Тарауларға қысқаша шолу
9
ҚЫСҚАША ШОЛУ
Қазақстанда қаржыландырылатын білікті заңгерлік көмек: құқықтық
реттемелеу, ұйымдастыру мен қамтамасыз ету мәселелері
(III және IV-тарау бойынша)
1. Мемлекет қаржыландыратын білікті заңгерлік көмектің (бұдан әрі – МҚЗК)
қажеттігі
ҚР Конституциясының 13-бабы заңмен көзделген жағдайларда әркімнің тегін заңгерлік көмек алуға
құқығы бар деп жариялайды. Алайда осы уақытқа дейін осы конституциялық норманы іске асырудың
дәл әрі жолға қойылған құқықтық механизмі әлі құрылған жоқ, сондай-ақ көрсетілетін мемлекет
қаржыландыратын білікті заңгерлік көмектің (бұдан әрі – МҚЗК) сапалы болатынының жеткілікті кепілдігі
көзделмеген, атап айтқанда:
•
сот-құқықтық реформа өткізіліп жатқан жылдар ішінде республикада оны көрсету саласында
елеулі өзгерістер болған жоқ;
•
қолданыстағы заңнамамен көзделген МҚЗК көрсету жағдайлары, сондай-ақ оны ұйымдастыру
осы саладағы халықаралық стандарттарға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның нарықтық
экономика жағдайында құқықтық қатынастардың сан алуан күрделі түрлерінің пайда болуы мен
дамуына және олардың реттелуіне байланысты қазіргі заманғы қоғамдық мұқтаждықтарға да сай
келмейді;
•
мемлекет кепілдік беретін МҚЗК алу құқығының іске асырылуын қамтамасыз ету саласындағы
мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы мен бағдарламасы жасалған жоқ. Осындай көмек
көрсетудің тек жекелеген мәселелері ғана заңнамамен реттемеленген, бірақ заңгерлік көмекті
(бірінші кезекте, бастапқы көмекті) ұйымдастыру мен көрсету арқылы оған нақты қол жеткізу
мүмкіндігін бере алатындай біртұтас жүйе жоқ;
•
Қазақстанда табыс деңгейі төмен тұлғалардың және азаматтардың әлеуметтік жағынан осал
басқа да топтарының заңгерлік көмекті тегін алу құқығын қамтамасыз ете алатын біртұтас жүйе
жоқ: МҚЗК алуға құқығы бар азаматтардың санаты өте шектеулі, сол сияқты осындай көмек
көрсетілуіне негіз болатын, қолданыстағы заңнамамен көзделген мән-жайлардың шеңбері де
шектеулі;
•
қазіргі МҚЗК жүйесі әділсотқа тең дәрежеде жету қағидасын бұзады, ал бұл қағиданың ажырамас
бөлігі әркімнің білікті заңгерлік көмек алу құқығы болып табылады;
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
10
•
сотқа жүгінуге қатысы жоқ басқа мәселелер бойынша заңгерлік көмек, сондай-ақ заң сипатындағы
ақпарат пен заң кеңестемесін (яғни, бастапқы заңгерлік көмек) беру мәселелері реттелмеген;
•
МҚЗК көрсету міндеті адвокаттар алқаларына жүктелген, олардың бұл міндетті атқаруға шамасы
келмейді. Мұның себебі:
1. республиканың адвокаттық қоғамдастығының сан жағынан аз болуы;
2. адвокаттар көрсететін тегін заңгерлік көмектің, сондай-ақ тұтастай алғанда заңгерлік көмектің
сапасын бақылау қамтамасыз етілмейді;
3. заңнамада МҚЗК көрсететін адвокаттарды тағайындау тәртібі қарастырылмаған;
4. осы саладағы адвокаттардың жұмысына ақы төлеу мөлшерлемелері төмен, ал бұл адвокаттар
көрсететін тегін заңгерлік көмектің жадағай сипат алуына әкеледі;
5. бастапқы заңгерлік көмек мүлде дерлік көрсетілмейді.
2. Тиімді МҚЗК жүйесін құру бойынша ұсынылатын шаралар
Мемлекет қаржыландыратын тегін заңгерлік көмек көрсетудегі жоғарыда аталған теріс жайттарды жою
мақсатында заңгерлік көмек көрсетудің және оның ақысын төлеудің қолданыстағы жүйесін қайта құру
үшін әркімнің (және ең бірінші кезекте – халықтың әл-ауқаты төмен және әлеуметтік жағынан осал санат-
тарының) мемлекет қаржыландыратын тегін заңгерлік көмек алуға ҚР Конституциясы кепілдік берген
құқығын іске асырудың құқықтық, ресурстық және ұйымдық механизмдерін жасау қажет. Бұл мәселелер
Кепілді түрде қаржыландырылатын заңгерлік көмек тұжырымдамасында және оны іске асыру бой-
ынша Мемлекеттік бағдарламада өз бейнесін табуға тиіс, ал олардың басты мақсаты – негізгі міндеті
МҚЗК көмек көрсетуге әкімшілік етуді (басқаруды) жүзеге асыру болып табылатын институционалдық
инфрақұрылымды құру болуға тиіс;
Мемлекет қаржыландыратын тегін заңгерлік көмек берудің құқықтық негізі республикада құрылған.
Біріншіден, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Әділет министр-
лігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» № 1202 Қаулысына сәйкес,
стратегиялық бағыттардың бірі ретінде адвокатура мәселелерін реттемелейтін, азаматтардың тегін
заңгерлік қызметтерді заңнамамен көзделген жағдайлардың 100%-нда алу мүмкіндігін қамтамасыз
ететін жетілдірілген нормативтік-құқықтық база көзделген. Екіншіден, ҚР Президентінің 2009 жылғы
24 тамыздағы «Қазақстанның 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының
тұжырымдамасы туралы» № 85 Жарлығы заңгерлік көмек көрсетудегі негізгі бағытты республика
халқының әл-ауқаты төмен топтарының оған қол жеткізе алу мүмкіндігімен байланыстырады.
МҚЗК көмек көрсетуге әкімшілік етудің (басқарудың) төмендегідей жүйесін ұсынамыз: 1) ҚР Әділет
министрлігі; 3) МҚЗК жөніндегі ҚР Ұлттық кеңесі; 4) МҚЗК көрсету жөніндегі аумақтық органдар; 5)
мәслихаттар; 6) адвокатттар алқалары; 7) бастапқы заңгерлік көмек көрсету бойынша мамандандырылған
құрылымдар.
Тарауларға қысқаша шолу
11
Мемлекеттік саясатты жүргізу үдерісі үшін жауап беретін жетекші мекеме болып табылатын ҚР Әділет
министрлігіне қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуін
қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік жүктелуге тиіс.
Ұлттық кеңеске, яғни, мысалы, 5–7 мүшеден (мүдделі тараптардың – адвокаттардың, ҮЕҰ өкілдерінің,
ғалымдардың, Әділет министрлігінің, әлеуметтік қамсыздандыру өкілдерінің, құқықтық көмек
көрсету жүйесінде жұмыс істейтін тұлғалардың т.б. өкілдері) құралатын тәуелсіз алқалы органға
қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және
қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету үдерісін басқару (әкімшілік ету) бойынша міндеттер
жүктелуге тиіс. Бұл кеңестің қызметін Кеңестің Аппараты қамтамасыз етеді.
Ұлттық кеңестің аймақтарда әкімшілік-аумақтық қағида бойынша (қалаларда, аудандарда) құрылуға тиіс
аумақтық бөлімшелеріне қаржыландырылатын заңгерлік көмек беруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету
бойынша міндеттер жүктеледі. Аумақтық органдардың қызметінің негізіне аралас үлгі алынуға тиіс деп
пайымдаймыз.
Мәслихаттарға бастапқы заңгерлік көмек көрсетуді ұйымдық жағынан қамтамасыз ету бойынша
жауапкершілік жүктелуге тиіс.
Адвокаттар алқаларына бастапқы заңгерлік көмек көрсетудің сапасын және бақылануын қамтамасыз ету,
бастапқы заңгерлік көмек көрсетуге арналған конкурсқа қатысу үшін адвокаттарды іріктеудің өлшемдерін
әзірлеу және т.с.с. бойынша функциялар жүктелуге тиіс.
Мамандандырылған құрылымдарға (мысалы, мәслихаттардың жанында құрылатын қызметтер, орталықтар
және т.с.с., сондай-ақ заңгерлік көмек көрсетуге мамандандырылған басқа да құрылымдар мен тұлғалар,
жоғары оқу орындарының заңгерлік емханалары, пара-заңгерлер) бастапқы заңгерлік көмек көрсету үшін.
3. Күтілетін нәтижелер
МҚЗК көрсетуге әкімшілік етудің (басқарудың) ұсынылып отырған жүйесі оны іске асырудың құқықтық
және ұйымдық механизмдерін жасауға, осындай көмек көрсетудің тиісті процедурасын әрі сапалы болуын,
бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуын, көрсетілетін заңгерлік көмектің сапасын бақылауды және
т.с.с қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар осындай үлгі әділсотқа жетуді қамтамасыз етудің сандық және сапалық көрсеткіштерін
болжауға және ресмилікті, қайшылықтар мен басқа да теріс құбылыстарды болдырмауға мүмкіндік
береді. Әрине, мұндай құрылымды жасау белгілі бір қаржылық шығындарға апарады. Бірақ сонымен
бірге қылмыстық ізге түсу органдарын, соттар мен әділет органдарын тағайындалатын адвокаттарды
қамтамасыз етуге байланысты мәселелерден босатады.
Достарыңызбен бөлісу: |