын қолданған материалдардың экономикалық тиімділігін анықтау.
Шаруашылық нәтижелерді болжау.
Коммерциялық тәуекелдікті зерттеу.
Маркетингтік талдауды салыстыру
Аналитикалық материалдарды оптималдық басқару шешімдері таңдау үшін дайындау және ағымдағы қызметтің корриктировкасымен байланысты стратегиялық жоспарды әзірлеу.
2.Экономикалық әдебиетте талдаудың әр түрлі тән сипатына классификацияланады:
Салаға байланысты талдау сала бойынша және салааралық болып бөлінеді.
Мерзіміне қарай талдау алдын ала және кейінгі (тарихи, ретроспективтік).
Кеңістікке қарай талдау ішкі шаруашылық және шаруашылық аралық.
Басқару субъектінің классификациялық талдауы негізгі мағынаны білдіреді.Шаруашылық қызметі (басқару жүйесі жеке жүйелерден тұрады: экономикадан, техникадан, технологиядан және т.б.).
Оқу әдістеріне қарай талдау : салыстырмалы, факторлық, диагностикалық, маржиналдық, функцианалдық бағадан. Экономикалық талдау әдісінен жүйелік теоретико категориясын ғылыми инструментария және экономикалық субъектінің функционалдық үдесінің зерттеу принципі түсінуге болады.
Экономикалық талдауда әр түрлі әдістерді қолданады.
Экономикалық талдаудың схемасы.
Негізгі экономикалық талдаудың әдістік элементі негізінде техникалық қабылдау және талдау әдістері әр түрлі зерттеу деңгейде қолданылады. Олар:
Алғашқы өнделген жиналған ақпарат (жүйелендіру, тексеру, топтау);
Зерттелген объектінің заңдылық дамуы және зерделеу жағдайы.
Кәсіпорын қызметінің анықталған фактордың нәтижеге әсері.
Өндірістің келешек резервтердің тиімділігі жоғарлау және қолданылмаған есептеу жағдайы.
Кәсіпорын қызметінің кешенді бағалау және талдау нәтижені қорытындылау;
Басқару шешімдері, элементтік даму және экономикалық жоспарды негіздеу.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Экономикалық талдау пәні нені білдіреді ?
Экономикалық талдаудың міндеттері.
Экономикалық талдауы қай себептен топталады ?
2 тақырып. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Дәріс сұрақтары
1.Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі.
2.Экономикалық талдаудың сипаттамалық ерекшеліктері.
1. Экономикалық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қоры-тынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондық-тан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есеп-теуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, бол-жамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табы-лады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыс-тарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономика-лық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау кажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да кажеті жоқ, себебі олар-дың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
2.Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирма-лардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есе-бінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда эко-номикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Қаржылық жағдайды қалай талдау керек деген сұраққа талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның кұрылымын бағалаудан басталатынын білген дұрыс.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңде өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақты-лықты абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қар-жылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көр-некті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің қар-жылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзі-нің ықыласына байланысты.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Экономикалық талдаудың қандай әдістері бар?
2. Әдістердің өзара байланыстары қандай?
3. Жедел талдау қалай жүргізіледі?
3 тақырып: Факторлық талдау
Дәріс сұрақтары
Факторларды жүйелендірудің қажеттілігі мен мазмұны.
Детерминдік және стохастикалық әдістердегі факторларды жүйелендіру әдістері.
1.Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-меген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытын-ды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.
Факторлық талдау – Детерминделген және стохастикалық зерттеудің қабылдау көмегімен жеке фкторлық көрсеткіштер нәтижесіне әсер ететін талдау.
2.Факторлық талдаудың мақсаттарының бірі – қорытынды көрсеткіштер арасындағы қатынастарды модельдеу болып табылады. Зерттеу объектісі үшін модель құрастыру талдау нәтижелерін нақтылай түседі. Факторлық талдауда детерминирленген және стохастикалық модельдер қолданылады. Детерминирленген факторлық модельдер көмегімен көрсеткіш нәтижелері мен (функциялар) факторлар (аргументтер) арасындағы функционалды байланыстар зерттеледі.
Детерминирленген факторлық жүйелерді модельдеу кезінде мынандау талаптар орындалуы керек.
Факторлар мен модельдер абстрактілі шамалармен берілмей, нақты сипатта болу керек.
Зерттеліп құбылыстың құрамдас бөлігі бола отырып қана факторлар нақты нәтижелер бере алады.
Өзгерістерді зерттеуге арналған факторлар жүйесі нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін сандық өлшемдерде болуы керек.
Факторлық модель құбылыстың бір ізділігі мен үздіксіздігіне қатысты ырғақты түрде қолданып отырады.
Детерминирленген талдауда әртүрлі факторлық модельдер кездеседі: аддитивті модель; мультипликативті модель; аралас модель; мәртелік модель.
Бұлардың қай-қайсысы болмасын зерттеу объектісін қысқартып және кеңейтіп, көлденең және тік түрде, толықтай және жартылау негізде талдауға мүмкіндік береді.
Еңбек ақы қорын факторлық талдау оның өзгеру себептеріне зерттеу жүргізіп, нәтижелерін нақтылай түседі.
Еңбек ақының мерзімдік қоры
Орта тізімдік сан (ОС)
Бір жұмысшының орта жылдық еңбек ақысы (ОЖЕ)
Бір жылдағы бір жұмысшының жұмыс істеген күні (К)
Бір жұмысшының орта күндік еңбек ақысы (ОКЕ)
Ауысымның орта ұзақтығы (Ұ)
Бір жұмысшының орта-сағаттық еңбек ақысы (ОСЕ)
Сызба Мерзімді жұмысшылардың еңбек ақы қорының детерминирленген факторлы жүйесі.
Сызбаға сәйкес еңбек ақы қорынан ауытқуларды де – терминирленген факторлық жолдарда мына модельдер қолданады.
ЕАҚ =ОС*ОЖЕ
ЕАҚ = ОС*К*ОКЕ
ЕАҚ = ОС*К*Ұ*ОСЕ
Осыған сәйкес зерттеліп отырған кәсіпорынның мәліметтері негізінде мерзімді еңбек ақы қорын факторлық талдау үшін деректерді қарастыру керек.
Факторлық жүйелерді модельдеу процесі – құбылыс пен оның құрамдас бөліктерін талдап, оның қорытындыларын шығару және резервтерін айқындауға нақты зерттеу мәліметтерін береді. Зерттелетін көрсеткіштер мен талдаудың соңғы нәтижелерін дәйекті түрде көрсетуде детерминирленген факторлық жүйені қолдану, талдау қорытындыларын қызмет барысын жоғарлату мен жақсарту мақсатында ғана қолдануға мүмкіндік береді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Факторлық талдаудың ерекшелігі неде?
2. Детерминирленген талдау қандай кезде жүргізіледі?
4 тақырып : Қаржылық коэффициенттер әдісі
Дәріс сұрақтары
Қаржылық коэффициенттер.
Төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері.
Табыстылық пен пайдалылық қоэффициенттері.
Қорларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері.
1.Қаржылық тұрақтылықтың жалпы көрсеткішінің артықшылығы мен жетіспеушілік шығын мен қорларды қалыптастыруға, және ол шығын қаражаты мен қордың көлемінің қаражаттың бірлік көлеміндегі талдау.
Қаржылық тұрақтылық – кәсіпорынның шотының анықталған жағдайы, оның үнемі төлем қабілетіне кепіл беру.
Қаржылық тұрақтылықтың бағалануы қаржылық үлкен көлемде коэффициентінің көмегімен өткізіледі.
Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын коэффициенттері.
Көрсеткіштердің атауы
|
Сипаттауы
|
Есеп айырысудың тәсілі
|
Көрсеткіштердің интерполяциясы
|
1. Қаржылық тәуелсіз коэффициенті (Қ.т.к)
|
Валютадағы баланстың меншік капиталының үлесі.
|
Қ.т.к. = МК/БВ
МК- меншік капитал, БВ- баланстық валюта
|
Жоғары -0,5 мәнінде көрсеткіші ұсынылған. Олардың жоғарлануы кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін нығайту үшін көрсетілген.
|
2.Қарыздық коэффициенті (Қкф)
|
Қарыздық және меншік құралдар арасындағы қатынасы.
|
Қк = Қкф/МК
Қк –қарыздық капитал
МК меншік капитал.
|
Көрсеткіштердің мәні -0,67 ұсынылған.
|
3. Өзін -өзі қаржыландыру коэффициенті
|
Меншік капитал мен қарыздық құндардың арасындағы қатынасы.
|
Өөқкф= МК/ Қк
|
Ұсынылған мәні ≥ 1,0. Меншік капиталдың көмегімен қарыздық құралдарды жабу мүмкіндігін көрсетеді.
|
4. Меншік ағымдағы құралдармен қамтамассыз етілген коэффициент
|
Ағымдағы активтердің меншік ағымдағы құралдардың үлесі
|
Ма.қ.қ.е.кф.= АМҚ/АА;
АМҚ – ағымдағы меншік құралы
АА- ағымдағы активтер;
|
Көрсеткіштің мәні ұсынылған ≥ 0,1 (немесе 10%). Көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын тәуелсіз қаржылық саясатын жүргізуге мүмкіндігі болады.
|
5. Коэффициенті оңтайлы қолдану (Кф.о. қ.)
|
Меншік капиталдан ағымдағы меншік құралдардың үлесі.
|
Кфо.қ.= АМҚ/МК
|
Ұсынылған мәні 0,2-0,5. Көрсеткіштердің мәні неғұрлым жоғары орналасса сол жағдайда кәсіпорынның қаржылық оңтайлығы жоғары болуы мүмкін.
|
6. Қаржылық коэффициент қарбаластығы (Кф.қарб.)
|
Қарыз алушының баланс валютасынан қарыздық құрал үлесі.
|
Кф.қарб.=Қк/БВ
БВ- қарыз алушының баланстағы валютасы.
|
0,5 кем емес жоғарғы шекараның жоғарлануы кәсіпорынның сыртқы қаржылық деректелген тәуелділігін көрсетеді.
|
7. Мобильдік және иммобильдік активтердің қатынас коэффициенті.(Қатынас кф.)
|
Әрбір ағымдағы активтердің теңгесі ағымдағы активтерден тыс қаншасы келеді.
|
Қатынас кф.=АА/ААтыс
АА-ағымдағы активтер
ААтыс- ағымдағы активтен тыс
|
Әрбір кәсіпорынға жеке дара көрсеткіштердің жоғары мәні болған сайын, соғұрлым ағымдағы активтері (мобильдік) құралы көп болады.
|
8.Өндірістің мүліктік коэффициенті (Өм.кф.)
|
Кәсіпорынның активтердің өндірілген мүліктің үлестік мәні
|
Ө.м.кф. = ААтыс +Қ/А
Қ-қорлар
А- Активтің жалпы көлемі.
|
Ө.м.кф. ≥0,5.0,5көрсеткіштен төмен түсетін болса, онда мүлікті толықтыру үшін қарыздық құралдарды қолдануға керек.
|
коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін ұсынады.
Коэффициенттерді үлестіру – осы әдіс қаржылық жағдайдын абсолютті көрсеткішін немесебелгілі бір бөлікті табу үшін қолданылады.
Координациялық коэффициент – қаржылық жағдайдың әр түрлі абсолютті көрсеткіштердің қатынастарын анықтайды немесе экономикалық мәні бар айырмашылығы мен олардың сызықтық комбинацияларды.
Қаржылық коэффициенттің талдауы базистік көлемдері мен олардың кезеңдік есеп берудің динамикасын зерттейді.
2.Қаржылық жағдай – белгілі бір уақытта кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін және қазіргі кезде өз борыштық міндеттемені өтеу мен шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржылық ресурстарды қамтамассыз ету болып табылады.
Сурет 1 Кәсіпорынның қаржылық талдауды өткізудің мазмұны мен дәйектілігі.
3.Құрылымдық талдаудың мақсаты – кәсіпорын құралдардың динамикасы мен құрылымын зерделеу және қаржылық жағдайымен ортақ танысу үшін деректеменің қалыптасуы.
Динамикалық талдаудың құрамы мен құрылымы баланстық активтерге абсолютті мөлшерде қалыптасуды қамтамассыз ететін және салыстырмалы өсуді немесе кәсіпорынның барлық мүлікті және оның жеке түрлерін азайту.
Валюталық баланста ағымдағы активтерді анықтайтын көрсеткіштер:
Кәсіпорын активтердің мобильдік коэффициенті.
К.м.а.к. = ағымдағы активтердің құны : кәсіпорынның барлық мүлігіне.
Кәсіпорынның активтердің орналастыру тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш:
Иммобилизация құралы мен мобильдік қатынастың коэффициенті.
К.и.қ.м.қ. = Ағымдағы активтердің құны : ұзақ мерзімді активтердің құны.
Деректемелер құралын меншік және қарыздық бөлуге болады. Құрылымдық міндеттеме сипаттайды:
Автономия коэффициенті.
Ка = меншік капитал : кәсіпорын үлкен ортақ құралына
және меншік және қарыздық құралдардың қатынас коэффициентінің формуласы:
К м және қ. қатынас = түзету енгізілген ұзақ мерзімді пассивтері : түзету енгізілген қысқа мерзімді пассивтер;
Ка ≥ 0,5, Км және қ. ≤ 1 білдіреді, кәсіпорын міндеттемелері өзінің меншік құралдарымен орнын толтыра алады. Автономия коэффициенті жағымды бағаланады, қаржылық тәуелсіздігі көбеюін көрсетеді және меншік құралы мен қарыздық қатынастың коэффициенті азаяды, қаржылық тәуелсіздігін азаюын көрсетеді.
4.Материалдық қорлардың тиімді пайдалануын талдаудың мақсаты – ұйымдағы материалдық қорлардың өндіріс үрдісіне сәйкестігін анықтап, тиімділік көрсеткіштерін анықтау және өндірісті пайдаланбайтын материалдардан тазарту.
Талдаудың қайнар көздері – жабдықтаушылармен жасалатын келісім шарттар, бизнес – жоспар, материалдық есеп, бухгалтерлік баланс.
Материалдық қорларды пайдалануды талдаудың негізгі мақсаттары өндіріс көлемін қажетті материалдық қорлармен жабдықтау деңгейін анықтау, материалдық қорларды пайдаланудың тиімділік деңгейін бағалау, материалдық қорларды үнемдеудің ішкіөндірістік резервтерін айқындау болып табылады.
Материалдық қорларды талдаудың қайнар көздері болып шикізаттар мен материалдарды жеткізудің келісім шарттары, материалдық қорлардың түсуі, шығындалуы және қалдықтары бойынша талдамалық бухгалтерлік есептің деректері, бухгалтерлік баланс табылады.
Ұйымның материалдық қорлармен қамтамасыз етілуін талдаған кезде материалдық жабдықтау бөлімі жоспарларының сапасы тексеріледі. Үздіксіз өндірістік үрдіс үшін материалдық қорларға қажеттілікті қамтамасыз етудің қайнар көздерін анықтап алған дұрыс. Олар ішкі және сыртқы болады. Сыртқы қайнар көздерге келісім шарттар бойынша жабдықтаушылардан келіп түскен материалдық қорлар, ал ішкі қайнар көздерге шикізат қалдықтарын азайту, шикізатты екінші рет пайдалану және үнемдеу жатады.
Материалдық қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштеріне материалсыйымдылығы мен материалқайтымдылығы жатады. Материалсыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасына тең. Ал, материалқайтымдылығы оған кері шама.
Материалқайтымдылығы неғұрлым жоғары болса, материалдық қорлардың тиімді пайдаланылғандығын көрсетеді. Материалсыйымдылығы көрсеткіші өнім бірлігін өндіруге кеткен материал шығындарын көрсетеді. Материалсыйымдылығының жекелеген көрсеткіштері де бар. Оларға шикізатсыйымдылығы, отынсыйымдылығы, энергиясыйымдылығы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |