1.4. Қазақстан Республикасы индустриялық дамуының сценарийі
Индустриялық саясаттың артықшылықтары мен бағыттарын уақытында түзету мүмкіндігі үшін әлеуетті сценарийлерді қалыптастыру мақсатқа сай. Қазақстан Республикасы экономикалық дамуы бұрынғыдай екі сыртқы стратегиялық шартқа тәуелді: жаһандық экономикалық өсу және оның инклюзивтілігі.
Жаһандық экономикалық өсу деңгейі табиғи ресурстардың баға жағдаятына маңызды ықпал етеді. «Бүлдіргіш технологиялардың» әсер етуінің өсуіне қарамастан, 2020 жылға дейінгі келешекте экономикалық өсім мен ресурстарға сұраныс арасында арақатынастылық мықты болады. Табиғи ресурстарға дүниежүзілік бағалар өңдеу өнеркәсібін тік және көлденең қолдау үшін мемлекеттік қаражат мүмкіндіктерін анықтайды.
Жаһандық экономикалық өсудің инклюзивтілігі барлық қатысушылар үшін нарықтар мен өндіріс факторларының қолжетімділігімен анықталады. Аймақтандыру процесінің белсенділігі және «сауда майданының» тәуекелдері сыртқы нарықтарға, инвестицияларға, дарындарға және технологияларға маңызды әсер етеді. Қазақстан үшін екі ірі көрші: Қытай және Ресейдің мінез-құлқы негізгі болады.
Сәтті индустриялық-инновациялық дамудың ішкі факторын анықтаушысы бес институционалдық реформаның табысы болады.
Елдің индустриялық-инновациялық дамуы мүмкінді төрт сценарий бойынша дамуы мүмкін.
«Қалаулы болашаққа қол жеткізу»
Жаһандық экономикалық өсім тұрақты және 2,5-3,5% дәлізде. Бұл Қазақстан Республикасы үшін тұрақты сұраныс пен табиғи ресурстарға бағаны қолдайды. «Сауда майдандары» және блоктар арасындағы бәсекелестік шеткі күшеюсіз, ұтымды деңгейді. Қытай экономикасы тұрақты өсуін жалғастыруда, ал Ресей экономикасы жоғары емес траекторияға, бірақ тұрақты өсіммен шығады. Екі жақ та қазақстандық экспорт үшін тосқауылдарды төмендеті.
Сапалы бизнес-климаттарды құру бойынша реформалар жоспарланған жылдамдықпен қозғалуда. Жазық саясат тиімді орындалуда, нарық және өнімділік факторларына қолжетімділіктің ішкі инклюзивтілігі өсуде.
Осы сценарийдің шеңберінде Қазақстан үшін өңдеу өнеркәсібін жаңарту процесін жалғастыру және жоспарланған мақсатты индикаторларға шығу өте маңызды.
«Қарапайым заттардың» экономикасы»
Әлем кезекті құлдырауға кіреді. Табиғи ресурстардың құны түсуде. Сол уақытта блоктар арасындағы «сауда майдандары», қолдампаздық және бәсекелестік күту шеңберінен тыс шықпайды. Қытай экономикасы болжамнан тез бәсеңдейді, Ресей экономикасы тоқырауға кіреді.
Бұл ретте, сапалы бизнес-климатты құру реформасы жоспарланған жылдамдықпен қозғалады. Қазақстан бизнес жүргізу шарттарын дәйектілікпен жақсартады.
Осы сценарийдің шеңберінде Қазақстан жаңалау бағадрламасын қаржыландыру қиындығымен қақтығысады. Негізгі секторларда ірі жүйе құрушы кәсіпорындар шығындарын азайтуға мәжбүр болады, бұл олардың технологиялық жаңаруын тежеп, артық жұмыс күшін босатуды тудырады. Бұл елдің әлеуметтік инфрақұрылымына қосымша қысым береді, индустриялық даму бағдарламалары үшін мемлекеттік қаржылық мүмкіндіктерді қысқартады.
Өңдеу өнеркәсібі негізінен ішкі және сыртқы вектор бойынша түпкілікті тұтынуды қанағаттандыруға бағытталған. Инвестициялар мен құзіреттіліктің жетіспеушілігінен Қытай және Ресей нарығына шығу қиынға түседі.
«Экономикалық құлдырау»
Дүниежүзілік экономикадағы кезекті құлдырау немесе рецессия табиғи ресурстарға бағаның төмендеуіне әкеледі. Дамыған елдерде және ірі даму үстіндегі экономикада құлдырау салдарын азайту мақсатында ішкі нарықты қорғау үшін қолдампаздықтың өсуі және жаңа «сауда майдандарының» өріс беруі. Ресей, соның ішінде ЕЭК мүшелері дәйектілікпен нарықтарын жабады, бұл ретте олардың ішкі нарықтарына қысым көрсетеді. Қытай тауарлар мен қызметтерді тек қана өз аумағынан алу шарттарында Орталық Азияға инвестицияларды ұлғайтады.
Бұл сценарийде Қазақстан әлеуметтік қажеттіліктерге шығындарын арттыра отырып, ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолдана бастайды. Реформаларды ықшамдап, «қолмен» басқаруға ауысу ықтималдығы жоғары. Негізгі секторлар тарапынан сұраныс қысқарады, күштерді сақтау және жұмыс күшін босату ықтималдығы артады. Тұтынушылық сұраныс бірінші қажеттіліктегі тауарға дейін қысқарады. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға ресурстар жеткіліксіз – индустриясыздандыру процесін іске қосу тәуекелі бар.
«Құлдырау»
Жаһандық экономикалық өсу тұрақты. Шикізаттың бағасы Қазақстан үшін пайдалы диапазонда тұр. «Сауда майдандары» және қолдампаздық тәуекелі тұрақты деңгейде. Реформалар ресми түрде орындалуда. Экономикадағы инклюзивтілік төмен деңгейде қала береді.
Бұл ретте сценарий экономика мен өңдеу өнеркәсібінде құлдырауды жалғастырады. Мемлекеттік қолдаудың негізгі пайдасын субьектілердің шағын тобы ғана алады. Экспорттау қоржынының «күрделігігі» төмендейді. Индустриялық саясаттың екпіні ішкі нарықты жабу және жеке ойыншылар үшін артық шарттарды құру арқылы импортты алмастыру жағына қарай жылжиды.
Жазылған сценарийлер оқиғаны дамытудың мүмкінді нұсқаларын көрсетеді. Ұсынылған нұсқалардың ішінде негізгісі «Қалаулы болашаққа қо жеткізу» болып табылады. Мемлекет мәлімделген стратегиялық реформаларды жүргізе алады және елдің бәсекеге қабілеттілігін, инвестицияларды ынталандыру және экспорт өсімін қамтамасыз ету үшін жалпы және мамандандырылған факторларды құруда реттік және ұтымды саясатты іске асыруды жалғастырады.
1.5. Индустриялық дамудың халықаралық тәжірибесіне шолу
Елдің тұрақты дамуы үшін индустриялық дамудың маңыздылығын түсінуге қайту әлемде 2008 жылғы жаһандық дағдарыстан кейін болды. Өзінің жаһандық ЖІӨ-дегі салыстырмалы түрде азғантай үлесіне қарамастан өңдеуші өнеркәсіп инновациялардың, өндірушілердің өнімінің, ауыл шаруашылығы және сервистік секторлардың, негізгі тұтынушы болып табылады, халықаралық сауда үшін негіз жасайды және инвестицияның басым бөлігін тартады.
Дамыған және дамушы елдер өңдеу өнеркәсібін қалпына келтіруге және дамытуға бағытталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылдайды.
Елдер
|
Бағдарлама
|
Қабылдаған жылы
|
Ресей
|
Ресей Федерациясының «Өнеркәсіпті дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» Мемлекеттік бағдарламасы
|
2014
|
Беларусия
|
2020 жылға дейінгі кезеңге Беларусь Республикасының Өнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы
|
2012
|
АҚШ
|
Manufacturing USA, or the National Network for Manufacturing Innovation program
|
2014
|
Германия
|
Action Plan High-tech strategy 2020 (industrie 4.0)
|
2010, 2013, 2015
|
Ұлыбритания
|
Industrial Strategy plan 2030
|
2017
|
Жапония
|
Innovation 25
|
2007
|
Корея
|
National Strategy for Sustainable Development (бесжылдық бағдарламалар 2006-2010, 2011-2015, 2016-2020)
|
2015
|
Қытай
|
Made in China 2025
|
2015
|
Малайзия
|
Eleventh Malaysia Plan 2016-2020, қорытынды тарау 2020 Vision Plan
|
2015
|
Иран
|
Iran’s 20-Year Economic Perspective Five-Year Development Plan (2016–2020)
|
2015
|
Кувейт
|
New Kuwait 2035
|
2017
|
Сауд Арабиясы
|
Vision 2030
|
2016
|
Оман
|
Vision Oman 2020, 9th Five-Year Development Plan 2016-2020
|
2015
|
БАӘ
|
UAE Vision 2021
|
2010
|
Катар
|
Qatar National Vision 2030
|
2008
|
Әртүрлі санаттағы елдерге жүргізілген талдау индустриялық саясатты іске асыруда табысқа қол жеткізуге бағытталған жалпы заңдылықтары мен тәсілдерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
1) Инфрақұрылымдық дамыту мен өңдеу өнеркәсібі арасындағы байланыс деңгейі.
Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту жалпы энергетикалық, көліктік-логистикалық, инженерлік және соңғы уақытта, цифрлық инфрақұрылымдардың озыңқы дамуын қажет етеді.
2) Мамандандырылған факторларды қалыптастыру үшін кеңістіктіктің «өсу нүктелеріндегі» концентрациясы
Дамушы елдер өндірістің мамандандырылған факторлары үшін жекелеген кеңістіктік «өсу нүктелерінде» құру үшін ресурстарды шоғырландыру саясатын жүргізеді. Бұл агломерациялық әсерлеріне қол жеткізуге және бәсекеге қабілетті аумақтық кластерлердің дамытуын ынталандыруға, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және инновацияларға сұраныстың пайда болуы үшін критикалық массасын құруға және оларды құру бойынша экожүйе құруға мүмкіндік береді.
3) Индустриялық дамумен басқару жүйесі.
Өңдеуші өнеркәсіптері дамып келе жатқан елдер, сондай-ақ, өнеркәсіптік дамудың бастапқы кезеңіндегі елдерде индустриялық дамудың мемлекеттік басқаруының ұқсас құрылымы бар. Құрылымының негізгі элементтері болып табылады:
өнеркәсіптік дамыту және өнеркәсіптік тауарлардың саудасы саясаты үшін жауап беретін орталық мемлекеттік орган. Оның міндеттерінің тізбесіне мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық басымдықтарын ескере отырып индустриялы даму саясатын әзірлеу, ынталандырудың кешенді жүйесін құру және индустриялық жобаларды және өнеркәсіптік кластерлер үшін қолдау шаралары, қолданыстағыларды кеңейту немесе жаңа өндірістердің пайда болуы үшін мүмкіндіктер құруға бағытталған сауда саясатын өткізу кіреді.
индустриялық дамытуды, өнеркәсіптік дамыту қорлары немесе агенттіктерін қоса алғанда қолдау институттарының үйлестірілген жүйесі.
мемлекетпен арнайы таңдалған, инвестицияларды тартуға және ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға және жаңа салаларда өндірістерді құруға өкілеттіктері бар ірі мемлекеттік немесе ұлттық және жеке компаниялар.
4) Экспортта шоғырлану.
Өңдеуші өнеркәсіптері дамып келе жатқан елдер бастапқы ставкасын экспорттық салаларды дамытуға және экспорттаушыларды кешенді қолдауға жасады. Көптеген жағдайларда өнеркәсіптің өсуі ірі дамыған нарықтарға қол жеткізу бойынша преференциялармен байланысты болды.
5) Жаһандық ҚҚТ кіру.
Іс жүзінде барлық елдер қосылған құнның (бұдан әрі – ҚҚТ) жаһандық тізбектеріне кірудің ұқсас мақсаттарын көздейді. Бұл технологиялар трансфертіне мүмкіндік береді және өнеркәсіптік әлеуетін арттырады.
Жаһандық ҚҚТ негізгі иелерінің бірі және реттеуіштері трансұлттық компаниялар (бұдан әрі – ТҰК) болып табылады. Олар өз инвестициялары үшін елді негізгі төрт себептерін негізге ала отырып таңдайды: шикізатқа қолжетімділік, ірі ішкі нарыққа қолжетімділік, арзан жұмыс күшіне қол жеткізу немесе тиімділігін арттыру үшін мамандандырылған факторларға қол жеткізу. Сондықтан дамушы елдер ТҰК үшін «баға/сапа» өлшемшарты бойынша тұрақты мамандандырылған факторларға қол жеткізуге негізделетін құндылықты ұсыныстар құруға ерекше назар аударады.
1.6. Индустриялық дамудың мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері
2025 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық дамудың мақсаты Қазақстан Республикасы өңдеуші өнеркәсібінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет.
1-міндет. Жаңа қазақстандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуы.
Өңдеуші өнеркәсіптің тауарларының экспортын дамыту екі бағытта жүретін болады.
1) анықталған салыстырмалы артықшылықтары бар экспортталатын тауарлардың номенклатурасын ұлғайту15. Бұл тауарлардың жалпы әлемдік экспортында Қазақстан Республикасы сыртқы нарықтардағы үлесін ағымдағы үлесінен жоғарыға жеткізе отырып экспорттың тұрақты көлемін талап етеді.
2) экспорттық қоржынның «күрделілігін» көтеру. Бұл экспортталатын тауардың азық-түліктік күрделілігінің индексі Қазақстан Республикасы экономикалық қиындықтарының ағымдағы индексінің үстінен артқан кезде мүмкін болады.
2-міндет. Индустрияландыруды тереңдету.
Индустрияландыруды тереңдету үшін өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарының сыни массасын ұлғайту және олардың «өсу нүктелерінде» шоғырлануына қол жеткізу қажет. Бұл оның ішінде жаңа кәсіпорындардан пул –міндеттерді іске асырудағы әлеуетті экспорттаушылар құруға мүмкіндік береді.
3-міндет. Базалық салаларын нығайту.
Базалық салаларын нығайту міндеттерін орындау Қазақстан Республикасы өңдеу өнеркәсібінің абсалюттік көрсеткіштерінің өсуі мен отандық өндірушілерді қажетті өнеркәсіптік жартылай және қосалқы фабрикаттармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы индустриялық дамуының күтілетін нәтижелері:
Өңдеу өнеркәсібінің номиналды экспортын ұлғайту (АҚШ долл.);
Экономикалық күрделілігі индексін арттыру (Гарвард әдістемесімен);
Белсенді өндірістік кәсіпорындардың санын көбейту;
Инвестицияның өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына нақты өсімі.
Негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері.
2.1 Индустриялық саясат жүргізу қағидалары
Үшінші бесжылдық сабақтастығын сақтап қалатын болады және мынадай қағидаларға негізделеді:
1) Өңдеуші өнеркәсіптегі фокус
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес индустрияландыру саясаты Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші және екінші деңгейлі құжаттарында көрсетілген қатты және жалпы «жұмсақ», цифрлық және инновациялық инфрақұрылымның бизнес-климатын құру бойынша барлық көлденең саясатын ескеретін болады.
Саясат өңдеу өнеркәсібін дамытуда фокусын сақтай отырып тек қана тік сипатын ұстанатын болады. Инновациялық дамуы, сондай-ақ экономиканың бұл секторының тұрғысында қаралатын болады.
2) Индустриялық және кеңістіктік дамуды жұптастыру
Күш-жігерді көбінесе мамандандырылған факторларды кеңістіктік нүктелерінде бәсекелестікті ынталандыратын агломерациялық әсерлеріне қол жеткізу үшін, жергілікті нарықтарының күрделілігі арттыру, транзакциялық шығындарды төмендету, бәсекеге қабілетті аумақтық кластерлерді ынталандыруға дамытуға топтастыратын болады.
Кластерлік тәсіл компаниялардың өңірлердегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде өңдеу өнеркәсібін және өнімділік қызметі секторын дамытудағы маңызды бағыты болуы тиіс. Мемлекеттік қолдау шаралары кластерлерге мемлекеттің күш-жігерін жекелеген компанияларға, сондай-ақ аймақтағы бүкіл секторға әлеуметтік атаулы көмек ретінде, бизнестің шоғырландыруы мен аймақтың мамандандыруына сүйене отырып көмектеседі. Бұл тәсілді бүкіл ел бойынша масштабтау қажет.
3) Мемлекеттің және бизнеспен әріптестіктің проактивті рөлі
Мемлекет «Yellow Pages» (бәсекелестікті шектейтін мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінен бизнесті тиімді қорғау) қағидаттарын ескере отырып және жеке секторды дамытумен қайшылықтардың болмауымен өңдеуші өнеркәсіптің дамуында белсенді рөл ойнауды жалғастырады. Өңдеу өнеркәсібінің бизнес субъектілерін тікелей қолдау жалғасады.
Көршілес елдердің ішкі рыноктарды қорғау тәжірибесін назарға ала отырып, мемлекет отандық компанияларды, сыртқы экономикалық және дипломатиялық қолдауды, оның ішінде экспортты қолдау үшін және оларды кемсітушілік жағдайында қолдауды жүзеге асырады.
Бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар индустриялық саясатты іске асыру үшін жауапкершілікті бөледі. Бұл бизнес-қоғамдастықтың өлшемшарттарын әзірлеу және қолдау шараларын ұсынуда тікелей қатысуын көздейді.
4) Сабақтастық пен икемділік
Бұрын құрылған жоспарлау құралдары, индустриялық дамуды іске асыру және мониторинг, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде көзделген Кәсіпкерлік кодексі мен даму институттарының қалыптасқан экожүйесі барынша пайдаланылатын болады.
Саясатты іске асырудың икемділігі қоғам мен бизнестің тұрақты кері байланысы арқылы жүзеге асырылатын болады, индустриялық даму сценарийінде бейнеленген өзгеретін жағдайларға жоғары қабілеттілігін қамтамасыз ететін болады.
5) Нәтижеге бағдарлану
Саясатты іске асыру елді дамытудағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарымен келісілетін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлануы болады. Бұл ретте, индустриялық-инновациялық дамуды қолдау субъектілеріне міндеттерді орындау және нысаналы индикаторларға қол жеткізуде ең тиімді тәсілді таңдауға белгілі бір еркіндік мүмкіндігі ұсынылатын болады.
Нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін оларды пайдалану тиімділігі
жағдайында индустрияландыру саясатын қаржыландырудың жеткілікті көлемі қамтамасыз етілетін болады.
2.2 Жалпы тәсілдері.
Индустриялық-инновациялық даму саясаты тікелей және жүйелік қолдау арасындағы балансында құрылады. Тәсілдерді тікелей қолдау объектілер үшін өлшемдер мен шарттар, сыртқы және ішкі нарықтың мамандандырылған факторларын дамыту үшін шешімдерді таңдау анықтайды.
Кәсіпорындарды тікелей қолдау
Бизнес субъектілерді тікелей қолдау тұжырымдама міндеттеріне сәйкес объектілердің үш тобы бойынша жүргізілетін болады. Әрбір топ үшін іріктеудің өзіндік өлшемшарттары, индустриялық-инновациялық даму жүйесімен өзара іс-қимыл тетіктері әзірленді.
Бірінші топ – «Табысты экспорттаушылар»
Осы топтың кәсіпорындарын дамыту «Жаңа қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару» 1 міндеттерін орындау үшін қажет. Кәсіпорын мынадай өлшемшарттар жауап беруі тиіс:
- өңдеу өнеркәсібі тауарларының нақты өндірісінің және экспорттың болуы;
- меншік капиталына мемлекеттік қатысудың болмауы;
- тұрақты экспортының болуы;
Азық-түлік күрделілігінің оң индексі бар тауарларды16 экспорттаушылар қолдаудың кеңейтілген жиынына қосымша қол жеткізетін болады.
Екінші топ – «Мықты тыл»
Осы топтың кәсіпорындарын дамыту «Индустрияландыруды тереңдету» 2 міндеттерін орындау үшін қажет. Кәсіпорын мынадай өлшемшарттарға жауап беруі тиіс:
- нақты өндірістің болуы;
- меншік капиталына мемлекеттік қатысудың болмауы;
- шығарылатын тауардың БТҚБК17 сәйкестігі.
Үшінші топ – «Ауырлық орталықтары»
Осы топтың кәсіпорындарын дамыту «Базалық салаларды нығайту» 3 міндеттерін орындау үшін қажет. Оған өнімділігін арттыруды көтеру, технологиялық қайта жарақтандыру және экологиялық параметрлерін жақсарту бойынша жобаларды іске асыратын базалық салалардағы18 жүйе құраушы компаниялар, сондай-ақ жаңа ірі капитал сыйымды жобалар, оның ішінде ТҰК немесе тікелей шетелдік инвестициялардың ірі қатысуымен бірлескен жобалар жатады.
2) Жүйелі қолдау
Жүйелі қолдау мамандандырылған факторлар мен инвестициялық ахуалды жақсарту, экспортты қолдау, шетелдік инвестицияларды тарту, босаған жұмыс күшімен мәселелерді шешу бойынша басқа да көлденең бағдарламаларға қосымша өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін сұраныс шарттарын құруға бағытталатын болады.
Мамандандырылған факторларды дамыту
Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының шеңберінде күш-жігер түйіндес индустриялық-инновациялық және кеңістіктік дамытуды ескере отырып өңірлік өндірістік жүйелерді дамыту үшін кластерлік тәсілді жалғастыруға шоғырландырылатын болады.
Мемлекетпен кластерлердің жұмыс істеуін институционалдық қолдау бойынша, сондай-ақ кластерлік бастамаларды (жобаларды)іске асыру үшін, осы бастамалар шеңберінде жобаларды іске асыру үшін мемлекет пен бизнес арасындағы қаржыландыру шығындары қағидалары негізінде шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар кластерлік дамыту бойынша жұмысты және елдің барлық өңірлерінде кластерлермен жұмыс бойынша Дүниежүзілік банктің әдіснамасын іске асыруды жалғастыру бойынша жұмысты масштабтау қажет.
Қолдаудың негізгі шаралары өндірістің мамандандырылған факторларына қолжетімділікті кеңейтуге бағытталатын болады:
- өндірістік және цифрлық инфрақұрылымда,
- сапалы мамандандырылған адами капиталға,
- инновациялар мен құзырет орталықтарына,
- сынақтық және сертификаттық инфрақұрылымға,
- сатудың бірлескен жүйелеріне, өнеркәсіптік консалтинг және инжинирингке.
Отандық өндірушілерді қолдау және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуды қолдау үшін, сондай-ақ, соның ішінде стандарттау жүйесін жетілдіру бөлігінде, экспортты сүйемелдеудің сервистік моделін ендіру, өңдеуші өнеркәсіпте сынақ мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ сынау нәтижелерінің сәйкестігін халықаралық деңгейде бағалауды тану үшін жағдай жасауда техникалық реттеу және метрология құралдарын белсенді пайдаланылатын болады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда өнеркәсіптік кәсіпорындардың шоғырланған орындарда интернетке жоғары жылдамдықты кең жолақты қолжетімділпен цифрлық инфрақұрылым қамтамасыз етілетін болады.
Нарықтық факторларды дамыту
Кәсіпорындардың сыртқы нарықтарға жүйелік қол жеткізуін қамтамасыз ету қабылданған Ұлттық экспорттық стратегияға сәйкес жүзеге асырылатын болады19.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ ішкі нарықтың дамуы мен күрделілігіне тәуелді болады. Көтерме және бөлшек сауданың ішкі экожүйесін дамытуға бағытталған көлденең сауда саясатын әзірлеу қажет, онда сату арналарына қол жеткізуді дамыту үшін қағидалары, әдістері мен шаралары, сауда қызметін жылжыту мен реттеуді жақсарту қалыптастырылған. Бұл саясат ішкі нарықты ұтымды қорғау бойынша міндеттерді шешуді, отандық өндірушілердің сатудың бөлшек арналарына, корпоративтік және мемлекеттік секторлардың сатып алуына қол жеткізуін жеңілдетуді қамтуы тиіс.
Индустриялық дамудың одан әрі саясаты шеңберінде ішкі нарықты дамытуға бағытталған бірқатар бастамалар көзделетін болады:
- реттелетін сатып алу әлеуетін іске асыру бойынша жағдай жасау үшін тауарлар мен қызметтерді өндіруді оқшауландыруға бағытталған офсеттік саясат әзірленетін болады;
- өнеркәсіптің базалық секторларында ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындармен бірлесіп қосалқы келісім-шарттасудың қолданыстағысын дамыту және жаңа орталықтарын құру жөніндегі жұмыс жалғасады;
- ішкі нарықты тарифтік емес қорғау бойынша оның ресурстарын барынша пайдалану үшін техникалық реттеу және стандарттау жүйесіне тәсіл қайта қаралатын болады;
- импорттық тауарларға қатысты өтемақы тергеуі шеңберінде импорттаушы-елдердің демпингтік саясатының тұрақты мониторингі ұйымдастырылатын болады.
Индустриялық-инновациялық даму саясаты жетілдіру бойынша ұсыныстар
3.1 Институционалдық ортаны жетілдіру бойынша ұсыныстар
Индустрияландырудың одан әрі саясатын өткізу институционалдық жүйесін үш қағидаларына сәйкес жетілдіруді талап етеді: нақты нәтижелері үшін жауапкершілік, бизнеспен және қоғаммен жауапкершілікті бөлу, сондай-ақ оның жетістіктеріне құралдарын таңдауда белгілі еркіндігімен нәтижесіне фокус.
Индустрияландырудың институционалдық негізі, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың қайталанатын және артық функцияларын жоюды ескере отырып, жекелеген функцияларды бәсекелі ортаға беру, оның ішінде өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, сондай-ақ басқарудың ең аз мүмкін болатын деңгейлеріне жауапкершілікті және дербестікті қамтамасыз етуде шешімдер қабылдауды табыстауға құрылатын болады.
Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі Комиссияның қызметін жандандыру.
Индустрияландыру саясатының табыстылығы өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ведомствоаралық мәселелердің шешіміне тәуелді болады. Бизнес және қоғам өкілдерін тарта отырып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі (бұдан әрі – БҚК) жанындағы өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия атынан консультативтік-кеңесші институты белсіндірілетін болады. БҚК негізгі міндеті төмендегілер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау болады:
1) Қазақстан Республикасы өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде жекелеген секторларын дамыту бойынша жол картасын қарау және өзектендірілген БТҚБК жыл сайынғы келісу;
2) өңдеуші өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдері, соның ішінде кластерлік бастама;
3) инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемшарттарына және «Ауырлық орталықтары» тобының жобалары үшін ӘЖК талаптарын келісу.
Индустрияландыру саясатын орталық басқарудың тиімділігін арттыру
Өңдеуші өнеркәсіп және сауданы дамытудың мемлекеттік саясатының ағымдағы жүйесі қойылған міндеттерді орындау үшін тиімсіз. Өңдеуші өнеркәсіп секторларын дамыту инвестициялар және даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және ұлттық экономика министрліктерінің қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Индустрияландыру саясатын орталық басқарудың тиімділігі үшін өңдеуші өнеркәсіп секторларын дамыту міндеттері, оған ішкі және сыртқы сауданы дамыту, сондай-ақ аймақтық кластерлерді дамыту қосымша функцияларын бере отырып бір мемлекеттік органда шоғырланған болады.
Даму институттарының жүйесінің тиімділігін арттыру
Даму институттарының функционалдық орталықсыздандырылған жүйесі қолдау шаралары операторларының логикалық салынған желісіне олардың сипаттамаларына қарай өзгертілген болады.
Барлық қайтарылмайтын қаржылық (гранттар), қайтарымды қаржылық, қаржылық емес және сервистік құралдар «бір терезе» қағидаты бойынша шоғырландыру ведомствоаралық келіспеушілік тәуекелінің туындауын болдырмайды, шешім қабылдау уақытын коммуникацияларды жақсарту есебінен қысқартуға және қолдау шаралар пакетін ұсыну кезінде синергетикалық нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін болады.
Қайтарусыз қаржылық (гранттар), қаржылық емес және сервистік құралдарды шоғырландыру мақсатында индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттардың функциялары, жергілікті мазмұнды және өнеркәсіптік Дамудың бірыңғай орталығына (бұдан әрі – ДБО) технологиялық дамытуға біріктіріледі. ДБО сондай-ақ индустрияландыру саясатын жүргізуде бірлігі мен келісімін қамтамасыз ететін БҚК жұмыс хатшылығы болады.
Қосымша, мұндай трансформация келесі әсерлерді алуға мүмкіндік береді:
1) индустриялық саясат саласында аналитикалық функциялардың бірігу жолымен бірыңғай «ми орталығын» құру, ол салалық дамытудың, сыртқы және ішкі нарықтардың, технологиялық форсайттың, маркетингтік зерттеулерінің құзыретін күшейтуге, ішкі нарықтың жүйесінің және жергілікті өнім берушілердің жүйесінің дамуына мүмкіндік береді;
2) тарифтік емес құралдарды пайдалана отырып ішкі нарықтың жүйелі қорғауын неғұрлым дәл баптау;
3) штат санын ұлғайтусыз адами әлеуетін арттыру үшін әкімшілік шығындарды оңтайландыру.
ДБО базасында аймақтық кластерлерді дамытуды қолдау мақсатында сондай-ақ мынадай шаралар көрсетілетін болады:
1) кооперацияны және қатысушылардың ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу және мемлекеттік қолдау;
2) адами ресурстарды дамыту (тренингтер, оқыту, біліктілігін арттыру);
3) кластерлерді кеңейту (шетелдік инвесторларды тарту, ақпараттық-жарнамалық компанияларды жүргізу);
4) инновациялық-технологиялық дамыту, оның ішінде мамандандырылған өңірлік инжинирингтік ұйымдарды құру;
5) инфрақұрылым құру, соның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарттарында;
6) шығарылатын өнім сапасын арттыру (сынақ базасы, зертханалар).
«Бәйтерек» ҰБХ АҚ еншілес компаниялар арқылы барлық қайтарымды қаржылық қолдау шараларының операторы болуды жалғастырады, оның өкілеттігіне өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына жеңілдікті кредит беруді қамтамасыз ету үшін борыш пен капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарының ресурстарын тарту кіреді.
Бизнес-қоғамдастықпен белсенді әрекет жасау
ИИДМБ 2020-2024 айырмашылығының бірі «Атамекен» ҰКП тұлғасында бизнес-қоғамдастықтың атынан институционалдық қалыптасқан серіктеспен жауапкершілікті бөлу мүмкіндігі болып табылады. БК 2025 ережелеріне сәйкес «Атамекен» ҰКП барлық фронтальды функцияларды беру арқылы бизнесті кең сервистік қолдауды шоғырландыру болады.
Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін «бір терезе» функцияларын орындауды жалғастырады, ол олардың құндық және уақытша шығындарын қысқартуға, мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара ақпараттық іс-қимылды жеңілдетуге, сыртқы экономикалық қызметке байланысты бизнес-процестердің ашықтық және болжамдылығын арттыруға, мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және экспорттаушылар арасында кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
3.2. Қолдау құралдарының жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар
ИИДМБ 2020-2024 ӨС 2025 көрсетілген қаржыландыру қағидаларын ескеретін болады, оларға мыналар жатады:
1) қолдаудың тиімсіз және талап етілмеген шараларын алып тастау;
2) мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындар үшін бюджеттік қаржыландыруды төмендету;
3) нарықтық бағаны бұрмалаушы және жеке секторды дамытуға кері әсер ететін қолдау бағдарламаларын қаржыландыруды қысқарту;
4) республикалық бюджеттен қаржыландыру кезінде жеке секторлармен қаржыландырылатын жобаларды басымдықпен қолдау.
ИИДМБ 2020-2024 аясында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексімен көзделген қолдау құралдарының барлық түрлерін қолдану жалғасады. Индустриялық саясатты жүргізудің ішкі және халықаралық тәжірибесін ескере отырып қолдау құралдарын кеңейту мүмкін.
Мемлекеттік қолдау алудың шарттарының бірі арнайы инвестициялық келісім-шарттар үлгісі бойынша ИИДМБ 2020-2024 өлшемшарттар шеңберінде кәсіпорындар тарапынан қарама-қарсы міндеттемелерді міндетті түрде қабылдау болады. Бұл құрал мемлекеттік ресурстарды жосықсыз пайдалануды болдырмауға, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін ұлғайтуға және кейіннен мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Міндеттемелердің мысалдары өндірісті оқшаулау, жаңғырту, жаңа тауарларды игеру экспортының көлемін ұлғайту, салық төлемдерін кезең-кезеңмен ұлғайту, дайын экспортқа бағдарланған өнімнің өндірісі болып табылады .
Индустриялық-инновациялық қызметті жоспарлаудың негізгі құралы БТҚБК болады. Оны әзірлеу және циклдық актуальдандыру бизнес-қауымдастықпен тығыз ынтымақтастықта ДБО-мен өткізіледі.
Қолдаудың ұсынылып отырған құралдары осы тұжырымдамада қалыптасқан үш міндеттердің айналасында топтастырылған болады.
1-міндет «Сыртқы нарыққа жаңа қазақстандық тауарларды шығару» және «Табысты экспорттаушылар» кәсіпорындар тобы
Сүйемелдеу және қолдаудың «Бір терезесі» ДБО болмақ. Бұл топтағы кәсіпорындар ДБО-дан және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ кешенді және синхрондалған қолдау алады.
Қолдаудың негізгі құралдары мыналарға бағытталатын болады:
1) анықталған салыстырмалы артықшылықтарымен экспортталатын тауарлардың номенклатурасын ұлғайту;
2) экспорттық қоржынның «күрделілігін» көтеру.
Экспорттаушыларды неғұрлым тиімді қаржылық қолдау үшін орташа компаниялар үшін экспорттық операцияларды несиелеу бойынша ҚДБ өнімдерін кеңейту мүмкіндігі қарастырылады.
Өнімдердің күрделілігінің оң индексі бар тауарларды экспорттаушылар үшін, несиелік механизмнен ауытқу пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен тікелей гранттық қаржыландыру пайдасына БК 2025 «Инвестициялық жобалардың міндетті технологиялық сараптамасын жүргізудің» 2.7. Бастамасының талаптарын сақтау шартымен өндірістерді кеңейту20 немесе технологиялық жаңарту үшін жабдықтар сатып алу қарастырылатын болады.
Кәсіпорындарды фискалдық ынталандыру технологиялық жаңартуға және экспорттық қызметін кеңейтуге бағытталған инвестициялар үшін жоғары салық шегерімдерін қамтамасыз ету арқылы мүмкіндік қосымша қарастырылады.
Осы топтың арасында ӨС 2025 «Модельді цифрлық фабрикалар құру» 2.3. Бастамасын іске асыру үшін бизнес субъектілері таңдалып алынады. Кәсіпорындар үшін максималды сервистік, қаржылық емес және жол картасын әзірлеу үшін іс-шараларды енгізу және іске асыруға Индустрия 4.0. қағидаларында толық цифрлық фабрика құруға бағытталған қаржылық қолдау көрсетіледі.
2-міндет «Индустрияландыруды тереңдету» және «Мықты тыл» кәсіпорындар тобы
Сүйемелдеу және қолдаудың «Бірыңғай терезесі», жаппай кәсіпкерлік қолдаудың қалыптасқан институты ретінде «Атамекен» ҰКП болмақ.
«Атамекен» ҰКП кәсіпорындардың осы тобын қолдауға БТҚБК қолда бар құралдарын жандандыруды ескере отырып өлшемшарттар мен талаптар әзірленетін болады.
«Атамекен» ҰКП аймақтық өкілдіктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсететін болады. «Даму» КДҚ АҚ қолдаудың шешуші институты - қаржылай қолдау құралдарының операторы болады.
Бизнесті қолдау мен дамытудың, өңдеу өнеркәсібінің жобаларында қолдауға бағытталған бөлігінде, сондай-ақ индустриялық және кеңістіктік дамытумен бірге «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бағдарламасы өзектендіріледі.
Кәсіпорындарды тікелей қолдау бағытталатын болады:
1. өңдеуші өнеркәсіпте кәсіпорындар санының өсуін ынталандыруға;
2. өндіріс көлемін ұлғайтуға;
3. жаңа тауарларды өндіруге.
Инвестициялар шарттарын және кейіннен экспортқа шығуды анықтаушы АИК жасасумен жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын дамыту үшін реттелетін сатып алу шеңберінде ұзақ мерзімді келісім-шарттарды қолдану жалғасады.
Кәсіпорындарға индустриялық саясаттың мақсаттарына қол жеткізу жағдайында азық-түліктік, процесстік, маркетингтік және ұйымдық инновацияларды енгізу үшін инновациялық гранттар есебінен тікелей қолдау көрсету жалғасатын болады. Осы гранттарды беруге қойылатын талаптар өндірістік процестердің тиімділігін одан әрі арттыру, шығарылатын өнімнің номенклатурасының күрделілігін кеңейту және арттыру, инновациялық әлеуетін қолданудың болашақты бағыттарын анықтау мақсатында аймақтық, мемлекеттік және халықаралық деңгейде әлеуметтік-экономикалық сұратудың мониторингін жүзеге асыру болады.
Инновациялық белсенділігін арттырудың құралы инновациялық экожүйенің және инновациялық циклдың элементтерінің айналасында топтастырылған болады. Инновациялардың экожүйесін дамытуға арналған құрал, университеттер мен бизнес-инкубаторлар айналасында кластерлік бастамаларды дамытуға тығыз байланысты болады. Алатау ИТП және Назарбаев Университеті айналасында инновациялық кластерлерін дамыту жалғасады, өңдеуші өнеркәсіп саласында өз қызметін жүзеге асыратын резиденттер үшін олардың қолдаудың арнайы құралдары ұсынылатын болады.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру жасау мақсатында фискалдық ынталандыру енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ сәтсіз инновациялар туралы ережесін қайта қарау қаралады.
Кәсіпорындарды тікелей қолдаудың жекелеген бағыты 4.0 Индустрия және цифрлық трансформацияны жүйелі түрде енгізудің гранттары болады.
4.0 Индустриясы және «цифрлық» дағдыларымен кадрларды даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізудегі компаниялардың шығындарын өтеуге бағытталған құралдар ұсынылатын болады.
3-міндет «Базалық салаларды нығайту» және «Ауырлық орталықтары» кәсіпорындар тобы
Осы кәсіпорындарды қолдау жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде жауапты болып жобалық менеджерлер бекітілген, және тұрақты ДБО қолдауымен, өңдеу өнеркәсібіне жауапты орталық органның үйлестіруі кезінде қол режимінде жүзеге асырылатын болады.
ДБО ұлттық институтпен тікелей шетелдік инвестициялардың қатысуымен жобалар бойынша инвестициялар тарту саласында және инвестициялық мандат шеңберінде жобалар бойынша ұлттық басқарушы холдингтермен бірлескен жобалық командалар құратын болады.
Ұлттық басқарушы холдингтердің инвестициялық мандатына капиталды қажет ететін жобаларды және «Yellow pages» қағидаларын сақтай отырып жаңа салалардағы жобаларды іске асыру үшін қаражат тарту бойынша міндет қосылады. Жаңа салалардағы өндірістің тікелей операторының рөлін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ орындайтын болады. Жеңілдікті кредиттер түріндегі қаржылық қолдау шараларын «Бәйтерек» ҰБХ АҚ еншілес компаниялары нарықтың тартылған қаражат есебінен ұсынатын болады.
Осындай жобалар үшін, қолданыстағы жүйелерден тыс, олармен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде қосымша міндеттемелерді қабылдаған жағдайда қолдаудың бірегей шараларын ұсынуға болады, оны дайындау ДБО жүзеге асырылады және БҚК қаралады. Шараларының бірі ретінде өндіру үшін қажетті шикізат және материалдарды шығаруға тыйым қолданылуы мүмкін.
Дәстүрлі жүйе құраушы кәсіпорындар үшін артық жұмыс күшін босатуға байланысты өтемдеуші шаралар пакеті ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті орындаушы органдармен және жүйе құраушы кәсіпорындармен артық қалған жұмыс күшіне байланысты проблемаларды шешу үшін «Жол картасын» әзірлейді. Аталған іс-шаралар ӨС 2025 «Кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру нәтижесінде босайтын қызметкерлерді қолдау» 1.17. Бастамасының іске асырылуына сәйкес өткізілетін болады.
Жауапкершілікті жұмыс берушінің және мемлекет арасында бөле отырып қолдаудың мынадай шаралары қолданылуы мүмкін:
зейнетақы аннуитетін сатып алу жолымен зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығуға қызметкерлердің зейнетақы шоттарын бірлесіп қаржыландыру;
қызметкерлерді моноқалалардан ірі урбанизацияланған өңірлерге қоныс аударуы бойынша бірлескен бағдарламасы;
босаған қызметкерлерді қайта оқыту бойынша бірлескен бағдарламасы;
жүйе құраушы кәсіпорын үшін ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасу жағдайларында жергілікті тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің экожүйесін құру.
Барлық үш міндеттердің шешімі қолдаудың жүйелі шараларын жетілдіруді талап етеді. Негізгі назар жекелеген кеңістіктік өсу нүктелерінде одан әрі дамыту және мамандандырылған факторлар құрудың ресурстары мен күш-жігерін шоғырландыруға аударылатын болады.
«Цифрлық дәуірдің» индустриялық саясатын іске асыру оның талаптарына жауап беретін , адам капиталды талап етеді. ӨС 2025 «Білім берудің барлық деңгейдегі бағдарламаларын жаңарту» 1.2 Бастамасына сәйкес индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі уәкілетті органмен, «Атамекен» ҰКП және цифрлық технологиялардың тұрақты дағдыларымен білікті инженерлік құрамында өнеркәсіптің қажеттіліктеріне сәйкес оқыту бағдарламаларын келтіру жөніндегі базалық университеттер арасындағы ынтымақтастық жалғасады. Индустрия 4.0. технологиялары бойынша бағыттарға білім беру гранттарын қайта бөлу арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысына түзетулер енгізілетін болады.
ТжКБ саласында, оның ішінде оқу бағдарламаларын жаңарту және ТжКБ тәжірибесін өнеркәсіппен сұранысқа ие мамандар дайындау бойынша өңірлерге беруді одан әрі жетілдіру жалғастырылады. Өңірлік ТжКБ жүйесі ірі урбандалған аумақтарда талап етілетін мамандықтар бойынша дайындауды қамтамасыз ете отырып босатылған жұмыс күшін қайта даярлауға негіз болады. Өңірлік ТжКБ кадрларды даярлау және қайта даярлауда кәсіпорындарды қолдау үшін дамушы кластерлік бастамаларды интеграциялауға ұмтылатын болады.
«Оқшауланған компаниялардың өзара байланысын қамтамасыз ету» 2.13 Бастамаларын дамытуда барлық басталған АЭА инфрақұрылымының құрылысы аяқталады. Қолданыстағы АЭА тиімділігін, олардың инженерлік және цифрлық инфрақұрылымды әлеуеті бойынша салынған және салу жоспарланатын ЖҒ құрылысын, қолжетімді адами капиталдың саны мен сапасын және жаһандық ҚҚТ және нарықтардың қол жетімділігін интеграциялау мүмкіндіктерін қайталама бағалау және тексеру жүргізілетін болады. ЖҒ қызметін реттейтін заңнама жетілдіріледі. Жұмыс істеуіне байланысты ағымдағы проблемаларды шешуден басқа, ол МЖӘ қағидаттарында түрлі ЖҒ құру үшін жеке капиталды тартуға, АЭА-ны басқаруға стратегиялық әріптес тартуға, басқарушы компаниялармен жер учаскелеріне өз бетінше билік ету бойынша мәселелерді шешуге, сондай-ақ оларды жерге және мүлікке салықтардан босату бөлігінде салық кодексінің өзгеруіне, сондай-ақ жерді жалдау ақысына бағытталатын болады.
ДБО базасында 4.0 Индустриясы Құзырет орталығы құрылады, оның міндетіне БК 2025 «4.0 Индустриясы құзырет орталықтарын құру» 2.2 Бастамасын іске асыру кіреді. Мұндай құзырет орталықтары кластерлік бастамаларды іске асыру кезінде сервистік инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болуға тиіс. Олар университеттер мен колледждер базасында бейінді зертханалар құру арқылы, соның ішінде МЖӘ-нің негізі қағидаттарын пайдалана отырып іске асырылуы мүмкін.
БК 2025 «Компанияларды жабдықтарын жаңартуға ынталандыру» 2.4 Бастамасын жүзеге асыру аясында, тікелей қолдау шараларынан басқа, кластерлік бастамалар шеңберінде құзыреттің кластерлік орталықтарын, жабдықтарға қызмет көрсету үшін сервистік орталықтарды сондай-ақ, тәжірибе мен ақпарат алмасу үшін, оның ішінде жергілікті жеткізушілердің құзыреттерін дамыту бойынша орталықтар құру қарастырылған.
«Технологиялар трансферін ынталандыру» 2.5, «Технологиялық брокерлерді тарту» 2.6, және ӨС 2025 «Кәсіпорындардың инновациялық қызметі үшін ынталандыру жасау» 2.18 Бастамаларын іске асыру шеңберінде ДБО технологиялар трансферті желілерін дамытуды, Қазақстанға халықаралықты тартуды ынталандыруды және отандық технологиялық брокерлерді дамытуды, сондай-ақ компанияның өзіндік технологияны әзірлеуге ынталандыруды жалғастырады. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінің «Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық шығыстар бойынша шегерім және зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алу» 254 бабына өзгерістер енгізу жолымен кеңейтілген фискалдық ынталандыру мүмкіндігі қарастырылатын болады.
ДБО, кластерлік бастамаларды дамыту аясында жергілікті университеттерді біріктіруді оларды іске асыру үшін қолдайтын болады. Акцент қызметтің барлық аспектілері бойынша бизнес және университеттер арасында ымыраға жетуге жасалатын болады: зертханалық базасын бірлесіп пайдалану, технологиялар трансфері желілеріне қол жеткізу, бірлескен ҒЗТКЖ және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар жүргізу.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламаны іске асыру және ӨС 2025 «Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» 2.9 Бастамасын дамыту аясында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда орналасқан жылдамдығы кемінде 100мбит/сек пен кәсіпорындар үшін кідірту деңгейі 10 мс жоғары жылдамдықты кең жолақты қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Индустриялық аймақтарды жобалау ережелеріне жоғары жылдамдықты кең жолақты қатынау талабы бойынша қосылған.
Кәсіпорындарға радио жиілік спектріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, өнеркәсіптік интернеттің ішкі корпоративтік желілерін құру үшін қажетті аумақтық бөлу қағидасы бойынша бірлесіп іске асыруды қоса алғанда құқықтық жағдай жасау бойынша мәселе шешімін табады.
Рәсімдерді жеңілдету және 30 күнге дейін РЭҚ және ЖЖҚ әкелуге рұқсат беру мерзімін қысқарту бойынша кедергілер алынып тасталуы тиіс (арнайы техникалық құралдарына керек-жарақтары тексеру және ақпараттың криптографиялық қорғаут құралдарын тексеру рәсімдерін ескере отырып).
3.3. Қаржыландыру моделін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Тұтастай алғанда, экономиканы дамыту үшін өңдеуші өнеркәсіптің маңыздылығын ескере отырып, ИИДМБ 2020-2024 қаржымен жеткілікті қамтамасыз етілген болуы тиіс. Қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты, ұлттық холдингтермен тартылған қаражат, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен қамтамасыз етілетін болады.
БК 2025 ережелеріне сәйкес 5 жылдық кезеңге республикалық бюджеттен қаржыландыру шығыстардан 2% деңгейінде тіркелген болады, бұл шамамен 1,2 трлн теңге. Бұл қаражат қолдаудың тікелей және жүйелі шараларына пайдаланылады, онда тікелей шаралар қаржылық емес бағыттылықта болады, ал жүйелі шаралар мамандандырылған факторларды дамыту үшін қолданылды.
Өңдеуші өнеркәсіптің мөлшерін ұлғайтуға және тауарлар номенклатурасын кеңейтуге бағытталған жобаларды қаржыландыру арасындағы тепе-теңдік сақталатын болады.
Тікелей қолдаудың жоғарғы шегі көлемінің белгіленген мөлшерінде бір кәсіпорынға:
- Кәсіпорынның «Табысты экспорттаушылар» бірінші тобы үшін 10 млрд. теңге;
- Кәсіпорынның «Мықты тылы» екінші тобы үшін 2 млрд. теңге.
Кәсіпорынның «Ауырлық орталықтары» үшінші тобын қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражатының шығыстарынан тыс жүзеге асырылады.
ИИДМБ 2020-2024 әзірлеу кезінде республикалық бюджеттің қаражатын бөлу бөлігінде, басымды шығыстары кәсіпорынның «Табысты экспорттаушылар» тобына көзделген болады. Екі бағыттағы қалған қаражат бөлінісінде - «Берік тыл» және мамандандырылған факторларды құру тепе-тең негізде бөлінетін болады.
3.4. Мониторинг жүйелерін ұйымдастыру, кері байланысты және верификация механизмдері мен жүргізіліп отырған индустриялық саясатты өзектілендіру бойынша ұсыныстар
Индустрияландыру картасы21 индустриялық саясаттың мониторингінің (іске асырылуының) негізгі құралы болады. ӨС 2025 «Есептілік және ақпарат беру бойынша талаптарды қысқарту» 3.8 Бастамасын және цифрлық технологиялар дәуірін ескере отырып, ол «Индустрияландыру картасы» Мемлекеттік Ақпараттық Жүйесіне (бұдан әрі – МАЖ) түрленетін болады, оған жекелеген бизнес субъектілер бойынша және кластерлік бастамалар бойынша орталық және аймақтық деңгейде индустриялық саясатты іске асыру мониторингін қамтиды.
«Индустрияландыру картасы» МАЖ бизнес субъектілердің тіркеу, статистикалық, салық, лицензиялық және басқа да есепке алу түрлерін жүргізетін қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен біріктірілетін болады. Мемлекеттік қолдау шараларын алған кездегі міндеттемелерін бірі бизнес субъектілерінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Индустрияландыру картасы» МАЖ –ға ақпаратты кіріктіруге келісімі болады.
«Индустрияландыру картасы» МАЖ –ға аумақтық кластерлерді дамытуды болжайтын және мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін қазақстандық цифрлық кластерлік обсерватория әзірленеді және біріктірілетін болады.
«Индустрияландыру картасы» МАЖ жүргізіліп отырған индустриялық саясаттың тиімділігінің цифрлық және сапалық бағаларына негізделген объективті бағалау модулін қамтитын болады. Жүйе ДБО базасында жұмыс істейтін болады.
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері
Тұжырымдама екі кезеңде іске асырылатын болады.
Бірінші кезең
2018-2019 жылдар кезеңінде индустриялық-инновациялық дамудың саясатын реттеу және басқару бойынша институционалдық ортаның тиімділігін арттыру үшін іс-шаралар жүргізілді. Сыртқы және ішкі сауданы реттеу бөлігінде индустриялық – инновациялық дамыту жөніндегі орталық мемлекеттік органның өкілеттігі кеңейтілетін болады. Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау субъектілерін қайта ұйымдастыру жолымен ДБО құрылды.
Қолдау объектілері үшін өлшемшарттары анықталады. Индустрия 4.0. құралдарын енгізуді қолдауға бағытталған жаңа құралдар әзірленді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту міндеттеріне сәйкес БТҚБК өзектендіріледі.
Талаптар анықталатын болады және ГАЖ «Индустрияландыру картасын» әзірлеу басталады.
2019 жылы Тұжырымдаманы іске асыруда ИИДМБ 2020-2024 әзірленеді. Бағдарламаны әзірлеу кезінде тәсілдері нақтыланып, түйінді бастамалар, бюджеттер және іске асыру үшін іс-шаралар анықталды.
Екінші кезең.
2020-2024 кезеңінде ИИДМБ 2020-2024 іске асыру басталатын болады.
2023 жылы индустрияландырудың төртінші бесжылдығының Тұжырымдамасы әзірленеді.
Тұжырымдаманы іске асыру үшін әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі.
Мақсатқа қол жеткізу және Тұжырымдама міндеттерін шешу 2019 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі келесі қаулыны қабылдау арқылы болжанады:
1) 2020-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ECI – Economic Complexity Index (Экономикалық Күрделілік Индексі);
АӨК – Агроөнеркәсіп кешені;
ҚДБ – Қазақстанның Даму Банкі;
ІЖӨ – Ішкі жалпы өнім;
ЖҚҚ – Жалпы қосылған құн;
ЖЖҚ – Жоғары жиілікті құрылғылар;
МАЖ – Мемлекеттік Ақпараттық Жүйесі;
ИИДМБ 2020-2024 – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
ҮИДМБ 2010-2014 - Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
МЖӘ – Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
БТҚБК – Басымды тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасы;
ИА – Индустриялық аймақ;
ҚМ МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы иинистрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті;
ӨДК – Өнеркәсіптік даму комиссиясы
ҚР ҰЭМ СК – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті;
ҒЗТКЖ – Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар;
ҰКП – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы;
АТП – Ақпараттық технологиялар паркі;
РЭҚ – Радиоэлектронды құралдар;
ИИДС 2003-2015 – Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы;
АИК – Арнайы инвестициялық келісімшарт;
СЖ 2025 – Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық Жоспар;
АЭА – Арнайы экономикалық аймақ;
ТжКБ – Техникалық және Кәсіптік Білім беру;
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
ТҰК – Трансұлттық компаниясы;
ҚҚТ – Қосылған құн тізбегі;
ӨДО – Өнеркәсіптік даму орталығы;
Достарыңызбен бөлісу: |