ИС BestProfi©
33
206. Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК-тың кеңесінде,
докторанттардың қорғауы – диссертациялық кеңестерде жүзеге асырылады.
207 - 211. Тармақтар алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
212. Магистрлік диссертацияның қорғалуы тӛмендегі жағдайда жүзеге асады:
ғылыми жетекшінің оң пікірі;
диссертация тақырыбында кемінде 1 мақала ғылыми баспада жарық кӛруі халықаралық
немесе республикалық ғылыми конференцияларда сӛйлеген сӛзі;
шығарушы кафедраның қорғауға жіберілгені туралы шешімі (кафедра отырысы
хаттамасының кӛшірмесі);
сараптама кеңесінің диссертацияны ашық түрде қорғалуына берілген ұсынысының
жазбаша қорытындысы;
қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензенттің рецензиясы. Мұнда
диссертацияның жан-жақты сипаттамасы, кӛрсетілген аргументті қорытындысы және сол
мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау мүмкіндігі кӛрсетіледі.
Ғылыми жетекші немесе/және бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға жіберілмейді»
немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілген
жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіншілігінен айырылады.
213. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
214. Магистрлік диссертацияның қорғалу нәтижесі әрбір магистрант үшін жеке осы
Ереженің 9-қосымшасына сәйкес бекітілген түрдегі хаттамамен толтырылады.
215. Қорытынды аттестаттаудан ӛткен, магистратураның тиісті кәсіптік оқу
бағдарламасын меңгергендігін растаған және М
АК
-тың шешімімен магистрлік
диссертацияны жариялы түрде қорғаған магистрантқа магистрлік диссертациясын қорғаған
күннен бастап отыз күндік мерзімде тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық
дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом тегін беріледі.
МАК-тың шешімі осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысанда хаттамамен
ресімделеді.
215-1. Дипломға қосымша магистранттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында және оқу жұмыс жоспарында қарастырылған кӛлемде барлық пәндерден алған
бағаларына сәйкес жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде толтырылады.
Дипломға қосымшада білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша әрбір оқу
пәнінен кредиттер мен академиялық сағаттар кӛлемі кӛрсетілген соңғы бағалар жазылады.
215-2. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен беру білім беру ұйымы
басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Бітіру туралы бұйрықты магистранттарды қорытынды аттестаттау аяқталған күннен
бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей МАК тӛрағасының ұсынысы негізінде білім беру
ұйымының басшысы бекітеді.
215-3. Сонымен қатар білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу
бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан ӛтпеген
магистранттарды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.
216. Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК тӛрағасы
магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасайды және оны
екі апталық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады.
217. Магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай есепке
кестелер мен түсіндірме жазба енеді. Кестеге осы Ереженің 11-қосымшада келтірілген
кӛрсеткіштер жазылады.
Түсіндірме жазбада:
ИС BestProfi©
34
1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнындағы магистрлардың дайындық
деңгейлері;
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;
3) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасын талдау;
4) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;
5) магистрлік диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-
күйіне және ӛндірістің сұранысына сәйкестігі;
6) магистрлік диссертацияларды орындаудың сапасы;
7) магистрлік диссертацияларды қорғаудың деңгейі ғылыми жетекшісінің пікіріне,
ресми оппоненттің рецензиясына сәйкестігі;
8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру жӛніндегі нақты ұсынымдамалар
жӛнінде мәліметтер болады.
218. Магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепке М
АК
тӛрағалары қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады
және бекітіледі.
219. Жоғары оқу орны магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы
аяқталғаннан кейін магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепті
білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
220. М
АК
тӛрағасының есебіне білім беру жетекшісі қол қойған дипломның нӛмірі,
мамандығы, тегі, аты, әкесінің аты кӛрсетіліп жазылған магистратура бағдарламасын
аяқтаған бітірушілердің тізімі тіркеледі.
221. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жӛніндегі
диссертациялық кеңестер докторантураның мамандық бойынша немесе мамандықтар тобы
бойынша құрылады.
221-1. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңесте жүзеге асырылады
222. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
223. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жӛніндегі
диссертациялық кеңестің құрамына шифры (коды), мамандығы аталған мамандықтың
бейініне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар
кіреді. Осыған сәйкес, кеңестің кем дегенде үш мүшесінің шифры қорғалатын докторлық
диссертациясының бейініне сәйкес келетін ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы керек.
224. Докторлық диссертацияларды қорғау жӛніндегі диссертациялық кеңестің сандық
құрамы бес адамнан кем болмауы қажет.
225. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
226. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
227. Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияға жеке пікірлер жазады.
228. Егер ғылыми консультант және/немесе сараптамалық комиссия «қорғауға
жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берген жағдайда
докторант докторлық диссертациясын қорғай алмайды.
229. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
230. Докторлық диссертацияларды қорғау жӛніндегі диссертациялық кеңес
отырысының кестесі күнтізбелік жылға жасалады және жоғары оқу орны немесе ғылыми
ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі. Осыған сәйкес, бір күнге үш-тӛрттен артық емес
докторлық диссертацияны қорғау жұмыстары қойылады.
231. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері стенограммамен ресімделеді.