ГЛОССАРИЙ
Адал емес ниетті сауда – бұл бағалы қағаздар нарығында бәсекелестік заңнамасындағы қағидаттарға қайшы, заңсыз, зардап тудыруы мүмкін операциялар.
Андеррайтер – бағалы қағаздар нарығының брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушысы. Эмиссиялық консорциум – андеррайтерлердің эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған бірлестігі.
Акция дегеніміз акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденттер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам жойылғаннан кейін оның қалған мүлкінің бір бөлігіне акционердің құқықтарын куәландыратын бағалы қағаз.
Агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация.
Брокер – клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі – эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы, ал белгілі бір уақыт кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын сәйкестендіруді, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес өзге де мәліметтер құрайды.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы – өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыратын және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді және (немесе) дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға.
Дилер – ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы. Брокер – клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Жанама (туынды) бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз Жанама бағалы қағаздар нарықта айналыста жүрген корпоративтік бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.
Инвестор – кіріс табу мақсатында бағалы қағазға қаражат салушы жеке және заңды тұлға. Нарықтық айналымдағы бағалы қағаздарды бәсекелестік кезеңінде эмиссиялау механизмі шығындармен қатар біліктілікті және арнайы кәсіби білімді қажет етеді. Эмитенттер кәсіби дилерлер, брокерлерге жүгінеді.
Инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы – бағалы қағаздар нарығының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы.
Инсайдер – эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық құқықтық шарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға., кәсіби қатысушы.
Ислам бағалы қағаздары – шығару талаптары исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес келетін, материалдық активтердегі бөлінбейтін үлесті иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтер мен табыстарға, нақты жобаларды қаржыландыру үшін осы бағалы қағаздар шығарылған қызметтерге немесе активтерге билік ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар.
Инфрақұрылымдық облигация - эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берiлетiн объектiнiң құнының сомасына сәйкес жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi концессиялық келiсiм шеңберiнде мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген облигация.
Ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куәліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация.
Кастодиан – қаржы құралдары мен клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттық-қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Қазақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз.
Қазыналық валюталық міндеттемелер - ұстаушыларға өтеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және төленетін атаулы құнға пайызбен сыйақы алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар – мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарызға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз.
Мемлекеттік ұзақ мерзімді облигациялар. МҰО түріндегі заем 30 жыл мерзіміне Мемлекеттік ұзақ мерзімді облигациялардың облигациялары купонды жинап бланк түрінде шығарылып, тек заңды тұлғалар арасында іске асырылады. Облигациялар әр түрлі номиналдық құнмен шығуы мүмкін.
Банк мекемесі МҰО барлық келісім-шарттарын тіркейді. Бланктің артқы жағына сатылу мерзімімен сатып алушы жайлы мәлімет жазылады.
Мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар. Олардың эмитенттері - Қаржы министрлігі. Эмиссия жеке шығару ретінде 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде іске асырылады. Облигациялар құжатсыз нысанда «деко» шоттарында жазба түрінде шығарылады.
Мемлекеттік индекстелген қазыналық міндеттеме (МИҚМ) республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін пайдалынылатын қаржы құралдарын (инструменттерін) түрлендіру (диверсификациялау) мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында айналым мерзімі бір жыл және бір жылдан астам уақытқа шығарылатын бағалы қағаз.
Номиналды ұстауды есепке алу жүйесі – номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесілі бағалы қағаздар туралы мәліметтері бар, уақыттың белгілі бір кезінде бағалы қағаздарды сәйкестендіруді, олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін есеп беру жүйесі, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де мәліметтер құрайды.
Опцион - шарт, оған сәйкес бiр тарап (опционды сатушы) осы шартта аталған мүлiктiң (базалық активтiң) белгiлi бiр санын осы шартта келiсiлген баға бойынша сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал екiншi тарап (опционды сатып алушы) сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Өзін-өзі реттейтін ұйым – бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға.
Своп - екi тараптың белгiлi бiр мерзiм iшiнде белгiлi бiр талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөнiндегi келiсiмiн куәландыратын туынды бағалы қағаз.
Трансфер-агент – өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Тіркеуші – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін түзуді, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы шет мемлекеттің Үкіметі болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз, не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз.
Шетел валютасы – қазыналық билет, банкнот, монета түріндегі шетел мемлекетінде немесе мемлекеттер топтастығында заңды құралы болып табылатын ақша бірліктері.
Шетел валютасындағы төлем құжат - азаматтық құқықтық мәміле-шарт, Қазақстан Республикасы заңнамалары мен сот шешімінің талаптарына сәйкес, ақшалай міндеттеме орындалу үшін қажет, не негіз бола алатын, сомасы шетел валютасындағы құжат.
Эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға. Бағалы қағаздардың шығарушысы (эмитенті) жөнінен сәйкесінше жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа да заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Фьючерс - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша және белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |