ИС BestProfi©
7
Шығарма тақырыптары, диктант және мазмұндама мәтіндері салынған пакеттер білім
алушылар мен емтихандық комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15
минут қалғанда ашылады.
Математикадан материалдар салынған пакеттер 9-11 сыныптарда емтихан комиссиясы
мүшелерінің ғана қатысуымен ұсынылған есептер шартының дұрыстығын тексеру үшін
емтихан басталуынан 1 сағат бұрын ашылады.
72. Ауызша емтиханды ӛткізу үшін 25-тен астам білім алушысы бар сынып екі топқа
бӛлінеді және олар емтиханды бірінен соң бірі сол күні тапсырады.
73. Жауап дайындау үшін оқушыға 20 минуттан кем емес уақыт беріледі. Егер білім
алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, емтихандық комиссия оған екінші билет
алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда бағасы 1 балға тӛмендейді).
74. Әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихан ӛткізілгеннен кейін
емтихандық комиссия білім алушыға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды, осы
ереженің 3-қосымшасына сәйкес Жалпы орта білім берудің негізгі орта, жоғары орта
деңгейіндегі емтихан және қорытынды бағалардың хаттамасына (бұдан әрі - Хаттама)
енгізеді.
Хаттамаға осы пәннің емтихандық комиссиясының мүшелері қол қояды.
75. Емтихан комиссиясы қорытынды бағаларды шығарарда тӛмендегілерді басшылыққа
алуы керек:
1) пән бойынша қорытынды баға жылдық және емтихан бағаларының негізінде
ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жарты жылдық) бағаларын
ескере отырып анықталады;
2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға
қойылмайды;
3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.
76. Егер бір пәннен ауызша және жазбаша емтихандар ӛткізілсе, екі емтиханды
тапсырғаннан кейін бір ғана қорытынды баға қойылып, жазбаша мен ауызша емтихандардың
тиісті хаттамасына жазылады. Жазбаша жұмысы "үздік" бағаланып, ауызша емтиханнан
алған баға "4"-тен тӛмен болмай, тоқсандық және жылдық бағасы "5" болған жағдайда
емтихандық және қорытынды бағаға "бес" қойылады.
77. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім
алушыларға қорытынды бағаны қою кезінде, осы емдеу мекемесінің жанындағы жалпы білім
беретін мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жарты жылдық) және жылдық
бағалары ескеріліп қойылады.
78. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары осы сыныптағы немесе
топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады. Білім алушыларға жазбаша ӛтініші
негізінде оған Жұмыстарды кӛрсетуді ұйымдастыру білім алушының осы білім беру
ұйымының емтихан комиссиясының тӛрағасының қатысуымен ӛз жазба жұмыстарының
тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
79. Кезекті емтиханнан «2» алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптардың білім алушылары
келесі емтиханға жіберіледі.
6. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жӛніндегі республикалық комиссия
жұмысының тәртібі
80. Негізгі орта білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер республикалық мектеп-
интернаттардың 9-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау үшін
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Білім алушыларды
қорытынды аттестаттау жӛніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - комиссия)
құрылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын және ӛкілі басқаратын
комиссия құрамына пән мұғалімдері, бағынысты ұйымдардың ӛкілдері қосылады. Комиссия
мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы керек.
ИС BestProfi©
8
81. Республикалық комиссия үміткерлердің жазбаша жұмыстарын тексеру жӛніндегі
ұйғыр, ӛзбек және тәжік тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарының, ҰБТ-ға қатыспаған
республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының емтихан комиссияларының қазақ тілі
мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математика пәндерінен үміткерлерге қойған
бағаларын растау үшін және марапаттауға ұсынылған оқушылардың осы ереженің және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1253 қаулысымен
бекітілген "Алтын белгі" белгісі туралы ереженің талаптарына сәйкестігі жӛнінде облыстық,
Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, республикалық білім беру
ұйымдарының актілерін қарау жӛніндегі комиссия құрылады.
82. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
Республикасының білім беру ұйымдары типіне, түріне, меншік нысанына және
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін
Министрлікке жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға кандидаттар туралы
(тегі, аты, әкесінің аты, оқу орнының аты және нӛмірі, облыс, қаласы) бейіні мен оқу тілі
кӛрсетілген мәліметтер береді.
Республикалық білім беру ұйымдары негізгі орта білімі туралы үздік куәлік және жалпы
орта білім туралы үздік аттестаттан үміткер білім алушылардың қосымша жеке тізімін
ұсынады.
83. Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының және
республикалық білім беру ұйымдарының жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын
алуға үміткерлер бойынша (үміткерлердің құжаттарын тексеру актілері) ұсыныстары
Министрлікке ағымдағы жылғы 25 мамырдан кешіктірілмей жеткізілуі керек.
84. Ағымдағы жылғы 20 маусымнан кешіктірілмей жұмыс қорытындысын шығару және
«Алтын белгі» белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешім
қабылдау жӛніндегі ҚАРК-нің соңғы отырысы ӛткізіледі.
85. "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестатын алуға білім алушылардың
кандидатураларын бекіту туралы ҚАРК-нің шешімі Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
86. Барлық емтихандар аяқталғаннан кейін және Министрдің бұйрығын алғаннан кейін
білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің
қатысуымен оқушылардың қорытынды аттестаттауы нәтижелерін талқылайды және оқу-
тәрбие жұмысының сапасын арттыру жӛніндегі нақты шараларды қабылдайды.
7. Жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарында экстерндерді аттестаттау
87. Негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту (бұдан әрі – экстернат
нысанында оқыту) оқушылардың негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын ӛз бетінше меңгеруін, сондай-ақ шетелде уақытша тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарының балалары үшін қашықтан оқытуды қарастырады.
88. Экстернат нысанында оқыту кезінде аттестаттауды және қорытынды аттестаттауды
жүргізу осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
89. Экстернге қорытынды аттестаттауға рұқсат беру туралы шешім білім беру
ұйымының педагогикалық кеңесінде қабылданады.
90. Аттестаттаудан ӛту үшін ӛтінішті, ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан
кешіктірмей беруге болады.
Тұлғаны экстернат нысанында аттестаттауға жіберу туралы білім беру ұйымының
бұйрығы оқу жылының аяғында қабылданады.
91. Экстерндер негізгі мектеп курсы үшін негізгі орта білім туралы куәлікте кӛрсетілген
пәндер тізбесі, орта мектеп курсы үшін жалпы орта білім туралы аттестатта кӛрсетілген
пәндер тізбесі бойынша аттестатталады.
Дене тәрбиесі, технология, алғашқы әскери дайындық, музыка, сызу бойынша
аттестаттау ӛткізілмейді, ал білімі туралы құжатта «оқылған жоқ» деген жазу жазылады.