Бекітілген қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы


Индустриялық дамудың жаһандық трендтері



жүктеу 0,56 Mb.
бет3/4
Дата14.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#19432
1   2   3   4

1.2. Индустриялық дамудың жаһандық трендтері


Талдау нәтижелері бойынша 6 жаһандық мегатрендтер анықталды, олар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне үлкен әсер етеді. Аталған трендтерді ұзақ мерзімді индустриялық саясатты қалыптастырғанда және 2025 жылға дейінгі бағдарламаны әзірлеген кезде есепке алу қажет.

  1. Цифрлық жүйе негізіндегі технологиялық даму

Цифрлық жүйе – экономиканың барлық салалары мен қоғамдық құрылымды өзгертететін жаңа феномен. Экономиканың цифрлық трансформациясы елдің бәсекеге қабілеті үшін жаңа параметрлерді береді. «Цифрлық жүйе дәуірінің» технологиясы өндірістік және бизнес-үлгілерін, қосылған құнның тізбегінің қағидалары мен ережелерін, сатылым арналарын және тұтынушылар мен өзара әрекеттесуді өзгертеді.

4.0 Индустриясының тұжырымдамасы мен өндірістік және ақпараттық технологиялардың конвергациясына бірыңай киберфизикалық жүйеге негізделетін оған ұқсас тәсілдемелер жаһандық өңдеу өндірісі үшін ұзақ мерзімді тренд болып қалады. 4.0 Индустриясының негізгі элементтері баға құрудың тік және көлденең цифрлық жүйесімен, азық-түліктің цифрлық жүйесі мен бизнес-үлгінің цифрлық жүйесі және тұтынушылармен өзара әрекеттесумен байланысты.

4.0 Индустриясы еңбек дағдылары мен құзіреттілікке талаптарды өзгертеді, дизайн және жобалау, өндіріс, сатып алулар, тасымалдау және маркетинг арасындағы – сала ішіндегі сапалы және жоғары жылдамдықты цифрлық инфрақұрылымға қолжетімділікті талап етеді.

Инновациялық даму және цифрлық жүйе өзара толықтырушы құбылыс болып табылады. Тоғыз негізгі технологиялар өнеркәсіптік өндірісті өзгертеді: автономдық жұмыстар, көп өлшемді цифрлық үлгілеу, тік және көлденең интеграция, заттардың өндірістік интернеті, киберқауіпсіздік, бағаналы технологиялар, аддитив өндіріс, толықтыру және виртуал шындық, үлкен деректермен талдау. Бәсекеге қабілеттілікке талпынатын елдердің осы технологиялық бағыттарда құзіреттілік құру үшін ресурстары болу керек.



  1. Кенттену

Өңдеу өнеркәсібінің орта және жоғарғы технологиялық секторларында жаһандық қалалар мен ірі алгомерациялардың рөлі күшеюде. Ірі қалалар технологиялық және басқарушылық инновациялардың көзі болды. Кенттену процесі мен халық, капитал және білімнің шоғырлануы жергілікті нарықты күрделілендіреді және жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттырады.

  1. Экономикалық қуатты азия елдеріне қарай жылжыту

Дүниежүзінде экономикалық күштің бағыттылығы қарқынды даму үстіндегі азия елдеріне қарай өзгерді. Азия тауарлардың негізгі тұтынушылары болып табылатын теңсіздікті қысқартуды және орташа класстың өсімін көрсетеді. Жапон және Оңтүстік Кореяның жетістіктерімен жиынтықта Қытай экономикасының жылдам өсуі инновация және технологияның көзіне айналған екінші жаңа жаһандық орталықты қалыптастырады.

  1. Аймақтандыруға қарсы жаһандану

Экономикалық бәсекелестік сипатының өзгерісі байқалуда. Жаһандану және аймақтандырудың өзара бағытталған процестері экономикаға әсер ететін саяси және әлеуметтік-мәдени өзгерістерден тұрады. Дамыған елдер, жаһанданудың бұрынғы бенефициарлары қолдампаздық және шектеу саясатын жүргізуді бастайды. Сол уақытта дамушы азия елдері жаһанданудың белсенді жақтаушылары болады.

Аймақтық қосалқы жүйе мен интеграциялық процесстердің қалыптасуы заманауи халықаралық қатынастарда аса сипатты болмыстардың бірі болып табылады. Елдің кеңістікті мәнмәтіні сыртқы сияқты ішкі экономиканың да дамуының мықты драйверіне айналуда. Жаһандық бәсекелестік елдер арасындағы бәсекелестіктен блоктар арасындағы бәсекелестікке жылжиды.



  1. Қауымдастықтардың билігі

Интернет-қауымдастық біртіндеп барлық қоғам өмірінде, елдің экономикасы мен саясатында елеулі рөл ойнауды бастап келеді. Үлкен деректер және байланыстың барлық жерде қолжетімділігі жаһандық мастштабтарда жылдамдатылған қарқынмен жайылып келе жатқан «бірлесіп тұтыну экономикасының» негізіндегі факторлардың бірі болып табылады.

Қауымдастықтың дүниежүзілік желісінің дамуымен жалпы бизнес пен экономиканың дамуы маңызды факторға айналды. Олар сауда белгілерін қалыптастыру, клиенттер тобы мен сатылым арналарын қалыптастыруда негіз болып табылады. Кері байланыс мүмкіндігі, басқа пайдаланушылардың ұсыныстары мен тәжірибесін пайдалану, сұраныс трендіне жылдам әрекет ету бизнес сапасының дамуына түрткі болады.

Интернет елде және дүниежүзіндегі оқиғалар туарлы кез келген ақпаратты ұсына отырып, халықтың саяси хабардарлығын арттырады. Интернет-қауымдастықтың өзі дәстүрлі биліктің көмегімен басқару қиын саяси күштен тұратын болды. Қауымдастық шектелмеген мемлекет бола отырып, ұлттық мемлекеттер арасындағы шекаралардың жаһандауы және өшірілуіне әрекет етеді.


  1. Индустриялық дамуда мемлекеттік рөлдің күшеюі

Үкімет институционалдық, инфрақұрылымдық, фискалдық және қолдаудың басқа түрлері, сонымен қатар ғылыми-технологиялық дамудың мақсатты векторларын бастамалау арқылы индустриялық саясатты белсенді жүзеге асырады. Көбінесе күш аса мультипиликативті тиімділігі бар секторлардың жоғары қайта өңдеу деңгейімен өндірістерді, өндірістік кластерлер, технологиялық және индустриялық парктердің дамуына бағытталды.

Өнеркәсіп үшін білікті кадрлар базасын дайындау, басым технологияларды таңдау, инновациялық мемлекеттік жүйелерді жетілдіру және инновациялардың коммерциялауына ерекше назар аударылады.



1.3 Индустриялық дамыту саласында әлді және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талдау


Индустриялық-инновациялық саясатты одан әрі жүргізу бастамалардың бірнеше тобында қарастырылатын болады. Біріншісі – бар мықты жақтарды пайдалана отырып, бар мүмкіндіктерді іске асыру. Екіншісі – бар мүмкіндіктерді пайдалану үшін әлсіз жақтарға инвестициялар. Үшіншісі – тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді өтеу үшін әлді жақтарды пайдалана отырып, ескертпелі іс-шараларды жүргізу.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту үшін мүмкіндіктері

1) Қазақстанның дүниежүзілік экономиканың екінші (ҚХР) және он екінші (РФ) ортасында орналасуы және олармен интеграциялық жобаларда қатысуы өңдеу өнеркәсібі үшін мүмкіндіктер жасайды.

Халықаралық сауда және шетел инвестицияларының жаһандық ағындарын талдау трансшекаралық сауда мен инвестициялардың басым рөлін көрсетеді.

Талдау нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің әлеуетті экспорты үшін сауда нырығы сапасы ретінде артықшылық деңгейі бойынша елдің 3 санаты анықталды. Аса басымдықты елдер Қытай және Ресей болды. Басымдылық бойынша келесілер Өзбекстан және Иран болды. Басымдылық бойынша үшіншісі қашықтағы Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Пәкістан, Түркия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігі болды.

Қытай және Ресей нарығында өңделген өнімдердің экспортына қойылған тосқауылдарды алу отандық компаниялардың масштабтың қажетті тиімділігіне қол жеткізу және көліктік шығындардың жағымсыз әсерін төмендету үшін айқындамасын маңызды түрде жақсартуы мүмкін.

Қазақстан ЕЭК елдерімен бірлесіп ЕЭК мен Қытай арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде өзара сауданы жақсарту үшін шарттар жасау мақсатында мүмкіндіктерді белсенді пайдаланатын болады, атап айтқанда сауда процедураларын жеңілдетуге және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға назар аударады.

Қазақстан Қытай және Ресей компаниялары үшін бір бірінің нарығына дендеп ену мақсатында өндірістерді құру үшін әлеуетті тартымды инвестициялық алаң болып қала береді. Сонымен қатар, Ресей және батыс елдерінің арасындағы «ықпалшара күресі» олардың нарығына қызмет көрсету үшін еуропалық комапнияларды тартуға шарт жасауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы «дүниежүзілік орталық»12 елдеріне шалғай орналасқандықтан инновациялардың диффузия процесі өте баяу. Бірақ, Қытайда жаңа технологиялық орталықтың қалыптасуы технология трансферті, технологиялық инновациялардың ену және сіңіру процесін едәуір жылдамдатуы мүмкін.

2) Азияның дамушы елдерінде кедейшілікті қысқарту және орташа класстың өсуі күнделікті қолданатын арзан, салыстырмалы күрделі емес және соңғы тұтыну тауарларына сұранысты құрайды.

Қытайдың өскелең орташа класы мен Орталық және Оңтүстік Азияның дамушы елдеріне Қазақстанның жақын болуы бәсеке елдерге қарағанда жоғары сапаны қамтамасыз ету шартында өндіріс және түпкілікті тұтынудың күнделікті тауарларының экспортын кеңейтуге мүмкіндік береді.



3) Қазақстандағы жылдамдатылған кенттену капитал, еңбек, білім және өсудің кеңістікті нүктелеріндегі тұтынушылардң шоғырлануын құрайды.

Адамдарды елдік бәсекенің көрінісін ауыстыратын кенттелген аймақтарғы көшіру жаһандық тренді Қазақстанда да өз көрінісін тапты. Қазақстан Республикасы аумағында екінші және үшінші миллиондық-қалалардың пайда болуы түпкілікті тұтыну тауарларын өндіру, жаңа инновациялық жүйелердің дамуы мен қалыптасуы, өндірістің мамандандырылған факторлары, орта және жоғарғы технологиялық секторларда инвестицияларды тарту үшін қажетті тартымды жергілікті кеңістікті «ауырлық орталықтарын» құра бастады.

Ірі қалалық алгомерациялардың дамуы тамақ өнеркәсібінің жергілікті кластерлерінің өнімдеріне, киім-кешек және аяқ киім өндірісі, үй тауарларының өндірісі, құрылыс материалдары, металлдан жасалған бұйымдар мен химиялық өнімдерге тұрақты сұранысты түрлендіреді.

4) Экономиканың өсуіне және ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына қарай сатып алуларды реттейтін нарық өндіріске арналған тауарларға тұрақты және шоғырландырылған сұранысты түрлендіреді.

Бұрынғысынша, Қазақстанда тауарларды өнідурі мен қызметтерді жергіліктендіру үшін сатып алуларды реттейтін маңызды әлеует бар.



5) Жаңа өндірістік технологиялар мен өңдеу өнеркәсібі цифрлық жүйесінің дамуы (4.0 Индустрия) саудада өнімділікті жұлқу және тосқауылдар мен қашықтықтарды азайту үшін мүмкіндіктер тудырады.

4.0 Индустриясы дамушы елдерде жоғары технологиялық салаларды қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді аша отырып, өндірістік және бизнес-үлгілерді ауыстырады. 4.0 Индустриясының негізгі технологияларының салыстырмалы қолжетімділігі дамыған елдерден технологиялық артта қалуды қысқартуға мүмкіндік береді.

Индустриялық-инновациялық даму үшін негізгі қауіп-қатерлер мен тәуекелдер мүмкіндіктердің кері жағы болып табылады және өңдеу өнеркәсібіне тән проблемалармен толықтырылады. Келесі қауіп-қатерлер мен тәуекелдер ең көп ықпал ететін болады.

1) Өңдеу өнеркәсібінің жеткіліксіз инвестициялық тартымдылығы «ерте индустриясыздандыруға» қауіп-қатер тудырады.

Металлургия және мұнай өңдеудің дәстүрлі секторларында көп бөлігін инвестициялар құрайды, сол уақытта өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларындағы инвестициялар жеткілікті тұрақты және жылдам өсуге үдерісті көрсетпейді. Негізгі сектороларды ескермегенде көрсеткіш қарапайым өндіріске жақын.

Нәтижесінде, Қазақстан өңдеу өнеркәсібінде зәру жиындарды қалыптастырған жоқ. Өңдеу өнеркәсәбінің көптеген салаларында жоғарғы экономикалық шоғырландыру байқалады. Өңдеу өнеркәсібінде келтірілген кәсіпорындардың саны Ресей мен Беларусиядан қарағанда төмен. Кәсіпорындардың географиялық шоғырлану процесі бастапқы кезеңде тұр.

Негізгі капиталға ерте кезеңде инвестициялардың жетіспеушлігі индустриялық дамудың барлық көрсеткіштерін қауіп-қатерге қояды. Кәсіпорындардың зәру жиындары мен географиялық шоғырлануының болмауы нағыз салалардың қалыптасу проблемаларына, қосылған құнның тізбегін құру, әлсіз салааралық байланысқа, алгомерациялық тиімділіктердің және оларға ілесетін сыртқы оң нәтижелердің болмауына, технологиялық жаңарудың әлсіз уәждемесіне, өнім сапаларының жақсаруына, бәсекенің жеткілікті болмауынан оның технологиялық күрделілігіне әкелуі мүмкін.



2) Қытай, Ресей және басқа елдер тарапынан жоғарғы бәсекелестік, ішкі нарықтың жеткіліксіз сыйымдылығы және жоғары бәсекелестік отандық өндірушілерге қысым көрсетеді.

Тарихи тұрғыда қазақстандық нарықтың сиымдылығы өңдеу өнеркәсібі номенклатурасының маңызды бөлігінің өндірісіне қажетті масштаб тиімділігіне қол жеткізу үшін жеткілісіз. Ағымдағы өндірістік үлгілерді масштаб тиімділігіне қол жеткізу сыртқы нарықтың қолжетімділігі қолайсыз.

Екі ірі көршінің сыртқы нарықтары Қазақстан Республикасымен салыстырғанда өте дамыған және өндірістік жүйелері күрделі. Сонымен қатар, аталған елдер импорттың дендеп енуіне тарифсіз тосқаулдарды құрады. Ресеймен бірыңғай экономикалық кеңесте болуына қарамастан, отандық өндірушілер бұрынғыдай әкімшілік және тарифсіз тосқауылдарға негізделген жосықсыз бәсекенің шарттарына тап болады. Қытай нарығында тарихи ішкі нарыққа кіргізудің арнайы шараларымен байланысқан жоғарғы ену тосқауылдары бар.

Өңдеу өнеркәсібі өніміне сұраныстың өсуі негізінен импорт есебінен қанағаттандырылады және отандық кәсіпорындар Ресей және Қытай тарапынан күшті бәсекемен кездеседі.



3) Қазақстанның экспорттық қоржыны шектелген және «күрделілігі» жеткіліксіз, бұл үздіксіз технологиялық артта қалушылық тәуекелін тудырады.

Қазақстан Республикасы экспорты салыстырмалы басымдылықпен тауарлардың шектелген номенклатурасымен сипатталады. Экспорттың көп бөлігі металлургия және мұнай өнімдеріне келеді, олар төмен және орташа технологиялар секторына жатады. Қазақстанның технологиялық күрделілік деңгейі Қытай, Ресей және Беларусияға қарағанда едәуір төмен.



4) Қазақстанның негзігі цифрлық инфрақұрылымының13 деңгейі орташа, кәсіпорындарының «цифрлық жүйе дәуіріне» дайындығы төмен және «цифрлық шешімдерді»14 енгізуге орташа кәсіпорындар деңгейінде уәждемесі әлсіз, бұл өнеркәсіптің цифрлық түрленуіне кедергі жасайды.

«Цифрлық жүйе дәуірі» технологиясының барлық артықшылықтарын пайдалану үшін цифрлық инфрақұрылым дамуының жоғарғы деңгейі талап етіледі. Қазіргі уақытта Қазақстан осы аспектіде дамудың орташа деңгейі бар елдер тобына жатады.

Кәсіпорындар ағымдағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың төмен деңгейімен сипатталады, әлсіз ақпараттандырылған және цифрлық технологиялық шешімдерді енгізу үшін кадрлық әлеуеті жоқ. Қажеттілік түсінігі және кадрлардың жоқтығы кәсіпорындардың цифрлық жүйедегі инвестицияларына ынталандырмасын төмендетеді.

Мүмкіндіктерді іске асыру және қауіп-қатерлерді төмендету үшін әлді жақтардың қатары бар.



1) Өңдеу өнеркәсібі елдің саяси басшылығының тұрақты басымдылығында.

Үкімет 2003 жылдан бастап 2010 жылға белсендірумен индустриялық саясатты біртіндеп жүзеге асырады, сонымен қатар индустриялық саясатты қолдауға қаржылық ресурстарды бөледі.



2) Дамыту институттарының қалыптасқан жүйесі индустриялық саясатты реттеудің барлық аспектілерін қамтиды.

Индустриялық саясатты реттеудің барлық аспектілерін қамтуға мүмкіндік беретін индустриялық-инновациялық қызметті қолдау субьектілерінің жүйесі құрылды және жұмыс істейді.



3) Мемлекет шикізат өндіруді, бірінші шектегі өнімдерді шығару және инфрақұрылыммен байланысты өндіріс факторларын тура немесе жанама бақылайды және реттейді.

Қазақстанның негізгі минералды ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі өте жоғары. Мемлекеттің тікелей немесе «Самұрық-Қазына» ҰАҚ АҚ арқылы компаниялардың бірінші шектегі өндіру және шығару өнімдерінде қатысу үлесі бар. Бұл өңдеу өнеркәсіптерінің жаңа жобаларын шикізат және негізгі жартылай өніммен артықшылықты қамтамасыз ету мүмкіндігін құрады.

Басқа жағынан қарағанда, мемлекеттің ресурстарды пайдалану тиімділігін арттырудың маңызды қорлары және назар мен қосымша ресурстардың шоғырлануын талап ететін индустриялық-инновациялық саясатты жүргізуде әлсіз жақтары бар.

1) Ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ресурстарды пайдалануға байланысты проблемалар бар. Бөлінген қаржы ресурстары кәсіпорындардың шектелген санында жоғары шоғырланумен сипатталады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібін қаржыландырудың едәуір бөлігі мәлімделген басымдылықтар мен индустрияландыру өлшемшарттарымен тыс бөлінеді.

Өңдеу өнеркәсібін жеткіліксіз қаржыландыру маңызды проблема болып қала береді. 2017 жылы мемлекеттік бюджеттің шығындарында тау-кен қазу өнеркәсібі 1,1%, ауыл шаруашылығы 3,8%, ал өнер және демалыс секторы 3,2% құрағанда, өңдеу өнеркәсібіне ЖІӨ-ден небәрі 0,2% ғана бөлінген.

Өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру көлемі бюджетке салықтық түсімдердің өсіміне және ЖҚҚ артуына маңызды әсер етеді. Мысалы, өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру көлемінің артуы (2015 жылы 62% -ға немесе 600 млрд. теңге) ЖҚҚ деңгейіне (2016-2017 жж. 36% немесе 1,6 трлн. теңгеге өсім) және салықтық түсімдердің көлеміне оң әсерін тигізді (2016-2017 жж. 51% немесе 505 млрд. теңгеге өсім).

Жалпы өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестициялардың озық өсуі қажеттілігі бар (дамыған елдер деңгейінде). Егер олардың ЖҚҚ-ға үлесін Ресей және ЭЫДҰ елдерімен салыстырса біршама артта қалады. Мысалы, Қазақстанда ЖҚҚ-ға үлесі 16,5% құрайды, ал Ресейде көрсеткіш 20% деңгейде, ЭЫДҰ елдерінде – 26%.

2) Дамыту интутитуттары жүйесінің жеткіліксіз тиімділігі

Индустриялық-инновациялық қызмет саласында дамыту институттарының қызметі жартылай қайталанады және әлсіз үйлеседі. Индустриялық-инновациялық қызметтің міндеттерін орталықсыздандыру дамыту институттарының әлсіз келісілген стратегияларын іске асыруға әкелді, бұл мүмкінді тиімділікті маңызды түрде төмендетті.



3) Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында кері байланыстың жеткілікті тиімсіз жүйесі мен механизмдерінің мониторингі.

Индустриялық-инновациялық дамыту саясатын іске асыруды жан-жақты бағалаумен байланысты маңызды қиындықтар бар, соның ішінде қолдау құралдарының қол жеткізген тура және түпкілікті нәтижелері мен тиімділігі. Индустриялық-инновациялық саясаттың тиімділігін арттырудың негізгі механизмдерінің бірі сапалы мониторингті қамтамасыз ету және оның негізінде пайдаланатын қолдау құралдарының тиімділігіне, соның ішінде цифрлық және сапалық бағалау арқылы талдау болып табылады.

Факторлардың мүмкінді құрамдастырымдарын қарау негізінде индустриялық-инновациялық саясатты жалғастыру үшін келесі негізгі бағыттарды бөліп көрсетуге болады.

1) Проактивті сауда саясатын жүргізу.

Ресурстар мен күш-жігер екі вектор бойынша бағытталу керек. Біріншісі - ЕЭК шеңберінде сыртқы сауда тосқауылдарын және Қытай нарығына қолжетімділікті алу, Орталық және Оңтүстік Азия нарығында жылжыту үшін шешімдер мен келісімдерді табу. Өңдеу өнеркәсіптерінің бар экспорттаушыларымен олардың нақты қажеттіліктері мен сыртқы саудадағы тосқауылдарын түсіну үшін тұрақты диалогты реттеу.

Екіншісі – реттелетін сатып алулар мүмкіндігін, офсеттік саясатты және тарифсіз қорғанысты пайдалана отырып, ішкі нарықты ұтымды қорғау.

2) Кеңістікті «өсім нүктелерінде» өндірістің мамандандырылған факторларын озық құру.

Өңдеу өнеркәсібінің тартымдылығын арттыру шығындарды төмендету және инвестицияланған ресурстардан қайтарымдарды арттыру талап етіледі. Бұған өндірістің мамандандырылған факторларын құру, кеңейту және ұсыну үшін индустриялық және кеңістікті дамытуды түйіндестіруге негізгі фокуспен тек қана жүйелік жұмыс арқылы қол жеткізуге. Күш-жігер сапалы өнеркәсіпті және цифрлық инфрақұрылымды, адами капиталды, құзіреттілік орталықтарын,сынау және сертификатталған инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын болады.



3) Капиталды және ғылымды қажет ететін жаңа ірі өндірістерді құру.

Мемлекеттің шикізат ресурстарын бөлу және оның дайындығын ерекше шарттарға ұсыну бойынша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке инвесторларға капитал және ғылымды қажет ететін жеке ірі жаңа жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету.



4) Тиімді кәсіпорындарды тікелей қолдау.

Өңдеу өнеркәсібіндегі тиімді өндірушілер үшін қолдау құралдарына артықшылық мүмкіндікті реттеу қажет. Тиімділік сыртқы нарықтарда тұрақты бәсекеге қабілеттілікпен өлшенетін болады.

Проактивті сауда саясаты және өндірістің мамандандырылған факторларын құру қажетті, бірақ кәсіпорынның сыни массасын ұлғайту үшін жеткіліксіз шарт. Ішкі нарыққа бағдарланған және бизнес-қауымдастықпен тығыз ынтымақтастықта анықталған, тиімді экспорттаушы бола алатын табысты кәсіпорындарды тікелей қолдау қажет етіледі.

5) Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Тиімділікті арттыруға индустриялық-инновациялық қызметті реттеу және қолдаудың бар жүйесі негізінде үйлестіру процесстерін нақты баптау, қаржыландыру және индустрияландыру саясатын бақылау арқылы қол жеткізіледі.




жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау