Бүгінгі таңда қоғамымыз жасөспірімдерді тәрбиелеуде мек



жүктеу 7,89 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата23.11.2018
өлшемі7,89 Mb.
#23915
1   2   3   4   5   6   7   8

 

2

Жайық ұстазы

28 мамыр, 2014 ж.

Қ а з а қ   ә д е б и е т і н   о қ ы т у д а   ж а ң а   т е х н о л о г и я л а р д ы   қ о л д а н у 

*   Ә д і с т е м е л і к   б а я н д а м а   *

Президент РК Н.А.Назарбаев в Посла-

нии народу «Единая цель, единые инте-

ресы, единое будущее» обратил серьез-

ное внимание вопросу по улучшению ка-

чества всех звеньев национального обра-

зования.

Он отметил, что важно дать совре-

менные программы и методики образова-

ния. К 2020 году планируется обеспсчить 

100-процентный охват казахстанских де-

тей от 3 до 6 лет дошкольным образова-

нием. В среднем образовании надо под-

тягивать общеобразовательные школы к 

уровню преподавания в Назарбаев Ин-

теллектуальных школах. Выпускники 

школ должны знать казахский, русский и 

английский языки. Результатом обучения 

школьников должно стать овладение ими 

навыками критического мышления, само-

стоятельного поиска и глубокого анализа 

информации.

При изучении в 6 классе темы «Замет-

ка в газету» я задала учащимся вопрос: 

«Для чего нужно изучать языки?». Но 

прежде, зачитала выдержку из Послания. 

Все вместе ребята попытались ответить 

на поставленный мною попрос. А дома 

учащиеся должны были написать заметку 

«Познавая язык – познаешь мир».

Вот выдержки из сочинения шести-

классницы «Казахский язык - это язык 

моей Родины, поэтому изучать его я счи-

таю своим святым долгом. Через язык по-

знаешь культуру другого народа, обычаи, 

традиции и становишься духовно бога-

че. Знание государственного языка в бу-

дущем поможет мне найти хорошую ра-

боту. Изучая английский язык, я словно 

совершаю заочное путешествие по даль-

ним странам. В дальнейшем я планирую 

учиться за рубежом, в этом мне поможет 

знание английского языка. Русский язык 

 это язык межнационального общения. С 



помощью него я могу общаться с людь-

ми разных национальностей. Для себя я 

сделала такой вывод: «Человек, знающий 

несколько языков - это счастливый чело-

век, перед которым открыты все двери и 

весь мир».



Мария ДЖИГАРИНА, 

учитель Озёрновской ОШ,

Зеленовский район

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған 

мектептің ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен 

жаңа типтік ережесінде (19 шілде 2013 жыл, №289) 

«Мамандандырылған дарынды балалар мектептері 

эксперименталдық оқу орны. Ол инновациялық озық 

тәжірибелерді, үздік оқу әдістері мен оқу жоспарла-

рын практикаға ендіретін, апробациядан өткізетін 

шығармашылдық  лаборатория...  негізгі  мақсат 

элитарлық білім беру» -  деп жазылған.

Мамандандырылған  дарынды  балалар 

мектептеріне қойылып отырған  бұндай талап, әлемдік  

білім беру тәжірибесі ғана емес, 20 жылдық тари-

хы бар республикадағы жаңа типті мектептердің,  

жинақтаған озық әдістеріне, мол мүмкіндіктеріне және 

де бұндай мектептерде инновациялық тәжірибелерді 

батыл жүзеге асыру арқылы ғана, шынайы сапалы 

білім беруді қамтамасыз ету қажеттілігіне де негізделіп 

алынып отыр.

Біздің мектебіміздің 20 жылдық тарихында, 

өзінің сапалы білім беруде тиімділігін нақты, дәлелді 

көрсеткен, төмендегідей инновациялық бағыттар 

жыл сайын тұрақты, үнемі жетілдіріп, жүзеге асыры-

лып келеді.

Әр  оқушының  өзіндік  таңдауы  бойынша 

бейінді білім беруді ұйымдастыруда: оқушыларды 

өз қызығушылығы мен таңдаған кәсіби бағдарына 

қарай топтап, оларды шағын сыныптарда  оқыту,  

оқыту үдерісін әр оқушының қабілет, танымдық 

ерекшеліктеріне сәйкес жеке дара жүргізуде сабақты 

80 минут ұзақтықта ұйымдастыру.

Білім мазмұнын айқындауда: оқушылардың 

кәсіби бағдарына қарай тереңдетіліп оқытылатын 

пәндердің білім мазмұнын, олардың кәсіпке дейінгі 

даярлығын толық қамтамасыз ететіндей көлемде беру.

Білімді бақылаудың біртұтас мониторингтік 

жүйесін жүзеге асыруда: оқушылардың білімді 

алу, мұғалімдердің білім беру үдерісінің деңгейін 

күнделікті, тоқсандық, жылдық бақылау жүйесі 

арқылы нақты айқындап отыру; оқушылардың 

танымдық, білімдік, тәрбиелік сан алуан талаптарын 

қанағаттандырып отыру мақсатында, мониторингтік 

бақылаудың нәтижесін үнемі зерттеп, зерделеп 

тиімді жағын жетілдіріп, кемшіліктерді болдырмау 

бағытында үздіксіз жұмыстану; әр оқушының күн 

сайын білімді үздіксіз, тұрақты, сапалы меңгеруін 

қамтамасыз ететіндей оқу үрдісінің жүзеге асырылуы.

Оқушылардың жеке дара шығармашылық та-

лаптарын қанағаттандыруда: оқыту үдерісінен тыс 

оқушылардың түрлі жарыстарға, конкурстарға,  

олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, конферен-

цияларға  тұрақты қатысуын қамтамасыз ету.

Осы инновациялық жұмыстардың  нәтижесінде, 

мектептегі  білім  сапасы  түлектердің  жыл  сай-

ын 100 пайыз жоғарғы оқу орындарына грантпен 

қабылдануын, университеттерде  үздік білім алуын 

қамтамасыз етіп келеді. Оның сыртында, жүзге жуық 

түлектеріміздің «Болашақ» бағдарламасы бойынша 

әлемнің ең таңдаулы университеттерінде білім алу-

ына мүмкіндік берді. Бұл бұған дейін, жалпы білім 

беретін оқу орнында  мүмкін болмаған, жоғарғы сапа-

лы білімдік деңгей.

О  баста-ақ,  білім  берудің  бүгінгі  жай 

мектептердегі дәстүрлі қалыптасқан бағыты, сөз 

жоқ, жаңадан ұйымдастырылып отырған дарынды 

балалар мектебінде элитарлық білім беру талабын 

қанағаттандыра алмайтындығын біз бірден жақсы 

түсіндік.

Мамандандырылған дарынды балалар мектебінің 

типтік ережесі, мектепке интеллектуалдық жағынан 

қабілетті оқушыларды конкурстық негізде қабылдауға, 

таңдаған бағдары бойынша, нақтылы бір ғылым 

саласына  деген  қызығушылықтары  тұрақты 

қалыптасқан, мақсаттары бір, сапалық деңгейлері 

жоғары оқушыларды шағын сыныптарға топтасты-

рып оқытуға қолайлы жағдай жасайды. Осы негізде, 

ондаған жылдар бойғы педагогикалық ұжымның 

шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде,  да-

рынды балалар мектебінің тиімді инфрақұрылымын 

қалыптастыруға, бағдарлы білім беруге, бірыңғай  

педагогикалық  мониторингтік жұмыстарды жүзеге 

асыруға  мүмкіндік берді.

 Жоғарыдағы аталған бағыттар мамандандырылған 

дарынды балалар мектебінің сапалы білім беруіне  

тиімді ықпал ететін инновациялық әдістер екенін,  

уақыт өткен сайын түлектеріміздің біздің еліміздің 

ғана емес, әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орындарын-

да үздік білім алуынан көруімізге болады.

Сапалы білім берудегі  инновациялық озық 

тәжірибелердің ішінде,  біздегі ағарту жүйесінде 

қалыптасқан оқыту үрдісінің ережелеріне,  санитарлық-

эпидемиологиялық талаптар нормасына сәйкес ке-

ле бермейтін  сабақтың 80 минуттық ұзақтықта 

ұйымдастырылуы.

Жаңа типті мектептерде дарынды да, қабілетті 

оқушылардың өзіндік жеке дара дамуын қамтамасыз 

ету, олармен даралап сабақ үдерісінде жұмыс істеуде,  

жалпы білім беретін мектеп тарихында қалыптасқан 

45 минуттық сабақтың толық білімді қамтамасыз ете 

бермейтіндігін түсіне отырып, басқа да жоғарыда 

аталған тың тәжірибелермен қатар, сабақты 80 минут 

ұзақтықта ұйымдастыру экспериментін бірден – бұдан 

20 жыл бұрын бастаған болатынбыз.

 Әлемдік жалпы білім берудің  тәжірибесінде,  

45 минуттан басқа да, 70, 80, 90 минуттық, үзіліссіз 

т.б  ұзақтықта  сабақ  өткізу  тәжірибелері  бар 

(Ш.Амонашвили «Размышления о гуманной педа-

гогике» М., 1996 г., 193 стр). 80 минут ұзақтықта 

сабақ өткізу, интеллектуалдық қабілеттері жоғары 

оқушылардың танымдық мүмкіндігіне қатынасты 

ғылыми педагогикалық теорияларға да сәйкес келеді.

Сабақ уақытын екі есеге жуық ұзартуға бай-

ланысты мектеп мұғалімдерінің алдына бірден 

төмендегідей тың міндеттер қойылды: сабақ үрдісінің 

білімдік мүмкіндігін барынша толық пайдалануда,  

оның құрылымын, әрбір элементін жүзеге асырудың 

тиімді жолдары мен әдістерін айқындау; қабілетті 

оқушылардың жеке дара дамуына қолайлы жағдай 

жасау; білімнің белгілі бір көлемін өз беттерімен  

меңгеруіне тиісті уақыт бөлу; әр пәннің өзіндік 

ерекшеліктеріне қарай 80 минут ұзақтықта сабақ 

өткізудің нақтылы, бірыңғай жүйесін қалыптастыру; 

оқушыларды болашақ университеттік мамандықтарға 

әзірлеуде, жоғарғы оқу орнында білім берудің кейбір 

элементтерін мектепте жүзеге асыру, т.б.

Теориялық тұрғыдан алғанда, интеллектуалдық 

деңгейлері жоғары, бірыңғай қабілетті жастардың топ-

тастырылуы, білім беру үрдісін 80 минут ұзақтықта 

өткізудің тиімділігіне, қажеттілігіне біз сенімді 

болғанымызбен, дәл біздің жағдайымызда  ол практи-

када болмаған, мүлде тың  әдістемелік жағдай бола-

тынды.


-Бірақ, бірден, көп кешікпей-ақ оқушыларымыздың 

түсінігі мен мүмкіндігінің осы мақсат тұрғысынан 

көрінуі, дарынды балаларға білім беруде, бізді жоғарғы 

көрсеткіштерге жетуге үміттендірген, күнделікті 

істеріміздің ең басты стимулына айналды.

Сөйтіп, төменгі, жоғарғы сынып оқушыларымен  

жай мектепте де, басқа мамандандырылған дарын-

ды балалар мектептерінде де сабақтың 45 минут 

ұзақтықта өткізілуі, қатаң бірыңғай оқушылардың 

таным мүмкіндігіне сәйкес келетін ғылыми түсінік 

емес, шартты  ғана алынған, ғасырлар бойы  дәстүрлі 

қалыптасқан  жағдай ғана  екендігі практикада нақты  

көрінді.

Мектептің 20 жылғы білім беруді ұйымдастыру 

тәжірибесі жоғарыда айтылған басқа да инновациялық 

бағыттармен қатар, сабақты 80 минут ұзақтықта өткізу 

эксперименті, республикалық деңгейде, педагогикалық 

талдау жасалынып, жұртшылыққа таныстырылып 

келеді.

 Республикалық баспа беттерінде («80 минуттық 



сабақ» Қазақстан мұғалімі, 28 ақпан 2003 ж.); мектеп 

тәжірибесіне негізделіп жазылған кітаптарда: «Да-

рынды балаларға сапалы білім берудің инновациялық 

негіздері», Астана - 2009, «Дарынды жастар – ел 

болашағы», Орал - 2012, ғылыми-практикалық конфе-

ренцияларда (Республикалық конференция «Сапалы 

білім берудегі 80 минуттық сабақтың білімдік мәні» - 

2008 ж.)  т.б. жарияланып, апробациядан өтті.

Мамандандырылған дарынды балалар мектебінің 

типтік ережесінің инновациялық тәжірибелерді 

практикаға батыл ендіру талабына сәйкес, бірыңғай 

қатаң  бейінді  білім  беретін,  инеллектуалдық 

қабілет деңгейлері жоғары оқушылар білім алатын, 

мамандандырылған дарынды балалар мектебінде, 

оқушылардың сапалы білім алуына ең  қолайлы, 

сабақты 80 минут ұзақтықта ұйымдастыру және 

де  жоғарыда  аталған  тәжірибелер  оқытуды 

ұйымдастырудың тиімді инновациялық әдісі ретінде, 

бұдан былай да практикада  жүзеге асырыла беретін 

болады.


Дарынды балалар мектебіндегі инновациялық 

озық тәжірибелер – біздің жағдайымызда  дарынды 

балаларға элитарлық білім берудің шешуші жағдайына 

айналып отыр.



Нәсіпқали ДӘУЛЕТОВ,

 Батыс Қазақстан облыстық 

дарынды балаларға  арналған  

мамандандырылған мектептің директо-

ры, педагогика ғылымының кандидаты,

«Құрмет» орденінің иегері

Орта 


кәсіптік 

білім 


беретін оқу мекемелеріндегі 

оқушыларға «Қазақ әдебиеті» 

пәнін  оқытудың  мақсаты 

олардың  жалпы  білім  беру 

мектептерінен алған білімдерін 

одан  әрі  жетілдіру,  білім 

мазмұнын ізгілендіру, мәдени-

тарихи құндылықтарды, ұлттық 

әдет-ғұрып, салт-дәстүрді та-

ныту,  оқушылардың  сөйлеу 

мәдениетін  қалыптастырып, 

тілдік қорын  одан әрі байыту.   

Жаңа  дәуірдің  болашақ 

мамандарына  білім  беретін 

колледждің  құрылымы  да, 

мазмұны да, әдістемелік жүйесі 

де  қайта  қаралып,  жүзеге  асырылуда.  Білім 

мазмұны бұрынғыдай пәндік білім жиынтығымен 

емес,  оқу  әрекетін  қалыптастыру  негізінде 

ұлттық санасы жоғары, жан-жақты білімді, оймен 

әрекет жасай алатын, шығармашылық қабілеті 

қалыптасқан, өркениетті қоғамға лайық алдыңғы 

қатарлы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталады. 

Соған орай біздің Орал газ, мұнай және салалық 

технологиялар колледжіндегі «Қазақ әдебиеті» 

пәнінің білім мазмұнын жаңартудың басты бағыты 

білім беруді ізгілендіру, оқу-тәрбие процесін 

қоғамдық-әлеуметтік талаптарға сай жүргізу және 

оқу-шығармашылық әрекеттер негізінде тұлғаны 

тәрбиелеу мен дамытуға негізделеді. 

Соңғы жылдары педагогиқалық кеңістікте 

көптеген жаңа ілімдер мен әдістер бой көрсетуде. 

Солардың қатарында «Сыни тұрғыдан ойлауды жа-

зу мен оқу арқылы дамыту» атты бағдарлама. Сы-

ни тұрғыдан ойлау дегеніміз, зерттеу объектісіне 

шығармашылық тұрғыдан қарау деген ұғым.

Біздің мақсатымыз оқушылардың білім-білік 

дағдыларын және сондай-ақ  танымдық-іздендіруші 

белсенділіктерін арттыру. Осы әдістерді пайдалана 

отырып, оқушыларды шығармалардың идеялық 

мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау 

жасауға, ойлай білуге дағдыландырамын. Же-

ке топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық 

танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге 

төселдіремін  және  еске  түсіру,  еске  сақтау 

қабілеттерін жетілдіремін.  

Өз тәжірибемнен тәжірибе алмасу мақсатында 

қазақ әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыда  

пайдаланған әдіс-тәсілдерімді көрсету үшін 

мысал ретінде бір сабағымды ұсынамын. 



Сабақтың  тақырыбы:  Ақұштап 

Бақтыгерееваның  өмірі  мен 

шығармашылығы. 

Бұл сабақтың тәрбиелік 

мәні: Ақын шығармалары арқылы 

адамгершілікке, мейірімділікке, 

ұлттық тәрбиеге,  шыншыл 

және әділ болуға баулу, еңбек 

сүйгіштікке, елін, жұртын сүюге 

тәрбиелеу.

Сабақтың құзыреттілігі: 

Ақынның  шығармаларымен 

тереңірек танысып, өлеңдерін, 

қойын дәптердегі жазбалардың 

тақырыбы мен олардың идеялық 

мұратын шығармаларына сүйене от-

ырып ашу.

Сабақтың түрі: Конференция 

сабағы.


Сабақта үй тапсырмасын тексеру мен жаңа 

сабақты түсіндіру барысында мынандай әдіс-

тәсілдерді қолдандым:

1. Үй тапсырмасын сұрау:  М.Шахановтың 

өмірі мен шығармашылығы. 2. Жаңа сабақ: 

А.Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашылығы.  

Көрініс: конференцияны басқарушыларға арналған 

дөңгелек үстел, оған отыратындар: 1. Әдебиетші 

/ А.Бақтыгерееваның өмірі туралы танысты-

ру/. 2. Лирик /Туған жер, тіл, махаббат, ана 

және ұлттық тәрбие мен ақиқат тақырыбына 

арналған өлеңдері/. 3. Ақұштаптанушы /

өмірінен мәліметтер және жазған мақалалары 

туралы/. 4. Сазгер /әнге жазылған өлеңдері 

туралы/. 5. Қойын дәптердегі жазбалардан /

Ақұштаптың қойын дәптердегі жазбалары   ту-

ралы қорытындылап өз ойын айту/. 

Үй тапсырмасы бойынша оқушылар тірек 

схемасын пайдалана отырып, М.Шахановтың 

өмірі мен шығармашылығы туралы айтып 

береді.

М.Шаханов - жалынды ақын, драматург, 



қоғам қайраткері, сазгер. (1942 ж.т.)

М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» атты  

өлеңі үнтаспадан тыңдалады. Осы шығарманың 

тәрбиелік мәні мен мазмұнын ашып береді. 

Өлеңдері жатқа оқылады. Отанын, елін, жерін 

сүюге және қорғай білуге тәрбиелейді. 

Төмендегі  кесте  бойынша  өлеңдердің 

тақырыбын ажыратады:

 Концептуалдық кесте бойынша шығармадағы 

кейіпкерлерді бағалау арқылы басты кейіпкерлердің 

бейнесін ашып, өмірге қызығушылығы мен 

адамгершілік қасиеттерін айтып береді. 

Жаңа сабақ бойынша жерлес ақынымыз 

Ақжайықтан  қанат  қағып  ұшып  шыққан, 

«Ақ  Жайықтың  Ақшағаласы»  -  Ақұштап 

Бақтыгерееваның өмірі мен шығармалары туралы 

төмендегі тірек схемасы бойынша шолып шығады: 

 2. Семантикалық кесте (шығарманы оқыған 

-оқымағандығын  білу  үшін  пайдаландым). 

Оқушылар кестеде жазулы тұрған өлеңдердің 

үзінділері қай жерінен алынғандығын және өлеңнің 

атын ажыратулары тиіс. 

ә) Келесі, Венн диаграммасы (жаңа сабақты 

пысықтау үшін пайдаландым). 

Венн диаграммасы бойынша М.Шаханов 

пен А.Бақтыгерееваның шығармаларының ортақ 

қасиеттері мен айырмашылықтарын айтып береді. 

А.Бақтыгерееваның өлеңдері: Нәзіктікті, әйел 

құдіретін, әйелдің сұлу сезімін өз  жырына қосты.

Ұлттық  тәрбие  тақырыбына  жазылған 

өлеңдері мен естеліктері бар. 

Ортақ қасиеттері: Ақиқатты, шындықты, 

әділдікті, Отанын, елі мен жерін жырлайды  екеуі 

де тіл жанашырлары.



М.Шахановтың өлеңдері: Ақын, әрі қоғам 

қайраткері. Экологиялық жағдайға байланысты 

шығармасы бар.

Қорыта  айтқанда,  қазіргі  сабақ  туралы 

сөз етілген жайларды түйіндесек, әр сабақтың 

құрылысы, алдымен меңгерілетіні, үйретілетіні 

оқу материалының ішкі логикалық жүйесіне 

сүйену арқылы ғана анықталады. Екіншіден, қазіргі 

сабақтың негізгі бағыты, сабақ үстінде оқушының 

өз бетімен істейтін жұмысының салмағын арттыру. 

Олай болса, оқушыларды оқулықпен жұмыстануға 

үйретуге мұғалім ең алдымен көңіл бөлуі керек.

Сонымен  бірге  білім  мазмұнын  жаңарту   

мәдени рухани құндылықтарды  тірек ете отырып, 

оқушылар санасында елінің, жерінің өміріндегі тари-

хи тамырластық сезімін орнықтыру, оларды ізгілік, 

имандылық, махаббатқа берік болуға, азаматтық 

үлгі-өнегелерді оқушы бойына сіңіру, яғни бүкіл 

азаматқа деген гуманистік сана қалыптастыру 

қажет деген идеяға да негізделеді. Осы орайда 

әдебиет пәнінің орны ерекше. Сондықтан бұл 

пәннің әдістемелік жүйесі қоғамдық сұраныс пен 

әлеуметтік талап тұрғысынан әрдайым  жаңартуды 

талап етеді.



З.АКИШЕВА,

Орал газ, мұнай және салалық 

технологиялар колледжінің 

оқытушысы 

Желтоқсан 



алаңы

Төрт ана


2014 жылдың 24-29 наурыз аралығында 

Шымкент  қаласында  өткен  оқушылардың 

республикалық  олимпиадасында  жүлделі 

орындарға    ие  болған  облыстық  дарынды 

балаларға арналған мамандандырылған мектеп-

интернаттың оқушылары: Бекет Ақмаржан 

– ІІІ орын, Қожантаева Айкөркем, Мырзахмет 

Игілік – ІІ орын.

** Бүгінгі күн тақырыбы **


жүктеу 7,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау