18
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Бүгін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдардың көпшілігі тағайындалатын адвокаттардың
көмегін пайдаланады. Оқиғалар істердің ең үлкен бөлігі «мемлекеттік адвокатураның» үлесіне тиетіндей
түрде өрбуі әбден мүмкін, ал бұл осы мекемелердің қызметкерлеріне артық салмақ түсіп, осы саладағы
бюджеттік шығындардың артуына әкеледі.
Мемлекет есебінен құқықтық көмек алуына болатын адамдар үшін мүліктік ценз белгілеу арқылы қаржы
шығынын қысқартуға тырысу төмендегі себептер бойынша мүлде орынсыз болып көрінеді.
Адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда қылмыстық істер бойынша білікті заңгерлік көмек
көрсету – мемлекеттің міндеті, ол кез келген жағдайда, осындай адамның материалдық жағдайының
қандай екеніне қарамастан атқарылуға тиіс. Бұл қағиданың мәні мынада: жария қылмыстық ізге түсу
азаматты әуел бастан қолайсыз жағдайға ұшыратады, себебі сот өндірісінің аясына түскеннен кейін ол
мемлекеттік айыптаудың бүкіл жүйесіне жалғыз өзі қарсы тұруға мәжбүр, бұл орайда бұл жүйенің қандай
ережелер бойынша және қандай тәртіппен жұмыс істейтінінен оның мүлде хабары жоқ.
Мемлекет тарапынан озбырлық болмауы үшін заң сезіктіге, айыпталушыға қорғаушыны береді, ол
қорғаушы өзінің білімін, машықтары мен айтарлықтай ауқымды өкілеттіктерін пайдалана отырып,
қудаланушы адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға міндетті. Мұндай жағдайда адвокаттың
қорғауындағы адам осы жұмыстың ақысын төлей ала ма, жоқ па, оған қарамастан, барлық қажетті
жағдайларда адвокаттың болуы әділдік үшін қажет.
Сонымен қатар, мемлекеттің есебінен заңгерлік көмекті пайдалану құқығын алуға арналған мүліктік
цензді айқындау әдістемесін жасау іс жүзінде өте күрделі екенін мойындаған жөн.
Өмірдің қыр-сырлары сан алуан болып келеді, сондықтан кейде бір қарағанда қаражат жағынан
қалтасы қалың сияқты көрінетін адамның қорғаушының еңбегіне ақы төлеуге шамасы келмейтін болып
шығуы мүмкін (өтелмеген несиелерінің, қолдаусыз қалатын асырауындағы адамдарының болуы, жақын
туыстарының ауыруы және т.с.с.). Адамның тұрақты табысының және артық дүние-мүлкінің болмауын
анық та айқын өлшем деп тануға болар ма екен.
Мемлекет есебінен құқықтық көмек алудан үміткер адамның мүліктік жағдайын тексеру үшін кейбір
дамыған елдерде пайдаланылатын жүйе
14
әр азаматтың өз кірісін ашық әрі адал мәлімдеуіне негізделеді.
Біздің елдегі Салықтық заңнамасының шалалығы, құқықтық мәдениеттің жалпы төмен деңгейі
шаруашылық-қаржылық қарым-қатынастың көптеген қатысушыларының кірісін жасыруына ықпалдасады.
Осыған байланысты «мемлекеттік» адвокаттың көмегіне мұқтаж адамның материалдық жағдайын талдау
жүйесі әуел бастан-ақ тиімсіз болып шығуы мүмкін.
Сөйтіп, мемлекет есебінен құқықтық көмек алуына болатын адамдар үшін кіріс деңгейін айқындау
әдістемесін ендіруге мүлде негіз жоқ, себебі осындай әдістемелердің бір де біреуі қажетті дәлдікке
кепілдік бере алмайды, оның үстіне азаматтарды осы тәсілдер бойынша тексеру әдістемесінің өзі де
соншалықты уақытты, күш пен қаражатты талап етеді де, шығыны жағынан мұны түпкілікті алынатын
нәтижелермен салыстыруға келмейтін болады.
14
Қараңыз: Питер Ван ден Биггелаар. Нидерландыдағы заңгерлік көмек жүйесі // Әділсотқа жету мүмкіндігі. Орталық және Шығыс Еуро-
па елдеріндегі тегін заңгерлік көмек проблемалары. «Қоғамдық мүдделер құқығы» бастамасы, Колумбия университетінің Будапешт құқық
орталығы. 2002. 503-505-беттер; Дэвид Маккуойд-Мэисон. Оңтүстік Африкада заңгерлік көмек көрсету жөніндегі кеңес және заңгерлік қызмет
көрсету. Бұл да сонда, 517-518-беттер.
I Тарау
19
Республикалық бюджеттің есебінен көрсетілетін құқықтық көмек қоғам үшін жария әрі түсінікті
процедуралардың шеңберінде көрсетілуге тиіс. Осы үдерісті басқару ісін тек адвокаттардың кәсіби
бірлестіктерінің немесе мемлекеттік органдардың қолына шоғырландыру оның тиімсіз болуына әкеледі.
Қорғаушы тағайындалатын істер бойынша құқықтық көмекті реттеудің азаматтық қоғам тарапынан
бақылануын күшейту қажет.
Осындай өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады? Дүние жүзінде мемлекет есебінен құқықтық көмекті
қамтамасыз етудің бірнеше тәсілі бар. Оларды шартты түрде негізгі екі түрде бөлуге болады:
1) judicare – нақты істі жүргізу үшін жеке жұмыс істейтін адвокаттарды тартып, соңынан ұсынылған
шоттар бойынша олардың қызметтеріне ақы төлеу; және
2) адвокаттарды құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдарға «штаттық негізде»,
тұрақты еңбекақыға жұмысқа тарту
15
.
Соңғы уақытта кейбір елдер (Ұлыбритания, Израиль, ОАР және басқалар) қызмет бағасы өсіп, ал тиімділігі
төмендей бастаған judicare жүйесін қысқартып немесе одан біртіндеп бас тарта бастады. Оның себебі бұл
жүйе заңгер жұмысының сапасы мен алынатын еңбекақысы арасындағы талап дәрежесіне тиісті бақылау
орнатуға мүмкіндік бермейді.
Қазақстанда қолданылатын, ҚІЖК-ның 71-бабының және ӘҚтК-ның 589-бабының негізінде құқықтық
көмек көрсету жүйесі өзінің сипаты жағынан жоғарыда аталған жүйеге ұқсас. Ол дамыған елдердегі
сияқты соншалықты қымбат болмаса да
16
, адвокаттың іс жүзінде жұмсаған уақытын лайықты әрі дәйекті
түрде есепке алу мүмкін болмауы себебінен дәл сондай тиімсіз екені даусыз.
Біздің ойымызша, бұл нысаннан бас тартып, қорғаушы тағайындалатын істер бойынша жұмыс істейтін
адвокаттар үшін тұрақты еңбекақы белгілеу туралы мәселені қарастырған дұрыс.
Бәлкім, тұрақты еңбекақы алып, тағайындалатын істер бойынша жұмыс істеуге келісетін адвокаттар мен
өздерін өздері жұмыспен қамтуды қалайтын адвокаттардың ара жігін ашқан дұрыс болар. Республикалық
бюджеттің есебінен құқықтық көмек көрсету үдерісін басқаруды оңтайландыру үшін осыны іске асыру
қажет. Осындай тәртіп бір жағынан әр адвокатқа келетін жұмыстың есебін дәлірек жүргізуге мүмкіндік
береді, екінші жағынан осындай еңбекке ақы төлеу тәртібін жеңілдетіп, мөлшерін нақтылайды.
Істерді тағайындау бойынша жүргізетін адвокаттар мен келісім бойынша жұмыс істейтін адвокаттарды
қолданыстағы заң кеңестерінің шеңберінде бөлуге болады. Алқаның кейбір мүшелерінің өзін-өзі жұмыспен
қамтитын заңгердің едәуір тұрақсыз табысын «бюджеттік» адвокаттың тұрақты әрі жақсы ақы төленетін
жұмысына айырбастауға келісуі әбден мүмкін. Мұндай заңгерлердің еңбекақысының мөлшері лайықты
және мемлекеттік айыптаушылардың еңбекақысынан кем болмауға тиіс екені даусыз. Прокурорлардың
кірісінің деңгейімен теңестірілген сыйақы мөлшерін белгілеу сот өндірісіндегі тараптардың теңдігінің
едәуір айқын материалдық нышанына және әділсоттың барлық қатысушыларына мемлекеттің әділ
15
Қараңыз: Роджер Смит. Заңгерлік көмек көрсету жүйесін ұйымдастырудың үлгілері: салыстырмалы тәжірибе. // Әділсотқа жету мүмкіндігі.
Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін заңгерлік көмек проблемалары. «Қоғамдық мүдделер құқығы» бастамасы, Колумбия
университетінің Будапешт құқық орталығы. 2002. 464-бет.
16
Мысалы, Нидерланда адвокат жұмысының бір сағаты үшін 83 евро алады. Қараңыз: Питер Ван ден Биггелаар. Нидерландтағы заңгерлік көмек
жүйесі // Әділсотқа жету мүмкіндігі. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін заңгерлік көмек проблемалары. «Қоғамдық мүдделер
құқығы» бастамасы, Колумбия университетінің Будапешт құқық орталығы. 2002. 505-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |