Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет3/23
Дата31.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#18532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

                            ИС BestProfi©

 

 



 

 



22. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

 

23.  Жазғы  тапсырмалар  мен  қайта  тапсырылатын  емтихандардың  материалдары 



(жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында әзірленеді.

 

Жазғы  тапсырмаларды  қанағаттанарлық  орындаған  және  емтихандарды  қайта 



тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде 

білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа кӛшіріледі.

 

24. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік аттестаттаудан облыстық, 



Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының бұйрықтарымен, республикалық 

білім  беру  ұйымдарының  білім  алушылары  Министрліктің  бұйрығымен  мынадай 

жағдайларда босатылады:

 

1) денсаулық жағдайына байланысты;



 

2) I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар;

 

3)  Қазақстан  Республикасының  командасы  атынан  халықаралық  олимпиадаларға 



(жарыстарға) қатысатын кандидаттардың жазғы жиынына қатысушылар.

 

25.  Білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттаудан  босату  туралы  бұйрық  мынадай 



құжаттар негізінде шығарылады:

 

1)  мектеп  дәрігерінің  (ауылдық  жерде  -  аудандық  педиатрдың)  ұсынысы  бойынша 



жасалған  білім  алушының  тұрғылықты  жеріндегі  емхананың  дәрігерлік-консультациялық 

комиссиясының қорытындысы.

 

2) педагогикалық кеңес шешімінің кӛшірмесі және мектептің қолдау хаты;



 

3) үлгерім табельдері және білім алушының тәртібі.

 

Осы  тармақтың  2)  және  3)  тармақшаларында  кӛрсетілген  құжаттар  білім  беру  ұйымы 



басшысының қолымен және білім беру ұйымының мӛрімен расталады.

 

26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)-сыныптың білім алушылары 



ӛтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі.

 

27.  Міндетті  емтихан  жұмыстарының  тақырыптары  мен  мәтіндерін  облыстық,  Астана 



және Алматы қалаларының білім басқармалары дайындайды.

 

28. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)



 

29.  Комиссия  мүшелерінің  кӛпшілік  дауыстарының  шешімімен  оның  тӛрағасы 

келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бӛлімдері шешеді.

 

30.  Білім  алушы  жазбаша  жұмысына  қойылған  бағалармен  келіспеген  жағдайда, 



емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағат ішінде республикалық білім беру 

ұйымдарының  оқушыларына  арналған  Министрліктің,  аудандық  (қалалық)  бӛлімдері, 

облыстық  (қалалық)  білім  басқармалары  жанынан  құрылған  апелляциялық  комиссияға 

шағымдануына құқығы бар.

 

31.  9  (10),  11  (12)-сыныптарының  білім  алушыларын  мерзімінен  бұрын  қорытынды 



аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын 

шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын 

қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында ӛткізіледі.

 

32.  Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  арнаулы  түзеу  мекемелерінде 



қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын ӛткізу қажеттілігі туралы 

мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.

 

4. ҰБТ-ны ӛткізу тәртібі тарауы алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

 

5. Қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын ӛткізу тәртібі

 

65.  Емтихандар  мұғалімдер  мен  білім  алушылар  емтихандардың  басталуынан  10  күн 



бұрын танысатын білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша ӛткізіледі.

 

Кестеде:



 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

 



әрбір сыныпта бір күнде бір емтиханнан артық болмауы;

 

әрбір оқу пәні бойынша емтихандар аралығындағы үзіліс екі күннен кем болмауы;



 

егер пән бойынша екі емтихан қойылса, бірінші жазбаша одан соң ауызша емтиханның 

ӛткізілуі қарастырылады.

 

66.  Білім  беру  ұйымының  негізгі  сатысындағы  9  (10)-сыныпта  диктантқа  -  2  (2,5) 



астрономиялық  сағат,  шығармаға  -  4  (4,5)  астрономиялық  сағат,  мазмұндамаға  -  3  (3,5) 

астрономиялық  сағат,  математикаға  (жазбаша)  -  3  (3,5)  астрономиялық  сағат  (математика 

пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) бӛлінеді.

 

11  (12)-сыныпта  шығармаға  -  6  (6,5)  астрономиялық  сағат,  мазмұндамаға  -  4  (4,5) 



астрономиялық  сағат, диктантқа  - 2 (2,5) астрономиялық  сағат, математикаға (жазбаша)  -  4 

(4,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 5 сағат) 

бӛлінеді.

 

67.  Жазбаша  емтихандарды  ӛткізу  үшін  неғұрлым  үлкен  сынып  бӛлмелерін  дайындау 



қажет:  11 (12)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден, ал 9 (10)-сыныптағы білім алушылар 

бір-бірден немесе екіден үстелге немесе партаға отырғызылады.

 

Жазбаша  жұмыстарды  орындау  және  ауызша  жауапқа  дайындалу  үшін  білім 



алушыларға  мектептің  мӛртабаны  басылған  қағаз  беріледі.  Жұмыстарын  орындаған  білім 

алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге емтихан комиссиясына тапсырады.

 

Жұмыстарын емтиханға арналып бӛлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар 



сол аяқтамаған қалпында тапсырады.

 

68.  Жазбаша  емтихан  ӛтіп  жатқан  кезеңде  (диктанттан  басқа)  білім  алушының  5 



минутқа сынып бӛлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын емтихан 

комиссиясына  тапсырады,  емтихандық  жұмысына  білім  алушының  шығып  келген  уақыты 

жазылады.

 

69.  Жазбаша  емтихан  аяқталғаннан  кейін  емтихан  жұмыстарын  комиссия  мүшелері 



білім беру ұйымының ғимаратында тексереді.

 

Тексерілмеген  жұмыстар  білім  беру  ұйымының  басшысына  сақталуға  тапсырылады. 



Тексеру кезінде қателердің асты сызылады.

 

Жалпы орта білім курсы бойынша шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттағы қателер 



саны жеке кӛрсетіледі.

 

Шығармаға,  мазмұндамаға  және  математика  пәні  бойынша  жазбаша  жұмыстарға  "2" 



(қанағаттанарлықсыз) және "5" (үздік) бағалары қойылған қысқаша пікір жазылады.

 

Тіл  мен  әдебиет  бойынша  қайта  жазбаша  аттестаттау  нысанын  білім  беру  ұйымының 



емтихан комиссиясы белгілейді.

 

9  (10)  және  11  (12)-сыныптарындағы  шығарма  екі  бағамен,  негізгі  және  жалпы  орта 



білім  беру  курсындағы  математика  пәні  бойынша  жазбаша  емтихан  жұмысы  -  бір  бағамен 

бағаланады.

 

70.  Негізгі  жалпы  білім  туралы  үздік  куәлікті  алуға  үміткер  9  (10)-сынып,  сондай-ақ 



ӛзбек,  ұйғыр  және  тәжік  тілдерінде  оқытатын  мектептің  жалпы  орта  білім  туралы  "Алтын 

белгі" аттестатын алуға үміткер білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық 

музыкалық мектеп-интернаттары жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер 11 (12)-

сынып  білім  алушыларының  жазбаша  емтихан  жұмыстарын  оқу  орнының  емтихан 

комиссияcының  мүшелері  емтихан  тапсырғаннан  кейінгі  бір  күн  ішінде,  үміткерлер  кӛп 

болған жағдайда екі күн ішінде тексереді.

 

71.  Жалпы  білім  беретін  мектептердің  барлық  сыныптарындағы  жазбаша  емтихан 



жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9-да басталады. Ерекше жағдайларда (білім 

беру ұйымында білім алушылардың саны кӛп болғанда осы ереженің талаптары мен тәртібін 

сақтау үшін) емтихандарды бірнеше мерзімде немесе келесі күні (ауызша емтиханды ӛткізу 

бойынша) екінші нұсқа бойынша ӛткізуге болады.

 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау