Бижанова Айгүл Рабханқызы


Эмитент бастапқы бағалы қағаздар нарығында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру процесiнде ақпаратты ашып



жүктеу 2,48 Mb.
бет7/12
Дата13.11.2017
өлшемі2,48 Mb.
#80
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Эмитент бастапқы бағалы қағаздар нарығында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру процесiнде ақпаратты ашып көрсетеді. Ол инвесторлардың шектелмеген тобының арасында орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитентi кез келген мүдделi тұлғалардың алдында:

- эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде бар,

- акционерлік қоғамның бағалы қағаздарының аукциондары мен оған жазылудың шарттарын және өткізу тәртібін белгілейтін ішкі құжатта қамтылған;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органға табыс етiлетiн есептерде бар;

- қаржылық есептiлiкке енгiзiлген ақпаратты;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес (eгep осы бағалы қағаздар сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлсе) немесе осы эмитенттiң iшкi құжаттарына сәйкес ашып көрсетуге жататын өзге де ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi.

Эмитенттің ақпаратты ашып көрсетуi, ол уәкiлеттi органға «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес инвесторлардың (акционерлердiң) мүдделерiн қозғайды деп танылған ақпаратты табыс ету; егер эмитенттiң бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлсе, сауда-саттықты ұйымдастырушыға осы сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес ақпаратты табыс ету; бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарды ұйымдастырушылар үшiн ақпаратты эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi арқылы таратуды жүзеге асыруға құқылы.



Мемлекеттік тіркеуден өтпеген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру

Бағалы қағаздарды бастапқы бағалы қағаздар нарығында сату – эмитенттің бұрын қайталама бағалы қағаздар нарығында өзі сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрі орналастыруын қоспағанда, эмитенттің (андеррайтердің немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру болып табылады.

Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды мынадай тәсiлдермен жүзеге асыра алады:

- андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейiннен басқа инвесторларға сату мақсатында бағалы барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алатын «қатаң мiндеттемелер» тәсiлiмен,

- андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну арқылы оларды орналастыру жөнiнде қолынан келгенше күш-жiгерiн жұмсауға мiндеттенетiн «ең үздiк күш салу» тәсiлiмен;

- эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың өзге де тәсiлдерiмен.

Жоғарыда айтып кеткендей, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру әрекеті қорытындылау есеп түрінде рәсімделіп, мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органына тапсырылады.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес, эмитент шығару құжаттарын мемлекеттiк тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртiбiн бұзған және құжаттарды қapaу процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы. Бұл Заңның 27-бабына орай, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу сот тәртiбiмен жарамсыз деп те танылады, оған:

1) эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы,

2) эмитенттi заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруға негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы;

3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу жүргiзуге негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы негiз болып табылады.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңының 24-бабының 3-тармағына сай: «Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды. Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеу фактiлерi анықталса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартуға құқылы. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартқан жағдайда эмитент бас тартуды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi».

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген бағалы қағаздарды қолданысқа шығаруға тыйым салынған. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеуден өткізбеу эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін сақтамау болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 157-бабында көрсетілгендей, осы бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер жарамсыз болып табылады.

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген ірі мөлшердегі эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қоғамға қауіптілігі жоғары, ол елдің экономикасына, нақты айтқанда бағалы қағаздар нарығына елеулі зардаптар, оның қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді. Мұндай әрекеттер қаржы нарығында ықылассыз эмитенттердің, суррогатты бағалы қағаздардың (Мысалы, «МММ» билеттері инвесторлардың сенімін төмендетеді, инвестициялық қауіпті жоғарлатады және инвесторларға зардап әкелетін үлкен көлемді алаяқтық операцияларды жасауға ыңғайлы жағдайлар туғызады) пайда болу мүмкіндігін жоғарылатады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабындағы көрінеу (қылмыстың объективті жағын құрайтын қылмыстық іс-әрекеттердің) жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту және бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі қылмыстық әрекеттердің қатарына, бағалы қағаздарды эмиссиялау процесінің кезекті әрекеті ретінде қаралатын мемлекеттік тіркеуден өтпеген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды жатқызу қажет.

Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қоғамдық қауіпті әрекетті жасауға тұлғаның ішкі психологиялық қатынасын мінездейтін белгілердің жиынтығы. Аталған қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Айыпты өзінің не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткенін біледі, соны қалайды. Кейбір авторлардың пікірінше, бұл қылмысты тікелей немесе жанама да қасақаналықпен жасауға болады кінәлі тұлға эмиссия проспектісіне, есепке жалған мәліметтер енгізіп жатқандығын немесе сенімсіз нәтижелерді бекітіп жатқандығын сезінеді, әрекеттердің белгілі мөлшерде зардаптар алып келетіндігін немесе келу мүмкіндігін алдын ала біледі және оның келуін тілейді немесе тілемейді мұндай зардаптардың келуін саналы түрде жол береді немесе оған селқос қарайды [50, 152 б.]. Іс-тәжірбиеде кінәлі зардаптың келуін тілемеген, бірақ оған саналы түрде жол берген, нәтижиеге селқос қараған кездер болып тұрады, бұл бизнесте жиі кездесетін жағдай.



Қылмыстық кодекстің 202-бабында қылмыстың субъектісі – арнаулы-көрнеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіткен ұйым – эмитент басшылары немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткен лауазымды адамы, деп көрсетілген С.М.Рахметов пен Т.Ә.Бапановтың жалпы редакторлығымен жарияланған ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктемесінде. Бұл әрекеттер әдетте, бір ғана тұлғамен емес, топтасқан нысанда жасалынады. Себебі аталған құжаттарды бекіту – мәжілісте қаралып, шешілетін жағдай.

Қазіргі кезеңдегі ережелер мен процедураларға сәйкес, бағалы қағаздар проспектісі бірыңғай эмитенттің атқарушы органымен, оның бас бухгалтерімен іске асырылуы, қол қойылуы тиіс. Ақпараттың нақтылығын растайтын тәуелсіз бағалаушы мен аудитордың қолы қойылады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бірнеше мәрте бұзу, ірі, аса ірі мөлшерде залал келтірудің қоғамға қауіптілігі қылмыстық заңнамада қарастырылмаған. Аталған жағдайлардың заңнамада ескерілуінің қылмыстылықтың алдын алуда мәні зор. Бұл шара ойластыруды қажет ететін жағдай ретінде қылмыстық норманың саралаушы бабында көрсетілуі тиіс.

Ірі мөлшердегі деп азаматқа 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш, мемлекетке немесе ұжымға 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде келген зиянды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабына сүйене отырып бағалаймыз. Ал, аса ірі – азаматқа 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш, мемлекетке немесе ұжымға 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде зияндардың келуін саралаушы белгі ретінде ауырлататын мән-жайға жатқызылуы тиіс.

Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы деп ҚР ҚК 11-бабына сәйкес, ерекше бөлімнің бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі не одан да көп әрекетті, сондай-ақ ерекше бөлімнің түрлі баптарында көзделген екі не одан да көп қылмыс жасауы, кодексте арнайы көрсетілген ретте бірнеше рет жасалынған деп танылады. Бұл әрекеттер үшін тұлғаның соттылығы-сотталмағандығы ескерілмейді. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше мәрте жасалған деп есептелінбейді.

Бірнеше мәрте жасау ұғымы, кінәлі тұлғаның сотты болған қылмыстармен қатар, оның қылмыстық жауаптылыққа әлі тартылмаған әрекеттерін де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп бағалануына, кінәлі тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бірлесіп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер – бірнеше рет жасалған деп танылады.

Құрылысы жағынан бұл қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс объективтік жақтың белгілерінде көрсетілген балама әрекеттердің біреуін істегеннен соң, яғни көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп бекітілген кезден бастап аяқталған болып саналады.

Бұл әрекеттерді жасаған тұлға екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттігі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Құқықтық Саясат жөніндегі Кеңесі Қазақстанның 2010-2020 жылдардағы құқықтық саясаты Концепциясының ережелерін орындау мақсатында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзғаны үшін қылмыстылық жауаптылық қарастырылған норманы жетілдіруге байланысты біршама ұсыныстар келтірген: бірі – қылмыстық жауаптылық туындауы үшін ірі мөлшерде зардаптың келуі, ал екіншісі – жаңа жаза – екі еселенген материалдық шығынның өтелуді енгізу, үшіншісі - бас бостандығынан айыру түріндегі жаза түрін санкциядан алып тастау, сондай-ақ айыппұл мөлшерін көтеру.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бірнеше мәрте бұзған немесе ірі мөлшерде залал келтіргені үшін тұлға мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы тиіс.

Аса ірі мөлшерде залал келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы қажет.

Тақырыпша бойынша сұрақтар:


  1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу жөніндегі қылмыстың құрамына тоқталыңыз.

  2. Бағалы қағаздар дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

  3. Эмиссиялық және эмиссиялық емес бағалы қағаздар дегеніміз не?

  4. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі дегеніміз не?

  5. Бағалы қағаз нарығын шығару қорытындысының есебіне оқталыңыз.

  6. Инвестициялық және коммерциялық бағалы қағаздардың құқықтық табиғатына, айырмашылығына тоқталыңыз.

  7. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу жөніндегі қылмыстың объективтік жағы не?

  8. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру дегеніміз не?

  9. Көрінеу сенімсіз ақпаратты бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектісіне енгізу деген не?

  10. Эмиссия проспектісін бекітудің ұғымы қандай?

  11. Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есепті бекіту кімге жүктелген?

  12. Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қандай тәсiлдермен жүзеге асыра алады?

  13. Қандай жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу сот тәртiбiмен жарамсыз деп те танылады?

  14. Қылмыстық кодекстің 202-бабында қылмыстың субъектісі кімдер?

  15. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу жөніндегі қылмыстың саралаушы бабын атаңыз.



      1. 2.2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЭМИТЕНТІ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АҚПАРАТ БЕРМЕУІ НЕ КӨРІНЕУ ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР БЕРУІ (ҚР ҚК 202-1-бабы)



Қор нарығының қатысушыларының бағалы қағаздардың эмиссиялануынан бастап айналымда жүрген кездегі барлық процестер туралы мәліметтермен қамтамасыз етілуі бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеу барысында қарастырылған. Заңда көзделген шекте әрбір субъект өзіне тиесілі мәліметтерді алуға құқылы. Бағалы қағаздар нарығындағы қиянат іс-әрекеттері сол мәліметтерді бермеуі, не көрнеу жалған мәліметтер беру жағдайларын да құралақан емес-ті.

Мүліктік пайда табу мақсатында бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамының мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуінің не көрінеу жалған мәліметтер беруінің нәтижесінде бағалы қағаздарды ұстаушыларға немесе эмитентке ірі залал алып келгені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-1-бабында қылмыстық жауаптылық көзделген, бұл қылмыстық норма 2005 жылдың 8 шілдесінде бағалы қағаздар арығына байланысты заңнамаға енген өзгертулер мен толықтыруларға орай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне жаңадан кірген бап болып табылады.

Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер берудің қоғамға қауіптілігі сол, ол елдің экономикасына елеулі зардаптар алып келеді.

И.Ш.Борчашвилидің жалпы редакциялығымен жарияланған ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктемеде қылмыстың объектісі бағалы қағаздармен операцияларды реттейтін, бағалы қағаздар айналымында пайда болатын қоғамдық қатынастарды бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер берудің объектісі, деп қарастырған.

Г.Г.Дашкова эмитенттің инвесторға және қадағалаушы уәкілетті органға мәліметтерді табыстауының үш кезеңін бөліп қарайды:

- бағалы қағаздарды эмиссиялау кезінде,

- ағымдағы эмитент, оның қаржылық-шаруашылық статусын айқындайтын және бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілелер мен басқа да операциялар жайлы мәліметтер беру;

- айқындалмаған топқа белгіленген фактілер бойынша хабарлама беру.

Ендігі жолда осылардың мәнін ашайық.


  1. Эмитенттің инвесторға және қадағалаушы уәкілетті органға бағалы қағаздарды эмиссиялау кезінде беретін мағлұматтары. ҚР «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңына сай эмитенттің мәліметтерді беруі мынадай келесі бағалы қағаздарды эмиссиялау сатыларында көрсетілген: а) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдау; б) бағалы қағаздарды шығару жөнінде қабылданған шешімді бекіту; в) бағалы қағаздарды шығарудың мемлекеттік тіркелімі; г) бағалы қағаздарды орналастыру; д) бағалы қағаздар жайлы есептеу нәтижесін мемлекеттік тіркеу сатысында берілетін мәліметтер.

Бұл мәліметтердің берілу механизмі де регламенттелген, оның дүниежүзілік стандарттарға сай 3 жолы бар: мәліметтер (жаңалықтар) бауымен, интернет желісінде, баспасөз беттерінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етіледі.

  1. Эмитенттің ағымдағы есебінде қаржылық-шаруашылық мәртебесін айқындайтын және бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілелер мен басқа да операциялар жайлы мәліметтер беруі.

Бұл мәліметтерді мүдделес заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға берумен сабақтасқан эмитенттің әрекеттері өз жұмысының квартал сайынғы есеп беруімен көрсетіледі. Бұл міндеттер:

  • кемінде бір бағалы қағаздар проспектісінің тіркелімі жүктелген эмитентке қатынас,

  • эмиссиялау проспектісі тіркелімі, кемінде бір бағалы қағаз мемлекеттік тіркелім өткізу жүктемесі болған эмитентке қатынас (ашу, сату, жазылу, орналастыру белгілі тұлғалар тобына жасалса, және олардың саны 500-ден астам болса);

  • мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру кезінде құрылған акционерлік қоғам болып табылатын эмитенттерге қатынас.

Сонымен бірге, белгіленген мәліметтерді квартал сайынғы есеп беру арқылы жазып жіберу, ашу міндеттері қор биржасындағы саудаға салынған және басқа да бағалы қағаздар рыногындағы саудаға салынған эмитенттерге де жүктеледі.

Квартал сайынғы есеп беру заңда көзделген мерзім ішінде жасалуы тиіс. Барлық бағалы қағаздармен байланысты жалған түрлерін шығару немесе мәліметтерге өзгерістер енгізу секілді қиянат етушіліктерден сақтану мақсатында есеп беру нәтижесінде әрбір парақ нөмірденеді және тігіледі, эмитенттің мөрімен біріктіріледі. Тіркелімді жүргізетін уәкілетті органға жіберілетін квартал сайынғы есеп беру бір уақытта магниттік тасымалдаушыда және қағаз бетіне түсіріледі. Олардың бір-бірімен сәйкестігі эмитенттің өкілі қол қойған хатымен бекітіледі. Сонымен бірге, интернет желісінде осы есеп беру жария етілуі тиіс, және 6 ай бойы не келесі есеп беру қойылған сәтке дейін сақталуы керек.



  1. Эмитенттің айқындалмаған топқа белгіленген фактілер бойынша хабарлама беруі. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңында көрсетілгендей, жария ету сәтінен бастап айқындалмаған топқа белгіленген фактілер бойынша хабарлама беріледі, және оның мерзімі жария ету мерзімімен бірге аяқталады.

Белгіленген фактілер бойынша хабарлама оқшауланған эмитенттің атқарушы органына не басқа өкілінің қол қоюымен, эмитенттің мөрімен бекітіліп, әрбір парақ нөмірленеді. Әрбір факт бойынша бір хабарлама жазылады. Белгіленген фактілер бойынша хабарлама деп, эмитенттің реорганизациясы (реорганизация эмитента, его дочерних независимых обществ), 10%-дан жоғары баға мөлшерін жоғарлатқан не төмендеткен фактілер, бір рет шығын не пайда әкелген 10%-дан жоғарғы көрсеткіші, бір рет жасалған мәмілелер және бағасы 10%-дан асатын және одан да жоғары бағаланатын активтермен жасалған эмитенттің мәліметтері; эмитенттің шығарған бағалы қағаздары жөнінде; бағалы қағаздар арқылы төленген не түсетін пайда жөніндегі; 25%-дан асатын бағалы қағаздарының кез келген түрлерімен иемденуші тұлғалар туралы тіркелімі; тіркелім жабылған мерзім; эмитенттің міндеттерінің жүзеге асырылу мерзімі; жалпы жиналыстар қорытындылары; эмитенттің атқарушы органының эмиссияланған бағалы қағаздар шығару жөніндегі шешім шығаруы жөніндегі мәліметтерді сақтайтын құжат.

Себебі, эмитенттің барлық айқындаушы мәліметтері мен құжаттарына қол жеткізуші тұлғалар ретінде заңда қарастырылғандар тізілімі шағын ғана. Уәкілетті орган түзетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі болып саналады. Сәйкесінше бағалы қағаздар мен мемлекет арасындағы қатысу тұлғалар қылмыс жасауы ықтимал адамдардың шағын ғана тобын құрайды. Әлбетте, барлық мәліметтер құпия түрде жинақталады, жария етілмейтін фактілер кездеседі. Оларға қол жеткізуі белгіленген арнайы субъектілер көрсетілген тұлғалар болып табылады. Әрине алаяқтар, қиянат жасаушылар, заңсыз кәсіпкерлер, легализациялаудың оңай жолын жүргізушілер, көрінеу жарнамалаушылар секілді тұлғаларды да ұмытпаған жөн.

РФ ҚК 185-1-бабы «Инвесторға немесе бақылаушы органға бағалы қағаздар туралы заңмен белгіленген мәліметтерді беруден көрінеу жалтару» деп аталады. Мұндағы қылмыстың объектісін қағаздарды эмиссиялауға байланысты туындайтын, заңмен және басқа да нормативтік актілермен реттелінетін қоғамдық қатынастар құрайды, деп айтады Г.Г.Дашкова. Алайда, автор бұл пікірінде эмитенттің мәліметтер беруден көрінеу жалтару іс-әрекеттерін тек бағалы қағаздарды шығару процесімен ғана шектеп отыр.

Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер берудің тікелей объектісі бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын қатынаста қылмыстық қолсұғылған бағалы қағаздарды ұстаушы немесе эмитенттің заңмен қорғалынатын мүдделері деп қаралады.

Қылмыстың заты – бағалы қағаздар.

Ал РФ Қылмыстық кодексінің 185-1-бабымен көзделген қылмыстың заты – эмитент, оның қаржы-шаруашылық қызметтері, бағалы қағаздар, мәмілелер және бағалы қағаздармен басқа да операциялар туралы мәліметтер болып саналады.

Әрине, бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беру жөніндегі қылмыстың жеке қылмыстық норма ретінде саралануының бір негізі, оның қоғамға қауіптілігі дәрежесінде, ал екіншіден жалған ақпараттың тапсыруымен, үшіншіден қылмыс субъектісі мен зардап келтірушілерімен ерекшеленуіне байланысты болғандықтан, қылмыс затын мәлімет деп қарап, қандай ақпарат екендігін нақтылаған орынды. Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамы бағалы қағаздардың түрі, саны, эмитенттің атауы мен мекен-жайы, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушы мен эмитенттің жеке шотындағы есеп, мәмілелер және бағалы қағаздармен басқа да операциялар туралы ақпараттар қылмыс заты болуы тиіс.

Эмитенттің мемлекеттік органдар мен бағалы қағаздарды ұстаушыларға жоғарыда атап көрсеткендей үш жағдайда ақпарат беруден жалтаруы мүмкін.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңының 107-бабына сәйкес, уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақпарат алу құқығы бар. Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ол эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын) ақпаратты өз құзыретi шегiнде алуға құқылы. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс. Жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сауалы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат бередi. Ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық жағдайды талдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнен қажеттi ақпарат алуға құқылы.

Сәйкесінше, эмитент қайталама бағалы қағаздар нарығында эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы кезеңiнде уәкiлеттi органның және бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында бағалы қағаздарды ұстаушыларының мүдделерi қозғалатын өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi болады. Мыналар:

- эмитент органдары құрамының өзгерiстерi;

- эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп пайызын (үлесiн) иеленетiн акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгерiстерi;

- эмитенттiң, оның еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы;

- эмитенттiң мүлкiне тыйым салынуы;

- эмитент лицензиясының алынуы, тоқтатыла тұруы немесе одан айыру;

- эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмi;

- эмитент әрбiр осындай ұйым акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн, пайызын) иеленетiн ұйымдар тiзiмiндегi өзгерiстер эмитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерiстер деп танылады.

Эмитент өзгерiстер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi болып табылады. Осы өзгерiстердi эмитент олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткiзедi.



жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау