Бижанова Айгүл Рабханқызы



жүктеу 2,48 Mb.
бет1/12
Дата13.11.2017
өлшемі2,48 Mb.
#80
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Бижанова Айгүл Рабханқызы
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА ТІКЕЛЕЙ

БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР

ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ


Алматы, 2012
ӘОЖ

ББК


Б
Б Бижанова А.Р. Бағалы қағаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық: Оқу құралы. - .-Алматы: Қазақ университеті, 2012-123б.

ISBN
Экономикалық қылмыстар арасында бағалы қағаздарға тікелей байланысты қылмыстар ерекше орын алады.

Автор оқу құралында бағалы қағаздарға тікелей байланысты қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама береді, қылмыс құрамы мен жаза мәселелерін жан-жақты қарастырады.

Оқу құралы Жоғары оқу орны заңгер студенттеріне көрсетілген тақырыпты терең меңгеру үшін оқу әдістемелік оқу құралы ретінде ұсынылып отыр.



ӘОЖ

ББК

Рецензенттер: Төлеубекова Б.Х.- заң ғылымдарының докторы, профессор.



Байжанова Қ.- заң ғылымдарының кандидаты.

Атаханова Г.М.- заң ғылымдарының кандидаты.

Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғылыми-әдістемелік кеңес пен редакциялық-баспа кеңесімен ұсынылған. «___» ___2012ж. хаттама.

Оқу құралы 1343 « » атты тақырыптағы гранттық қаржы есебінен шығарылды.
Б -------------- © Бижанова А.Р., 2012.

ISBN © әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ...................................................................................................................................4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СИПАТЫ .............................................. 6

1.1 Бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстар экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрі ретінде ..............................................................6

1.2 Бағалы қағаздар нарығында кездесетін қылмыстарды топтастыру ..... 15

1.3 Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың субъективті жағы .......................................................................... 21

1.4 Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың субъектісі ........................................................................................24

1.5 Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың объектісі ..........................................................................................27

1.6 Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың объективтік жағы ...........................................................................33

1.7 Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардағы жалғандық .....................................................................................35

1.8 Бағалы қағаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін жаза..............42

2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР ҚҰРАМЫ

2.1 Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу (ҚР ҚК 202-бабы)47

2.2 Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі (ҚР ҚК 202-1-бабы) .........................................65

2.3 Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (ҚР ҚК 203-бабы) ........................................................................................................ 73

2.4 Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі (ҚР ҚК 204-бабы) ...................................................................................79

2.5 Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (ҚР ҚК 205-бабы) ...............................................................................................................................................86

2.6 Жалған ақша мен немесе бағалы қағаз жасау, сақтау немесе сату (ҚР ҚК 206-бабы) ...............................................................................................................................94
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................................110
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................116
ГЛОССАРИЙ......................................................................................................................120


КІРІСПЕ
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның ішінде бағалы қағаз рыногына мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық және практикалық мәселелерінің маңыздылығы күн санап өсе түсуде. Бағалы қағаз рыногын мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосатыны мәлім.

Нарық жағдайындағы бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу мемлекеттік басқарудың басты функциясы болып табылады. Осындай мемлекеттік ықпал ету-реттеудің негізгі мән-жайына әдетте бағалы қағаз рыногы қызметін ұйымдастыруға қажетті жалпы қағидалар мен жағдайларды белгілеу және қамтамасыз ету арқылы олардың өз коммерциялық операцияларын адал бәсекелестік тұрғысынан жүзеге асырылуларына мүмкіндік жасау, сондай-ақ өтпелі кезең талаптары мен өзгерістеріне орай бағалы қағаздар рыногының қағидаларын түзетіп отыру жатады.

Демек, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын бағалы қағаздар рыногы Қазақстанның экономикалық дамуы үрдісінде шешуші рөл атқаратындықтан аталмыш жүйедегі қызметтерді қоғам өміріне және заңға сай қатаң реттеу-қадағалау жөніндегі мемлекет мүдделігін туындатады.

Бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстар шетелден инвестиция тартып отырған мемлекетіміздің, эмитенттің бәсекелестері арасында олардың беделіне нұқсан келтіреді, халықтың отандық қор биржасына, сондай-ақ қаржыға деген құрметінен айырады, оған сенімсіздік тудырады.

Бағалы қағаздармен байланысты қылмыстар тек экономикалық қызмет саласында ғана зиян келтіріп қана қоймай, жәбірленушінің меншік құқығына да белгілі бір дәрежеде кесірін тигізеді.

Аталған қылмыстардың қоғамға қауіптілігі, сонымен қатар, оның әлеуметтік-психологиялық және рухани зардаптар алып келуінде. Ол тіпті әр түрлі әлеуметтік топтардың жіктелуіне, сайып келгенде күрделіленген жөнсіздік шығуына, халықтың жіктелуіне және қоғамға қарсы көлеңкелі ұйымдардың қалыптасуына әкеліп соғады. Осының салдарынан денсаулық, бостандық және жеке абыройлылық, оның ішінде бәрінен де акционерлер мен биржа, банк қызметкерлері, олардың туыстары мен жанұя мүшелері арасында қайшылықтар, тіпті ауыр қылмыстар туындайды. Мұндай жағдайда бағалы қағаздар саласы нағыз белсенді құқық бұзушылық пен жоғары виктимділіктің арнасына айналады деп айтуға болады.

Іс-тәжірибиеде қылмысты істі қарау, жекеленген қылмыскерді тапқан жағдайда да қылмыстық істі толық ашу, кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етуде едәуір қиындықтар кездеседі. Оның үстіне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізудегі координациялық тиімсіздік, бақылау мен құқық қорғау органдар қызметкерлерінің кәсіби даярлығының жеткілікті деңгейде болмауы бұл саладағы қылмыстардың алдын алуға елеулі әсерін тигізіп отыр.

Бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстар көп жағдайда латентті болып қала береді.

Осы орайда, бағалы қағаз нарығын қылмыстық құқықтың қамсыздандыру мәселесін зерттеу іс-тәжірбиеде және ғылыми ізденісте де өзіндік қызығушылық тудырып отыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде жеке тарауда қарастырылған экономикалық қызметке қарсы қылмыстарды, оның кейбір түрлерін кешенді зерттеген отандық және ресейлік кейбір ғылыми-зерттеулерді атап өтуге болады.

Экономикалық қылмыстар, оның жекеленген түрлері туралы қалам тартқан отандық ғалымдар:Н.М.Әбдіров, Т.К.Әкімжанов, А.Н.Ағыбаев, Е.О.Алауханов, Б.А.Бегалиев, И.Ш.Борчашвили, Н.О.Дулатбеков, Е.І.Қайыржанов,  С.Е.Қайыржанова, Р.Б.Құлжақаева, А.Б.Қызайбеков, А.Е.Мизанбаев, А.Х.Мин-дағұлов, Т.Т.Мұқашев, Г.Ж.Мухамадиева, Б.М.Нұрғалиев, М.О.Нүкенов, С.М.

Рахметов, И.И.Рогов, Г.Р.Рүстемова, Б.У.Сейтхожин, А.А.Смағұлов, А.А.Те-мербеков, Г.Д.Тленчиева, Б.Х.Төлеубекова, Қ.Ш.Уканов, А.Ш.Шаршеналиев және т.б.

Ал, көршілес елдердің ғалымдары арасында бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстардың әртүрлі мәселелері жөнінде мына авторлардың ғылыми еңбектері бар: М.М.Ветошкина, Г.Г.Дашкова, Д.А.Звягищев, Е.И.Кадовик, В.Д.Ларичев, Н.А.Лопашенко, М.В.Митрошина, С.П.Ставило, С.В.Русеева, В.И.Токаренко.

Қазақстанда «Бағалы қағаздарды шығару және айналымы саласындағы қылмыстарды ескерту: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері» атты тақырыптағы (орыс тілінде) диссертациялық арнайы жұмыс жазған Р.А.Мирзалимова.

Автор еңбекте бағалы қағаздармен тікелей қатысы бар қылмыстардың құрамдарына құқықтық баға берген бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстық заңнамаларды жетілдіруге байланысты өзіндік пікірлерін қарастырған.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СИПАТЫ
1.1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ
Әлемдік іс-тәжірбие көрсеткендей, кез келген ұлттық экономиканың жақсы дамуы үшін сол елде еркін және тұрақты қаржы қатынастарын қалыптастыратын мемлекетпен сенімді кепілдіктің берілуі шарт болып табылады. Мемлекет оны қоғам үшін барынша маңызды деп тауып отыр.

Бұрын Кеңес одағының құрамында болған бірде-бір мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси салалары ешбір өзгеріссіз өткен жоқ. Бұл түбегейлі өзгерістер Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына да әсерін тигізбей қоймады. Жалпы алғанда экономика саласындағы қайта құрулар түрлі деңгейде өтіп жатқанына қарамастан, шаруашылық өмірді мемлекеттің монополиялауын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардан бас тарту мүмкін болмады.

Осы жағдайда елдің қаржы-несие саласы өзгерістерге ұшырады, әкімшілік, басқару және жоғары монополияланған мемлекеттік банктік құрылымнан жеке және ұжымдық меншікке, несиелік мекеме жүйесіне негізделген, дамымалы банктік құрылымға көшіп жатты. Қаржы-несие институттарының, операцияларының жаңа түрлері, тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа инструменттері мен әдістері пайда болды. Қор нарығында тиімді жұмыс жасайтын механизм, несие жүйесі құрылымының оптималды нысаны, коммерциялық құрылымдарда қызмет ететін жаңа әдістердің қажеттігі артты. Шаруашылық субъектілер арасында қысқа және ұзақ мерзімді несие берумен айналысып қана қоятын банктер коммерциялық жетістіктерге және пайда табуға негізделген банк жүйесіне айналды. Олар нарықтық механизмнің негізіне, сондай-ақ экономиканы басқарудың демократиялы органына айналды.

Бұл саланың криминализациялануы тұрақты сипат алып отыр, сондықтан да бұл қылмыстардың латенттігі өте жоғары.

Қаржы-несие саласындағы қылмыстар құрылымы жағынан қарапайым еді – алаяқтық, қызмет бабын теріс пайдалану, талан-таражға салу, ал бүгінде олар интеллектуалдық сипат алды. Бұл қылмыстарды кәсіпкерлер, түрлі алаяқтар жасайтын болды. Заңсыз қаржы операцияларына банк қызметкерлері параға ірі несиелер беруші, қолма-қол емес ақша қаражаттарын аударушы, ұрланатын заңсыз қаржы операцияларына қатысушы ретінде араласатын болды. Қылмыстық әрекеттерде банктік құжаттар, электронды несиелер және дебиттік карталар, жасанды жолмен сәтсіз аяқталған коммерциялық қызметті жасырудың түрлі әдіс-амалдары қолданылды.

Қаржы-несие саласында меншікке қарсы қылмыстар кең етек жайды, әсіресе алаяқтық және сеніп тапсырылған мүлікті иелену – жалған төлем құжаттарды, жалған банктік кепілдіктерді, жалған авизоны пайдаланып ақша қаражаттарын иемдену.

Меншік нысанының өзгеруі, кәсіпкерліктің қалыптасуы, коммерциялық ұйымдардың дамуы барысында елде жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптастырды, алғашқыда адамдар бәріне жол беріледі, деп сезінді, нәтижесінде құқық қорғау органы қызметкерлерінің алдында шаруашылық саладағы әрекеттер мен шешімдеріне дұрыс құқықтық баға беру мәселесі еріксіз туындады.

Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы қылмыстық заңнамаларына ТМД қатысушыларына арналған 1996 жылдың 17 ақпанындағы Қылмыстық кодекстің үлгісі мен Ресей Қылмыстық кодексі елеулі әсерін тигізді. Экономика саласындағы қылмыстар аталған елдердің кодекстерінде бірдей атау алған тарауда жинақталды.

Қазіргі Қылмыстық кодекстің 7-тарауында қарастырылған экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар 1959 жылғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының «Шаруашылық қылмыстар» атты 6-тарауымен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырады. Кейбір қылмыстық әрекеттер декриминализацияланды, ал жекеленген қылмыстар «Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар» атты 10-тарауға орналасқан. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 7-тарауына жаңадан 25 қылмыс енді. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189, 191, 193, 197-205, 207, 208, 210-216, 218, 225, 226, 227-1-баптар жатады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қабылданғаннан бері күні бүгінге дейін 7-тарауға төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:

189-бапқа (Заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау)- ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

190-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Заңсыз кәсiпкерлiк)- ҚР 1999.07.16 N 430, 2002.12.21 N 363, 2009.12.07 N 222-IV , 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

191-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Заңсыз банктiк қызмет) - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

192-бап жаңа редакцияда (Жалған кәсiпкерлiк)- ҚР 2009.12.08 N 225-IV Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

Кодекс 192-1-баппен толықтырылды (Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз мәмiле (мәмiлелер) жасасуы)- ҚР 2009.12.08 N 225-IV Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

193-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру)- ҚР 2001.03.16 N 163, 2003.09.25 N 484, 2004.12.09 N 10, 2009.12.07 N 222-IV , 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

194-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану)- ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

195-бап алып тасталды (Несиелiк берешектi өтеуден әдейi жалтару)- ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

196-бап жаңа редакцияда (Монополистiк қызмет)- ҚР 2008.12.25 N 113-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

197-бап алып тасталды (Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзу)- ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

198-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Көрiнеу жалған жарнама беру) - ҚР 2002.12.21 N 363, 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

199-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Тауарлық белгiнi заңсыз пайдалану)- ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

200-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету)- ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

201-бап алып тасталды (Кәсiптiк спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу) - ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

202-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу) - ҚР 2005.07.08. N 72 , 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

202-1-баппен толықтырылды (Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi) - ҚР 2005.07.08. N 72 Заңымен өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

203-бапқа өзгерту енгiзiлдi Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу (- ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

204-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi) - ҚР 2005.07.08. N 72, 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

205-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу)- ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

206-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату)- ҚР 2007.01.08. N 210 Заңымен.

208-бап жаңа редакцияда (Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану)- ҚР 1999.07.16 N 430 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 , 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

209-бапқа өзгеру енгiзiлдi (Экономикалық контрабанда)- ҚР 2003.09.25 N 484, 2004.12.09 N 10, 2009.12.07 N 222-IV , 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

210, 211, 212-баптар алынып тасталды - ҚР 1998.07.09 N 277 Заңымен.

213-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау)- ҚР 2009.07.04. N 167-IV Заңымен.

214-бапқа өзгеру енгiзiлдi (Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару) - ҚР 2010.06.30  N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

215-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер) - ҚР 2008.07.05 N 60-IV, 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

216-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Әдейi банкроттық)- ҚР 2008.07.05 N 60-IV 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

216-1-баппен толықтырылды (216-1-бап. Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу)- ҚР 2008.10.23 N 72 IV, 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

217-бапқа өзгерту енгiзiлдi ( Жалған банкроттық) - ҚР 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

218-бапқа өзгертулер енгiзiлдi (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу) - ҚР 2007.02.28 N 235 , 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

219-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беру)- ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

220-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану)- ҚР 2008.10.23 N 72 IV, 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

221-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы)- ҚР 2000.05.05 N 47, 2001.03.16 N 163, 2009.12.07 N 222-IV , 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен. Тақырыпқа өзгеру енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV Заңымен.

222-бап жаңа редакцияда (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару)- ҚР 2009.12.07 N 222-IV Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

222-1-баппен толықтырылды (Салық төлеушiнiң салық берешегi шотына билiк ету шектелген мүлiкке қатысты заңсыз iс-әрекеттерi)- ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

223-бап (Тұтынушыларды алдау) алып тасталды - ҚР ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

224-бапқа өзгерту енгiзiлдi (Заңсыз сыйақы алу) - ҚР 2003.09.25 N 484, 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

225-бап (Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi
тiркеу) алып тасталды - ҚР ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

226-бапқа өзгерту енгiзiлдi (226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету) - ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен.

Кодекс 226-1-баппен толықтырылды (226-1 бап. Рейдерлiк) - ҚР 2011.01.11 № 385-IV Заңымен.

227-бапқа өзгерiс енгiзiлдi (Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату)- ҚР 2002.12.21. N 363 Заңымен.

227-1-баппен толықтырылды (Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттiң сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгерту үшiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату) - ҚР 2007.01.08 N 210, Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV Заңдарымен.

ТМД қатысушыларына арналған 1996 жылдың 17 ақпанындағы Қылмыстық кодекстің үлгісіне қосымша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205-бабы) сынды әрекеттер алғаш рет криминализацияланды.

Криминологияда экономикалық қылмыстар деген ұғым кездеседі. Экономикалық қылмыс жаңа ұғым емес, бұрынан бар, халықаралық ұғым (economіk erіme, delіnguance d’affaіress). Ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық деңгейде экономика саласында мемлекеттің белсенді ынтымақтастығына, атап айтқанда экономикалық прогреске жәрдемдесу керек. Сайып келгенде, бұл өндірісті, технологияларды дамытуды, халықаралық сауда көлемін ұлғайтуды, халықаралық жобаларды әзірлеп, оларды жүзеге асыруды, бірлескен экономикалық және қаржылық институттар құруды, сондай-ақ экономика саласындағы құқықбұзушылықтардың, экономикалық қылмыстардың алдын алуды қажет етеді.

Экономикалық қылмыстар мемлекетте және дүние жүзіндегі экономикалық қылмыстармен байланысты пайдақорлық қылмыстардың бөлігі болып табылады.

Көптеген мемлекеттерде бұл қылмыстар өзіндік топтар ретінде қарастырылады. Бұған көптеген негіздер бар – экономикалық, әлеуметтік, криминологиялық және саяси негіздер де жатады.

Нарықтық экономикадағы экономикалық қылмыстар жөніндегі ұсыныстардың алғашқы әзірлеулері 1945 жылы АҚШ-тағы бизнес шеңберіндегі жоғары дәрежелі тұлғалармен жасалатын қылмыстар ретінде көрініс тапты. Кейіннен бұл қылмыстар қатарына салықтардан жалтару қылмыстары, компьютерлік және басқа да қылмыстар, мемлекеттің экономикасына, оның салаларына, кәсіпкерлік қызметке, сонымен бірге жеке адамдар тобының экономикалық мүдделеріне қатысты зиян келтіретін қылмыстар кірді.

Экономикалық қылмыстардың қылмыстардың алдын алу мен құқық бұзушы (UNAFEI) ұстау бойынша алғашқы топтастырылуы 70-жылдардың соңында БҰҰ-ның Азия мен Қиыр Шығыстағы Институтында ұсынылған, ол рыногтық экономика мен рыногтық экономиканы басқарылуын дамытуына бағытталған заңдардың бұзылуын, қаржылық және салықтық заңнамаларын бұзылуын, сыбайластықты қамтиды [1, 123 б.].

БҰҰ-ның Алтыншы конгресі экономикалық қылмыстарға қатысты болды, бұл конгрес экономикалық қылмыстарды жасау кезіндегі экономикалық биліктегі теріс қылықтар мен саяси билікті ұстау жөніндегі талдау жоспары ретінде болды. Ал Жетінші конгресі, экономикалық қылмыстарды аса қауіпті қылмыстар қатарына жатқыздырып және олармен күресуді қатаң дамытуды талап етті [1, 129 б.].

Шетел криминологиялық әдебиеттерді талдау негізінде, шетел мемлекеттеріндегі экономикалық қылмыстар бойынша зерттеулерді дайындаған Е.Е.Деменьтева, экономикалық қылмыстардың алты белгісін бөліп көрсетті. Оның ойынша, бұл іс-әрекеттер: 1) кәсіби қызметі негізінде жасалады; 2) заңды экономикалық қызметтің қорғанысы негізінде; 3) пайдакүнемдік мінездемеге ие; 4) жүйелі дамуды қамтиды; 5) мемлекеттің экономикалық мүддесіне, жеке кәсіпкерге және азаматтарға зардап тигіздіреді; 6) мекеменің атынан және олардың мүддесі негізінде әрекет ететін заңды және жеке тұлғалармен жасалынады. Бірақ, экономикалық қылмыстар тек қана мекеменің атынан және оны мүддесі негізінде жасалынбайды. Мысалы, Германияда заңды тұлғаларға қылмыстық жауаптылық көзделмеген.

Дүниежүзлік әдебиеттердегі амалдардың түрлігі негізінде нарықтық экономикалық мемлекеттерде экономикалық қылмыстылықтың мәнін мемлекеттік экономикаға қарсы бірлестіктермен басқа бірлестіктерге қарсы, бірлестік қызметкерлерінің сол бірлестікке қарсы, бірлестіктердің тұтынушыларға қарсы жасалатын қылмыстар құрайды.

КСРО кезінде әлеуметтік меншікті ұрлағаны үшін қатаң заңдар да, қатаң сот тәжірибесі де қылмыстың өршуін тоқтата алмады. С.М.Шнейдер 1925 жылғы «Растратчики» деген жұмысында, қоғамдық меншікті «алмауға болмайтын еді» (нельзя было не брать) және оны «жалқаулар ғана алмайтын еді» (только ленивые не брали) деп жазуға барлық негіздер болды.

Бу Свенсон экономикалық қылмысты ұзаққа созылатын, жүйелі, пайдакүнемдік ниетпен жасалынатын, шаруашылық қызмет саласында жиі кездесетін, жазаланатын әрекет, деп есептейді [2, 3-7 б.]. Алайда, қылмыстың созылмалығы қасиеті барлық экономикалық қылмыстарға тән емес.

Ал, Г.Д.Тіленчиева экономикалық қылмыстарға төмендегі белгілерді жатқызады [3, 35 б.]:

- олардың экономикалық-шаруашылық механизмдермен байланысты;

- қылмыспен қолсұғылатын экономикалық қатынас жүйесіндегі тұлғалар ғана қылмыстың субъектілері бола алады.

Аталған белгілер шынында да экономикалық қылмыстарды толық сипаттай алады. Тек экономикалық қылмыстардың бәрі де жүйелі түрде жасалына бермейді, сондай-ақ қылмыскердің тек сол экономикалық жүйедегі тұлғаның бірі болуы шарт емес.

Экономикалық қылмыстар заңды шаруашылық жүргізу қызметін бұзады. Қылмыскер өзіне материалдық игіліктерді алу үшін шарауашылық механизмдерді саналы түрде пайдаланады. Мұнда шаруашылық механизмнің звенолары бір-бірімен тығыз байланыста. Қылмыспен бір звеноның зақымдануы қалған шаруашылық механизмдеріне эрозия алып келеді. Экономикалық қылмыстардың кейбірі пайдакүнемдікпен, не басқа ниетпен де жасалынады.

Д.Д.Дженаро мен Э.Бетерс пікірлерінше, экономикалық қылмыстар - байлық жинаудың әділ процесі, ол заңмен қорғалынатын нарықтың ойын ережесін бұзады» [3, 11 б.]. Ал, Б.В Волженкиннің пайымдауынша шаруашылық қылмыс экономикалық қылмыстардың бір түрі ретінде материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, тарату, пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Шаруашылық қылмыстың топтық объектісі нарықтық экономиканың дамуына негізделген, қоғамдағы шарашылық қызмет саласында қалыптасқан, мемлекетпен қорғалынатын қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады.

Ал, Е.Е.Дементьева диссертациялық жұмысында экономикалық қылмыстарға тән белгілерге төмендегілерді жатқызады [4, 25 б.]:

– материалдық игіліктерді тарату үшін (пайдакүнемдік) жасалынуы;

– жәбірленушілердің ұжымдылығы және белгісіз болуы;

– ұзақ, жүйелі;

– мемлекеттің, кәсіпкердің және жеке азаматтардың мүдделеріне шығындардың келуі.

Автор өз еңбегінде жәбірленуші мәселесін көтереді, шығын келген тұлғаларды анықтауға тырысады. Материалдық игілікке шығын келсе, әдетте қылмыстық әрекет тұлғаның меншік құқығына да нұқсан келтіреді, деп есептейді. Экономикалық қылмыстарда қылмыстық әрекетпен экономикалық қызметке қарсы бағытталған қолсұғушылық меншік құқығынан қауіптірек болады да, қылмыстың объектісі ретінде танылады. Экономикалық қылмыстар мамандандырылған қызмет барысында жасалынады, деген автордың пікірімен келісуге болады, бірақ та барлық уақытта емес. Тұрмыстық мәмілелерді жасауда мамандандырылған қызметтің болуы міндетті емес.

Отандық әдебиеттерде тікелей субьектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынадай түрлерге бөлген:

1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚР ҚК 189-бабы) заңсыз кәсіпкерлік (ҚР ҚК 190-бабы), заңсыз банктік қызмет (ҚР ҚК 191-бабы), жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 192-бабы), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру ҚР ҚК (193-бабы), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (ҚР ҚК 196-бабы), көрінеу жалған жарнама беру (ҚР ҚК 198-бабы), тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (ҚР ҚК 199-бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (ҚР ҚК 200-бабы), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (ҚР ҚК 201-бабы), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (ҚР ҚК 215-бабы), әдейі банкроттық (ҚР ҚК 217-бабы), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (ҚР ҚК 218-бабы), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу (ҚР ҚК 225-бабы), мәліме жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға тәжбүр ету (ҚР ҚК 226-бабы);

2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және
мақсатсыз пайдалану (ҚР ҚК 194-бабы), несиелік берешекті өтуден әдейі жалтыру (ҚР ҚК 195-бабы), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (ҚР ҚК 202-бабы), бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі (ҚР ҚК 202-1-бабы); бағалы зағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (ҚР ҚК 203-бабы), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (ҚР ҚК 204-бабы), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (ҚР ҚК 205-бабы), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚР ҚК 207-бабы);

3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алым


маркаларын қолдан жасау және пайдалану (ҚР ҚК 208-бабы), экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚР ҚК 213-бабы), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (ҚР ҚК 214-бабы), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (ҚР ҚК 219-бабы), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (ҚР ҚК 220-бабы), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (ҚР ҚК 221-бабы), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚР ҚК 222-бабы);

4) сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар:


көпшілік сауда-саттықтар мен аукцияндардағы өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (ҚР ҚК 197-бабы), тұтынушыларды алдау (ҚР ҚК 223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚР ҚК 224-бабы);

5) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚР ҚК 227-бабы).

Қазіргі қылмыстық заңнамада экономикалық функцияның негізінде аталған қылмыстардың дифференцациясын төмендегідей топтаған:


  1. бағалы қағаздарды алғаш шығару және орналастыру кезіндегі қылмыстар – «Заңсыз кәсіпкерлік» (190-бап), «Жалған кәсіпкерлік» (ҚР ҚК 191-бабы), «Бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу» (ҚР ҚК 202-бабы);

  2. бағалы қағаздармен екінші деңгейлі нарықта жасалатын қылмыстар – «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату» (ҚР ҚК 206-бабы);

  3. банкроттық кезінде жасалған қылмыстар – «Банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер» (ҚР ҚК 215-бабы), «Әдейі банкроттық» (ҚР ҚК 216-бабы), «Жалған банкроттық» (ҚР ҚК 217-бабы).

Алаяқтық (ҚР ҚК 177-бабы) және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚР ҚК 176-бабы) қылмыстары осы үш топтың кез келгенінде жасалынуы мүмкін. Мұндай криминалды іс-әрекеттерді топтастыру алаяқтықпен және инвесторлардың мүлкін алудағы әрекеттермен байланысты:

  • бағалы қағаздар эмиссия проспектісіне күмән мәліметті енгізу;

  • күмән мәліметті қамтитын эмиссия проспектісін бекіту;

  • эмиссияның күмән нәтижелерін бекіту.

Бағалы қағаздар нарығындағы алаяқтықтың түріне мыналар кіреді:

  • бағалы қағаздармен қамтылмаған эмиссиямен алдау;

  • жалған эмитенттердің немесе шын эмитенттердің атынан жалған бағалы қағаздар шығару кезінде алдау:

  • бағалы қағаздарды сату кезінде алдау;

  • кепілхаттарды шығару және бағалы қағаздардың айналымы кезінде алдау.

Қаржылық-несиелік жүйесінде, көбінесе, алаяқтық жолмен және сеніп тапсырылған мүлікті иелену жолымен жасалатын меншікке қарсы қылмыстар көбейген – жасанды төлем құжаттары және жалған банктік кепілдікті қолдану арқылы қаржыларды, жалған авизоларды ұрлау, жеңіл несиелерді толымсыз қолдану және қайтарымсыз алу.

Келесі қылмыстар қоғамда жиі кездесіп жатады:



  1. Халықтың қаржыларын алу мақсатында болашақ табыстары туралы алдаумен байланысты қылмыстар;

  2. Кепілхат айналымы мен несиелендіру шеңберіндегі теріс қылықтар;

  3. Жалған кәсіпкерлік (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 192-бабында көрініс алады).

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар - материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті өндіруге, бөлуге, айырбастауға және түтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Б.М.Леонтьев қарастырылған қылмыстарды 7 топқа бөледі: кәсіпкерлік және банк қызметіндегі қылмыстар, банкроттыққа байланысты қылмыстар, бағалы қағаздар, ақша айналымы және басқа да төлем құжаттары саласындағы қылмыстар, кедендік реттеу саласындағы қылмыстар, валюталық реттеу саласындағы қылмыстар, салық және басқа төлем саласындағы қылмыстар, тұтынушылардың мүдделеріне қарсы қылмыстар.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды Б.В.Волженкин төмендегідей топтастырады: 1) Конституция мен заңда экономикалық, кәсіпкерлік қызметтің іске асырылуына кепілдік берген қатысушылардың құқықтары мен ерекшеліктерін қорғайтын қылмыстар, 2) кәсіпкерлік және басқа да қызметтердің белгіленген тәртіптерін іске асыру қағидаттарын бұзатын қылмыстар; 3) адал емес бәсекелестік пен монополиялық қызметпен байланысты қылмыс; 4) ақша мен бағалы қағаздар айналымы тәртібіне қарсы қылмыстар; 5) валюталық құндылықтар айналымы тәртібіне қарсы қылмыстар; 6) мемлекеттік бюжеттен тыс қорлар, сақтандыру салымдары мен салық төлеу тәртібіне қарсы қылмыстар 8) тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне қарсы қылмыстар.

Б.В.Волженкин ақша мен бағалы қағаздар айналымы тәртібіне қарсы қылмыстардың тобына мына қылмыстарды жатқызады [5, 90-91 б.]: бағалы қағаздарды эмиссиялауды теріс пайдалану; бағалы қағаздар туралы ресей заңнамасымен белгіленген мәліметтерді инвесторға немесе бақылау органына беруден көрінеу жалтару; жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау немесе сату; жалған несие немесе есеп картасын және төлем құжаттарды жасау немесе сату. Аталған қылмыстар ақша мен бағалы қағаздар айналымының белгіленген тәртібін бұзады, мемлекеттің және экономикалық қызметтің басқа қатысушыларының қаржылық мүдделеріне қол сұғады.

Б.В.Яцеленконың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды төмендегідей топтастырады [6, 146 б.]:

- кәсіпкерлік қызметке қарсы қылмыстар,

- ақша-несие саласында жасалатын қылмыстар;

- мемлекеттің қаржы қызметіндегі қылмыстар;

- сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар.

Ақша-несие саласында жасалатын қылмыстарға:

- бағалы қағаздарды шығаруды теріс пайдалану (эмиссия) (РФ ҚК 185-бабы),

- жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сатуды (РФ ҚК 185-бабы) кіргізеді.



жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау