8 тақырып. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар



жүктеу 23,79 Kb.
Дата18.05.2022
өлшемі23,79 Kb.
#38670
8-ші дәріс


8 тақырып. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе 205-бап. Ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу
1. Электрондық жеткізгіштегі заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру 206-бап.
1. Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, –белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу 207-бап.
1. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана әрекеттер (әрекетсіздік) – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Ақпаратты 208-бап. құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
1. Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Ақпаратты беруге мәжбүрлеу 209-бап.
1. Күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты беруге мәжбүрлеу – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамға немесе оның жақындарына дене күшін қолданумен ұштасқан;
2 алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан немесе ұлттық ақпараттық жүйеден ақпарат алу мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Зиян келтіретін 210-бап. компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату
1. Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, абоненттік құрылғының, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарлама, бағдарламалық өнім жасау немесе қолданыстағы бағдарламаға немесе бағдарламалық өнімге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімді қасақана пайдалану және (немесе) тарату – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйеге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды 211-бап. құқыққа сыйымсыз тарату
1. Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі қолжетімділікті шектеген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) пайдакүнемдік ниетпен;
3) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Құқыққа 212-бап. қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну
1. Ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін ұсыну бойынша көрінеу құқыққа қайшы қызметтер көрсету – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған дәл сол іс-әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының 213-бап. 
Сәйкестендiру кодын, абоненттi сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату
1. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгерту, ұялы байланыс абонентiн сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасау, егер бұл әрекеттер өндірушінің немесе заңды иесінің келісімінсіз жасалса, –
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентiн сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасауға мүмкiндiк беретiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 


жүктеу 23,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау