7
Жайық ұстазы
28 мамыр, 2014 ж.
* Мен - елімнің ертеңімін *
Тәрбие сағаты. 8 сынып.
Н
егізгі тригонометриялық тепе-
теңдіктерді өрнектерді
түрлендіруге қолдану
Білім беру сапасын арттыру
Мемлекеттік тілді үйрену –
әркімнің міндеті
Кешкі мектепте қазақ тілі пәнін оқыту
Алгебра. 9-сынып
Сапалы білім бе-
ру мақсатын жүзеге
асыратын білім сала-
сындағы басты тұлға
– мұғалім. Өйткені
оқушының алғырлығы,
талаптылығы және
алатын білім сапа-
сы оқыту дәрежесіне
байланысты.Аталған
мақсатты жүзеге асы-
руда мұғалімге «Білім беру сапасын жүйелі арт-
тыру тәсілдерін меңгеру» міндеті артылады.
Осыған орай, талаптар да қойылады:
1. Педагогикалық-психологиялық деңгейін
көтеру; 2. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тех-
нологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді
зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік
жұмысында қолдана білу; 3. Өз білімін көтеруге,
шығармашылық жұмыс атқаруға ынталанды-
ру, қажетті жағдайлар туғызу; 4. Авторлық
бағдарламалар, курстар, ізденістер жасауға
ынталандыру, қызықтыру, мұндай мұғалімге
жан-жақты қолдау көрсету; 5. Педагогтар
жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды әр
мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.
Сан алуан әрекеттер, әдіс-тәсілдер арқылы
ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, оқушылардың
қызығушылықтарын арттыру, білім сапасын арт-
тыру жолдарын іздестіру – осының бәрі бүгінгі
қажеттілік.
Білім сапасына әсер ететін негізгі факторлар-
ды бөліп айтуға болады. Біріншіден, мұғалімнің
сабақ беру сапасы. Сабақ сапасы жоғары әрі
нәтижесінің жақсы болуы – сабақтың ғылыми
тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде
болуынан, мазмұны қазіргі қол жеткізген ғылыми
жаңалықтарға сай болуынан көрініс береді.Сабақ
мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы
жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Ол үшін
мұғалімнің сабаққа дайындығы, ізденісі жоғары
деңгейде болу керек.
Екіншіден, оқушылардың оқу пәндеріне
қызығушылығы. Оны арттыру үшін мұғалім
қажетті жағдайлар туғызу керек. Олар: 1. әрбір
сабақ оқушы сезіміне, ынта-ықыласына әсер етуі
тиіс. 2. Оқу пәндерінің мазмұнының маңыздылығы,
қажеттілігі жөнінде толық ақпарат беру керек.
3. Оқу материалының не өте жеңіл, не өте күрделі
болмауын қадағалап, оқушылардың қабілеттеріне,
жас ерекшеліктеріне қарай дұрыс таңдай, қолдана
білуі қажет. 4. Оқушы жұмысын жиі тексе-
ру және бағалап отыру. 5. Оқушылардың оқу
пәндеріне қызығу және қызықпау себептері туралы
ақпарат алу мақсатында сауалнамалар жүргізілуі
тиіс. Өйткені сауалнама қорытындысын са-
ралап 0ана мұғалім өзінің оқыту процесіндегі
жетістіктері мен кемшіліктерін біледі. Қызықпау
себептері анықталған соң мұғалім сол себеп-
терге негіз болған өз кемшіліктерін жоюға
жұмыстанады.
Үшіншіден, жаңа технологияларды тиімді
қолдану. Қазіргі уақытта жаңа технологиялардың
түрлері көп, оларды қолдану әдіс-тәсілдері де алу-
ан. Оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне бай-
ланысты. Тек ескеретін жағдай, қандай тәсіл,
әдіс немесе жаңа педагогикалық технологияны
алса, әр қайсысының өзіне тән ерекшелігі, оның
тиімді және тиімсіз жақтары болатыны анық.
Қолдану тиімділігі – шәкірттің білімді жаттан-
ды түрде самарқау қабылдауына мүмкіндік бер-
меу, қайта оқушылардың өздігінен ізденуіне ба-
са назар аудара отырып, қабілет мүмкіндіктері
мен шамасына лайық белсенділігін жебеп, ретіне
қарай бәсекелестікті қолдап, білім деңгейлерін
көтеруге ықпал етеді. Сондықтан мұғалім
технологиялардың тек тиімді элементтерін
қолдану керек.
Төртіншіден, оқушылардың білімін,
іскерлігін, білік-дағдысын бағалау мақсатында
әділдікке, шыншылдыққа үйрететін әдістер пай-
далану (тест, диагностика, сынақ, мониторинг).
Бесіншіден, мұғалім – оқушы – ата-ана
ынтымақтастығы. Білім сапасы – білімге тап-
сырыс берушінің, қоғамның, оқушының өзінің
қабілетін қанағаттандыратын мүмкіншілігін,
білім нәтижесінің және маңызды қасиетінің
жиынтығы болғандықтан, білім сапасының артуы
мектептің бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастығы
ұстанымын жүзеге асыру, педагогикалық жүйенің
барлық элементтерінің өзара үйлесімді әрекеттесу
нәтижесінде ғана іске асады.
Бүгінгі таңда мектептегі білімнің сапалық
деңгейін қамтамасыз ету күтілетін нәтижелерді
сипаттау арқылы танылады. Осы нәтижелерді
сипаттайтын негізгі жүйелерге: сыртқы тәуелсіз
бағалау жүйелері ҰБТ, ОЖСБ және түрлі
деңгейдегі олимпиадалар, байқаулар, тоқсандық,
жылдық қорытындылар кіреді. Осы жүйелердің
нәтижесін талдау, саралау арқылы білім беру
сапасының жағдайын, мұғалімнің, мектептің
рейтингісін анықтауға болады. Пятимар орта
мектебінде жоғарыда аталған жүйелердің
бірнеше жылғы нәтижелерін салыстыра оты-
рып, жылдан-жылға өсу динамикасы бар, білім
сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс
жүргізілгендігін айта кеткім келеді.
«Табысты тәжірибе дағдыға айнала-
ды, дағды мектептің келбетіне айналады» деген
тұжырымды үнемі назарда ұстайық.
Жанар БАТЫРОВА,
Пятимар ЖББОМ биология-
химия пәнінің мұғалімі,
Жаңақала ауданы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру мен тепе-
теңдіктерді дәлелдеу үшін негізгі формулаларды
қолданатынымыз туралы ақпарат беру. Тәрбиелік:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артты-
ру және білімдерін дамыту. Дамытушылық: Есепті
тиімді жолмен шығаруға бейімдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Формулалар жазылған
плакаттар, интегративті тақта .
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.
Оқытудың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген
есепті тақтада талдау.
ІV. Білімді өзектендіру. Сұрақтар: 1. Негізгі
тригонометриялық тепе-теңдік формулаларын кім
жазып береді? 2. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір
бұрышының косинусы дегеніміз не? 3. α бұрышының
тангенсі деген не?
V. Жаңа сабақты түсіндіру. Тригонометриялық
өрнектерді түрлендіру мен тепе-теңдіктерді дәлелдеу
үшін негізгі формулалар жиі қолданылады. Тепе-
теңдіктерді дәлелдеу үшін көбінесе оның күрделірек
жағын түрлендіріп, тепе-теңдіктің екінші жағын
аламыз немесе екі жағын да түрлендіріп, алынған
өрнектердің тепе-теңдігіне көз жеткіземіз. Кейде тепе-
теңдіктің екі бөлігінің айырымы нөлге тең екенін
көрсетеміз.
Тригонометриялық өрнекті түрлендіруге мысал-
дар келтірейік. 1-мысал: cos
2
α+1+sin
2
α өрнегінің мәнін
табайық. Шешуі: cos
2
α+1+sin
2
α (cos
2
α++sin
2
α ) +1
=1+1=2. Жауабы: 2.
VI. Сабақты бекіту. Оқушының қызметі.
VІІ. Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды.
VІІІ. Үй тапсырмасы. №316, №317.
Мәншүк МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА,
Мерген ЖББОМ,
Ақжайық ауданы
Тәуелсіздігімізді алғалы бері міне, бүгінде
мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің дәрежесі биіктеп
келеді. Қазақ мектептері, балабақшалары көптеп
ашылып, іс-қағаздары қазақ тіліне аударылды.
Барлық Қазақстан азаматтары қазақ тілін үйренуге,
білуге міндетті болды. Мұндай игі жаңарулар мем-
лекет төңірегінен қолдау тапты. Қазір көптеген
орыс мектептерінде қазақ тілі, қазақ әдебиеті
пәндерінің өткізілуі де қолға алынды.
«Дариян» кешкі мектебінде оқыту орыс
тілінде жүргізіледі. Мектепте әр түрлі себептермен
күндізгі мектепті оқи алмаған балалар оқиды. Ол
балалардың көпшілігі қазақ тілінде жетік сөйлей
алмайтын оқушылар. Бірақ қазіргі таңда қазақ тілін
әрбір қазақстандық азамат білуі міндетті.Өйткені
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел-2050»
Жолдауында «Қазақ тілі – Мәңгілік тіл» деп атал-
ды.
Енді ана тілімізді білмейтін оқушыларымыз
қазақ тілін үйренуге бар ынтасын салуда. Соған
байланысты кешкі мектепте қазақ тілі мен әдебиеті
пәнін жүйелі жүргізу арқылы оқушыларға қазақ
тілін үйрету алға қойылған. Әсіресе, қазақ тілінде
берілген мәтіндер арқылы, сонау заманнан
бергі қазақтың тарихын, салт-дәстүрлерін, ру-
хани бай мұраларын, ақын-жырауларын, ғалым-
ғұламаларын, даналардың нақыл сөздерін білетін
болады. Сонымен бірге қазақ тілінің бай сөздік
қорымен танысып, қазақ сөздерінің мағынасын
ашып, қазақ тілінде әрбір мәтіннің мазмұнын ай-
та білуге, сөйлем құрастыра білуге, тұрақты сөз
тіркестерін, мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде
қолдана білуге үйренеді. Сондай сабақтарымның
бірі
– 10-сыныпта қазақ тілі оқулығында берілген
М.Мағауинның «Аласапыран» романынан алынған
«Ақ Жебе» атты үзіндісі.
Сабақты бастамас бұрын «Миға шабуыл» стра-
тегиясы бойынша слайд көрсетілді. Оқушылар
алдын ала дайындалған слайдтағы суреттер
арқылы қазақ халқының құсбегілік өнерімен,
қыран құстардың түрлерімен, ақылды да жүйрік
тұлпарлармен және де көркем әдебиеттегі ақын-
жазушылардың шығармаларында кездесетін қыран
құс, жүйрік тұлпарлармен танысады. Содан соң
оқушыларға слайд бойынша сұрақтар қойылды.
Сұрақтар. Құсбегілік қандай өнер? Қандай
қыран құстарды баулуға болады? Қыран құстар,
жүйрік тұлпарлар туралы жазылған қандай
шығармаларды білесің? Қазіргі таңдағы құсбегілік
өнер мен ертедегі құсбегілік өнердің қандай
айырмашылығы бар?
Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен
кейін оқулықтағы «Ақ Жебе»мәтінін оқытамын.
Оқушылар «Ақ Жебе» мәтінін оқи отырып,
жоғарыда көрсетілген слайд көріністерімен
мәтіннің сай келетінін аңғарады. Оқушыларға
мәтіннің мазмұнын ұқтыру үшін мәтінге аударма
жасадық. Бұл жерде сөздік жұмысын жүргізудің
пайдасы зор. Өйткені бала жаңа сөздерді аудар-
ма жасай отырып, мағынасын ұғынады. Мәтіннің
аудармасымен танысып, мәтінде не туралы
айтылғанын білген соң, тірек сөздермен жұмыс жа-
саттым. Тірек сөздерді оқушылар мәтінді оқи оты-
рып табады. Мәтіннен алынған тірек сөздер: 1. Ақ
Жебе. 2. Азбан Сұр. 3. Ораз –Мұхамед 4. Қаздар.
Тірек сөздерді пайдаланып, оқушылар мәтіннің
мазмұнын айтып береді. Мәтін мазмұнын жүйелі,
нақты айтып беру үшін тірек сөздермен жұмыс жа-
сау тиімді.
Мәтінде құсбегілік өнер, қыран құстарды
дәріптеу мәселесі сөз болғандықтан және қазақ
жазушыларының қыран құстарды қастерлеп,
баптағанына дәлел ретінде келесі кезек-
те оқушыларға Ақан серінің «Қараторғай» әнін
қобыздың орындауында тыңдаттым. Бұл жерде мен
оқушыларды қазақ халқының ұлттық аспабымен
және ұлттық аспаптың үнімен, сонымен бірге Ақан
серінің Қараторғай атты қыран құсының болғанын,
соған арнап шығарған әнімен таныстырып өттім.
Бұл әдіс балалардың музыканы, әдебиетті сүйіп
өсуіне пайдасын тигізері хақ. Келесі тапсырмада
оқулықтағы грамматикалық тапсырмаларды орын-
даттым және мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін
Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңін
оқыттым.Сабақты қорытындылауда топтастыру
стратегиясы мен тест сұрақтарымен жұмыс жасат-
тым.
Топтастыру стратегиясын оқушылар былай
құрды.
Ақ Жебе - тұйғын құс (сокол), қолға
үйренген, алғыр, епті, тырнақтары өткір.
Әрбір қазақ тілі сабағын осылай түрлендіріп
өткізсек, балалар әрбір сабақта кем дегенде
4-5 жаңа сөз үйренеді және қазақ тілінің сөздік
қорының бай, көркем екендігін көркем әдебиеттен
берілген мәтіндер арқылы ұғып, сол тілде көркем
сөйлеуге үйренеді.
Дариха АУЛЕБАЕВА,
Дариян кешкі-ауысымды мектебі,
Зеленов ауданы
Мақсаты: Оқушылардың тіл туралы
танымдық деңгейін көтеру, мемлекеттік тілге
деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін, өз
тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеті:
Оқушыларды
ұжыммен
жұмыстануға дағдыландыру. Физика, математика
пәндерін басқа ғылымдармен сабақтастыру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, кесте, портрет-
тер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті
оқушылар мен ұстаздар! Бүгін осы залда
оқушылар арасындағы «Мен – елімнің ертеңімін»
тақырыбында өткізілетін көңілділер мен
тапқырлар сайысын тамашалауға жиналдық.
Тіл байлығы - сарқылмайтын қазына,
Айтылатын өкпе наз бен базына.
Өз тіліңді шұбарлатып сөйле деп,
Жазылған жоқ Конституция заңында.
1-кезең «Аудармашы». Тақтаға математика-
физика терминдері жазылады, соны қазақшаға
аудару қажет. Оқушылар 5 минут уақыт ішінде
шамалары келгенше аударады. Әр сөз 1 ұпаймен
бағаланады.
Тапсырма сұрақтары екі топқа ортақ.
2-кезең «Жұмбақтар». Жұмбақтардың жа-
уабын тауып, үш тілге аудару. Түнде бармын,
күндіз жоқпын. (жұлдыз, звезда, star).
Білімнің жолбасшысы.
Шәкірттің қолбасшысы.
(мұғалім, учитель, teacher).
Іші – жұмсақ, сырты – қатты.
Еті – қызыл, сүті – тәтті.
(қарбыз, арбуз, watermelon).
Сылдыр сұйық су емес,
Ақ болса да қар емес. (сүт, молоко, milk).
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәрбие-білім береді.
(мұғалім, учитель, teacher).
Екі бала қатар тұрса да,
Бірін-бірі көрмейді. (көз, глаза, eyes).
Бір зат бар дүниеде,
Уақыт одан біледі. (сағат, время, clock).
Сулары жоқ, көлдері бар.
Үйлері жоқ, елдері бар.
Тастары жоқ, таулары жоқ,
Қарбыздай-ақ аумағы бар. (глобус, globe).
3-кезең «Мақал-мәтелдер». Оқылған
мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, орыс,
ағылшын тілдеріне аудару. Өнер алды – қызыл
тіл (тіл, язык, language). Жеті жұрттың тілін
біл.....түрлі білім іл. (жеті, семь, seven). Білекті
бірді жығады....мыңды жығады. (білімді, зна-
ние, science). Көре-көре көсем боласың, сөйлей
сөйлей.....боласың. (шешен). Ұстаның қолы
алтын, ақынның....алтын (сөз, слова, word).
Қасқырды қанша асырасаңда....орманға қарайды.
(орман, лес, forest). Екі жаңа достан ....ескі
достың өзі артық (дос, друг, friend).
4-кезең «Сұрақ-жауап». Математика, фи-
зика пәнінен берілген формулалардың жалғасын
тауып құрастыру. Сұрақтарға жауап беру. 1 топ.
2 топ.
5-кезең. Көрермендер көзайымы. Ақ,
өзі кішкентай, үйде болмайды тек сабақта ғана
қолданамыз. Бұл не? (Бор). Бұл зат үйде де, мек-
тепте де бар. Өзі үлкен де, кішкентай да болады.
Көбіне жасыл түсті. Ол ауа тазартады. (Гүл). Бұл
зат әр үйде, мектепте, мекемеде бар. Өзі үлкен
де, кішкентай да болады. Бұл зат балаларға да,
үлкендерге де керек, әсіресе, оқушылар, студент-
тер жиі пайдаланады. (Дәптер).
Жүргізуші:
Туған жерді сүю – п
арыз,
Сүю үшін білу –
парыз.
Қасиетті ұғу –
парыз,
Күзетінде тұру парыз.
Пайдамыз тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
«5» болсын алған бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Қорытынды. Тіл – ата-бабамыздың амана-
ты. Ендеше, ата-баба мұрасын жалғастыру, оның
мәртебесін көтеру – баршамыздың парызымыз.
Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры.
Туған тіл жас нәрестеге құндағында ана сүтімен
бірге, бесік жыры арқылы сіңетін болса, ешқашан
жойылмайды.
Табылар білім болса бар асыл да,
Кезек келді қазылардың бағасына, - дей келе,
сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.
Светлана ЖҰМАТАЕВА,
Ақсуат ЖББОМ,
Теректі ауданы
-теңдігін
-теңдігін
2)