Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет8/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103

20
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
қарауының көрсеткішіне айналуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай адвокаттар үшін әлеуметтік кепілдіктерді 
алдын ала қарастыру қажет, себебі қазіргі уақытта кәсіпқой адвокаттар жұмыскерлердің осы тұрғыдан ең 
бір қорғалмаған санатына жатады. Бүгін адвокаттарда төленетін еңбекке жарамсыздық парақтары да, 
ақы төленетін еңбек демалыстары да жоқ, олар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қандай да бір елеулі 
кепілдігін пайдаланбайды және өзінің кәсіби міндеттерін атқаруына байланысты жарақаттанған немесе 
қаза болған жағдайда өтемақы алуға құқықты иеленбеген. 
Мемлекеттің  есебінен  құқықтық  көмек  көрсететін  адвокаттардың  мамандығын  енгізген  кезде, 
бұл  заңгерлер  белгілі  бір  әлеуметтік  пакетті  алуға  тиіс:  медициналық  қызмет  көрсетілуі,  өмірі  мен 
денсаулығының сақтандырылуы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және т.с.с. 
Республикалық бюджеттің есебінен заңгерлік көмек көрсету жүйесін қайта құру адвокаттар алқаларына 
мемлекет тарапынан материалдық қолдау көрсетілуін талап етеді. Бұл жерде осы салада жұмыс істейтін 
адвокаттарға еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – үй-жайлар, ұйымдастыру техникасын бөлу, көлікке 
жұмсайтын кеңсе және коммуналдық шығыстарын өтеу туралы сөз болып отыр. 
Қазіргі сәтте осы шығындардың бәрі алқалардың мойнына жүктелген, мұны сірә да әділеттік деп айтуға 
болмас. 
Тағайындалған істер бойынша жұмыс істеу үшін адвокаттардың кадрлық құрамын қалыптастыра отырып, 
кәсіпқой қорғаушыларға өзінің қызметінің түрін дербес таңдауы туралы ұсыныс жасаған жөн шығар. Бұл 
орайда  заңгерлік  көмек  көрсетуді  үйлестіруді  жүзеге  асыруға  уәкілеттік  алған  мемлекеттік  органмен 
(бұдан әрі – «Уәкілетті орган) келісе отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтитындар қатарынан «бюджеттік» 
санатына және кері ауысуына мүлде шектеу қоймау керек
17

«Бюджеттік» адвокаттар кадрларын қалыптастыру процедурасы шамамен төмендегідей болуы мүмкін. 
Мемлекет ақы төлейтін істер бойынша жұмыс істегісі келетін адвокаттар алқаға тиісті өтініш береді де, 
оның Төралқасының келісімімен тағайындалатын адвокаттар тізіліміне енгізіледі. Содан кейін Уәкілетті 
орган  конкурстық  негізде  осындай  адвокаттардың  қажетті  мөлшерін  іріктеп  алады  да,  оларды  заң 
кеңестемелері  бойынша  таратып  бөледі.  «Бюджеттік»  адвокаттардың  бос  қызметтеріне  қабылдануды 
қалайтындардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, алқа осы жұмысқа кәсіби қоғамдастыққа жаңадан 
кірген  заңгерлерді  жібереді.  Егер  тұрақты  еңбекақыға  жұмыс  істегісі  келетіндердің  саны  керекті 
мөлшерден асып кетсе, онда осындай адамдар резервке енгізіліп, өздерін өздері жұмыспен қамтитын 
адвокаттар  болып  қалады  да,  бос  лауазымдардың  босауын  күтеді.  Мұндай  жағдайда  сондай-ақ  тиісті 
қызметті атқаруға конкурстар өткізу туралы мәселені қарастыруға да болады.
Тағайындалатын адвокаттардың жұмысына жалпы жетекшілік етуді заң кеңестемелерінің меңгерушілеріне 
жүктеуге  болады.  Қажет  болған  жағдайда  олардың  тағайындалған  адвокаттармен  жұмыс  жөніндегі 
орынбасарларының лауазымын енгізуге болады. Алайда бұл орайда адвокаттарды нақты істерге қатысуға 
жіберу  кезектілік  негізінде,  заңгердің  ақтаратын  жұмыс  көлемі  ақылға  қонымды  мөлшерде  болады 
17 
Осы органның өкілеттіктері туралы (төменнен қараңыз).


I Тарау 
21
деген шартпен, және, әрине, тергеушінің немесе судьяның тілектерін есепке алмастан іске асырылуға 
тиіс. Сонымен бірге, кеңестемелерде жұмыс істейтін тағайындалған істер бойынша адвокаттармен қатар, 
«бюджеттік»  адвокаттардың  жұмысы  көп  болған  жағдайда  немесе  басқа  себептерден,  Уәкілетті  орган 
рұқсат еткен өзін өзі қамтитын адвокаттарды тарту мүмкіндігін қарастыру қажет. 
Осындай кеңестемелердің жұмысы кезінде ықтимал мүдделер қайшылығы ескерілуге тиіс, ол мүдделерінде 
қайшылықтар  бар  бірнеше  айыпталушыны  бір  кеңестемеде  тұратын  адвокаттар  қорғауға  тиіс  болса 
орын алады. Басқа кеңестемелерден қорғаушылар тарту арқылы немесе judicare процедурасына сәйкес 
Уәкілетті орган рұқсат еткендердің арасында жеке жұмыс істейтін адвокаттарға жүгіну арқылы осындай 
сипаттағы жағдайларға жол бермеу керек.
Азаматтық  істер  бойынша  құқықтық  көмек  көрсету  проблемасы  айтарлықтай  түйінді  мәселе  болып 
табылады. Егер қылмыстық процесте қорғаушы беру бойынша мемлекеттің міндеті бұлжымайтын сипатта 
болса әрі тергеу жүргізу, сотта қарастыру кезеңін және жазаны орындау кезеңін қамтыса, ал азаматтық 
сот өндірісінде білікті заңгерлік көмек көрсетілуіне мұқтаж адамдардың бәрінің қолы дәл осылай оңай 
жете  бермейді,  себебі  мұндай  жағдайларда  жеке  адамның  іргелі  құқықтары  саласына  мемлекеттің 
араласу дәрежесі әлдеқайда азырақ болады және сот талқылауының нысанасы өзге әлеуметтік игіліктер 
мен әлеуметтік қарым-қатынастарға бағытталады. 
Мүмкін,  азаматтық  істер  бойынша  республикалық  бюджеттің  есебінен  көрсетілетін  заңгерлік  көмекті 
бастапқы және екінші жолғы етіп бөліп, бастапқыға барлық жүгінген адамдарға бір дүркін тегін кеңестеме 
беруді және белгіленген тізбе бойынша негізгі іс жүргізу құжаттарын (мысалы, арыз, шағымдар, сұраным 
және  т.с.с.)  жасауды,  сондай-ақ  ақысыз  негізде  заңгерлік  көмек  алудың  келесі  тәртібін  түсіндіруді 
жатқызған дұрыс болар. Екінші жолғы құқықтық көмекке әл-ауқаты төмен адамдардың: зейнеткерлердің, 
мүгедектердің,  жалғыз  басты  аналардың,  жетімдердің,  соғыс  ардагерлерінің  және  жеңілдік 
пайдаланушылардың  тізімі  талқылануға  жататын  басқа  да  санаттарының  азаматтық  істері  бойынша 
өкілдік етуді қосу керек. Біздің пікірімізше, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен 
ұйымдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша, сондай-ақ 
тізбесі талқылаудың өзегі бола алатын басқа да кейбір іс санаттары бойынша осындай құқықтық көмек 
алдын ала көзделуі қажет. 
Бас бостандығынан айыру орындарында білікті заңгерлік көмек алу мүмкіндігі бойынша қалыптасқан 
күрделі  жағдайға  байланысты  сотталғандардың  мүдделерінде  қадағалау  шағымдарын  жазу  бойынша 
оларға  республикалық  бюджеттің  есебінен  кеңестеме  беру  мәселесін  шешу  қажет  деп  ойлаймыз. 
Мұндай тәртіп бір жағынан сот өндірісінің және жазаны орындау режимінің жалпы ізгілікке бет бұруына 
ықпалдасар еді де, екінші жағынан білікті заңгерлік көмек алуға деген конституциялық құқықты толық 
көлемде қамтамасыз етер еді. 
Ұсынылып отырған құқықтық көмекті көрсету кезінде қаржыландыру республикалық бюджеттен Әділет 
министрлігі арқылы тікелей адвокаттар алқаларына жүзеге асырылатын болады. 
Бюджеттік  қаражаттың  тиісінше  жұмсалуын  бақылауды  тиісті  мемлекеттік  органдар  жүзеге  асыратын 
болады. Сол арқылы тиісті мұқтаждарға бағытталатын ақша қаражатын бір мемлекеттік жабдықтаушы 


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау