Бүгінгі таңда қоғамымыз жасөспірімдерді тәрбиелеуде мек



жүктеу 7,89 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата23.11.2018
өлшемі7,89 Mb.
#23915
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың 

мәтінді дұрыс түсініп оқып, мәтіндегі 

жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, 

мазмұнын жүйелі баяндай білу дағдысын 

қалыптастыру. Өзеннің адам өміріндегі 

маңызы жайлы түсінік беру. Тілін да-

мыту, сөздік қорларын молайту. Ой-өрісін, 

шығармашылық қабілетін жетілдіру. Ауа-

сын жұтып, суын ішіп отырған Табиғат-

Ананы аялай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ма-

тематика, қазақ тілі.

Сабақтың  әдісі:  сұрақ-жауап, 

түсіндіру, СТО.

Көрнекілігі: 

оқулық, 

карта, 

интерактивті тақта, слайд.

Күтілетін  нәтиже:  Оқушылар 

мәтінді  түсініп  оқиды,  мазмұнын 

жүйелі түрде баяндай біледі. Өзеннің 

адам өміріндегі маңызын ұғынады. Өз 

өңіріміздегі ең үлкен өзен, Жайық өзенінің 

қазіргі кездегі хал-ахуалымен танысады. 

Не арқылы бағаланады? О.Асқардың «Туған 

жер» өлеңін жатқа айта білулері, бүгінгі 

Ақжайық мәтіні бойынша мазмұнын дұрыс 

талдай білулері, мәтіндегі жақсы қасиетті 

таба  білулері,  берілген  сұрақтарға 

нақты дәлелмен жауап берулері арқылы 

бағаланады. 

1. Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

2. Үй тапсырмасын тексеру. О.Асқар. 

«Туған жер» өлеңін 3-4 оқушыға жатқа 

айтқызу. Үй тапсырмасын қорытындылау.

1. Өлең не туралы? 2. Туған жердің 

өткен тарихы туралы не айтылады? 3. 

Ақын мақтаған батырлар кімдер?

Біз өткен сабақта туған жер ту-

ралы әдемі өлеңмен таныстық. Біздің 

Қазақстанымыз – жері кең байтақ, байлығы 

мол, қазыналы ел. Бүгінгі жаңа сабағымыз да 

біздің өзіміздің туған өлкеміз, Батыс Қазақстан 

облысындағы ең үлкен өзен «Ақжайық» өзені ту-

ралы болмақ. 

3. Ой қозғау. 

Біздің ауылымыз – Шөптікөл. 

Ауданымыз – Қаратөбе.

Облысымыз – Батыс Қазақстан.

 

      Жайығым ата-қоныс игі мекен,

 

      Ақ бурыл толқындарың жүйрік екен.

  

      Құшасың құмарлана жағалауды, 

 

     Өзіңді о да бір кез сүйді ме екен, - деп 

Фариза апамыз жырлағандай бүгін біз Ақжайық 

мәтінін оқып танысамыз.

4. Оқулықпен жұмыс. 

1. Ақжайық мәтінін оқушыларға рөлге бөліп 

және тізбектей оқыту. 

2. Мәтіндегі мағынасы түсініксіз кейбір 

сөздерге түсінік беру (елеусіз ғана, ілгері, жаулық) 

және өзек, тұнығында сөздерінің мағынасын 

оқыту. 

3. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс. 

Мәтін мазмұнын ретімен баяндату. Сұрақтар 

мен тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу. 

1. Жайық басында қандай өзен еді, ол қандай 

өзгеріске ұшырады?

2. Әке әңгімесіне ат қой. 

3. Баланың сұрағына әжесінің берген жауабын 

қандай мақал-мәтелмен түсіндірер едіңдер ?

4. Баланың сұрағына әкесінің берген жауабына 

сен қалай қарайсың?

5. Жайықтың сипатын әңгімелету. (Қазақ 

тілінен  оқыған  сипаттау  мәтінін  естеріне 

түсіру). 

6.  Жайық  өзені  туралы  не  білесіңдер? 

Оқушылар өздерінің өзен туралы не білетіндіктерін 

әңгімелейді. 

Д.Қажымовтың «Ақжайық – ару мекенім» әні 

орындалады. 

7. Слайд бойынша жұмыс. Жайық өзені, 

Жайық өзенінің қазіргі кезеңдегі ахуалы туралы 

әңгімелеу. Қаратөбе ауданындағы Қалдығайты 

өзені туралы да слайд көрсету. 

5. Интерактивті тақтада жазылған мына 

сұрақтарға жауап алу. 

1.  Өзен  қайдан  пайда  болады?  (тау 

мұздықтарынан, жер асты суларынан, қар мен 

жаңбыр суларынан).

2. Өзеннің қандай түрлерін білесіңдер? (тау 

өзені, жазықтағы өзен).

3. Қазақстанда қандай өзендер бар? (Есіл, 

Нұра, Іле, Жайық, Есіл).

4. Қазақстандағы ең ұзын өзеннің қай өзен 

екенін білесіңдер ме? (Ертіс өзені, ұзындығы 4248 

км).

6.  Суға  байланысты  мақал-мәтелдер 

білесіңдер ме?

7. Өзен сөзіне топтастыру жұмысы. 

8. Бес жолды өлең.

9. Сабақтың қорытынды бөлімі. 

Үйге тапсырма: Ақжайық мәтінін оқу. Өз 

өлкеміздегі өзен-көлдер туралы әңгіме жазып келу. 

Ағилаш ОҢАЛБАЕВА,

Шөптікөл ЖББОМБ,

Қаратөбе ауданы

3

Жайық ұстазы

28 мамыр, 2014 ж.

Қ а з а қ   о т б а с ы н д а ғ ы 

м уз ы ка л ы қ   а с п а п т а р

Кіріктірілген сабақ

Төртбұрыштар

А .

Қ

ұ

д

а

й

б

е

р

г

е

н

о

в

А қ ж а й ы қ

Сабақтың  мақсаты:  Білімділік: 

Оқушылардың білімін ауызша, жазбаша тал-

дау  жұмыстарын  жүргізе  отырып  бекіту. 

Түзету-дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, 

қиялдарын дамыту, ой қорытып, сауаттылығын, 

өздеріне сенімділігін арттыру, топпен жұмыс 

жасап, логикалық ойын дамыту, дұрыс, анық 

сөйлеуге жаттықтыру. Тәрбиелік: оқушыларды 

бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сыйластыққа, 

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, танымдық, 

тіл дамыту, қайталау.



Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, слайд.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру 

кезеңі.

Педагогикалық-психологиялық әзірлік.



Армысың, ана тіл,

Армысың, асыл күн,

Армысың, асыл жыр,

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

ІІ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тіл 



патшалығы елінде» деп аталады.

Тіл ұстарту сабағы 

қазақ  тілінен  өтіп 

жатқан «Сөз таптары» 

тарауына арналады.

-  Ерте,  ерте,  ер-

теде,  ешкі  құйрығы 

келтеде,  қазақ  тілі 

жерінде, морфология 

елінде, «Сөз табы» де-

ген асыл қария өмір 

сүріпті. Оның дүниені 

дүркіреткен  тоғыз 

ұлы болыпты. Күндердің күнінде қазақ тілі 

жерін басқыншылар жаулап алып, олардың 

өсіп-өркендеуіне көп кедергі келтіріпті. Бірақ, 

қайсар ұлдар ғасырға жуық уақыттан кейін 

қайта өрлеп, өз тәуелсіздігін алған екен. Сол 

«Сөз табы» деген асыл қарияның жаңа түлеген 

ұлдары сіздердің алдарыңызда.

(Сөз таптарының белгісін таққан 9 оқушы 

алға шығады.)

1. Зат есім.

Бүкіл затқа иелік ететін тұрағым бар,

«Кім, не, кімі, несі?» деген сұрағым бар.

Жалқы, жалпы есім, деректі, дерексіз боп,

Зат есім деген құдіретті атағым бар.

2. Сын есім.



Сұлулық пен көріктің сымбатымын,

Айтылатын әсемдіктің қымбатымын.

Сапалық пен қатыстыққа бөлінетін,

Сын есім боп зат бойынан табыламын.

3. Сан есім.



Зат есімге ағайынның бірі – менмін,

Оның санын толығымен білдіремін.

Есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік,

Топтау, болжалдық деп бөлінемін.

4. Есімдік.



Затты, сынды, санды да көрсетемін,

Алмаймын бұдан басқаны берсе тегін.

Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау,

Болымсыздық, белгісіздік – біліп ал есімдігін.

5. Етістік.



Барша заттың бір өзімде қимылы да,

Сөз табында күрделі, ең қиыны да.

Сабақты, салт, есімше, көсемше, етіс,

Шақ, рай етістік боп жиылды да.

6. Үстеу.



Үстеумін жеті топқа бөлінетін,

Қызметіне етістіктің берілетін.

Өзгертуге, түрленуге көне бермей,

Айтылғанға қашан да көндігетін.

7. Еліктеу сөздлер.



Әр түрлі дыбыс пен қимыл иесімін,

Сөз табына әрқашан тиесімін.

Еліктеуіш, бейнелеуіш түрлерім бар,

Еліктеу деген есімнің киесімін.

8. Шылау.



Бойымызда толық та мағына жоқ,

Сонда да сөз табында көңіліміз тоқ.

Жалғаулық, демеулік ағайынды 

Септеулікпен шылауымыз көп.

9. Одағай.



Көңіл-күйді қашан да білдіремін,

Жекіру мен шақыруға бөлінемін.

Тоғызыншы боп сөз табы қатарында,

Одағай атқа иенің бірі менмін.

Қорытынды сұрақ. 

Жаттығу жұмысы. 3-жаттығу.

Жұмбақ сұрақтар. «Бұлар қай есімдіктер?»

2 топқа тапсырма беріледі. 

І топ. Қазақстан

ІІ топ. Менің мектебім. 

Жеке оқушымен жұмыс.

Тақтамен жұмыс

«Жалғасын тап» ойыны

а) Жеті рет өлшеп,

     Бір рет  кес.

ә) Білгенің – бір тоғыз,

     Білмегенің – тоқсан тоғыз. 

Тапсырма: Сан есімдердің астын сызып, 

реттік сан есімдерге айналдырыңдар.

ІІ.  а) Өзің жәбір көрсең де, кісіге қиянат 

жасама.


ә) Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.

Тапсырма:  Мақалдардан өздік есімдігін 

тап. 

Бекіту.

ІІ. - Балалар, бүгінгі тіл ұстарту сабағымыз 

бойынша қайталау сұрақтарын беремін. 

Сілтеу есімдіктері дегеніміз не?

Шырай дегеніміз не?

Шырайдың түрлерін ата.

Есімдік дегеніміз не?

Сан есім дегеніміз не? Сан есім мағынасына 

қарай неше топқа бөлінеді?

Салыстырмалы шырай дегеніміз не?

Жай шырай дегеніміз не?

Реттік сан есімдер дегеніміз не?



Оқушылар бағаланады.

ІІІ. Оқушылар, бүгін сендер сабаққа жақсы 

қатыстыңыздар. Сіздерге «Септік шал» бата 

береді: 


- Балаларым, құдай сендерге талмайтын та-

лап берсін, самғайтын қанат берсін, баянды 

бақ берсін! Өсіп, өркендеп, тәуелсіз еліміздің 

көк туын желбіретіп, әлемге таныта беріңдер. 

Әумин!

ІV. Үйге тапсырма. «Наурыз» тақырыбына 

мәтін құрап келу.



Гүлжиян МОЛДАҒАЛИЕВА,

№15 көмекші мектеп-интернаты

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-

өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін да-

мыту. Оқушылардың сабаққа өз еркімен белсе-

не араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен 

ұйымдастырып жұмыс істеу.

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ, геометрия 

мен технология пәні. 



Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, 

қайталау сабақ.



Көрнекілігі: карточкалар, плакат, форму-

лалар, сызғыш, түрлі-түсті қағаз, үлестірмелі 

қима қағаз.

Сабақ барысы: 

1-тапсырма: I. Ұйымдастыру.

2-тапсырма: Сыныпты топқа бөлу.

3-тапсырма:  Сабақтың  мақсатын 

түсіндіру.

4-тапсырма: Сабақтың жүргізу әдісін 

түсіндіру.

5-тапсырма: Ой қозғау «кім біледі?»

Төртбұрыш дегеніміз не?

Параллелограм_______? 

Квадрат___________?

Төртбұрыштың түрлері?

Ромб ________?

Тік төртбұрыш?

6-тапсырма: «Кім жылдам» есеп шығару 

(ауызша). 

Қабырғалары 6 см және 4 см болатын 

параллелограмның периметрі қандай? 

Қабырғалары 11,5м және 7м болатын 

параллелограмның периметрі қандай? 

Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 15м, 

екінші қабырғасы одан 2,5 м қысқа, периметрін 

тап?


Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 15м, 

екінші қабырғасы 3м ұзын, периметрін тап?

Ромбының қабырғасы 6,5 дм. Ромбының 

периметрін тап?

Ромбтың периметрі 36,4 м. Ромбының 

қабырғасын тап?



7-тапсырма: Сергіту сәті. (фигуралар 

құрастыру, шаш сәндеу).

1. Төртбұрыш

2. Параллелограм

3. Квадрат

4. Ромб


5. Шеңбер

6. Үшбұрыш



8-тапсырма: «Кесте толтыру».

9-тапсырма: Қорытындылау:

 У.КЕНЖЕГАЛИЕВА, 

Қ.КУНБАТИЕРОВА,

Мерген ЖББОМ,

Ақжайық ауданы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының 

салт-дәстүрін сақтауға қалыптастыру, музыкалық 

аспаптармен таныстыру. Дамытушылық: Тіл да-

мыту, есте сақтау, ойлау және шығармашылық 

қабілеттерін шыңдау. Тәрбиелік: Оқушылардың 

танымдық  қасиетін  арттыра    отырып,  туған 

халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеп, рухани 

байлығын сіңіруге баулу.



Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта, 

бор, тақта.



Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, ойтолғау, баян-

дау, мәнерлеп оқу, сұрақ құрау, әңгімелеу, сөздікпен 

жұмыс, пікір жазу.                                                                                                                         

І . Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен аман-

дасу, түгелдеу. Оқушы назарын  сабаққа аудару.



ІІ. Фонетикалық жаттығу.

Сүйемін  туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ  берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

(мәнерлеп оқу, оқушыларға оқыту.)



ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сурет бойынша мәтін құрастыру.



IV. Жаңа сабақ. (Күннің жадын жазу, сабақтың 

тақырыбымен таныстыру. Сабақ мақсатын айту).



Топтау. Қандай музыкалық аспаптарды 

білесіңдер? Қазақ халқының музыкалық аспаптары 

тарихынан  мәлімет алайық . 

Ертеде  аспаптарды  ағаштан  ойып,    түрлі 

өсімдіктерден,  малдың  терісі  мен  сүйегінен, 

мүйізі мен қылынан жасаған. Музыкалық аспап-

тарды халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, 

ән-күйлерді орындағанда пайдаланып отырды. 

Қазақ халқының аспаптары оркестр, домбыра мен 

қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор 

А.Жұбанов болды.



Қазақтың музыкалық аспаптарының топтары 

мен түрлері. Үрмелі: Сырнай. Сыбызғы. Сазсырнай. 

Желбауыз. Шаңқобыз. Ішекті. Домбыра. Жетіген. 

Қобыз Адырна. Ұрмалы аспаптар: Даңғыра. Дау-

ылпаз. Асатаяқ. Тоқылдақ. (Дәптерге жаздыру).

 Музыкалық аспаптың түрлері        Мәскеу

Қалаларының   

      Санкт-Петербург           

мұражайында                                   Алматы                       

сақталған.                                          Семей                           

Сөздікпен жұмыс.

Ұлы мұра  - великое наследие.

Шертпелі аспап - шипковый национальный му-

зыкальный инструмент.

Ыспалы аспап - смычковый инструмент.

Үрмелі аспап -духовой инструмент.

Ұрмалы- сілкімелі аспап - ударный инструмент.

Ұлттық болмыс - национальное естество.

Тылсым сыр - волшебный, таинственный, зага-

дочный.


Таңғажайып аспап - удивительный,  восхити-

тельный, поразительный инструмент (сөздікті оқу, 

оқушыларға оқыту, дәптерге жаздыру).

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді оқу. Сұрақ әзірлеу.  

Көмекші есімдерді табу.



2-тапсырма. - Мәтінге төмендегі тақырыптарды 

таңдап, ат қойыңдар.

а)  Домбыра – қазына.

ә)  Домбыра  жеті қазынаның бірі.

б)  Шертпелі аспап – домбыра

в)  Қазақ халқының ұлттық болмысын білдірген 

аспап.

3-тапсырма. Тірек сызба арқылы мәтінді 

әңгімеле.

Домбыра туралы нақыл сөздерді оқып, өз 

пікірлеріңді  жазыңдар.



Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен, домбыра!               

 

 



 

      (Ш.Сариев.)



Қолдан жасалған қос ішекті домбырадан 

мұндай  нәзік, мұндай  әсем дыбыстар шығады 

дегенге  еш  уақытта  сенбеген  болар  едім!         

(А.Е.Алекторов)



Домбыра деген қазақтың қасиетті дүниесі. 

Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей біліңдер. 

Баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру 

осындайдан басталады.    (Б.Момышұлы)

4-тапсырма. Аңызды оқып, сұрақтарға жауап 

беріңдер. Жетіген.                                      



V. Сабақты бекіту. 

Сөйлемнің дұрыс, бұрыстығын көрсет.



VІ. Үйге тапсырма.

1-тапсырма.  Мәтін  «Ақсақ құлан».

Мәтінді оқып, домбыра туралы ойтолғау жазу.

VІІ. Қорытынды.

Екі шектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ –домбыра, – деп Қадыр ата-

мыз жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы  

жинақталған ұлттық құндылығы  мен дүниетанымын 

дәл суреттеп жеткізе алатын  қоңыр үнді домбыра 

екені даусыз.

VІІІ. Бағалау.

Бақтылы КУБАЕВА,

Ақсуат ЖББОМ,

Теректі ауданы

б

б



- б

*** Қазақ тілін оқимыз ***

*** Ұлттық дәстүр - ұлағат көзі ***

*** Өз өлкеңді танып біл ***


жүктеу 7,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау