Бижанова Айгүл Рабханқызы



жүктеу 2,48 Mb.
бет9/12
Дата13.11.2017
өлшемі2,48 Mb.
#80
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тіркеуші – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін түзуді, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Қылмыстың құрамы – материалдық. Қылмыс аяқталды деп есептеу үшін аталған заңсыз әрекеттің бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғуы тиіс.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәлімет енгізу бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын болса, үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

Қылмысты ауырлататын мән-жай ретінде ірі зиянның келуі қарастырылған.

Ірі мөлшердегі залалдың түсінігі ҚР ҚК 189-бабында берілген. Ірі мөлшердегі зиян – азаматқа 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК), мемлекетке немесе ұжымға – 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде есептелінеді.

Осы баптың 2-тармағында, ірi зиян келтiрген дәл сол әрекет бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттігі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Құқықтық Саясат жөніндегі Кеңесі Қазақстанның 2010-2020 жылдардағы құқықтық саясаты Концепциясының ережелерін орындау мақсатында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін қылмыстылық жауаптылық қарастырылған норманың 1-тармағын декриминализациялап, оны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің («Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу») 196-бабының 2-тармағына енгізе отырып, әкімшілік жауаптылықты күшейту-айыппұл мөлшерін көтеру, екі еселенген материалдық зиянды өтеу түріндегі жаңа жазаны қосу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны (нәтижесінде орта дәрежедегі қылмыстан онша ауыр емес қылмыстар санатына алмастыру), сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға қосымша жаза белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды санкциядан алып тастауды ұсынған. Әрине, аталған ұсыныспен келісе алмаймыз. Себебі аталған әрекеттің қоғамға қауіптілігі басым.



Тақырыпша бойынша сұрақтар:

  1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар деген кімдер?

  2. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне түсінік беріңіз.

  3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне енгізілетін мәліметтер қандай?

  4. Бағалы қағаздарды тiркеушiнiң функцияларына не жатады?

  5. Қандай жағжайда бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiн бағалы қағаздардың номиналды ұстаушылары жүргiзеді?

  6. Бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесі дегеніміз не?

  7. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының функциялары қандай?

  8. Іс-тәжірбиеде тіркеу қызметін жүзеге асыруда заңбұзушылықтардың қандай түрлерін кездестіруге болады?

  9. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрнеу жалған мәліметтер енгізу қылмысының құрамын ашыңыз.



2.4 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ КӨРІНЕУ ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР БЕРУІ (ҚР ҚК 204-бабы)
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы – өз қызметін бағалы қағаздар нарығында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыратын және акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді және (немесе) дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға.

Олардың бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар; кредиттік операциялар; вексельдерді есепке алу, қайта есепке алу (пансиондау) операциялары; өз есебінен және тапсырмалар бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялары; бағалы қағаздарға байланысты қызмет көрсетулер; депозитарийлік операциялар, деп топтастыруға болады.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы банктер өздеріне тиесілі банктік операциялары мен қызмет көрсетулерін осы нарықтың кәсіби емес және кәсіби қатысушылары ретінде жүзеге асырады.

Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі операциялары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129-134,136,139-баптарымен, 715-бабының 3-тармағымен, 716-бабының 2-тармағымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының а), б)-тармақшаларымен, 27, 28-баптарымен, 33-бабымен, 35-бабымен, 36-2-бабымен, 36-3-бабымен, 52-1-бабының 1),2),3),4),5) және 6)-тармақшаларымен, 54-бабының тиісті ережелерімен, 56-бабының а), б), в)-тармақшаларымен, 57-бабының тиісті ережелерімен, 58-бабының тиісті ережелерімен; «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 16-бабының 1,2,3,4 және 8-тармағымен, 26-бабымен, 30-бабының и), в)-тармақшаларымен, 4-тармағының a),6),б-1)-тармақшаларымен, 42-бабының 1-тармағымен; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабының 1,2,4-тармақтарымен, 11-бабының 1-тармағымен, 12,13-баптарымен, 16-32-баптарымен; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабымен, 4-30-баптарымен, 44,45- баптарымен, 50-бабымен, 55-бабымен, 63-бабымен, 65-бабымен, 69-бабымен, 73,74-баптарымен, 83,84-баптарымен; «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабымен, 12-бабымен; Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, кейбір операциялар бойынша тиісті шарттармен реттеледі.

Заңның 45-бабына сәйкес «Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы», бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi:

1) брокерлiк;

1-1) дилерлiк;

2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзу;

3) инвестициялық портфельдi басқару;

4) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару;

5) кастодиандық;

6) трансфер-агенттiк;

7) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды;

8) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.

Осы аталған қызмет, сондай-ақ депозитарийлiк қызмет бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет болып табылады, олар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңында қарастырылған: Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау (Заңның 10-тарауы 57-62 баптар), бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет (Заңның 11-тарауы 63-64 баптар), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің (Заңның 12-тарауы 65-68 баптар) жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет (Заңның 13-тарауы 69-72 баптар), кастодиандық қызмет (Заңның 14-тарауы 73-75 баптар), трансфер-агенттік қызмет (Заңның 15-тарауы 76-77 баптар), орталық депозитарий (Заңның 16-тарауы 78-82 баптар), сауда-саттықты ұйымдастыру (Заңның 17-тарауы 83-90 баптар). Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі жөніндегі қылмыстық нормаға тоқталмас бұрын осы қызметтерге қысқаша шолу жасап өтсек.

Комиссия немесе тапсырма келісім-шарты негізінде, сонымен бірге келісімді сенімді өкілдің немесе делдалдық өкілдігі көрсетілмеген ретте де, осындай мәмілелерді жасауға сенімхат негізінде әрекет ететін, сенімді өкіл немесе делдал ретінде бағалы қағаздармен азаматтық құқықтық мәмілелерді жасау қызметі брокерлік қызмет болып табылады. Осындай жолмен, брокер делдалдық ақша түріндегі табысты ала отырып, бағалы қағаздар нарығында клиент (тапсырыс беруші) есебінен және оның атынан іс-әрекет жасайды.

Өз атынан және өз есебінен нақты бағалы қағаздарға сатып алу немесе сату бағаларын жария түрде хабарлаған, міндетті түрдегі бағаларға осындай қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен бағалы қағаздардың сатып алыну немесе сатылуы, осы бағалы қағаздарды сатып алы-сату мәмілелерін жүзеге асырып болғандағы қызметі брокерлік қызмет болып табылады.

Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға бағытталған бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрі дилерлік қызмет деп аталады.



Бағалы қағаздарды басқару бойынша қызмет – бұл заңды тұлғамен немесе жеке кәсіпкермен өз атынан сыйлық үшін, белгілі мерзімі ішінде басқаның немесе үшінші тұлғаның мүддесі негізінде және оған тиесілі сенімді басқаруын жүзеге асыратын қызмет: бағалы қағаздармен, бағалы қағаздарды инвестицияға арналған ақшалармен, бағалы қағаздармен басқару процесінде алынған бағалы қағаздар және ақшалар.

Ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау, қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында инвестициялық портфельдi басқару және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және олардың iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердiң есебiн жүргiзу, инвестициялық портфельдi басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқару қызметтері болып табылады.

Ақшаға, эмиссиялық бағалы қағаздарға және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарына қатысты клиентке шоттар ашу, ақшаны, эмиссиялық бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарын есепке алуды қамтамасыз ету, нақтылы ұстауды жүзеге асыру, эмиссиялық бағалы қағаздармен және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша төлем агентiнiң функциясын атқару, клиенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмiлелердi тiркеу және осы бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарын растау, эмиссиялық бағалы қағаздар және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдары бойынша кiрiс алу және оны клиенттiң шотына есептеу, эмитенттiң тапсырмасы бойынша клиентке ақпарат беру; клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартта көзделген өзге де қызметтер көрсету, құжатты бағалы қағаздарды және құжатты нысанда шығарылған өзге де қаржы құралдарын сақтау – кастодиан қызметі.

Өзi тапсыру үшiн алған құжаттарды тiркеу және есепке алу, клиенттерге берiлген құжаттарды тiркеу және есепке алу, трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық деректер базасының сақталуын қамтамасыз ету, трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық жүйелердi жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстау, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды трансфер-агент жүзеге асырады.

Депоненттерге қаржы құралдарын нақтылы ұстау, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмiлелер және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында оның депоненттерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті лицензиясыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғалардың қатысуымен (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр тараптан депонент және екiншi тараптан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында) жасалған мәмiлелер бойынша қаржы құралдарындағы есеп айырысу, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасының заңдарына және өзiнiң ережелер жинағына сәйкес депозитарийлiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады, консультациялық, ақпараттық және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарындағы және (немесе) ақшадағы клиринг қызметін Орталық депозитарийдің депозитарийлiк қызметi деп атайды.

Бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастырушылар: биржадан тыс бағалы қағаздар нарығындағы баға кесу ұйымдары, биржалар. Биржадан тыс бағалы қағаздар нарығындағы баға кесу ұйымы – бұл биржалық емес нарықта құрылатын бағалы қағаздардың саудасын техникалық қамтамасыз ететін және бағалы қағаздардың нарықтық құнының курсын анықтау функциясын жүзеге асыратын заңды тұлға мәртебесі бар, бағалы қағаз нарығының кәсіпқой қатысушылармен құрылған коммерциялық емес ұйым.

2005 жылға дейін ҚР ҚК 204-бабы «Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру» деп аталған. Бүгінде бұл норма «Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі» деген атауға ие. Онда бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының мүліктік пайда алу мақсатында мемлекеттік органдарғ және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар, бағалы қағаздардың саны мен түрлері туралы ірі зиян келтірген көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін жауаптылық белгіленген.

Бұл қылмыс құрамы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті және бағалы қағаздар эмитенті мен нарықтың кәсіби қатысушысын мемлекеттік бақылауды атқару арқылы жүзеге асырылатын инвестордың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды тиісті және тиімді дәрежеде қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған. Аталған қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, ол еліміздің экономикасына зор залал алып келеді.



Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс, өзіне бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін көрсететін, арнайы рұқсаттары (лиценизиасы) бар адамдар болып табылады. Субъектілердің қатарын тек бағалы қағаздармен операциялар жүргізу міндеттері жүктелген адамдармен шектеуге болмайды. Эмитент жоғары дәрежеде бағалы қағаздар нарығын, яғни бағалы қағаздарды эмиссиялау мен бағалы қағаздардың қайталама нарығын (бағалы қағаздар айналысында) ұйымдастыру мақсатында келісім-шарт негізінде мамандарды кәсіби көмек алады. Кәсіби қатысушыларға мыналарды жатқызсақ болады: брокер, дилер, трансфер-агент, тіркеуші, андеррайтер, инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы, кастодиан, номиналды ұстаушы және өзін-өзі реттейтін ұйым, бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастырушылар. Бірақ бұл нормада номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды ұстаушылар қатарында да қарастырылып отыр.

Брокер – клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Дилер – ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Трансфер-агент – өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Тіркеуші – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін түзуді, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Андеррайтер – бағалы қағаздар нарығының брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушысы.

Инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы – бағалы қағаздар нарығының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы.

Кастодиан – қаржы құралдары мен клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттық-қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Инсайдер – эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық құқықтық шарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға., кәсіби қатысушы.

Өзін-өзі реттейтін ұйым – бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға.

Қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады, ол қылмыстың субъективтік жағын құрамақ. Мұнда тұлға бағалы қағаздардың саны мен түрлері, бағалы қағаздарды ұстаушылардың есеп шотындағылар, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтердің беріп жатқанын сезеді, ірі мөлшерде зиянның келетінін біледі және оны тілейді. Көрінеу жалған мәліметтер бергенде мүліктік пайда табуды мақсат етіп көздейді.



Қылмыстың объектісі – бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды ретке келтіретін қоғамдық қатынастар, деп көрсетіледі оқулықтарда.

Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар дегеніміз азаматтық-құқықтық мәмілелер (сату-сатып алу, айырбас, сыйға беру, сақтау, кепілге беру немесе сеніп басқару және т.б.), сондай-ақ бағалы қағаздарға байланысты жасалынатын техникалық сипаттағы басқа да әрекеттер болып табылады. Демек, бағалы қағаздарды шығарудан бастап, оны айналымға жіберу барысындағы түрлі әрекеттер бағалы қағаздар нарығында кәсіби көмектер арқылы іске асырылып жатады. Мысалы, эмитентпен жасалынған шарт негізінде андеррайтер эмиссиялау процесінде бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруды ұйымдастыруға байланысты, ал тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін түзуді, сақтауды және жүргізуде, немесе брокер-дилерлер қайталама нарықта бағалы қағаздарды сату, тағы да басқа мәмілелерді жасау кезінде кәсіби көмектер көрсетеді.

Сонымен, бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер берудің тікелей объектісі бағалы қағаздар нарығында кәсіби көмек көрсету барысында туындайтын қатынастардағы инвестордың, эмитенттің, басқа қатысушыларының қылмыстық заңмен қорғалынатын заңды мүдделері болып табылады.

Қылмыстың заты – бағалы қағаздар.

Кәсіби қатысушылармен көрсетілген қызметтер мемлекеттік бақылауды қажет етеді. Заңға сәйкес, кәсіби қатысушы мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздармен жүргізген қызметтері туралы мәліметтер беруге міндетті. Оларға мыналар жатады: бағалы қағаздардың саны мен түрлері, бағалы қағаздардың операциялары туралы мәліметтер. Сондықтан да осы мәліметтер бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер берудің қылмыс заты болып табылады.



Қылмыстың объективтік жағын мемлекеттік органдарға (мұнда уәкілетті орган және басқа да мемлекеттік органдар) және бағалы қағаздарды ұстаушыларға (меншік иесі мен номиналды ұстаушы-кәсіби қатысушы) бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы кәсіби қатысушылардың көрінеу жалған мәліметтер беру, ірі зиян келуі, қылмыстық әрекет пен зардап арасындағы себепті байланыс құрайды. Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтерді ауызша немесе жазбаша нысанда енгізген жағдайда алдау амалдары қолданылады.

Кәсіби қатысушылар, яғни брокер, дилер, трансфер-агент, тіркеуші, андеррайтер, инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы, кастодиан, өзін-өзі реттейтін ұйымдар, сондай-ақ номиналды ұстаушы да өз қызметтерін атқара отырып, уәкілетті органға және басқа да мемлекетік органдарға бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтерін, яғни бағалы қағаздарды эмиссиялау туралы құжаттарды, эмитенттің қаржы-шаруашылық қызметтеріне қатысты өзгерістер туралы хабарламасын, бағалы қағаздарды нақты орналастырғандығы туралы және бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың қорытындысы туралы есептерін ұсынады. Уәкілетті мемлекеттік органдарға көрінеу жалған мәліметерді бергенде кәсіби қатысушылар салықтан кіріс көздерін жасыру немесе басқа да пайдакүнемдік мақсаттарды көздейді.

Көрінеу жалған мәлімет тапсырылатын екінші тұлға бағалы қағаздарды ұстаушы болып табылады. Ол – бағалы қағаздардың меншік иесі мен номиналды ұстаушы. Номиналды ұстаушы эмитенттің мүддесі үшін шартқа сәйкес, өз атынан немесе осы меншік иесінің атынан (брокер-дилер) бағалы қағаздар нарығындағы операцияларды жүзеге асырады. Бұл номиналды ұстаушыға өзінен басқа кәсіби қатысушылар жоғарыда аталған мәліметтерді ұсынады.

ҚР ҚК 204-бабында қарастырылған қылмыстың құрамы – материалдық, қылмыстық іс-әрекеттен ірі зиян келтірілуі қажет.

Аталған қылмыстық әрекет үшін үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының не өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады. Ірі мөлшердегі залал – азаматқа 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш, мемлекетке немесе ұжымға – 500 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Тақырыпша бойынша сұрақтар:


  1. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы деген кімдер?

  2. Бағалы қағаздармен жасайтын операцияларды атаңыз?

  3. Бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын қандай қызмет түрлерi бар?

  4. Бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастырушылар кімдер?

  5. Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі жөніндегі қылмыстың құрамын ашыңыз.



2.5 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ (ҚР ҚК 205-бабы)
Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар, ол кәсіби қатысушылармен жүзеге асырылатын азаматтық мәмілелер және басқа да заңды әрекеттер.

Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың ережелері «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңымен реттелінеді. Бұл қызметтердің тәртібі кең, ауқымды іс-әрекеттерді қамтиды. Егер заңға сүйенсек, онда бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылардың көмегімен атқарылатын операциялар жасауда төмендегідей заңбұзушылықтарды кедестіре аламыз. Алайда, бұл заңбұзушылықтардың барлығын қоғамға қауіпті іс-әрекет ретінде қарастыра алмаймыз.



  • уәкілетті органның бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға қатысты шығарылған актілерін орындамауы. Мысалы, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді тоқтата туралы шешімін орындамау немесе лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы уәкілетті органның шешімін орындамау,

  • бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және қызметік құпияны ашу (Коммерциялық құпия мәліметтерді эмитентке және бағалы қағазды ұстаушыға сенімхат негізінде олардың өкілдеріне берілуі мүмкін. Заңның 41-бабы);

  • бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының заңмен белгіленген талаптарды бұзуы (Заңның 44-бабы);

  • инсайдерлік мәліметті заңсыз қолдану («Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 56-1-бабы);

  • лицензиялау тәртібін бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы – заңсыз кәсіпкерлік);

  • мемлекеттік тіркеуге байланысты (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы);

  • бағалы қағаздарды ұстауға байланысты (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 203-бабы);

  • жосықсыз іс-қимылдар жасау (Заңның 56-бабы);

  • бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау (Заңның 56-бабының 1-тармағының 5-тармақшасы);

  • нақтылы ұстаушының заңмен белгіленген тиымдарын жасауы (Заңның 59-бабының 2-тармағы);

  • брокер мен дилерлердің мәмілелер жасаудағы заңсыз әрекеттері. Мысалы, эмитент, инвестор үшін тиімсіз мәміле жасауы;

  • бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт бұзылған жағдайда тiркеушiге қойылатын талаптарды сақтамау (Заңның 68-бабы);

  • кастодианды қызмет көрсету туралы шартты бұзу (Заңның 76-бабы);

  • трансфер-агент қызметімен байланысты (Заңның 77-бабы);

  • орталық депозиторий қызметіменмен байланысты (Заңның 82-бабы);

  • биржалық сауда ережелерін бұзу (Заңның 85-бабы);

- бағалы қағаздар нарығында заң міндеттеген тұлғалардың (эмитент – заңның 101,102-баптары), сауда-саттықты ұйымдастырушы – заңның 104-бабы, уәкілетті орган – заңның 105-бабы, лицензиат – заңның 103-бабы) ақпараттарды ашып көрсетпеуі, толық көрсетпеуі (дұрыс емес ашып көрсетуі). Кәсіби қызметтерді жүзеге асыру барысында кездесетін қылмыстардың бірі тіркеу қызметімен байланысты. Бұл заңбұзушылықтардың кейбір түрлеріне тоқталуға болады.

Акцияларды өткізу туралы жалған бұйрықтың көмегімен иемдену тіркеу қызметіндегі классикалық заңбұзушылыққа жатады. Мұндай иемденудің екі түрін ажыратамыз: шеттегі тұлғалармен және ішкі қызметкерлердің сөз байласуы арқылы жасалған.

Бірінші жағдайда компания атынан жалған сенімхат жасап, акция иесі ретінде компания өзінің акцияларын басқа инвесторға сатып жатқандығы жөнінде жалған қол қойылған өткізу актісінде көрсетеді. Тіркеуші өткізу бұйрығындағы қолды өзіндегі қол үлгілеріне қарап тексереді. Бұл бағалы қағаздарды алаяқ компанияға, яғни бір күндік компанияға, ал одан әрі қарай адал иеленуші болып табылатын үшінші компанияға өткізеді.

Екінші жағдайда қылмыс өздерінің қызметкерлерінің арасында жасалады.



Акцияларды сату үшін тізілімнен шығу туралы куәлігін алған тұлғалар жайлы эмитентке құпия мәліметтерді беру. Бұл іс-әрекеттер кәсіпорын менеджментінің қолына билікті шоғырландыру және жақтас инвесторлардың меншігіне басты акция пакеттерін қайта бөлуіне бөгет жасау үшін жасалынады. Акционер-кәсіпорын қызметкерлерімен жүзеге асырылатын акциялар бойынша мәмілелер жөніндегі құпия мәліметтерді тіркеуші алған соң, олардың көмегімен акцияның жүзеге асырылуын әкімшіліктің бақыламай қалуына жол бермеу мақсатында оларға қысым жасау үшін пайдаланады.

Бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыру барысында тіркеушінің құпия мәліметтерді қолдануы. Тәуелсіз тіркеуші жүргізетін тізілімдегі құпия ақпараттарға эмитенттің қол жеткізбеуі жөнінде Заңның 65-бабында (Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру тәртiбi), тiркеушi эмитенттiң, оның басшы қызметкерлерiнiң және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бiрлесiп осы эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының (үлесiнiң) он және одан да көп процентiн иеленетiн эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс, делінген.

Жекеленген акционерлер мен эмитент әкімшілігі тіркеушімен бірлесіп заңсыз әдістердің көмегімен кәсіпорынға бақылау орнатуы. Қиянат жасаудың бұл түрі жеке меншікті қайта бөлу кезеңінде көрініс табады. Бұл заңбұзушылық акционер-кәсіпорынның еңбек ұжымының мүшелері-эмитентіне қатысты көп таралған. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігі өз қызметкерлеріне кәсіпорынның болашағы жөнінде мәліметтерді тарату туралы қысым жасай алады, ал бұл кезде тіркеуші әкімшіліктің пайдасына бағалы қағаздарды арзан (төмендетілген) бағамен сатып алуына көмектеседі.

Эмитентпен ортақ мүдделес тіркеушіге депозитарияның тәуелділігі криминогенді факторлардың туындауына себепші болады. Депозитарлық қызмет – бұл, бағалы қағаздар сертификаттарын сақтауға, есепке алуына және бағалы қағаздарға құқықтың өзгеруіне қатысты жасалған қызмет. Депоненттің құпия мәліметтерді эмитентке беруі нәтижесінде бағалы қағаздардың иесіне зардап келеді. Егер тіркеуші бағалы қағаздардың нақты иелері жайлы мәліметтерге қол жеткізе алмаса, әсіресе, егер тізілім жүргізу жүйесінде депозитарий номиналды ұстаушы ретінде көрсетілсе, онда тәуелді депозитарий эмитентке мәліметтерді жеткізудің маңызды қайнар көзі болып табылады.



Кәсіби қызметті жүзеге асырудағы заңбұзушылықтар адал емес ниетті саудамен де байланысты болып келеді.

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау