Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет7/23
Дата31.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#18532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

                            ИС BestProfi©

 

 



 

13 


 

3.  Ағымдағы  бақылау  пәндер  бойынша  практикалық  және  семинарлық  сабақтар  жоқ 

болған  жағдайда  оқытушының  оқу  бағдарламасында  кӛзделген  міндетті  бақылау 

жұмыстарын  (жазбаша  тапсырмалар,  рефераттар)  тексеруі  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар 

бойынша ӛткізіледі.

 

4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті 



бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. 

Мұндай  пәндердің  тізбесін  білім  беру  ұйымдарының  пәндік  (циклдік)  комиссиясы 

анықтайды.

 

5.  Білім  алушыларды  аралық  аттестаттаудан  ӛткізудің  пәндер  тізбесі  мен  нысанын 



мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен 

кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің 

кестесіне енгізіледі.

 

6.  Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарындағы  білім 



алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының 

негізінде  әзірленген  оқу  жұмыс  жоспарлары  мен  бағдарламаларына  сәйкес  жүзеге 

асырылады,  курстық  жобаларды  (жұмыстарды)  қорғау,  сынақтар  және  емтихандар 

нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар 

басталғанға  дейін  ӛткізіледі.  Курстық  жобалар  (жұмыстар)  аталған  пән  бойынша  курстық 

жобаны  (жұмысты)  орындау  үшін  жеткілікті  білімді  меңгеруді  қамтамасыз  ететін  пәннің 

теориялық бӛлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.

 

7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша 



емтихан  немесе  қорытынды  сынақ  түрінде  қарастырылмаса,  сынақтар  келесі  семестрге 

ауысқан пәндер бойынша ӛткізіледі.

 

Сараланған  бағамен  ӛткізілетін  сынақтар  ("үздік",  "жақсы",  "қанағаттанарлық"  және 



"қанағаттанарлықсыз")  курстық  жобалар  (жұмыс),  кәсіптік  тәжірибе  бойынша,  сондай-ақ 

тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.

 

8.  Білім  алушыларды  аралық  аттестаттау  материалдары  әрбір  оқу  пәнінің  оқу  жұмыс 



жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.

 

9.  Білім  алушыларды  аралық  аттестаттауға  даярлау  кезеңінде  консультацияға  бӛлінген 



жалпы бюджет уақыты есебінен консультация ӛткізіледі.

 

10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан ӛткізу үшін:



 

- емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;

 

- емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген кӛрнекі құралдар, анықтама сипатындағы 



материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;

 

- оқу және технологогиялық карталар;



 

- спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;

 

- емтихан ведомосы дайын болуы қажет.



 

11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр 

бойы  (жарты  жылдық)  сабақ  берген  оқытушы  немесе  білім  беру  ұйымы  басшысының 

тапсырмасы  бойынша  осы  пәннің  бейініне  сәйкес  келетін  біліктілігі  бар  оқытушы  жүзеге 

асырады.

 

12.  Аралық  аттестаттауға  барлық  практикалық,  зертханалық,  есеп  айырысу-кестелік 



және  курстық  жұмыстарды  (жобаларды),  сынақтарды  толық  орындаған  және  әрбір  пән 

бойынша  типтік  оқу  бағдарламаларына  сәйкес  ағымдағы  білім  есебінің  қорытындысы 

бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі.

 

Емтиханға  1-2  пәннен  қанағаттанарлықсыз  бағасы  бар  білім  алушы  білім  беру  ұйымы 



басшысының рұқсатымен, ал екеуден кӛп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық 

кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.

 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

14 


 

13.  Аралық  аттестаттауды  ӛткізу  кезінде  емтихан  билеттері  бойынша  тапсырмаларды 

орындау үшін:

 

әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан кӛп емес;



 

жазбаша емтиханды ӛткізуге:

 

1) әдебиет (шығарма) бойынша 4 академиялық сағат;



 

2) математика және арнайы пәндер бойынша 3 академиялық сағат;

 

3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 2 академиялық сағат;



 

4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 1 академиялық сағат.

 

Жазбаша  емтихан  (тест  тапсырмалары)  жұмыстары  білім  беру  ұйымының  мӛртабаны 



қойылған қағаздарда орындалады.

 

14.  Тыңдауға,  оқу  жұмысын  қарауға,  спорт  кӛріністеріне  байланысты  арнайы  пәндер 



бойынша  емтихандарды  тиісті  әдістемелік  пәндік  және  циклдық,  кафедралық 

комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды ӛткізуге бір оқушыға бір академиялық 

сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.

 

15.  Аралық  аттестаттауды  (емтихандар  мен  сынақтарды)  ӛткізу  кезінде  техникалық 



және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымы  басшысының  рұқсатынсыз  (оқу  ісі, 

әдістемелік жұмыстар жӛніндегі басшының орынбасарынан, бӛлім меңгерушісі мен пәндік-

циклдік  комиссияның  тӛрағасынан  (тӛрайымынан)  басқа)  бӛгде  адамдардың  қатысуына 

болмайды.

 

16.  Сырқаттануына  байланысты  немесе  басқа  да  дәлелді  себептермен  аралық 



аттестаттаудан  ӛтпеген  білім  алушыларға  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі 

білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.

 

17.  Емтихан  тапсыру,  сонымен  бірге  курстық  жобаларды  қорғау  кезіндегі  білім 



алушылардың  білімін  бағалау  цифрлық  бес  балдық  жүйе  бойынша  жүзеге  асырылады:  (5  - 

"ӛте жақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").

 

18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан ӛткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды 



қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді.

 

Емтиханды  (сынақты)  қайта  тапсыруға  пәнді  жүргізетін  оқытушыға  белгіленген 



мерзімде  бӛлім  меңгерушісі  жазбаша  түрде  рұқсат  берген  жағдайда  жіберіледі  (немесе  ол 

оқытушы  болмаған  жағдайда,  осы  пәннің  бейініне  сәйкес  біліктілігі  бар  басқа  оқытушыға 

тапсыруға болады).

 

19.  Аралық  аттестаттау  қорытындылары  бойынша  үшеуден  артық  қанағаттанарлықсыз 



деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық және 

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған белгіленген 

үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады.

 

20.  Белгіленген  курстағы  оқу  жоспарының  талаптарын  толықтай  орындаған,  аралық 



аттестаттаудың  барлық  сынақтары  мен  емтихандарын  табысты  тапсырған  білім  алушылар 

келесі  курсқа  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымы 

басшысының бұйрығымен кӛшіріледі.

 

21.  Аралық  аттестаттауға  шығарылмайтын  пәндер  бойынша  қорытынды  бағаларды 



курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.

 

22.  Ағымдағы  семестрдің  пәндері  бойынша  зертханалық,  практикалық,  есептік-



графикалық  және  курстық  жұмыстарды  (жобалар),  сынақтарды  "ӛте  жақсы"  деген  бағаға 

тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын 

аралық  аттестаттаудың  емтихандарын  тапсыруға  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен 

кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.

 

3. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды ӛткізу

 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау